Мағынаны тану Жаңа сабақ -Күн ретін жазайық, менің сендерге мынадай жұмбағым бар. Екі К күресті, Арқаларын тіресті. Бұл қай әріп? Әрине Ж әрпі. Енді сол әріптен басталатын сөйлемдер құрайық. Жарас жарыста жеңіске жетті. Енді сұрақтарға жауап берейік. -Сендер жаңа «Сәйкестендіру» тесті арқылы қандай сөйлем құрадыңдар? –Хабарлы сөйлем. -Ал, енді осы сөлемдерді қолдана отырып, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші. Жазушы не істейді? Ақын не істейді? Суретші не істейді? -Мен не істедім? -Иә, мен сендерге сұрақ қойдым. Ал ол сұрақтарды не үшін қойдым? -Дұрыс сендерден жауап алу үшін қойдым. Сонымен, жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемдерді сұраулы сөйлемдер деп атайды. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады. -Бір атай мен әжейдің көп сұрақ қойғыш немересі болыпты. Ол таңертеңнен кешке дейін: «Ол неге ондай? Бұл неге олай істеді? Т.б.» сұрақтар қойғыш екен. Бірақ атай мен әжей де оның сұрақтарына ерінбей жауап бере береді екен. Мына шар қайдан пайда болды? Қасында хат бар сияқты. Қанекей, балалар мұнда не жазылғанын барлығымыз оқиықшы. Құпия шарды жарайық, Таң - тамаша болайық. Ішіндегі сөзжұмбақтан, Баланың атын табайық. /бір оқушы шарды жарады/ -Ішінен шыққан мына сөзжұмбақты шешіп, баланың атын табайық. , , М Жауабы: Марал -«Марал» деген сөздің қандай мағыналарын білесіңдер? Ал , енді мына «лотоны» шешсек, келесі жұмысымыздың түрін табамыз. «Лото» ойыны 2 | 1 | 3 | 2 | 4 | 1 | 4 | 1 | 2 | 9 | 40 | 50 | 50 | 6 | 40 | 70 | 2 | 10 | о | қ | у | л | ы | қ | п | е | н | 1 | | 1 | 4 | 1 | 7 | ұ | 1000 | 9 | 80 | ж | ұ | м | ы | с |
- Белгілі ақын Қайрат Жұмағалиев Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көптеген жыр жинақтарының авторы. Бөкей ордасында 1937 жылы дүниеге келген. Біздің оқулығымызда 1-жаттығуда Қ.Жұмағалиевтің өлеңін оқиық. /І топ 1-ші шумағын, ІІ топ 2-ші шумағын оқиды/ -Сендер өз шумақтарыңда не жайлы айттыңдар? /Ітоп/ -Ал сендер ше? /ІІ топ/. Ол сұрақтарға өзіміз жауап беріп көрейікші. «Зейінді болсаң, тез ойлан» айдары бойынша. -Жаңбыр қалай құйып тұр? Неге ысиды күн күйіп? Аспан неге көкпеңбек? Таулар неге тым биік? -Балалар бұл сұрақтарға сендер бүгін шамаларың келгенінше жауап беруге тырыстыңдар. Маралдың сұрақтарына жауап беру үшін менің сендерге айтар кеңесім: «Бұл кім? Бұл не?» ІІ томдық және «Негеш», «Бәрін білгім келеді», «Балалар энциклопедиясы» сияқты кітаптардан ізденуге болады. Келесі сабаққа осы сұрақтардың жауабын дайындап келіңдер. Сергіту сәті -Енді оқулығымыздағы 3-жаттығуға қарайық. Мұнда мынадай сызбалар берілген. «Кім зерек?» ойыны . - Маралдың мына суретіне қарап, бұл сызбалар бойынша сөйлем құрайық. /І топ жоғарға екі сурет бойынша екі сөйлем, ІІ топ төменгі екі сурет бойынша екі сөйлем құрайды/ -Бұндай екі адамның сөйлесуін диалог дейміз. |