Сілтеме | 3 сынып. Әдебиеттік оқу оқулығы, ғаламтор деректері |
Сабақтың тақырыбы | Көктем сәні |
Мақсаты | Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен айтуға дағдылану, тіл байлығын, ауызекі сөйлеуді дамыту |
Оқыту нәтижесі | Ақпаратты терең меңгереді, ақпаратпен жұмыс жасауда ынталы болады, сыныптастарымен қарым- қатынасы дамиды, қабылдаған деректерді жеткізу барысында ойын шығармашылықпен жеткізе біледі, ақпараттарды салыстырады, зерттеушілік әңгіме арқылы тіл байлығы мен ауызекі сөйлеу дамиды, ақын айтар негізгі ой арқылы түйін жасайды, түсінігін кеңейтеді, |
Түйінді идея | Визуалды және аудиалды ақпарат балалардың тәуелсіз ойлауына, ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Сындарлы және ашық диалогке қатысу балалардың өз идеясын сенімді білдіруге, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалай білуге мүмкіндік береді. |
Сабақтың барысы |
уақыты | страте гиялар | ресурс тар | Мұғалім іс- әрекеті | Оқушылар іс- әрекеті |
2мин | | | Ұйымдастыру Сабаққа даярлықтарын қадағалау | Сабаққа керекті заттарын даярлап, өзін- өзі реттейді |
3мин | қызығушы лықты ояту | Бәйшешек гүлдері | Шеңберге тұрғызу Түрлі гүлдер арқылы топқа бөлу | Бір- біріне жақсы тілектер айтып, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешекті сыйлайды. 3 топқа бөлініп, топ мүшелерінің рөлін анықтайды |
15 мин | Зерттеушілік әңгіме ( Диалогтік оқыту ) | 3 топқа арналған бас киімдер | Құстар,жануарлар, көктемгі табиғат бейнеленген бас киімдерді әр топтың топ басшыларына кигізу Топ басшысының киген бас киіміне байланысты көктемдегі өзгерістер жайлы айту қажеттігін түсіндіру Постер құрауға қажетті маркер, стикер, флипчарт, түсті қағаздар тарату | Топ мүшелері ақылдасады, ортақ шешімге келеді 1. Өзара ақылдаса келіп, постер жасайды, мәтінде кездескен жаңа сөздердің мағынасын ұғынысады. 2.«Сұқ саусақ» әдісі арқылы постерді қорғайтын оқушыларды анықтап, әр топ кезекпен постерлерін қорғап, ойларын ортаға салады. 3. Бір топ постер қорғаған кезде қалғандары тыңдап, соңынан өз ойларын қосады. 4. Әр топ мүшелері бір- біріне көктемге байланысты сұрақтар қойып, жауаптарын өз ойларымен толықтырады. |
3мин | Сергіту сәті | «Келді көктем» әнінің ырғағымен билейді |
17мин | Оқулықпен жұмыс | оқулық | Мәтінді әр топқа бөліп беру | Әр топ берілген тапсырманы орындап мәтінді оқиды, жұптасып бір- біріне мазмұнын түсіндіреді, одан соң топта талқылайды. Әр топ берілген мәтін бөліктерінің мазмұнын басқа топтарға түсіндіреді. Олар қойған сұрақтарға жауап береді, ғаламтордан алынған деректермен таныстырады. Жергілікті жерде көктем кезінде атқарылатын жұмыстар жайлы ой бөліседі: І топ- ауылшаруашылығында атқарылатын жұмыстар ІІ топ- жануарлар тіршілігі ІІІ топ- мектепте атқарылатын істер |
3 мин | кері байла ныс | | «Тәтті бутерброд» | Топтар бір- біріне жақсы тілектер айтып, ұсыныс айтады. Сабақ соңында әр оқушы сабақ туралы өз тілегі мен ұсынысын, ойын стикерге жазып гүл шоғы бейнеленген флипчартқа іледі. |
2 мин | Кейінгі тапсырма | Мәтін мазмұнын білу, мазмұны бойынша 3 топ сурет салып келу Көктем жайлы өлең шумақтарын құрастыру |