I. Ұйымдастыру кезеңі. Қоңырау соғылысымен класқа еніп, кластың тазалығын, оқушылардың дайындығын бақылап, оқушылармен амандасып отырғызам да, кезекшіні анықтап, бүгінгі күнді сұрап оқушыларды түгеліндеймін.
II. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма берлгенін бір оқушыдан сұраймын, №6, №7 есептер.Теңдеуді шешуге берілген, тақтаға теңдеуді жазамын, бір оқушыдан сұраймын. С*3 = 180 180 / a = 30 С = 180/3 a = 180 / 30 С = 60 a = 6 60*3 = 180 180 / 6 = 30 180 = 180 30 = 30 Оқушылардан оқылу ережесін сұраймын.№1 дәптерлерін жинаймын да, №2 дәптерлерін таратып беремін.
III. Жаңа сабақ. -Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз- жай сабақ емес.Бүгін біз өмір талабына сай құрылған фирмалармен жұмыс істейміз. Біз бір ірі проблемалар шеше қоймаспыз, бірақ еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Көптеген қазақстандықтар шағын бизнесті дамытып, ел экономикасын көтеру мақсатында еңбек етіп жатыр.Біз қазір үш топқа бөлініп алайық, 1-қатар «Әділ», 2- қатар «Цена», 3- қатар «Алтын» фирмасы болсын.Әр фирманың президентін сайлаймын .Мен барлықтарыңның үстілеріңнен қарайтын директормын.(Әр фирманың өз аттары жазылған қағаздар ілінеді).Қазір әр фирмаға іс-қағаздары таратылады.Фирманың болашағы осы тапсырманы орындауға байланысты болмақ.Фирма үшін есеп ең басты сала.
IV.Әр фирмадан көбейту кестесі сұралады.
V. Оқулықпен жұмыс. №1. есеп.а)Бұл есеп өткен сабақтағыдай орындалады және оның шешімі (20+22)/7 өрнегінің мәнін табу арқылы айқындалатыны түсіндіріледі.Бұл да қосындыны санға бөлу, бірақ мұнда қосылғыштар бөлгішке бөлінбейді, демек, алдымен қосындының мәнін (1 тәсіл) табу керек те шыққан нәтижені 7-ге бөлу қажет. ә) Әр бөлігі өткен сабақтағындай, осындай мағынада берілген есепке кері есеп болып табылады.Ол былай талданады 48 кг. желі неше өгізшені бір күн жемдеуге жетеді. Белгісіз Неге? Себебі, ол үшін бір өгізшені бір күн жемдеу үшін неше килограмм жем кететінін білуі керек.Оны табуға бола ма? Болады: 32 / 4 = 8 кг., яғни 1 өгізшені 1 күн жемдеу үшін 8 кг. жем керек екен.Демек, 48 / 8 =6 олай болса, 48 кг. жем 6 өгізшені 1 күн жемдеуге жетеді.Бұл есепті екі топтан 2 оқушы, 1 топ оқушылары орнында шығарады. Тақтаға әр фирманың бухгалтерлер 2-жаттығуды орындайды.Тақтаға орындайды.
VI.Сергіту сәті.Біраз жұмыс жасадық , енді демалып алайық.Дұрыс жауапқа үндемейсіңдер, қате болса 2 рет шапалақтайсыңдар. 1)5 жерде 9-40 2)500 /500 =0 3) 50+50=110 4) 16 желтоқсан жаңа жыл. 5) Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін азайтамыз. 6)Мамыр – қыс айы. 7)Абайдың әкесі – Құнанбай. 8)1 мин. 60 сек. 9)1 тәулікте 25 сағат бар. 10) Санды 0-ге көбейтсе 0 шығады.
VII. Математикалық диктант. 1. 12 мен 8-дің қосындысын 5-ке бөл. 2. 8-ді 29-бен 11-дің қосындысына көбейт. 3. 18 бен 24-тің қосындысын 7 есе кеміт. 4. 35 пен 15-тің айырмасын 6 есе арттыр. Топпен жұмыс қай топтың оқушылары бірінші боп орындайды, жылдамдықтарын анықтау. Карточкамен жұмыс.Әр топ оқушыларына карточкалар таратылады. Үш оқушы әр топтан шығып №4 а)»Әділ», ә) «Цена», №5 а) «Алтын» топтары шығарады, яғни үш фирма аукционға қатысады.Машиналар мен тікұшақтар сатылады, бұл заттарды сатып алу үшін осы есептерді орындайды.Аукциоға алдымен машина түседі.Бірінші біткен оқушы жеңімпаз деп танылады, машинаны алады.Келесі, №5 ә) өздік жұмыс ретінде 3 фирмада қатысады қай фирма 1-ші орындаса тікұшақты алады.
VIII. Бағалау. -Бүгін біз аз жұмыс істеген жоқпыз.Енді президенттер өз қызметкерлерін бағалауы қажет.(Президенттер топ мүшелерін бағалайды, мұғалім яғни директор қорытынды баға қояды).
IX. Үйге тапсырма беру. №6,№7 есептер үйге 138 бет, шығармашылық тапсырма.
Х. Қорытынды. - Бүгінгі сабақ ұнады ма? - Оқушылар жауап береді. - Осымен сабағымыз аяқталды. - Сау болыңдар!