Просмотр содержимого документа
«Кел текше ойнайық»
Сабақтың тақырыбы: Кел, текше ойнайық! Буын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Жеңді, жеңілді» сөздерінің қолданысын үйрету, ойын қорытындысын жария ете алу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: ойын нәтижесінде кімнің жеңгенін, кімнің жеңілгенін айта алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру.
Тәрбиелік: жеңіске, ойын барысында ойын ережесін дұрыс сақтап ойнауға ұмтылу, сыныптастарымен достық қарым-қатынас қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, қайталау, мәнерлеп оқу
Көрнекілігі:суреттер, оқулық
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,зейіндерін сабаққа аудару.
Түгелдеу,сыныпта жағымды ахуал туғызу.
Күннің ұранын айту.
Сыныбымыз тап-таза,
Бор да дайын, тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
ІІ.Үй тапсырмасы
6-тапсырма
ІІІ. Жаңа сабақ
Кел, текше ойнайық! Буын.
Сөздікпен жұмыс.
жеңді – победил
жеңілді – проиграл
қайта бастайық – начнем сначала
1-тапсырмадағы суреттер бойынша текше лақтырып ойнау үлгісі таныстырылады. Ойын шарты бойынша балалар кезекпен текшені лақтырады. Текшені лақтырғанда түскен сандар жазылып отырылады.Кім көп ұпай жинаса сол жеңіске жетеді.
Әділ лақтыр!
Неше?
5/3
Кім жеңді?
Мен жеңдім.Сен жеңілдің.
Қайта бастайық!
2-тапсырманы орындау барысында оқушылар сұраққа жауап беру дағдыларын жетілдіре түседі.Оқушылар жеңді, жеңілді сөздерінің қолданысын үйренеді.
Текшені кім лақтырды?
Кім жеңді?
Кім жеңілді?
3-тапсырма. Толықтырып оқы.
... лақтырдым ... лақтырдың ... лақтырды
Мен
... жеңдім Сен ... жеңдің
Сіз
... жеңдіңіз Ол ... лақтырдыңыз
... жеңді
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
4-тапсырма арқылы оқушылар оннан жүзге дейін сандарды қайталайды, тыңдайды, сөздердің айтылуына, жазылуына мән беріледі.