Тақтаға қолданыстағы бірнеше суреттер ілініп, олардың не үшін керек екендіктері сұралады;
Ненің жақсы ненің жаман екенін, ненің керек ненің керек емесекенін түсіндіру мақсатында, салыстыру жүргізіледі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Күзгі демалыста оқыған шығармаларын сұрау.
III Жаңа тақырып
1).Кіріспе
Мағынаны тану
Қадыр Мырзалиев 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы "Балдырғаннан" бастаған. "Жұлдыз" журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. "Жазушы" баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
Қазақтың тағы бір арқалы ақыны өмірден озды. Қазақтың көрнекті ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлі 77 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақынның өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады. Онда «ардақты ақынның дүниеден өтуі қазақ әдебиеті үшін орны толмас қаза екені, оның азаматтық, патриоттық тақырыптарға жазылған, философиялық түйіндеулерге құрылған жырларын халқымыздың сүйіп оқитыны» айтылған. Қадырдай ақынның өмірі оның жүрегінің тоқтауымен аяқталмайды, енді оның шығармашылық мол мұрасының мәңгілік ғұмыры басталып, баянын таба беретіні сөзсіз», делінген жеделхатта. Ақынның еңбек жолы «Балдырған» журналында басталып, «Жұлдыз» журналында жалғасады. «Жазушы» баспасында, кейін Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істейді. Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Содан бергі уақытта қырықтан астам жыр жинақтары мен әдеби-сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары жарық көрген. «Көктем», «Ой орманы», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау», «Домбыра», «Күндер-ай» секілді еңбектері оқырман арасында кең тараған. 1980 жылы «Жерұйық» жинағы жоғары бағаланып, Мемлекеттік сыйлықты алады.
Биыл 2015 жыл Қадір ақынға 80 жыл толды. Соған орай көптеген мектептер мен орталықтарда еске алып ұлықталып, өлеңдері жатқа айтылып, ашық тәрбие сағаттары өткізіледі.
Бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Қадыр Мырза Әлі Рим ақыны Овийдиді, шығыстың шайыры Руми, Гейненің, Гюго мен Лермонтовтың, Есенинмен, Расул Ғамзатов және тағы басқа ақындардың жырларын қазақ тіліне аударған. Оқырман қауымға Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұран мәтінінің авторларының бірі ретінде де жақсытаныс. 2)Оқулыкпен жұмыс.
Оқушыларға өлеңді оқыту. Келесі топтан түсінгенін сұрау.
Өлеңнің мазмұнын ортаға салып, талдау жасау.
Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, өлеңнің құрылу желісін толықтыру.
IY. Сөздікпен жұмыс
Қыңбау – қорықпау
Тапсырма .
Өлеңде не туралы айтылады?
Әділ, шыншыл деп қандай адамды айтамыз?
Қандай жақсы қасиеттерді білеміз?
Y. Қорытындылау.
Толғаныс
Диалог – грек сөзі. Әдеби шығармаларда екі немесе бірнеше адамның бір – бірімен тікелей сөйлескен сөздерін диалог деп атайды. Диалогте әрбір кісінің сөзі жаңа жолдан басталып, алдына сызықша қойылып жазылады.