Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты
1.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларға хабарлы сөйлем туралы түсінік беріу.
2.Хабарлы сөйлем жайындағы білімдерін, байқағыштық қабілеттерін каллиграфиясын жетілдіру, сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін дамыту.
3.Ұқыпты болуға, әдемі, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сабақтың тақырыбына байланысты суреттер, кестелер
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап әдісі, топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сабағымызға келгендер.
Сәлем бердік бәріңе!
Ізгілікке сенгендер.
Сәлем бердік бәріңе!
Оқушылар амандасып болған соң. Мұғалімнің алдындағы қима қағаздар арқылы әр топ өз орындарына отырады.
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Әр топқа оқушылар тыныс белгілері арқылы отырады. Орындарын тауып отырған оқушылар көшбасшы, бағалаушыны сайлайды.
Топ ара алтын ережені еске түсіреді.
Өткен тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар үлестіріледі.
ІІ. Жаңа сабақ
«Қазақ тілі» деген әжейдің үш қызы болыпты. Біріншісі – Хабарлы сөйлем. Ал екіншісі- Сұраулы сөйлем ? Ал үшіншісі- Лепті сөйлем!
Әжейдің бірінші қызы(.) анасына үнемі болған оқиғаларды хабарлап жүреді екен. Екенші(?) қыз болса үнемі сұрақтың астынан алады екен. Ал үшінші қызы(!) үнемі көңіл күйін, сезімін білдіріп жүреді екен. Бүгін біз әжейдің бірінші қызымен танысамыз. Біздің бүгінгі сабағымыз өте жақсы өтеді деп ойлаймын.Ондай болса балалар кәне кім айтады әжейдің үшінші қызының көңіл күйі қалай жүреді екен?
- Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыз «Хабарлы сөйлем» деп аталады.
- Мен қазір сендерге өз өздерің туралы мынадай сөйлемдер айта аламын.
Менің сыныбымда 11 оқушы бар. Оның 5 - і ұл, 6 - ы қыз. Балалардың бәрі ақылды. Сабақтан қалмайды. Мұғалімді сыйлайды. Сабақта тыныш отырады.
- Мен қандай тыныс белгісімен аяқталатын сөйлемдер айттым? (нүкте)
- Мен бұл сөйлемдерде не туралы айттым? (сынып)
- Ендеше осы сөйлемдерді хабарлы сөйлем дейміз. Сонда хабарлы сөйлем дегенді қалай түсіндіруге болады? (ережені қорытып шығару)
- Оқулықтағы ережені хормен оқыту.
- Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады. Қанат мектепке ерте келді.
Әр топтың көшбасшысы келіп тапсырма алып бірден жауап береді.Сөйлемді түсініп оқы. Әр сөйлемде не туралы айтылған.
І топ Итбалық балықпен қоректенеді. Ол өте жақсы жүзеді, керемет сүңгиді.
ІІ топ Аяқ орнында жүзу үшін қанатшалары бар.
ІІІ топ Итбалықтың күшіктеріде аппақ. Сондықтанда оларды ақүрпек деп атайды.
Тақтамен жұмыс
Әр топтан бір оқушы шығып орындайды. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.
І топ Бұлбұл- кішкентай құс.
ІІ топ Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды.
ІІІ топ Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
Топпен жұмыс (172- жаттығу)
І топ Әйел адамдардың киімдерін теріп жазу
ІІ топ Ерлердің киімдерін теріп жазу
ІІІ топ Қарамен барілген сөздерге сөйлем құрау.
173- жаттығу (ауызша)
V. Сабақты бекіту «Қарлы кесек» ойыны
Cұрақ жауап
- Сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не екен?
- Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
- Хабарлы сөйлемге мысал келтіру.
- Сөйлемнің түрлерін ата?
VІ. Үйге тапсырма 174 – жаттығу. Жоспар бойынша әңгіме құрау (Күнделікке жазу)
Ережені жаттау
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Сұрақтарға жауап береді