kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?арышта?ы тілдер ?леміне саяхат (?ш тілде ?ткізу).

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?арышта?ы тілдер ?леміне саяхат (?ш тілде ?ткізу).

Ма?саты: ?арыш, ?арышкер туралы т?сініктерін ?алыптастыру ж?не ма?л?мат беру, ?ш тілде с?йлеуге да?дыландыру, шы?армашылы? ?абілетін дамыту.

Міндеттері:

Білімділігі: Ой-?рісін ке?ейтіп, к?ркем айту?а жатты?тыру, балаларды? білім да?дыларын тияна?тау, ?айталау.

Дамытушылы?ы: Есте са?тау ?абілеттерін, зейіндерін, к?ріп тану ?абілеттерін дамыту, ?здігінен ж?мыс істей білуге да?дыландыру.

Т?рбиелігі: Батылды??а, адамгершілікке, ?жыммен бірлесіп ?рекет жасау?а т?рбиелеу, шы?армашылы? е?бек ете білуге т?рбиелеу.

?діс-т?сілдер: ??гімелесу,с?ра?-жауап.

К?рнекі ??ралдар: интербелсенді та?та, суреттер,  томпа?, ?а?аз, желім, т?рлі-т?сті ?а?аздар. 

                                       Мотивациялы? ?оз?аушы:

Балалар мен т?рбиеші ішке кіреді (музыка ойналады)

-Балалар ?андай тамаша! Бізді? сыныбымыз сондай ?сем безендірілген.

 Арайлап  та?  атты,

Алтын с?уле таратты.

Жар?ырайды даламыз,

Жар?ырайды  ?аламыз.

?айырлы та? балалар,

?айырлы та? ?она?тар!

-Балалар б?гін бізге ерекше к?н. Бізге ?она?тар келіпті. Ендеше, бізді? ?она?тарымыз к??ілді отырсын  деп жылы лебіздерімізді білдірейікші.

Балалар:

Білер ?аза? баласы,

С?лем с?зді? анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Б?ріне де ізетпен.

Біздер с?лем береміз.

С?леметсіздер ме?

-Балалар, мен сендерге б?гінгі к?ндері? н?рлы болсын, к??іл-к?йлері? жа?сы болсын, саба?тары? жа?сы ?тсін деп тілеймін.

Іздену ?йымдастырушы:

Балалар ?з орындары?а жай?асы?дар.

-Біз б?гін ?арышта?ы тілдер ?леміне  саяхат?а шы?амыз.  ?арышта?ы тілдер  ?леміне саяхат?а шы?пас б?рын, ол туралы ойымызды жина?тап  алайы?. ?арыш?а орыстар, а?ылшындар, ?аза?тар та?ы бас?ада ?лттар ?шады екен.

- Балалар ?арышкер дегеніміз кім?

- Айты?даршы  біз ?айда ?мір с?реміз?

- Біз нені басып ж?рміз?

Балалар жауабы:

?арышкер дегеніміз олар ?арыш?а аспан ?леміне ?шатын адамдар.

Балалар жауабы:

Аспан ?лемінде де, к?птеген ?алам бар. Ал біздер  жер ?аламында ?мір с?реміз.

Балалар жауабы:

?арышкерлер ?арыш кемесімен аспан?а ?шып аспан ке?істігін зерттейді.

-Балалар, б?гін біз ?арышкерлер киетін скафандр киімін киіп алды?. Ал, осы скафандрды не ?шін киеміз?

Балалар жауабы:

Скафандрды д?рыс демалу ?шін, то?бау ?шін, ?ауіпсіздікті са?тау ?шін киеміз.

- Ал, енді балалар біздер ?ажайып ?арыш ?леміне ?шу?а дайындалайы?, денемізді тексеріп алайы?. Енді ?арыш?а ?шу ?шін дайынсы?дарма?(б?лшы? еттерін к?рсетеді)

- Жарайсы?дар, балалар енді біз ?азір шыны?ып алайы?.

 Орнымыздан т?рамыз

Сергіту с?ті:

Жо?ары ?арап ай к?рдік,

Т?мен ?арап жер к?рдік.

О??а, сол?а б?рылып,

Егеменді ел к?рдік.

-Жарайсы?дар, балалар! Ал енді ?з орындарына орналасы?дар, белбеуімізді та?амыз. Дайынбыз ба? ?шар кезде біз д?рыс дем алуымыз керек. Ол ?шін ?олымызды ішімізге ?оямыз, ауаны м?рнымызбен ж?тып, аузымыздан шы?арамыз. Ал енді балалар ?шамыз.

 (монитордан зымыранны? ?шу?а дайындалып, ?ш?ан к?рінісі к?рсетіледі)1-слайд

-Ал міне, керекті жерімізге де келіп жеттік.

-Балалар ?ане барлы?ымыз тіл ?старту жатты?уын жасаймыз.

-ер,-ер,-ер,

-Біз боламыз ?арышкер.

-?а,-?а,-?а,

Біз ?шамыз Ай?а.

- Енді орнымыздан т?рып, д?рбілерімізбен жан - жа?ымыз?а ?арайы?шы.

- Не к?ріп т?рсы?дар?

Балалар жауабы:

- Томпа?ты  к?ріп т?рмыз.(суретін к?рсету)

- Ой, балалар менде Томпа?ты к?ріп т?рмын.

Томпа?ты? тапсырмасы: С?леметсіздерме, балалар аспан ?леміне хош келді?іздер! Сендерді к?ргеніме ?уаныштымын.Мені? сендерге беретін тапсырмаларым бар.

 Е? ал?аш ?арыш?а ?ш?ан адам кім?2-слайд

Балалар жауабы: Е? ал?аш ?арыш?а ?ш?ан адам, ол Юрий Гагарин.(суретін к?рсету)

3-слайд

Томпа?ты? тапсырмасы:?аза? ?арышкерлерінен т??ыш  кім ?шты?(суретін к?рсету)4-слайд

Балалар жауабы: То?тар ?уб?кіров 1991ж «Союз ТМ-13»кемесімен 7к?н 22са?ат13 минутын ?арышта ?ткізген.(суретін к?рсету)5-слайд

Балалар жауабы: Тал?ат М?сабаев 1994ж «Союз ТМ-19» кемесімен 126 к?нін ?арышта ?ткізген.(суретін к?рсету) 6-слайд

Балалар жауабы: Айдын Айымбетов 1915жылы «Союз ТМ-18» кемесімен ?арыш?а ?шты. (суретін к?рсету) 7-слайд

-?андай та?па? білеміз?

То?тар ?шты ?арыш?а,

Тал?ат болды ?арышта,

Та??алдырып ?аза?ым,

Та?ы ?шса ?ой Марс?а.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?арышта?ы тілдер ?леміне саяхат (?ш тілде ?ткізу).»

Күні,айы,жылы:22.01.2016ж

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Кіріктірілген сабақ

Тақырыбы: Ғарыштағы тілдер әлеміне саяхат (үш тілде өткізу).

Мақсаты: ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру, үш тілде сөйлеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеттері:

Білімділігі: Ой-өрісін кеңейтіп, көркем айтуға жаттықтыру, балалардың білім дағдыларын тиянақтау, қайталау.

Дамытушылығы: Есте сақтау қабілеттерін, зейіндерін, көріп тану қабілеттерін дамыту, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі: Батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу, шығармашылық еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу,сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар: интербелсенді тақта, суреттер, томпақ, қағаз, желім, түрлі-түсті қағаздар.

Мотивациялық қозғаушы:

Балалар мен тәрбиеші ішке кіреді (музыка ойналады)

-Балалар қандай тамаша! Біздің сыныбымыз сондай әсем безендірілген.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң қонақтар!

-Балалар бүгін бізге ерекше күн. Бізге қонақтар келіпті. Ендеше, біздің қонақтарымыз көңілді отырсын деп жылы лебіздерімізді білдірейікші.

Балалар:

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Бәріне де ізетпен.

Біздер сәлем береміз.

Сәлеметсіздер ме?

-Балалар, мен сендерге бүгінгі күндерің нұрлы болсын, көңіл-күйлерің жақсы болсын, сабақтарың жақсы өтсін деп тілеймін.

Іздену ұйымдастырушы:

Балалар өз орындарыңа жайғасыңдар.

-Біз бүгін ғарыштағы тілдер әлеміне саяхатқа шығамыз. Ғарыштағы тілдер әлеміне саяхатқа шықпас бұрын, ол туралы ойымызды жинақтап алайық. Ғарышқа орыстар, ағылшындар, қазақтар тағы басқада ұлттар ұшады екен.

- Балалар ғарышкер дегеніміз кім?

- Айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз?

- Біз нені басып жүрміз?

Балалар жауабы:

Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа аспан әлеміне ұшатын адамдар.

Балалар жауабы:

Аспан әлемінде де, көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.

Балалар жауабы:

Ғарышкерлер ғарыш кемесімен аспанға ұшып аспан кеңістігін зерттейді.

-Балалар, бүгін біз ғарышкерлер киетін скафандр киімін киіп алдық. Ал, осы скафандрды не үшін киеміз?

Балалар жауабы:

Скафандрды дұрыс демалу үшін, тоңбау үшін, қауіпсіздікті сақтау үшін киеміз.

- Ал, енді балалар біздер ғажайып ғарыш әлеміне ұшуға дайындалайық, денемізді тексеріп алайық. Енді ғарышқа ұшу үшін дайынсыңдарма?(бұлшық еттерін көрсетеді)

- Жарайсыңдар, балалар енді біз қазір шынығып алайық.

Орнымыздан тұрамыз

Сергіту сәті:

Жоғары қарап ай көрдік,

Төмен қарап жер көрдік.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

-Жарайсыңдар, балалар! Ал енді өз орындарына орналасыңдар, белбеуімізді тағамыз. Дайынбыз ба? Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрнымызбен жұтып, аузымыздан шығарамыз. Ал енді балалар ұшамыз.

(монитордан зымыранның ұшуға дайындалып, ұшқан көрінісі көрсетіледі)1-слайд

-Ал міне, керекті жерімізге де келіп жеттік.

-Балалар қане барлығымыз тіл ұстарту жаттығуын жасаймыз.

-ер,-ер,-ер,

-Біз боламыз Ғарышкер.

-ға,-ға,-ға,

Біз ұшамыз Айға.

- Енді орнымыздан тұрып, дүрбілерімізбен жан - жағымызға қарайықшы.

- Не көріп тұрсыңдар?

Балалар жауабы:

- Томпақты көріп тұрмыз.(суретін көрсету)

- Ой, балалар менде Томпақты көріп тұрмын.

Томпақтың тапсырмасы: Сәлеметсіздерме, балалар аспан әлеміне хош келдіңіздер! Сендерді көргеніме қуаныштымын.Менің сендерге беретін тапсырмаларым бар.

Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам кім?2-слайд

Балалар жауабы: Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам, ол Юрий Гагарин.(суретін көрсету)

3-слайд

Томпақтың тапсырмасы:Қазақ ғарышкерлерінен тұңыш кім ұшты?(суретін көрсету)4-слайд

Балалар жауабы: Тоқтар Әубәкіров 1991ж «Союз ТМ-13»кемесімен 7күн 22сағат13 минутын ғарышта өткізген.(суретін көрсету)5-слайд

Балалар жауабы: Талғат Мұсабаев 1994ж «Союз ТМ-19» кемесімен 126 күнін ғарышта өткізген.(суретін көрсету) 6-слайд

Балалар жауабы: Айдын Айымбетов 1915жылы «Союз ТМ-18» кемесімен ғарышқа ұшты. (суретін көрсету) 7-слайд

-Қандай тақпақ білеміз?

Тоқтар ұшты ғарышқа,

Талғат болды ғарышта,

Таңғалдырып қазағым,

Тағы ұшса ғой Марсқа.

Томпақтың тапсырмасы:

-Мен сендерге Күн ханшайымын жіберемін, қарсы алыңдар.

Күн ханшайымы келеді.

1.Приветствие детей.

Здравствуйте,-слово,какое чудесное,

-Чуточку доброе,чуточку нежное.

-Здравствуйте-скажем,мы этому дню,

-Здравствуйте-скажем,мы всем ивсему.

Проводится работа по картине «Зима»( сурет бойынша әңгіме)

-Что видим на картине?

-Какое время года?

-Зима начинается сдекабря месяца.

-Какой стишок знаем о декабре?

-Балалар менің күнімді жарқыратыңдаршы.

-А для того я,чтобы согреться нам нужно солнышко.

-Солнышко, повернись!

Красное разожгись!

Красно солнышко,

В дорогу выезжай.

Зимний холод забывай!

-А теперь ребята, возмите по лучику от солнца,чтобы согреться нам от зимнего холода.

(Дети берут лучики солнца)

Фонетическое упражнение.(тіл ұстарту жаттығуын жасау)

-Слово солнце начинается сбуквы Си у нас слог на Са.

Са-са-са-са-са-са-у сосны стойт лиса,

Си-си-си-си-си-си-мы едем мимо на такси.

Ма-ма-ма-вся я делаю сама,

Му-му-му-в руки букву явозьму.

Ми-ми-ми-меня за руку возьми,

Мо-мо-мо-мы едем в кино.

Закрепление.Физминутка.( сергіту сәті)

Томпақтың тапсырмасы:

-Өте жақсы, енді мен сендерге Жұлдыз ханшайымын жіберемін.

(Жұлдыз ханшайымы келеді)

Амандасады (ағылшынша)

Жұлдыз ханшайымы:

-Балалар сендерді көргеніме қуаныштымын.Аспан әлеміне хош келдіңдер!Сендердің маған көмектерің керек болып тұр.Балалар, менің жұлдызымды жарқыратуға көмектесіңдерші.

(балалар жұлдыздарды бір – бірден жапсырып шығады)

1.Түстерді айту. Say the colours.

2.Жұлдыздарды санау. Let`s count stars

(балалар 1-ден,10-ға дейін ағылшынша санап шығады)

Міне, балалар мен көңілдімін, ағылшынша өлең айтып жіберейік.

3.Ән айту.

Sing a song “What`s your name?”

4.Сергіту сәті. Let`s relax

Clap your hands.

Томпақтың тапсырмасы: Балалар мен сендерге Ғарышкерімді жіберемін.

Ғарышкер :

- Қайырлы күн балалар! Мен ғарышкермін. Балалар мен сендер сияқты қатты жүре алмаймын, қалықтап, жайлап жүремін , сендерде мен сияқты жүре аласыңдарма , қане бәріміз қалықтап жүрейік. (дене қозғалысын жасау)

- Балалар кім ғарышкер болғысы келеді? (балалар жауабы)

- Мен сендерге жұмбақ айтайын соның жауабын айтыңдаршы, мүмкін сендер білмейтін шығарсыңдар?

1.Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.(Күн)

2.Бір түкті кілем,

бір түксіз кілем.(Жер,аспан)

3.Күндіз бәрі қашады,

түнде аспанды басады.(Жұлдыз)

4.Қарындасы қонаға,

Ағасын іздеп келеді.

Ағасы қашып кетеді,

Үйден шығып бір жерге.(Ай мен күн)

-Балалар, мынау толған космос қалдық қағаздар, содан маған ұнайтын жаңа бір нәрсе жасап беріңдерші. Қандай геометриялық фигуралар бар екен?

Балалар жауабы: ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, конус,қағаздар.

Балалардың құрастырудан жасаған жұмыстарына талдау жасау.

-Балалар енді сендерді жайлап қалықтап орындарыңа жайғастырайын.

(балаларды дөңгелекпен орындарына отырғызу)

-Балалар менің де кететін уақытым болды. Сау болыңдар!

Тәрбиеші:

- Балалар, біз бүгін жаңа планета ашқан сияқтымыз.

-Жарайсыңдар, балалар! Ал енді жерге қайтайық, белбеуімізді тағайық, біздің зымыранымыз жерге жеткенше көзімізді жұмып, музыкалық әуен тыңдайық.

(монитордан зымыранның ұшуға дайындалып, ұшқан көрінісі көрсетіледі)

Жақсы балалар жерге де келіп жеттік. Белбеуімізді шешейік. Орнымыздан тұрайық. Ой, балалар мына жерде қонақтарымызда қарсы алып жатыр.

Қане, қолымызды бұлғайық.

Рефлексивті түзету:

- Жақсы балалар қайда барып келдік?

- Сол ғарышта не көрдік?

- Кімдер кездесті?

- Сендерге ұнады ма?

Міне, балалар өте жақсы қиындықты жеңіп, өз тобымызға оралдық.

Сау болыңыздар!


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ғарышқа ұшқан қазақ ағаларының есімін біледі.

Нені түсінеді: Балалар үш тілде сөйлей білуді үйренеді..

Нені меңгереді: Балалар білім дағдыларын меңгереді.















Зерде білім сайысы (тәрбиешілермен бірге)

Мақсаты: тәрбиешілердің танымдық көзқарасын, ой-өрісін, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру өз пікірін қорғай білуін бақылау. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары тәрбиешілердің дарынын ашу белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

Тәрбиеші:

Білім деген биік шың, бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың, қиындықтан өткізер. - деп бүгінгі сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

Сайысымыз бес бөлімнен тұрады.

«Бәйге», «Сандар сөйлейді», «Тіл өнер», «Жеті жұмбақ», «Ділмар»

Тәрбиешілер екі топқа бөлінеміз.

1.«Бәйге» кезеңінің ойын шартымен таныстырып өтейін. Берілген сұрақты мұқият тыңдап, оған дұрыс және жылдам жауап беруге тырысыңыздар.

Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпайдан беріліп отырады.

1-топ тәрбиешілерге:

  1. 6 – шілде қандай мереке? (Астана күні)

  2. «Менің атым Қожа» повесінің авторы? (Б.Соқпақбаев)

  3. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)

  4. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

  5. Желмая мініп, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен кім? (Асан қайғы)

  6. Қазақтан шыққан тұңғыш суретші? (Ә.Қастеев)

  7. Тудың авторы? (Ш.Ниязбеков)

  8. Үш арсызды ата? (Ұйқы,тамақ,күлкі)

  9. Қазақ тарихында алғаш қыздар мектебін ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)

  10. Алпамыс батырдың сәйгүлігі? (Байшұбар)

2-топ тәрбиешілерге:

  1. Салмағы 80-90 килограммға жететін ең үлкен құс? (Түйеқұс)

  2. «Балдырған» журналының бас редакторы? (Дүйсен Мағұлұмов)

  3. Абылай ханның шын аты? (Әбілмансұр)

  4. Қазақтың тұңғыш би өнерін дамытушы? (Шара Жиенқұлова)

  5. Шоқанның шын аты? (Мұхамедқанапия)

  6. 2011 жылы елімізде қандай елеулі оқиға болды? (7 қысқы Азия ойындары, Саммит)

  7. Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар? (Жүзік,сырға,шашбау,алқа)

  8. Қазақстандағы тауларды ата? (Көкшетау,Алатау,Ұлытау)

  9. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылы қазан айында қандай жолдауы жарияланды? («Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауы)

  10. Батысы тұщы, шығысы ащы көл? (Балқаш)

Сайыстың 2-ші бөлімі «Сандар сөйлейді». Мына экранға шыққан сандар арқылы бұл уақыттарда қандай уақиғалар болғаны жайлы айтасыздар? Дайын болсаңыздар бастаймыз.

1-топ тәрбиешілерге:

«3» саны

Үш дананы атаңыз (Абай, Шоқан, Ыбырай)

Үш байлық (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

Үш тұл (Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым)

Үш алыс (Көк пен жер арасы, кәрі ме жас арасы, жақсы мен жаман арасы)

Үш қадірлі (Бақ, ырыс, дәулет)

«4» саны

Төрт тұлға (От, су, жер, жел)

Төрт маусым (Қыс, көктем, жаз, күз)

Төрт періште (Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил)

Төрт мұрат (Дау мұраты – біту, сауда мұраты – ұту, жол мұраты – жету, қыз мұраты - кету )

Төрт кітап (Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран)

2-топ тәрбиешілерге:

«5» саны

Бес парыз (Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық)

Бесқару (Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)

Бес намаз (Таң, бесін, екпінді, ақшам, құптан)

Бес жаратылыс (Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн)

Бес өсиет (Топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма)

«7» саны

Жеті күн (Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі)

Жеті ата (Бала, әке, ата, арғы, баба, ту ата, тек ата)

Жеті қазына (Ер жігіт, сұлу әйел, ілім – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы)

Жеті жұт (Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық)

Жеті жоқ (Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ)

Сайыстың 3-ші бөлімі «Тіл өнер». Бұл бөлімде мақалдар беріледі. Біз мақалдың алғашқы бөлігін , сіздер екінші бөлігін жалғастырып айтасыздар.

1-топ тәрбиешілерге:

  1. Жеті жұрттың тілін біл... (жеті түрлі білім біл)

  2. Білекті бірді жығады... (білімді мыңды жығады)

  3. Екі жақсы қас болмас... (екі жаман дос болмас)

  4. Досыңды үш күн сынама... (үш жыл сына)

  5. Жүз сомың болғанша... (жүз досың болсын)

  6. Отыз тістен шыққан сөз... (отыз рулы елге тарайды)

  7. Білгенің бір тоғыз... (білмегенің тоқсан тоғыз)

  8. Бір кісі қазған құдықтан... (мың кісі су ішеді)

  9. Төртеу түгел болса төбедегі келеді... (алтау ала болса, ауыздағы кетеді)

  10. Заңның құқығы... (бәрінен ұзын)

2-топ тәрбиешілерге:

  1. Берсен – аларсың... (ексең - орарсың)

  2. Таспен ұрғанды... (аспен ұр)

  3. Балалы үй – базар... (баласыз үй - мазар)

  4. Ата көрген оқ жонар... (ана көрген тон пішер)

  5. Өзің не етсең... (алдыңа сол келер)

  6. Өз ағасын ағаламаған... (кісі ағасын жағаламайды)

  7. Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар... (атадан жаман ұл туса, ат үстінен ит қабар)

  8. Оқу инемен құдық... (қазғандай)

  9. Ата – анаңды сыйласаң, көп жасарсың, сыйламасаң... (жан қинарсың)

  10. Мектеп – кеме... (білім - теңіз).

Сайыстың төртінші бөлімі «Жеті жұмбақ». Жұмбақтың шешуін қазақша, орысша айтасыздар.

1-топ тәрбиешілерге:

  1. Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан (күн, солнце)

  1. Көшіп жүріп желменен,

Сеуіп шықты тамшысын

Қыраттарға шөлдеген (бұлт, облака)

  1. Ұшымен қазық

Тор көзді жазық,

Үстінен өттім,

Асыл сөз жазып. (дәптер, тетрадь)

  1. Сәуле астында жүз ине (кірпі, ежик)

  2. Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі

Қане, кім тез шешеді? (бес, пять)

  1. Уақытты немен өлшейміз (сағат, часы)

  2. Ұзындықты қандай құралмен өлшейміз (сызғыш, линейка)

  3. Өнерлі жігіт өрде озар,

Өнерсіз жігіт ... соғар (жер, земля)

  1. Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед)

10.Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы. (ит, собака)

2-топ тәрбиешілерге:

  1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем, весна)

  2. Әр адамның шағын Отаны. (отбасы, семья)

  3. Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады. (жел, ветер)

  1. Тұған жердің күні де ыстық, .... де ыстық (түні, ночь)

  2. Жүз сом ақшаң болғанша, жүз ... болсын . (досың, друг)

  3. Адам аласы ішінде, .... аласы сыртында. (мал, скот)

  4. Көп сөз күміс

Аз сөз ... (алтын, золото)

  1. Отансыз адам

Ормансыз ... (бұлбұл,соловей)

  1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой, баран)

  1. Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ татпайсың. (тұз, соль)

Сайыстың 5-ші бөлімі «Педагогикалық ситуациялар». Бұл бөлімде конверттің ішінде ситуациялық сұрақтар берілген , соларға жауап бересіздер. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі.

1 - топ тәрбиешілерге:

1 - жағдаят: 2 – ші сынып оқитын оқушының күнделіктері мен дәптерлері сызылып, жыртылған. Мұны істеген баланың осыған дейін мұндай жағымсыз қасиеттері байқалмаған. Себебін анықтау барысында баладан нақты жауап алынбайды. Осыдан кейін бала мектепке де барғысы келмейді.

2 – жағдаят: 18 жастағы жігіт жұмыстан бос уақытында ұзақ бойы компьютерлік ойындар ойнайды. Үнемі ұйқысы қанбай, жүдеп кетті. Дөрекі мінезі басым бола бастады. Анасының берген ақыл – кеңестерін түсінгісі келмейді.

3- жағдаят: 15 жастағы қыз 6 жасында әкесінен, ал 11 жасында анасынан айырылады. Өміріндегі барлық қиындықтармен бір өзі қалды, туыстары мен достары мүлдем қолдау көрсетпейді. Осының салдарынан қыз суицидтік әрекет 2 рет жасаған.

2 – топ тәрбиешілерге:

4 – жағдаят: 13 жастағы қыз 5 – ші сыныпқа дейін үлгерімі өте жақсы болған. Соңғы уақытта қыздың сабаққа деген ынтасы төмендеп, озат оқушы болғысы келмейтінін айтады. Себебі, ол бос уақытын тек қыдыруға арнап, үйіне кеш келеді. Ата – анасының талаптарын орындамағандықтан араларында үнемі қақтығыс болып тұрады. Соңғы қақтығыс қан тамырын кесумен аяқталады, бірақ қыз аман қалды.

5 – жағдаят: 11 – сыныпта оқитын ұл бала ұлттық бірыңғай тест тапсыруға дайындалуда. Уақыт жақындаған сайын қобалжу күшейіп, мінезі тұйықталып, өзгере бастады. Түнде ұйқысы бұзылып, жайсыз түстер мазалайтынын анасына айтты. Анасы қалай көмектесетінін білмейді.

6 – жағдаят: 33 жастағы 3 қызы бар ананы 10 жастағы үлкен қызының мәселесі мазалайды. Ол анасы екі сіңлісін жақсы көреді, өзін шеттеді деп есептейді. Анасы еш түсіндіре алмағандығын айтады.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Астрономия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?арышта?ы тілдер ?леміне саяхат (?ш тілде ?ткізу).

Автор: Т?легенова Тойынды? Еділ?ызы

Дата: 19.03.2016

Номер свидетельства: 307483


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства