kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: Адамдар ғарышты қалай зерттеді?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ тақырыбы:

Адамдар ғарышты қалай зерттеді?

Мектеп:№4

Күні :17.01.2018

Мұғалімнің есімі:Медоуова  Я. И

СЫНЫП: 1 «В» сынып

Пәні:Жаратылыстану

Қатысқандар саны:24

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;

1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

Оқушылардың басым бөлігі: ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшатын аппараттарды суреттеу;

Кейбір оқушылар: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ресурстар:

  1. күнтізбелердің әртүрлі нұсқалары: қабырғаға ілетін, үстелге қоятын, аудармалы және т.б. ал-ғашқы күнтізбелердің суреттері.
  2. Интернет-ресурстар:
  3. Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны туралы бейнефильм, мысалы, https:// www.youtube.com/watch?v=QNF68MokbFE.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:
  2. ерте заманнан бері ғаламды зерттеудің негізгі әдісі бақылау болғанын біледі. Олар астрономияның өте ұзақ қашықтықта орналасқан аспан денелерін зерттейтіндігін түсінеді;
  3. ерте заманда аспан денелерін бақылау арқылы қандай маңызды жаңалықтар ашылғанын түсінеді. Бұл үшін олар аспаннан жай көзбен нені көруге болатынын және осы білімдерінің көмегімен қан­ дай жаңалық ашуға болатынын анықтайды.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Адамдар әрдайым жұлдызды аспанның құпия­ сын ұғуға тырысқан. Олар бақылау барысында жұл-дыздардың өзара орналасу қалпын өзгертпейтінін және шоқжұлдыз құрайтынын байқаған. Шоқжұл­ дыздардың көмегімен адамдар кеңістікте бағдар­ лауды үйренген. Бірақ аспан жұлдыздардың су­ реті салынған шар сияқты Жерді айналып жүреді деп есептеген. Айды бақылағанда, ол туу әрі толу нүктелерін және өзінің пішінін өзгертіп отыра­ тындығын анықтаған. Ай күнтізбелері мен гномон аспанды игерудің алғашқы жаңалықтары болып табылады. Гномон — Күннің биіктігін көлеңке арқылы анықтайтын,­күнсағаттың негізі болып табылатын құрал. Кейіннен Күн күнтізбелері құрастырылған­. Оларда күн мен түннің теңелуі және Күннің тоқырау аралығы­ жыл болып есептелген. Әрине, қайсысы бірінші, қайсысы екінші болғанын нақты ешкім айта алмайды. Бірақ Ай күнтізбесі — Ай фазаларының ауысуын бақылағаннан кейін, Күн күнтізбесі гномон­ ның ашылуынан­ кейін пайда болды деген болжамның ықтималдығы жоғары.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға өздерін ерте замандағы адамдардың орнында елестетуін тап­ сырыңыз­. Сабақты былай бастаңыз: “Өздеріңді кең далада, түн мезгілінде жүрміз деп елестетіңдер. Айналада қазіргі замандағы биік үйлер жоқ. Барлық жерде ұшы-қиыры жоқ кеңістік. Алыста жануарлар жайылып жүр. Аспанға қараңдар. Сендер не көре аласыңдар?”

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, талқылаңыз­­ дар.

Осы ойынды сабақ көлемінде жүргізуге болады.

Алғашқы жаңалықтар. Алғаш қандай астро­ номиялық жаңалықтар ашылғанын ойланып көрсін. Ол үшін аспанға тағы бір рет “көз тігу керек”. Ең бірінші нені көруге болады? Барлық мүмкін болатын жауаптарды тыңдаңыз. Жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильмнің бас жағын дауыссыз көрсетуге болады. “Не көрінеді?“ — деп сұраңыз. Оқушылар “адамдар ең алдымен жұлдыздарды көріп, олардан шоқжұлдыздарды құрастырды” деген қорытынды жасаулары керек. Ол не үшін қажет еді? — деп нақтылаңыз. Ай мен жұлдыздар бойынша қалай бағдарлауға болатыны жайлы бейнефильм көрсетуге болады. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып, ерте замандағы адамдардың аспанның және аспан шырақтарының­ Жерді айналып қозғалатынын қалай көз алдарына елестеткендігі туралы айтып беріңіз.

Кейінгі жаңалықтар. Оқушыларға әлі де ерте замандағы адамдардың рөлінде бола тұруды тапсырыңыз. Оларға тіршілік ету үшін не қажет болғанын ойланып көрсін. Ерте замандағы адамдар­ дың, негізінен, диқаншылықпен және мал шаруашы­­ лығымен­ айналысқанын естеріне салыңыз. Ол үшін нелер қажет болғаны туралы оқушылар­дан­ сұраңыз. Оқушылар жылдың жазғы мезгілінде жаңбыр жау­ ғанда нені білу қажет болғанын айтып бере алады. Аспан денелерін бақылау жаңбыр жауатынын анық­тауға көмектесе­ алатынын сұраңыз. Шағын сұрақ-жауап сайысын ұйымдастыруға болады. Нәтиже­сінде­ оқушылар “адамзаттың­ кейінгі ашқан жаңалығы­ күнсағат пен Ай күнтізбесі болды” деген қорытынды­ жасай алады.

Күнтізбе. Әртүрлі күнтізбелер нұсқасын көр­ сетіңіз. Оларды топтарға таратып беруге болады. Оқушыларға қазіргі күнтізбелердің көбінде мейрам күндері, Күннің тұтылуы, шығуы мен батуы жазылып тұрғанын көрсетіңіз. “Ерте замандағы адамдарға

күнтізбе не үшін қажет болды?” деген сұраққа қайтып оралыңыз. (Тіршіліктеріндегі маңызды оқиғалар: егін егу, өнімін жинау, жыл сайын болатын өзендердің арнасынан шығу уақытына дайын болу үшін.) Ерте кездегі күнтізбелер қазіргілерге ұқсас болуы мүмкін бе? — деп сұраңыз. Ерте кездегі күнтізбелер суретін көрсетіңіз, оларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауды тапсырыңыз. (Ал­ ғашқы күнтізбелердің ортасында Күн және Ай бейнеленген,­ ал айлар айнала орналасқан. Барлық күнтізбелерде­ күндер мен айлар белгіленген. Әр айдың белгісі мен атауы болған.)

 Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Дүниетану. Оқиғалар мен нысандарды хроно­ логиялық тұрғыдан жүйелеу.

Ғарышты зерттеу

Бұл тапсырманы орындаған кезде мынадай сұ­ рақтар қойыңыз:

— Біз әдетте қандай да бір белгісіз, бұрын көрмеген затты қалай зерттейміз? (Ұстап көреміз, мұқият қараймыз, дәмін көреміз, иіскейміз, тыңдаймыз т.б.)

— Адам аспан денелерін қалай зерттейді? (Оларды бақылайды.)

— Неге? (Олар өте алыс; жақыннан олар үлкен; олардың барлығына жақындауға болмайды, мысалы, Күн — қатты қызып тұрған шар.)

Зерттейік. Оқушыларды шамамен әр топта алты-сегіз адам болатындай етіп бөліңіз. Топтарға бөлген кезде оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескеру керек. Тапсырманы орындау үшін: А4 фор­ матты парақтар (басқалардан баяу жұмыс жасайтын оқушылар үшін астрономиялық жаңалықтар жазылған парақтарды алдын ала дайындап қойыңыз), бояулар, түрлі түсті қарындаштар қажет болады.

Оқушылар ерте кезде ашылған астрономиялық­ жаңалықтарды парақтарға жаза алады. Бір парақ — бір жазба. Әр жаңалықтың суретін салып көрсетуге болады. Одан кейін оқушылар жаңалықтарды (па­ рақтарды)­ хронологиялық ретпен орналастырады. Нөмірлейді.

Топта оқушылар әр жаңалықты пантомима не­ месе рөлдік қойылым түрінде ұсынуға болатынын ойластырады.

Әр топ өз нұсқасын көрсетеді.

Оқушылар астрономиялық жаңалықтардың адамдардың­ өмірін жақсарту үшін жасалғанын түсі­ нетін болады. Сонымен қатар оқушылар осы тап­ сырманы­ орындау барысында өздерінің бақыла­ ғандарының­ нәтижесін ұсына алу дағдыларын жетілдіреді­ (ауызша, сурет, пантомима түрінде).

Бағалау

Астрономияда мәлімет алудың ең негізгі әдісі — бақылау екенін біледі, оның көмегімен қандай жаңалықтар ашылғанын түсінеді.

Алғашқы жаңалықтар. Оқушылар алғашқы астрономиялық жаңалықтар бейнеленген сурет­ терді таңбалап, белгілі ретпен нөмірлей алады. Жұмыс кезінде не себепті осындай рет сақталғанын нақтылап,­ олардың дәлелдерін тыңдаңыз.

Ықтимал жауаптар

Суреттерді орналастыру тәртібі бойынша: 4. Шоқжұлдыздар.

2. Күн мен түннің ауысуы.

1. Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолы.

5. Күнсағаттар.

3. Күн күнтізбесі.

Нақты хронологиялық реттілікті анықтау қиын болғандықтан,­ келесі нұсқаларды қабылдауға бо­ лады: 2—4—1—5—3; 4—2—1—5—3. Маңыздысы,­ Күн күнтізбесінің соңғы болуы. Гномон (күнсағат) тек Күннің көзге көрінетін тәуліктік жолынан кейін болуы, ал Күн күнтізбесі бірінші болуы мүмкін емес.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Адамдар ғарышты қалай зерттеді?»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Тақырыбы: Адамдар ғарышты қалай зерттеді?

Автор: Медоуова Язык Избасовна

Дата: 05.02.2018

Номер свидетельства: 454794

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ғарышты қалай зерттейміз?"
    ["seo_title"] => string(29) "g_aryshty_k_alai_zierttieimiz"
    ["file_id"] => string(6) "404758"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490806916"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Жаратылыстану пәнінен ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(35) "zharatylystanu_p_ninien_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "436782"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509819396"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства