Жамбыл облысы,Шу қаласы №40 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Рахманова А.А
1 сынып
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Ө ө дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға Ө ө дыбысы мен әрпін таныту. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі сөйлеуге баулу. Сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Достық қарым−қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы
түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, қималар, электронды оқулық
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Білімдерін тексеру
ІҮ. Жаңа сабақ.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Психалогиялық сәт.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік құрметпен
Баршаңызға біз
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Адасқан сөздер ойыны» «Мұз айдыны» мәтіні бойынша оқушылар қиылған сөздерден сөйлем құрайды.
ІІІ. Білімдерін тексеру
-Балалар біз бүгінге дейін көптеген дыбыстармен таныстық.
Дыбыстарды қайталап есімізге түсірейік. «Қай үйдің тұрғыны?» ойыны. Оқушыларды екі топқа бөліп, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Электронды оқулық арқылы сабақтың мақсатымен таныстырып, тақырыбын хабарлау.
Өө дыбысына анықтама беру.
Ө ө − дауысты жіңішке айтылады
Буын құрайды
Баспа және жазба түрімен таныстыру.
Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетініне мысалдар келтіру.
Жаңа сөздер (таныс емес сөздерге түсінік беру).
өзен өріс бөрік өрнек көрме
өлең өрік көрік өрмек көрпе
өнер өмір көмір өркеш көрші
Сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтау.
Сөздерге дыбыстық ( неше әріп, неше дыбыс, нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз) талдау жасау.
Сөйлем құрату. Сөйлемдегі сөздер санын анықтау.
Мәтінмен жұмыс. «Өркеш»
Мәтінмен жұмыс. «Өркеш» –Арқаңдағы шошайған не ? – деді бұзау.
Мәтінді буындап оқу. – Өркеш қой, – деді бота.
Мәтінді мәнерлеп оқу. – Өркеш саған не керек? – деді бұзау.
Мазмұнын айту. – Балалар мінсе, құлап қалмасын, – деді бота.
Жылдамдыққа оқуды жетілдіру
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Жұптық жұмыс. Екеуара диалогты сөйлеу.
Мәтінді сахналау.
Сергіту сәті.
Жазу үлгісімен жұмыс.
Өө дыбысының әріптік жазба таңбасымен таныстыру.
Ауада жазу.
Байланыстыра жазу.
Тақтамен жұмыс. Өзен, өлең өрік, өмір сөздерін жаздыру.
Жеке оқушымен жұмыс. Қима қағаздағы сөздерге дыбыстық талдау жасату.
ҮІ. Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Өө дыбысы неге ұқсайды?
Өө дыбысы қай үйдің тұрғыны бола алады?
ҮІІ. Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
| 5 – ұпай |
| 3 – 4 ұпай |
| 2 ұпай |