4 сынып
Сабақтың тақырыбы : Менің Қазақстаным.
Сабақтың түрі : қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты : 1. Сабақ барысында сөйлесу арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
2. Түрлі тапсырмалар орындатуарқылы оқушыларды терең ойларға, ізденімпаз болуға баулу. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Өз Отанын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу. Балалардың патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың көрнекілігі : интербелсенді тақта, сөзжұмбақ, сандар, мақал-мәтелдер, суреттер, Петропавл, Астана қалаларының көрікті жерлері.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Құрметті достар! Бүгін бізде ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы - Менің Қазақстаным.
I тапсырма «Ми шабуылы».
Сұрақтарға жауап бер.
- Сен қай қалада тұрасың?
- Сен қай мемлекетте тұрасың?
- Қазақстанның Президенті кім?
- Қазақстанның бас қаласы қай қала?
- Астана қандай қала?
- Астанада не бар?
- Мемлекеттік тілі қай тіл?
- Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан - өте бай мемлекет.
II тапсырма «Қазақстанда нелер көп?».
Сөздерге көптік жалғауларын қос.
Тау
Қала
Көл
Көше
Теңіз
Дүкен
Мектеп
Т.б.
Сөздермен сөйлем құрастыр.
Біздің Қазақстан - өзінің рәміздері бар ел.
II тапсырма «Сөзжұмбақ шеш!».
Рәміздер екі түсті. Алтын түс ненің белгісі? (байлық)
Рәміздеріміздің бірі. (елтаңба)
Елтаңбаның жоғарғы жағында не бейнеленген? (жұлдыз)
Елтаңбаның ортасында не бейнеленген? (шаңырақ)
Гімнің әнін жазған кім? (Ш. Қалдаяқов)
Ш. Қалдаяқов кім? (сазгер)
Рәміздеріміздің бірі. (ту)
Туда қандай құс бейнеленген? (қыран)
Бейбітшілік белгісі. (күн)
Қандай жақсы сөздер!
III тапсырма «Сөздерді буынға бөл!».
Сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін анықта.
Қыран
Шаңырақ
Жұлдыз
Елтаңба
Байлық
Қазақстан
Қазақстан - өзінің мерекелері бар ел.
I V тапсырма «Сандарды сөйлет!».
1, 16, 97, 7, 9, 22
Қазақстан – біздің Отанымыз!
V тапсырма «Мақал-мәтелдер сайысы».
Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Қазақстанда көп қалалар бар.
VI тапсырма «Диалог».
Қала туралы диалог құрастыр.
1 топ – Петропавл туралы.
2 топ – Астана туралы.
(осы уақытта Петропавл, Астана қалаларының көрікті жерлерін тамашалаймыз)
Қазақстан – керемет ел.
VII тапсырма - Шығармашылық жұмыс.
Әр топқа плакат, түрлі-түсті қарындаштар, маркерлер беріледі.
Отаныңнын суретін сал.
Өз ойыңша сөзбен Отаныңды суретте.
(осы уақытта оқушының орындауында Құрманғазының
«Адай» күйін тамашалаймыз)
Үй тапсырмасы: Қазақстан туралы эссе жазу .
Қорыту.
Бағалау.
«№ 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта
мектеп - кешені»
Ашық сабақ:
«Менің Қазақстаным».
4 сынып
Өткізген:
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Аяғанова Сәуле Мұратқызы
Петропавл қаласы
2014 жыл