kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?ктем г?лдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жоспар К?ні «11» 03 2015 ж Сынып 1 «В» М??алім Баймышева А.О. П?н: Бейнелеу ?нері Саба?ты? та?ырыбы: К?рікті к?ктем Саба?ты? т?рі: аралас Саба?ты? ма?саты: * О?ытушылы?: К?ктем мезгілінде айналада болатын ?згерістер,жер бетіне е? ал?аш шы?атын г?лдер жайлы,балаларды? т?сініктерін ке?ейте аны?тай т?сінуге жетелеу, бас?а да мезгілдерімен салыстыру. * Т?зету - дамытушылы?: К?ктем таби?атын т?сіндіру ар?ылы жансыз таби?ат пен жанды таби?атты? байланысы туралы білімдерін дамыту. ?айталау ар?ылы еске т?сіру, білетіндерін санада жа??ырту ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын ояту. Зейінді, ?са? ?ол моторикасын, елестету ар?ылы ойды жеткізуді дамыту. * Т?рбиелік: Таби?ат ??былыстарына ба?ылау жасата отырып,ту?ан жерге с?йіспеншілік пен ?ам?ор к?з?арас?а ба?ыттау,сурет салу жолдарын ?йрету. Олар?а экологиялы? т?рбие беру. К?рнекілігі: интерактивті та?та,суреттер,музыка,с?зж?мба? кестелері. П?наралы? байланыс: д?ниетану, ана тілі, математика. Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і: ?лкенге де сіз, Кішіге де сіз. С?лем бердік сіздерге, ??рметпенен біз. ІІ. Саба?ты? та?ырыбы мен ма?сатын хабарлау: Б?гін нешесі? ?андай апта к?ні? ?азір ?андай ай? – наурыз Ол жылды? ?ай мезгіліні? айы? – к?ктем Д?рыс ендеше біз мына с?зж?мба?ты шешпей т?рып, тыныс алу жатты?улары? жасайы?. Демалу жатты?улары: ?рлеу (?ол?а бір сызы? ?а?азды ?стап, ауаны іштен ?рлеу) К і т а п к ? б е л е к К ? н б ? л Т Е с і к а л М а 1. ?абат ?абат ?аттама А?ылы? болса аттама (кітап) 2. ?шып ж?рген г?л к?рдім ?он?анда ?стап ?лгердім (к?белек) 3. Аспанда алып доп Жар?ырайды жары? боп (к?н) 4. Аспан?а ?шар бу болып Жерге ?айтар су болып (б?лт) 5. Ашылып, жабылады, ?р ?йден табылады. (есік) 6. ?ызыл жеміс а?ашта Домаланып, т?п-т?тті (алма) С?зж?мба?ты? ортасында ?андай с?з шы?ты? И?, к?ктем. Б?гінгі бізді? та?ырыбымыз жыл мезгілдеріні? біреуі «К?ктем» - «К?рікті к?ктем». К?зге арнал?ан жатты?улар: ала?анды ??алау, к?здерін жабу, к?зді ашып са?ат жатты?уын жасау (тик-так, так-тик) III. ?й тапсырмасын тексеру, ?ткенді ?айталау : Мына суретте жылды? 4 мезгіліні? суреттерін к?ріп т?рсы?дар. Кане атап бері?дер. (?ыс, к?ктем, жаз, к?з) Бір жылда 12 ай бар, ?р мезгілде 3 айдан бар. Соны? ішінде к?ктемде наурыз, с?уір, мамыр айлары бар. С?ра? –жауап ?дісі бойынша: с?ра?тар ?оямын, сендер сол с?ра??а жауап бері?дер. 1. ?анша жыл мезгілі бар екен? (4 мезгіл бар, олар ?ыс, к?ктем, жаз, к?з). 2. К?ктем мезгілінде ?анша ай бар? (3 ай бар, олар наурыз, с?уір, мамыр). 3. К?ктемде ауа райында ?андай ?згерістер болады? (к?н жылынады, ?ар ериді, ш?п шы?ады, а?аштар б?ршік жарады,жа?быр жауады). IV. Жа?а та?ырып: Сонымен балалар,?ткен саба?ты пысы?тау,жа?а саба??а ?ту ма?сатында біз с?зж?мба?ты шешіп,жа?а саба?ты? та?ырыбы ашылды. Ж?не де жыл мезгілдерін ?айталады?. Сендер к?ктем туралы к?п н?рсе біледі екенсі?дер. Та?ы да балалар мынаны білулері? керек, к?ктемде таби?ат оянады. А?аштар б?ршік жауады. К?ктемде к?н ?зарып, т?н ?ыс?арады, сонымен ?атар е? бірінші к?ктемні? ал?аш?ы хабаршы ??стары –?за? ?ар?а, екінші келетін ??стар-бозтор?ай, ?шінші- ?аратор?ай. ?ар астынан ал?аш?ы г?л- б?йшешек шы?ады. Ол кішкене ?ана г?лдер. Ол жер бетіне е? ал?аш шы?атын г?лдер ?атарына жатады. Б?йшешек негізінен таулы ормандарда,ыл?алды топыра?та ?седі.А? т?сті негізгі б?йшешекті? отаны-Еуропа. К?пжылды? ?сімдік.80-ге жуы? т?рі бар.?аза?станда Іле,Жетісу,?аратау жерлерінде ?седі. Екінші – к?ктемні? г?лі - ?ыз?алда? г?лі-к?п жылды? ш?птесін.?аза?станны? далалы? айма?тарында жиі кездеседі.?ыз?алда?ты? бізді? жерімізде 36 т?рі бар.?аза? даласыны? барлы? айма?тарында а?,?ызыл,сары ?ыз?алда?тар жиі кездеседі. ?ыз?алда?ты? ке? тара?ан атауы-«тюльпан». Саба?ты? эпиграфы ретінде “К?ктем” ?ле?інен ?зінді. К?ктем. П.Чайковскийді? К?ктемі ж?ріп т?рады. Топты? ж?мыс : ?лгі бойынша к?ктемні? суреті? бояу. Г?лдерді шы?армай бояймыз. Олар ?анша?- 5 К?нні? пішіні ?андай? – д??гелек Сауса? жатты?уы: Жер ?азайы?(сауса?тармен жер ?аз?ан ?рекетті к?рсетеді) Д?н салайы? (с?? сауса?пен д?н салады) Г?л ?сірейік (г?лді? ?скенін к?рсетеді) Су ??яйы? (тамшылатып су ??яды) Ал енді суретімізді бояйы? V. Сергіту с?ті: «К??ілді к?н» 1 мин YI. Жа?а та?ырыпты бекіту. Жеке дефференциалды? ж?мыс А?ыз: Ерте заманда жер бетінде ?атал ?ыс ?за? аялдап, ?а?а?ан аяз кетпей т?рып алады. Сол заманда тау б?ктерінде орналас?ан жерт?леде бір ша?ын отбасы ?мір с?ріпті. Ота?асы жан?ясын асырау ?шін ж?мыс іздеп жер д?ниені шарлап кетеді. ?йелі мен екі перзенті оны к?тумен болады. К?ндерді? к?нінде ?а?тар айыны? ая?ында ?л бала ?атты нау?астанып ?алады. ?бден шарасы таусыл?ан ана т?уіпті? к?мегіне ж?гінген екен. Т?уіп ?йел оны? кеселіні? себебін аны?тайды. Ол с?биді емдеу ?шін жа?а ?сіп т?р?ан г?лдер мен жапыра?тар керек екендігін м?лімдейді. Анасы мен бауырыны? ?ай?ысына шыдай алма?ан ?пкесі емшіге керекті ?сімдіктерді іздеп жол?а шы?ады. ?араса, айналаны? б?рі м?збен шырмалып, ?алы? ?армен к?мкерілген. Бойжеткенні? бойын ?рей билеп алады да, не істерін білмей, отыра ?алып, ?атты жылайды да, ??дай?а жалбарына бастайды. Ж?ректен шы??ан ысты? жастар ?арды тесіп, жерді? т?біне жетеді де, н?зік г?лдерді - б?йшешектерді оятады. Олар ?арды? ?алы? ?абатын тесіп, ?здеріне жол салып, а?ырында жер бетіне шы?а келеді. ?ызды? жасы там?ан жерлерді? б?рі ?демі а? г?лдермен ?рленеді. С?лу бойжеткен оларды теріп алып, ?йіне алып барады да, інісі аман ?алады. Содан бері б?йшешек - ?кілі ?мітті? нышаны саналатын бол?ан екен. Бірінші г?лі к?ктемні? Б?йшешекті оятар Баяулап т?ртіп, к?ктен н?р. К?ктем мезгіліні? ал?аш?ы г?лі – б?шешекті ?лгі бойынша салу, бояу. 1. Топ- ?арап салу 2. Топ - трафаретті бояу Сендермен шы?армашылы? ж?мыс орындайы?. Адас?ан ?ріптер ?ай топ бірінші ойлап табады? 1.Л Ы З Ы ? (?ызыл) 2.Ы Ж А Л С (Жасыл) 3.А С Ы Р (Сары) ж?мба? Г?л-г?л жайнап жер, аспан, Г?рілдейді сайда ?зен. Г?лжазира жарас?ан Г?лдерімен ?ай кезен? (К?ктем) VII. Саба?ты ?орытындылау: Балалар саба?ымызды мына тапсырма ар?ылы ?орытындылайы?. (Балалар?а кесте таратылып беріледі). Жауаптар С?ра?тар А?пан, Наурыз, С?уір Наурыз, С?уір, Мамыр. ?ар жауады ?ар ериді ?за- рады ?ыс- ?арады ?ар?а ?ара тор?ай К?ктем мезгіліні? айларын ата? + К?ктемде ?андай ?згерістер болады? + К?н ?зара ма, ?ыс?ара ма? + К?ктемні? ал?аш?ы хабаршысы ?андай ??с? + VIII. ?йге тапсырма беру: ?йге тапсырма осы к?ктем дала г?лдеріні? суретін салып ая?тап, ша?ын ??гіме ??растырып келу. IX. О?ушыларды? е?бегін ба?алау :
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?ктем г?лдері »

Жоспар


Күні «11» 03 2015 ж Сынып 1 «В»

Мұғалім Баймышева А.О.

Пән: Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Көрікті көктем

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың мақсаты:

* Оқытушылық: Көктем мезгілінде айналада болатын өзгерістер,жер бетіне ең алғаш шығатын гүлдер жайлы,балалардың түсініктерін кеңейте анықтай түсінуге жетелеу, басқа да мезгілдерімен салыстыру.

* Түзету - дамытушылық: Көктем табиғатын  түсіндіру арқылы жансыз табиғат пен жанды табиғаттың байланысы туралы білімдерін дамыту. Қайталау арқылы еске түсіру, білетіндерін санада жаңғырту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Зейінді, ұсақ қол моторикасын, елестету арқылы ойды жеткізуді дамыту.

* Тәрбиелік: Табиғат құбылыстарына бақылау жасата отырып,туған жерге сүйіспеншілік пен қамқор көзқарасқа бағыттау,сурет салу жолдарын үйрету. Оларға экологиялық  тәрбие беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер,музыка,сөзжұмбақ кестелері.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, математика.


Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі:

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:

Бүгін нешесі?

Қандай апта күні?

Қазір қандай ай? – наурыз

Ол жылдың қай мезгілінің айы? – көктем

Дұрыс ендеше біз мына сөзжұмбақты шешпей тұрып, тыныс алу жаттығуларың жасайық.

Демалу жаттығулары: үрлеу (қолға бір сызық қағазды ұстап, ауаны іштен үрлеу)





К

і

т

а

п




к

Ө

б

е

л

е

к




К

ү

н




б

ұ

л

Т









Е

с

і

к




а

л

М

а






  1. Қабат қабат қаттама

Ақылың болса аттама (кітап)

  1. Ұшып жүрген гүл көрдім

Қонғанда ұстап үлгердім (көбелек)

  1. Аспанда алып доп

Жарқырайды жарық боп (күн)

  1. Аспанға ұшар бу болып

Жерге қайтар су болып (бұлт)

  1. Ашылып, жабылады,
    Әр үйден табылады.    (есік)

  2. Қызыл жеміс ағашта

Домаланып, тәп-тәтті (алма)

Сөзжұмбақтың ортасында қандай сөз шықты? Иә, көктем . Бүгінгі біздің тақырыбымыз жыл мезгілдерінің біреуі «Көктем» - «Көрікті көктем».


Көзге арналған жаттығулар: алақанды ұқалау, көздерін жабу, көзді ашып сағат жаттығуын жасау (тик-так, так-тик)


III. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау :


Мына суретте жылдың 4 мезгілінің суреттерін көріп тұрсыңдар.

Кане атап беріңдер. (қыс, көктем, жаз, күз)

Бір жылда 12 ай бар, әр мезгілде 3 айдан бар.

Соның ішінде көктемде наурыз, сәуір,  мамыр айлары бар.

Сұрақ –жауап  әдісі бойынша:  сұрақтар қоямын, сендер сол сұраққа жауап беріңдер.

  1. Қанша жыл  мезгілі бар екен? (4 мезгіл бар, олар қыс, көктем, жаз, күз).

  2. Көктем мезгілінде қанша ай бар? (3 ай бар, олар наурыз, сәуір, мамыр).

  3. Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады? (күн жылынады, қар ериді, шөп шығады, ағаштар бүршік жарады,жаңбыр жауады).

IV. Жаңа тақырып:

Сонымен балалар,өткен сабақты пысықтау,жаңа сабаққа өту мақсатында біз сөзжұмбақты шешіп,жаңа сабақтың тақырыбы ашылды. Және де жыл мезгілдерін қайталадық.


Сендер көктем туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Тағы да балалар мынаны білулерің керек, көктемде табиғат оянады. Ағаштар бүршік жауады. Көктемде  күн ұзарып, түн қысқарады, сонымен қатар ең бірінші көктемнің  алғашқы хабаршы құстары –ұзақ қарға, екінші келетін құстар-бозторғай, үшінші-  қараторғай .


Қар астынан алғашқы гүл- бәйшешек шығады.  Ол кішкене ғана гүлдер.

Ол жер бетіне ең алғаш шығатын гүлдер қатарына жатады.

Бәйшешек негізінен таулы ормандарда,ылғалды топырақта өседі.Ақ түсті негізгі бәйшешектің отаны-Еуропа.

Көпжылдық өсімдік.80-ге жуық түрі бар.Қазақстанда Іле,Жетісу,Қаратау жерлерінде өседі.

Екінші – көктемнің гүлі - Қызғалдақ гүлі-көп жылдық шөптесін.Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі.Қызғалдақтың біздің жерімізде 36 түрі бар.Қазақ даласының барлық аймақтарында ақ,қызыл,сары қызғалдақтар жиі кездеседі.

Қызғалдақтың кең тараған атауы-«тюльпан».


Сабақтың эпиграфы ретінде “Көктем” өлеңінен үзінді.

Көктем. П.Чайковскийдің Көктемі жүріп тұрады.


Топтық жұмыс :

Үлгі бойынша көктемнің суретің бояу.

Гүлдерді шығармай бояймыз. Олар қанша?- 5

Күннің пішіні қандай? – дөңгелек




Саусақ жаттығуы:   

Жер қазайық(саусақтармен жер қазған әрекетті көрсетеді)

Дән салайық  (сұқ саусақпен дән салады)

Гүл өсірейік (гүлдің өскенін көрсетеді)

Су құяйық (тамшылатып су құяды)

Ал енді суретімізді бояйық


V. Сергіту сәті:

«Көңілді күн» 1 мин


YI. Жаңа тақырыпты бекіту. Жеке дефференциалдық жұмыс

Аңыз: Ерте заманда жер бетінде қатал қыс ұзақ аялдап, қақаған аяз кетпей тұрып алады. Сол заманда тау бөктерінде орналасқан жертөледе бір шағын отбасы өмір сүріпті. Отағасы жанұясын асырау үшін жұмыс іздеп жер дүниені шарлап кетеді. Әйелі мен екі перзенті оны күтумен болады. Күндердің күнінде қаңтар айының аяғында ұл бала қатты науқастанып қалады. Әбден шарасы таусылған ана тәуіптің көмегіне жүгінген екен. Тәуіп әйел оның кеселінің себебін анықтайды. Ол сәбиді емдеу үшін жаңа өсіп тұрған гүлдер мен жапырақтар керек екендігін мәлімдейді. Анасы мен бауырының қайғысына шыдай алмаған әпкесі емшіге керекті өсімдіктерді іздеп жолға шығады. Қараса, айналаның бәрі мұзбен шырмалып, қалың қармен көмкерілген. Бойжеткеннің бойын үрей билеп алады да, не істерін білмей, отыра қалып, қатты жылайды да, Құдайға жалбарына бастайды. Жүректен шыққан ыстық жастар қарды тесіп, жердің түбіне жетеді де, нәзік гүлдерді - бәйшешектерді оятады. Олар қардың қалың қабатын тесіп,  өздеріне жол салып, ақырында жер бетіне шыға келеді. Қыздың жасы тамған жерлердің бәрі әдемі ақ гүлдермен әрленеді. Сұлу бойжеткен оларды теріп алып, үйіне алып барады да, інісі аман қалады. Содан бері бәйшешек - үкілі үміттің нышаны саналатын болған екен.


Бірінші  гүлі  көктемнің
Бәйшешекті  оятар
Баяулап түртіп, көктен  нұр.


Көктем мезгілінің алғашқы гүлі – бәшешекті үлгі бойынша салу, бояу.

  1. Топ- қарап салу

  2. Топ - трафаретті бояу





Сендермен шығармашылық жұмыс орындайық.

Адасқан әріптер

Қай топ бірінші ойлап табады?

1.Л Ы З Ы Қ    (Қызыл)

2.Ы Ж А Л С   (Жасыл)

3.А С Ы Р (Сары)

жұмбақ

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)


VII. Сабақты қорытындылау:

Балалар сабағымызды  мына тапсырма арқылы қорытындылайық.

(Балаларға кесте таратылып беріледі).

   Жауаптар 

 

Сұрақтар

Ақпан,

Наурыз,

Сәуір

Наурыз,

Сәуір,

Мамыр.

Қар жауады

Қар ериді

Ұза-

рады

Қыс-

қарады

Қарға

Қара

торғай

Көктем  мезгілінің айларын ата?

 

+

 

 

 

 

 

 

Көктемде қандай өзгерістер болады?

 

 

 

+

 

 

 

 

Күн  ұзара ма, қысқара ма?

 

 

 

 

+

 

 

 

Көктемнің  алғашқы хабаршысы қандай құс?

 

 

 

 

 

 

 

+


VIII. Үйге тапсырма беру:

Үйге тапсырма осы көктем дала гүлдерінің суретін салып аяқтап, шағын әңгіме құрастырып келу.

IX. Оқушылардың еңбегін бағалау :
























































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
К?ктем г?лдері

Автор: Баймышева Айнур Осербаевна

Дата: 16.10.2015

Номер свидетельства: 240297


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства