Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Құбыр» әдісі арқылы оқушыларды бірлікпен, татулықпен, сыйластықпен жұмыс жасауға шақыру. «Тірек білімдерін тексеру» «Сен маған, мен саған» әдісі арқылы ережелерді еске түсіру. Қызығушылықты ояту. «Сиқырлы сандықша» әдісі. Есік қағылады. Сандық пен хат әкелінеді. Хатты оқу Құрметті 3-сынып оқушылары. Менің атым Балақай. Мен қазақ тілінен кейбір тапсырмаларды орындауда қиналамын. Сендерден көмек сұрау үшін осы хатты сендерге жазып отырмын. Егер де сендер маған осы тапсырмаларды орындауға көмектессеңдер. Мен «Қазақ тілінің сиқырлы әлеміне» жолдама аламын. Жауаптарыңызды асыға күтемін. Сонымен қатар егер сендер тапсырмаларды орындасаңдар. Сендерге берер шағын сыйлығым бар. Мен басқа мектептерге де осы тапсырмаларды апаруға асығыс болғасын, сендермен көрісе алмадым. Ренжімеңіздер. Бағалау түрімен таныстыру. Өздеріне «Менің шағын кітапханам» әдісі арқылы сөреге қызыл, сары, жасыл кітаптар жинайсыңдар. (түстердің мағынасын ашып айту) Кітапшалар жинау арқылы бағалау. Қызыл, сары, жасыл кітапшалармен бағалап отыру. Технологиялық картамен таныстыру. Сабақтың тақырыбын ашу. Түбірлес сөздер. Мақсатын қоюға жетелеу. Бүгінгі сабағымыздың бағалау критерийі түбірге қосымшаны жалғау, түбірлес сөздерді құрау, мағынасын ашу. 1-тапсырма. Ұжымдық жұмыс. «Кітапханаға саяхат» (ортақ тақырыбы «Уақыт» болғасын жұмыс уақытын сұрау) Проблемалық сұрақ қою. Кітапханаға саяхат жасай отырып, кітапхана, кітапханашы, кітапша сөздерін ойлап табуға көмектесу. Осы сөздерге қарайықшы. Не байқадыңдар? Дұрыс олар бір түбірден жасалып. Ендеше бұндай сөздерді түбірлес сөздер деп атайды? Сөздерді сөз құрамына талдауға жетелеу. Дескриптор: Кітап сөзінен түбірлес сөздер жасай алды. Түбірлес сөздерді сөз құрамына талдай алды. Мағынасын түсіне алды. Бағалау | Теннис шары, ақ парақ қағаздар Хат, сандық Сөренің, кітапшалардың суреттері Технологиялық карта Кітапхана бұрышын жасау кітап, кітапхана, кітапханашы, кітапша сөздері |