Конспект урока по познанию мира " Моя семья" 2 класс
Конспект урока по познанию мира " Моя семья" 2 класс
Саба?ты? ма?саты:О?ушылар?а отбасыны? берекесі- ?мір с?ру ?шін ?те ?ымбат, ?ажетті, ба?алы байлы? екендігін т?сіндіру.О?ушылар?а отбасы туралы т?сінігін ?алыптастыру, отбасы м?шелеріні? аттарын д?рыс ?рі аны? атау?а ?йрету, ?р отбасыны? ?зіндік ерекшелігі болатыны туралы ??ымдарын ке?ейту, ж?не отбасы м?шелеріні? міндеттері мен ?зара ?арым-?атынасы жайлы ??гімелеу ар?ылы т?сіндіру.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по познанию мира " Моя семья" 2 класс »
Отбасы. Сенің отбасың.
Қ.Д.Сулейменова. А.Косарев атындағы № 9 орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.Степногорск қаласы
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға отбасының берекесі- өмір сүру үшін өте қымбат, қажетті, бағалы байлық екендігін түсіндіру.Оқушыларға отбасы туралы түсінігін қалыптастыру, отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға үйрету, әр отбасының өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту, және отбасы мүшелерінің міндеттері мен өзара қарым-қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру.
Дамытушылық:Отбасы берекесін сыни тұрғысында ойлау,сөйлеу шеберліктерін жетілдіру,тіл байлығын, сөздік қорын молайту.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру.Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, мәдени ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, топта жұмыс жасау қабілеттерін, шеберліктерін, пәнге деген қызығушылығын, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік:Өз отбасын, туған-туысқандарын сыйлай білуге туған елдаң салт-дәстүрлерін қадірлеп, ұжым намысын қорғауға тәрбиелеу. Балаларды сауаттылыққа, үлкендерді сыйлауға, жинақылыққа, бірін-бірі тыңдауға, қадірлеуге, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа, жан-жақтылық қасиеттерін шыңдау арқылы тәрбиелеу.
Кіріспе бөлімі. Мұғалімнің сөзі: Сәби дүниеге келген күннен бастап, баланы өсіру,бағып-қағу, кәмелеттік жасқа дейін тәрбиелеп өсіру ата-ананың қасиетті парызы, міндеті. Бұл жөнінде ҚР-ғы баланың құқықтары туралы заңының 24- бабында былай дейді:
«Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтіп бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті.»
Бала болса,ата-анасына құрмет көрсетіп, сыйлап,тілін алып, ізет көрсетіп, әдеп сақтау керек. Баланың міндеті қартайғанда әке- шешесіне қамқор болу,тірек болу.
Ал енді ,балалар, әр топқа тапсырмалар беріледі. Әр топқа дұрыс жауап үшін жұлдызша беріліп отырылады, сабақ аяғында жұлдызшалар саналып баға қойылады.Әр тапсырмаға 3 минут уақыт бөлінеді.
1тапсырма. Шығармашылық тапсырма.Әр топтан спикерлер сөйлейді.
1 топ. Отбасының суретін салу.
2 топ. «5 жолды өлең құрастыру».
3 топ. Отбасы туралы ЭССЕ жазу.
4 топ. Ата-анаға хат жазады.
Ән «Ана» туралы. (топтар дайындалғанша)
2 тапсырма. Мақал –мәтелдер жарысы.Қай топ көп мақал біледі.
3тапсырма.Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.
1 топ. 6 аға бірігіп әке болмас,
7 жеңге бірігіп ана болмас.
2 топ. Атасы тұрып,ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
3 топ. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
4 топ. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр жүк артпа.
4тапсырма. Әр топ дайындалғанша Ән «Анашым».
1 топ. «Ата-ана...» деп бастап, не үшін құрметтеуге лайық екендігін, ата-ананың өз баласы үшін жасайтын жақсылықтары жөнінде жазу.( Мысалы: жарық дүниеге әкелу, аялап өсіру,баласына тек жақсылық ойлау,баласы үшін жанын беруге әзір....)
2 топ. «Ата-анамен қарым-қатынас жасауға болады».Балаларға арналған ескертпе,кеңес дайындау керек.(Мысалы:- Ата-анаңа қарсы сөз айтпа! -Ата-анаңды құрметте! –Ата-анаңды жамандама! –Үнемі көмектесуге тырыс! –ренжітпе, -түсінуге тырыс, - кешірімді бол....)
3топ. «Ата-аналарыңды таң қалдыратындай не істеуге болады.»
4топ. Ата-аналарға тілек білдіру.
5 тапсырма. «Қызықты математикалық есеп».
Үйде қанша кісі?
1) Атам, ағам, әжемнен, 2) Кел, санайық екеуміз
Әкем, інім және мен, Бас бармағым – атам,
Анам және енесі, Балаң үйрегім – апам,
Енесінің бөлесі, Ортан терегім – ағам,
Отыр едік шай ішіп, Шылдыр шүмегім – мен,
Жеңгем кірді майысып, Кішкене бөбегім – сен.
Арқасында кіші інім. Бір үйде біз нешеуміз?
Саны қанша айта ғой, Бір үйде біз........
Үйдегі бар кісінің? (11) 3)7 атаны атау. 1оқушы өзінің жеті атасын атайды
6 тапсырма. «Туған- туысқандарды» атау.Қазақтарда қандай жұрты бар?
1 топ. Өз жұрты дегенді қалай түсінесің,оған кімдер жатады?
2топ. Нағашы жұрт дегенді қалай түсінесің,оған кімдер жатады?
3топ. Қайын жұрт дегенді қалай түсінесің,оған кімдер жатады?
4 топ. Отағасы деген кім?
7тапсырма.Отбасы туралы дайындаған видеоны көрсету.
Қорытындылау:
1.Отбасы мүшелерін ата.
2.Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?
3.Ата-анаң қайда жұмыс істейді?
Біз не білдік?
*Ата, әже –отбасы тірегі, оларды сыйлау керек.
*Ата, әже, әке, ана, ұл, қыз – бәрін отбасы дейміз.
Қорытынды сөз. Отбасы – әр адамның шағын Отаны.
Отбасы – шағын мемлекет.
** Шығармашылық тапсырма.Жасырылған өлең шумағын оқы.