Сабақ тақырыбы: | Қазір ғарышты қалай зерттейді? | Мектеп: |
Күні : | | Мұғалімнің есімі: |
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаты: | Барлық оқушылар: кейбір ғарыш денелерін сипаттау; |
| Оқушылардың басым бөлігі: ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттау; |
Кейбір оқушылар: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу. |
Жетістік критерийлері | Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: кейбір ғарыш денелерін сипаттай алады және сұрақтарға жауап бере алады. |
Күтілетін нәтижелер: | Олар құрылғылар мен ұшу аппараттарының не үшін қолданылатынын түсінеді; расытханалардың қалай жұмыс істейтінін, қазіргі телескоптардың алғашқы телескоптардан айыр машылығын түсінеді. |
Сабақтың мақсаты: | 1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау; 1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Қазір ғарышты қалай зерттейтіні туралы айтып беруі. Ғарыш; Расытхана; Телескоп; Зымыран. |
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық |
Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек, өзін-өзі тану, музыка |
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді білуі тиіс. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқанын білуі тиіс. |
Сабақтың барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі Терең ғылым сананың, Тегі дөп ой саламын. Маңыз беріп оқимыз, Ғылымға кіріспе сабағын. Топқа бөлу (Күн, Ай, Жұлдыз) Топ ережесі Кіріспе тапсырма. Блиц-турнир. 1-топ. Көп жылдар бұрын адамдар ғарышты қалай зерттеген? 2-топ. Ертеде ашылған қандай астрономиялық жаңалықтар туралы білесің? 3-топ. Ежелгі заманда адам күнтізбелерді не үшін пайдаланды? | суреттер |
Сабақтың ортасы | Сен білесің бе? 1. Галилео Галилей кім? 2. Телескоп деген не? 3. Расытхана деген не? Не үшін керек? Сергіту сәті: Т.Төреәлі «Байқоңыр» Дәптермен жұмыс. 36-жұмыс парағы. 37-жұмыс парағы. Топтық жұмыс «Ойлан, бірік, бөліс» 1-топ. Жерден барлығын көруге бола ма? 2-топ. Ғарышқа бару үшін не қажет? 3-топ. Зымырандар мен Жер серіктері не үшін қажет? Зерттейік: 1-топ. Зымыранның суретін салады. 2-топ. Зымыранды ермексаздан жасайды. 3-топ. Зымыранды аппликация түрінде жасайды. Сен білесің бе? 1. Байқоңыр ғарыш айлағы 2. Ғарышкер неге скафандр киеді? 3. Зымыран қалай ұшады? | Дүрбі Слайд,суреттер ән жұмыс дәптері Түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы, қарындаштар, ермексаз Видео |
Сабақтың соңы | «Баспалдақ» арқылы өзін-өзі бағалау - Балалар зымыранды алып, аттарыңды жазыңдар да, өздеріңнің баспалдағы орындарыңды көрсетіңдер. Жасыл – тақырыпты түсіндім, тапсырмаларды қиналмай орындадым; Сары – тақырыпты жартылай түсіндім, тапсырмалар орындауда қиналдым; Қызыл – тақырыпты түсінбедім, тапсырмаларды орындай алмадым. | Баспалдақ суреті |
Қосымша ақпарат |
Дифференциация – балаларға қалай көмектесесіз? | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық пен қауіпсіздік |
| Тапсырмаларды орындау барысында | Көркем еңбек, өзін-өзі тану, музыка Сергіту сәті |