Сабақтың тақырыбы: Туған күн.
Сыныбы: 3 «а».
Сабақта іске асатын оқу мақсаты.Оқылым. Айтылым. Жазылым,тілдесім.Мәтін бойынша әңгімелеу.
Мақсаттары
1.Білімділік: Қарапайым сөйлемдер арқылы оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін бекіту.
2.Дамытушылық: Нәтиже сабақ аясында қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмаларды орындау арқылы іскерлікке , шеберлікке машықтандыру.
3.Тәрбиелік: Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.
Жетістік критерийлері: Оқушының төменгі жетістігі сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді, туған күн тақырыбына байланысты сөздерді толық меңгереді . Оқушының орташа жетістігі тақырып аясында қарапайым тілдік қарым-қатынас құра алады. Оқушының жоғарғы жетістігі тақырыпқа қатысты өз ойын жеткізе алады.
Негізгі түсініктер: туған күн, сыйлық, құттықтау.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта , слайдтар , плакат , маркерлер , қимақағаздар.
Оқыту әдістері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап , диалог , топтық , жұптық жұмыс , «Ыстық орындық» , «Шаттық шеңбері» тренингі , ассоциаграмма ,
« 5 сұрақ» стратегиясы , «Алып адымдар» стратегиясы , сергіту сәті , рефлексия.
Сабақ барысы:
Сабақтың басы (5 мин.)Сәлемдесу, «Шаттық шеңбері» тренингі , оқушылар шеңбер құрып бір-біріне жақсы сөздер, тілектер айтады (...мен саған бестік тілеймін, ... мен саған қуаныш тілеймін, ...мен саған бақыт тілеймін)
Топқа бөлу- открытка қималарын құрастыру арқылы өз топтарын тауып, орындарына отырады.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Үй тапсырмасын тексеру (10 мин.) «Ыстық орындық» стратегиясы әр топтан бір- бір оқушы шығып, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.(бағалау тақтаға жазу).Сөздердің аудармасын сұрау мысалы: құттықтаймын,тілеймін, бақыт, қуаныш, денсаулық, сәттілік, сыйлық, сыйлады,ұнады, әр түрлі т.б
Қызығушылықты ояту ( 5 мин) Әр топ «Туған күн» "Сыйлық" сөздеріне ассоциаграмма құрады,қорғайды және сөздермен сөйлем құрастырады. (бірін бірі бағалау, бағалау критерийлерін өздері таңдайды) Топтық жұмыс.
Мысалы: Менің туған күнім маусымда.Туған күніме достарым келді. Әпкем торт пісірді.Анам дастархан жасады.Достарым сыйлық сыйлады.Сыйлықтар маған ұнады. Туған күнімде ән айттық, биледік. Менің туған күнім көңілді өтті.
Жазылым грамматика (2 мин) тәуелдік жалғауының дұрыс қолданылуын тексеру мақсатында карточкамен жұмыс.
Жалғауларын дұрыс қойып аяқта: Менің туған күн...
Сенің туған күн....
Сіздің туған күн...
Оның туған күн....
Менің сыйлығ...
Сенің сыйлығ....
Сіздің сыйлығ...
Оның сыйлығ...
( Слайдта дұрыс жауаптар көрсетіледі.Оқушылар бір- бірінің жауаптарын тексереді .Бағалау бір қатесіз «5» , бір қате «4» , екі қате «3», үш-төрт қате «2» бірін-бірі бағалау )
7. Сергіту сәті (3 мин)«туған күн» дидактикалық ойыны оқушылар шеңбер құрады, бір-біріне допты лақтырып туған күн туралы жақсы сөздер,тілектер айтады.Туған күніңмен құттықтаймын! Саған сәттілік тілеймін! Мен саған денсаулық тілеймін! Сабағыңды жақсы оқы! Бақыт, қуаныш тілеймін!
8. «5 сұрақ» (7 мин) стратегиясы бойынша туған күн тақырыбы бойынша топпен 5 сұрақ құрастыру, сұрақтармен алмасады, қарсы топ сол сұрақтарға жауап береді, топ бағалайды, түсіндіреді. Мысалы:
- Сенің туған күнің қашан?
- Менің туған күнім наурызда.
- Туған күніңе кімдер келді?
- Туған күніме достарым келді.
- Қандай сыйлықтар сыйлады?
- Әртүрлі сыйлықтар, кітап, тәттілер, оқу құралдары.
- Анаң не істеді?
- Анам дастархан жасады.
- Сен қандай сыйлықтарды жақсы көресің?
- Маған кітап оқыған ұнайды.
- Кімнің сыйлығы ұнады?
- Барлық сыйлықтар ұнады.
9. «Алып адымдар» (10 мин) стратегиясы бойынша топтағы әр оқушы туған күн тақырыбы бойынша орындарынан тұрып бір- бір сөйлемнен айтып тақтаға шығады. Кейбір оқушыларға әңгімелету.(Әр топтан 1-2 оқушы)
(бағалау, тақтаға жазу)
Әңгімелеу. Менің туған күнім күзде,қыркүйекте. Менің туған күніме атам, әжем,достарым келеді. Анам дастархан жасайды. Әпкем торт пісіреді. Туған күніме достарым, ата анам, атам мен әжем сыйлықтар береді. Маған сыйлықтар ұнайды. Мен кітап оқығанды ұнатамын. Туған күнімде біз ән айтамыз, би билейміз. Түрлі ойындар ойнаймыз. Менің туған күнім көңілді өтеді.
10.Рефлексия.
- Не білдім, не үйрендім?
- Бұл білім маған келешекте көмектесе ме?
- Тағы не білгім келеді?
11.Қорытындылау. Бағаларын айту.(3 мин)
Үйге тапсырма өткенді қайталау.
Сабақ бойынша рефлексия: Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жете алған жоқ, өйткені сынып оқушыларының деңгейі әртүрлі. Бір оқушының зейіні өте төмен, үнемі бақылауды қажет етеді. Екі оқушының есте сақтау қабілеті нашар.
Сабақтағы кезеңдер сақталды. Жоспарланған тапсырмалар орындалды.