Тақырыбы: Қайталау ±8
Мақсаты:
Білімділік: 8-ге қосу, азайтуды қайталай отырып, қосу, азайту әдістерін бекіту. Тірек білімдерін пысықтау. Берілген тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық: Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, слайд
Әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік, эстафеталық ойын.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Біз балдырған баламыз
Құстай қанат қағамыз
Дүниені аралап
Оқып-білім аламыз
ІІ. Өткенді пысықтау.
Үй тапсырмасын тексеру. 79-бет №6
6+6=12 12-6=6
16+6=22 22-6=16
26+6=32 32-6=26
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 8 санын қосу және азайтуды қайталау
Жаңа сабақ: Оқушылар біз әр тапсырмаларды орындай отырып, Қазақстан Республикасының алғашқы астаналарымен танысатын боламыз
№1.Ауызша орындау(дәптерге қосу кестесін пайдаланған есептерді жаздырту)
8+8=16 16-8=8 9+8=17 17-8=9 8+9=17 17-9=8
Жақсы балалар, біз бірінші есепті шығардық енді, Қазақстан Республикасының алғашқы астанасы-Семей қаласы. Семей қаласы 1917-20 жылдар аралығында астанамыз болған. Семей қаласы аталғанда біздің есімізге Абай атамыз түседі. Абай атамыздың туған жері біздің алғашқы астанамыз. Абай Құнанбайұлының қандай өлеңдерін білеміз?
-Адам болам десеңіз.
Әрі қарай 2ші астанамызбен таныс болу үшін №3 есепті шығаруымыз керек
№3.Есептерді шығар. (Нұсқа бойынша шығару)
1-нұсқа: 2-нұсқа:
Қоян-3 ?сонша тауық Қаздар – 4
Үйрек – 4 Үйрек -4 ?
Тауықтар-20
Шешуі: 3+4=7 Ш: (4+4)+20=28
Жауабы: 7 тауық Ж: 28 құс
Ал, балалар біз үшінші есепті шығардық, енді ҚР екінші астанасы қай қала екенін білетін боламыз Ол-Қызылорда қаласы.1925-1929 жылдар аралығында ҚР астанасы болды. Қызылорда қаласында Қорқыт ата дүниеге келген. Қорқыт ата ойлап тапқан аспап?
-Қобызды ойлап тапты
Ұқсас есептерге уақыт үнемдеу мақсатында ауызша орындату
№5. Есептерді шығар. (Ауызша орындау,суреттермен түсіндіру)
1-нұсқа: 2-нұсқа:
Шарты: Шарты:
Бұзау-3 Сиыр-4 ?сонша жылқы
Қозы-3 ? Бұзау-3
Лақ-4
Шешуі:(3+3)+4=10 Шешуі:4+3=7
Жауабы:10төл Жауабы:7жылқы
Біз 5 есепті дұрыс шығардық, енді үшінші астанамызбен таныс боламыз. Бұл-Алматы қаласы.1929-1996жылдар аралығында ҚР астанасы болған. Алматыны еске алсақ біздің есімізге не түседі? Аты айтып тұрғандай-алма түседі. Байырғы аты-Алма-ата, 1996жылғы бұйрыққа сәйкес Алматы деп өзгертілген. Алматы қаласына биыл 1000 жыл
Сергіту сәті
Поэззия минуты
Күләш Ахметова апамыздың «Астана» өлеңін оқыту
№4. Өрнекті жаз және оның мәнін тап(Нұсқа бойынша бөлу)
1. 8+ а, а=20; 21; 9 8+20=28; 8+21=29; 8+9=17
2. а-8, а=28;29;17 28-8=20; 29-8=21; 17-8=9
Жақсы, біз 4 есепті де дұрыс орындадық. 4-ші астанамызбен танысатын боламыз, ол қазіргі-Астана қаласы. 1997 жылы 17 желтоқсанда ресми Астана атанып,1998 жылы 10 шілде де халыққа танылды. Астана қаласы болашақтың қаласы. Қызықты ақпарат: әлемде екі мемлекеттің астанасы Астана деп аталады. Соның бірі біздің меклекет, екіншіci Оңтүстік Корей елі, астанасы Сеул-өз тілдерінде «Сеул-Астана» деген мағына білдіреді.
№ 6.Фигуралар сызу, салыстыру. Жіппен фигуралар құрастыру.
1-Төртбұрыш-төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын төрт кесіндіден тұратын фигура
2-Тік төртбұрыш-қарама-қарсы қабырғалары тең болады
3-Шаршы-барлық қабырғалары тең болады
Не ортақ? 4 қабырғасы және 4 бұрышы бар.
Шығармашылық тапсырма:
Тақтаға 14 бөлікке бөлінген ҚР картасы ілінеді. Әр бөліктің астында 14 сұрақ болады(пәнаралық байланыс)
1. Қазақтың үш биін ата:Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
2. Жердің ауа қабаты? Атмосфера
3. «Отан туралы» өлеңінің авторы? М.Мақатаев
4. 5+20=25
5. Тұстарды ата: солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс
6. (5+5)+15=25
7. 7 саны ағылшынша-seven
8. «Кімнің мекені жақсы» әңгімесіндегі негізгі ой: жерін сүюге баулу
9. (40-10)-5=25
10. Егер есепте жақша берілсе, алдымен қай амал орындалады:жақша
11. 30-5=25
12. 8 саны ағылшынша-eight
13. 7+7=14
14. 10+15=25
VІ.Қорытынды: 8+8=16
1.Үйге тапсырма: № 2, 80 бет.
2.Оқушылардың жұмысын талдай отырып бағалау