Көрнекілігі: Сызбалар, кестелер, тест тапсырмалары, қозғалысқа қатысты формулалар, интерактивті тақта, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың дұрыс отыруын, оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.
Сәлемдесу
Бүгінгі күн терезеден,
Бізге, міне, тұр қарап.
Сондай жақсы көңіл күймен,
Басталады бұл сабақ.
Оқушылар математикалық шамалар арқылы топтарға бөлінеді.
І топ: «Қозғалыс» -Ұраны : Қозғаламыз алға біз, кедергіге қарамай!
ІІ топ: «Жылдамдық» Ұраны: Жылдамдықты сақтаймыз, жарысуды бастаймыз!
Бүінгі сабағымыз ерекше және жарыс түрінде өтеді, сабаққа белсене қатысып,
өз білімімізді көрсете білейік.
– Балалар таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды «Ой жаттығуларынан» бастайық.
ІІ. «Ой ашу» стратегиясы
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №3. (Ауызша оқиды)
ІV. Өткенді қорыту:
Әр топқа өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
І. Топ Үйден кітапханаға дейінгі арақашықтық 1800м. Осы арақашықтықты оқушы 30 минутта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді? (60 м/мин)
ІІ топ Жүк машинасы 200 км жолды 4 сағатта жүріп өтті. Оның қандай жылдамдықпен жүргенін тап.(50км/сағ)
ІІІ топ Мотоциклші 120км арақашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді? (60км/сағ)
– Сонымен қозғалысқа қатысты қандай ұғымдармен таныспыз? (балалар жауабы)
Жаңа сабақ:
-Бүгінгі сабағымызда бір –біріне қарама –қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығаруды жалғастырамыз.
Күн ретін жазамын . Көркем жазу:
№3. Кестені пайдаланып, машиналардың әрқайсысының жылдамдығын, жақындау жылдамдығын және барлық жолды табу.
№4. Велосипедші 8 км/сағ жылдамдықпен 8 сағат жол жүрді. Сол қашақтақта 4 сағатта жүріп өту үшін ол қандай жылдамдықпен қозғалуы керек? (16 км/ сағ)
№5. Жолаушы барлығы 276км жол жүрді. Ол 60км/сағ жылдамдықпен 4 сағат машинамен, қалған жолды 4 сағат атпен жүрді. Жолаушы атпен қандай жылдамдықпен жүрді?
Шешуі: 276-60*4=36 36/4=9км /сағ жауабы: 9км/сағ жылдамдықпен жүрді.
1) Ұшып кетті үш құс 2) Жоғалды бес шыбыш, жоқ әлі еш сыбыс.
Ұшып келді ұшқыш Жоқ әлі еш сыбыс, жоғалды бес шыбыш.
№7 есеп. Кестелерді толтыру. Сергіту сәті: Ән ырғағымен қимыл – қозғалыстар жасайды.
№8 есеп. Теңсіздіктер тура ма? Тексер:
567*28428*10+428*9
356*10*7 356*17 614*29
бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр» :
1.Кез келген нәрсенің төрттен бір бөлігі көп пе, әлде жартысының екіден бір бөлігі көп пе? (екеуі бірдей)
Егер Т-дан бастасаң санмын, Т-ны алып тастасаң жаумын. (төрт-өрт)
5 жыл бұрын Айжан 8 жаста болған, 6 жылдан кейін Айжан неше жаста болады? (19 ж)
4.Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1 адам)
№3 тапсырма: Өрнек түрінде жазып көрсет:
1)S = 90 км * 2сағ 2) S = х км * 3 сағ 3) S = (90 км * 2сағ) +( х км * 3 сағ) 4) V = 90 км + х км
бөлім: «Математикалық мақал – мәтелдерді жалғастыру » 1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал) 2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады) 3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына) 5. Еңбек адамның – (екінші анасы) 6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын) 7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) 8. Жалқаудың екі досы бар: (бірі – ұйқы, бірі – күлкі) 9. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады) 10. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі)