Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Тақырыбы:Көбейту және бөлу — өзара кері амалдар.
Мақсаты: 1.Көбейту және бөлу- өзара кері амалдар деген түсінікті қалыптастыру.
Балалармен көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы
байланысқа негізделген теңдеулерді шешуді пысықтау;
2.Теңдеулерді шешу кезінде амалдардың өзара кері әдісін пайдалана білуін
бекіту; Байқағыштығын, жадын дамыту:
3.Балалардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз бетінше жұмыс
істей білуін дамытуға жағдай жасау, зерделі болуға үйрету.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, тапсырмалар, сызбалар, фигуралар, тест
тапсырмалары
Сабақ түрі:ойын, жаңа сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, толықтыру, құрастыру, бақылау, салыстыру, талдау, болжау.
Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық (барлығы бір-біріне жақсы тілек білдіреді)
ІІ. Өткенді қайталау.
А)үйге тапсырманы тексеру. №10тапсырма, теңдеуді шешу. 35-бет.
х:2=4 9:х=3 16:х=8
х=4•2 х=9:3 х=16:8
х=8 х=3 х=2
8:2=4 9:3=3 16:2=8
4=4 3=3 8=8
Ә) ойын. «Кім шапшаң?»
Әртүрлі фигураларды ала отырып, көбейту кестесін пысықтап алу.
(екіге көбейту кестесі)
(үшке көбейту кестесі)
(төртке көбейту кестесі)
б) жеке тапсырмалар (3оқушы карточкамен жұмыс жасайды)
1-карточка (теңдік тура болатындай сандарды қой)
2• 0=6 0•2=18 0:2=2
2•0=8 0•2=10 12:0=6
2•8=0 0•2=14 20:2=0
2-карточка (Бос орындарға сандарды қой)
7+ 11 — 3 • 24 : 6
3-карточка (өрнекті мәнімен сәйкестендір)
5•3 5
10:2 9
3•3 15
18:2 6
2•9 9
18:3 18
в) сыныпқа арналған тапсырмалар;
(Ұсынылған сандарды пайдаланып, көбейту мен бөлуге байланысты үш теңдік құрау)
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт