тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
2 Есте сақтау қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баули отырып, ойлану қабілеттерін, сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін арттыру.
3 Өздігінен жұмыс жасай білуге үйрену,топпен жұмыс істеге оқуға деген ынтасын,адамгершілікке,еңбекшілдікті бойларына сіңіру, ұлттық дүниетанымын арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, деңгейлік тапсырмалар,суреттер,Венн д.
Үй тапсырмасын тексеру:52-жаттығу.Қос сөздерді ата.Олардың қандай ерекшеліктерін аңғардыңдар.Бір сөз қайталанып тұр.(Яғни олар қайталама қос сөздер )
Жаңа сабақ:
Дәптермен жұмыс.Күн ретін жазу,көркем жазу.
-Біз бүгін сабақта қос сөздердің жасалу жолдарымен танысып,білімімізді бекітеміз.Ол үшін біз құрылысшылар болып өзіміздің болашақ үйімізді жобалаймыз.Құрылысшылар еңбегі ел экономикасының дамауында үлкен орын алады. Олардың арқасында қолжетімді тұрғын үйлер,өнеркәсіп орындары, мектептер,балабақшалар салынып жатыр.Сендер де бүгінгі еліміздің дамуына өз үлестеріңді қосы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінде қос сөздер»
Шығыс Қазақстан обл
Тақырыбы: Қос сөздер
Мақсаты: 1. Қос сөздердің жасалу жолдарын меңгерту, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
2 Есте сақтау қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баули отырып, ойлану қабілеттерін, сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін арттыру.
3 Өздігінен жұмыс жасай білуге үйрену,топпен жұмыс істеге оқуға деген ынтасын,адамгершілікке ,еңбекшілдікті бойларына сіңіру, ұлттық дүниетанымын арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, деңгейлік тапсырмалар,суреттер,Венн д.
Үй тапсырмасын тексеру:52-жаттығу .Қос сөздерді ата.Олардың қандай ерекшеліктерін аңғардыңдар.Бір сөз қайталанып тұр.(Яғни олар қайталама қос сөздер )
Жаңа сабақ:
Дәптермен жұмыс .Күн ретін жазу,көркем жазу.
-Біз бүгін сабақта қос сөздердің жасалу жолдарымен танысып,білімімізді бекітеміз.Ол үшін біз құрылысшылар болып өзіміздің болашақ үйімізді жобалаймыз.Құрылысшылар еңбегі ел экономикасының дамауында үлкен орын алады. Олардың арқасында қолжетімді тұрғын үйлер,өнеркәсіп орындары, мектептер,балабақшалар салынып жатыр.Сендер де бүгінгі еліміздің дамуына өз үлестеріңді қосып іргетасы мықты үй салып мықты бригадалардың бірі болыңдар сабақта үш бригада болып жұмыс атқарамыз.(3 топқа бөлу)
Іргетасын қалаймыз.
Іргетасымыз мықты болу үшін «ой қозғау» сұрақтарына топпен жауап берейік.
Ой қозғау:Тақтадағы сандар қатары бойынша таңдаған сұрақтарына топпен жауап беру.
123 456 789
1 Әрі зат есім , әрі етістік мағынасында қолданатын сан есім ?(Жүз)
2 Үй жануарының бірінің аты және сезім мүшесінің атымен бірігіп айтылған сөз.(Итмұрын )
3 Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен мағыналас сөз,екінші түбірі тамақ пісіретін ыдыс.(Асқазан )
4 Бірінші сыңары бет сөзінен басталатын қос сөздер жаз.(бет-әлпет, т.с.с )
5 Сыңар,жалқы, жалғыз сөздері қай сан есіммен байланысты сөздер (бір )
6 Жұп,қос,қосарлана сөздері қай сан есіммен байланысты ( екі )
7 Қойған сұраққа мақалмен жауап бер. Отан неден ыстық?
8 Қойған сұраққа мақалмен жауап бер..Адамның қай мүшесі қорқақ? (Көз қорқақ, қол батыр)
9 Қойған сұраққа мақалмен жауап бер.Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)
ҚОС СӨЗДЕР - деген сөз шықты
Суреттермен жұмыс.
Қос сөздердің жасалу жолдары
Екі түрлі түбірден қосарланып жасалған қос сөздер
Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер
Түбірдің алдынан күшейткіш буын
қосылу арқылы жасалған қос сөздер
ыдыс-аяқ қып-қызыл шелек-шелек
киім-кешек жап-жасыл қап-қап
қазы-қарта әп- әдемі қора-қора
Ережелерді оқу,айту.
Қабырғасынқалаймыз.Ол үшін
54 — жаттығуды орындаймыз. Өлеңді оқып, жатқа жаз.Қос сөздің астын сыз.Олар қалай жасалған ( қосарлама қос сөздер )
Шатырынжабамыз.
55-жаттығу Жаңылтпашты оқып ,жатқа айт.Қос сөздердің арасына дефис қойып теріп жаз.( ұмар-жұмар,үйме-жүйме)
Есік,терезесінқоямыз.
56-жаттығу қос сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.( ойлай-ойлай,үлгі-өнеге,жалт-жұлт,топ-топ)
Сергітусәті:Тақта алдына шеңбермен тұру.Бүгін сендер құрылсшы болып үй салып жатырсыңдар.Олар тамыз айының екінші жексенбісінде «Құрылысшылар күнін» атап өтеді.Осы мерекеге орай бір-біріңді қос сөздерді қолдана отырып құтықтап көріңдерші.( Ата-аналарың аман жүрсің.)
Көгалдандыру.
57-жаттығу Қос сөздерді теріп жаз (күшейткіш буын арқылы жасалған сөздер )
Малқорасынсалу.
Деңгейліктапсырма.Әрбір адамның үйінде кез-келген төрт түліктің бәрі өсіп ,көбеймейді,біреуіне қой өссе,біреуіне жылқы,ал кейбіреуіне жылқы жақсы өседі.сол сияқты сендерде өз қалауларың бойынша деңгейлік тапсырманы таңдап алып орындайсыңдар.
Жылқы (3-деңгей ),сиыр(2-деңгей ),қой (1-деңгей ).
1-деңгей Екінші сыңарын тап.
2- деңгей Қос сөздерді жай сөздерге айналдырып жаз.
Сабақты қорытындылау: Болашақта қаладан үй алу үшін қазірден «Құрылыс жинақтаушы» банкінеақшасалукерек.Олүшінмынаконверттергеберілгенқоссөздердіңжасалуынақарайбөліпсалукерекпіз .Әрбіроқушыкеліпсөздердісалады,тексереміз
Венн диаграммасы.
Үйтапсырмасы:59-жаттығу Жауабы қос сөз болатын ребус құрап келу.
Бағалау:Топ басшылары.
Тақтаға үйлерін ілу.
5- ағаштар,гүлдер жапсыру.
4- жануарларды жапсыру
3-бұлттарды жапсыру
Өсімдіктері көп бригада жеңіп шығады.
1-деңгей Екінші сыңарын тап
мөп-
киім-
жып-
биік-
тап-
әке -
1-деңгей Екінші сыңарын тап
мөп-
киім-
жып-
биік-
тап-
әке -
1-деңгей Екінші сыңарын тап.
Күні-
жауын-
бала-
ата-
тап-
үп-
1-деңгей Екінші сыңарын тап
қап-
айғыз-
қып -
құрт-
әп-
құрал-
3-деңгей «Менің досым» тақырыбында қос сөздерді пайдаланып әңгіме құрап жаз.
3-деңгей «Менің досым» тақырыбында қос сөздерді пайдаланып әңгіме құрап жаз.
3-деңгей «Менің досым» тақырыбында қос сөздерді пайдаланып әңгіме құрап жаз.
3-деңгей «Менің досым» тақырыбында қос сөздерді пайдаланып әңгіме құрап жаз.
3-деңгей «Менің досым» тақырыбында қос сөздерді пайдаланып әңгіме құрап жаз.
3-деңгей «Менің досым» тақырыбында қос сөздерді пайдаланып әңгіме құрап жаз.
1 Әрі зат есім , әрі етістік мағынасында қолданатын сан есім?
2 Үй жануарының бірінің аты және сезім мүшесінің атымен бірігіп айтылған сөз.
3 Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен мағыналас сөз,екінші түбірі тамақ пісіретін ыдыс.
4 Бірінші сыңары бет сөзінен басталатын қос сөздер жаз.
5 Сыңар,жалқы, жалғыз сөздері қай сан есіммен байланысты сөздер ?
6 Жұп,қос,қосарлана сөздері қай сан есіммен байланысты ?