Ал ,халайық , халайық, Амандасып алайық. Бүгінгі той –думанда, Ақтарылып ақ тілектер, Жарқын жүзді көңілмен, Шаттанып, ән салайық.
Гимн.
II.Үй жұмысы. «Қошақаным» әнін жаттау.
Бағалау жолын түсіндіріп өту.
Нота белгісін балаларға көрсетіп түсіндіріп өту.
Біз жазу жазғанда әртүрлі әріп таңбаларымен жазамыз, есеп жазғанда әртүрлі сандармен есептер шығарамыз, сол сияқты музыка сабағында да әндердің, күйлердің әуенін сазын қағаз бетіне түсіретін таңба. Яғни әндердің күйлердің дыбысын қағаз бетіне түсіретін музыкалық таңбаны нота деп атаймыз.Мен сендерді осы нотамен бағалап шығамын.
Біз ән айтпастан бұрын не істейтін едік?
Дауыс ырғақтарына жаттығу жасаймыз.
Ма,ме,ми ,мо,му- 6 рет қайталау.
До,ре, ми,фа,соль,ля,си,до- 2 рет қайталау.
«Қошақаным» әнін орындау.
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары.
Ән не туралы айтылған?
Қошақан деген не?
Кімнің үйінде қошақан бар?
Біз қыдырған кезде қошақанымызды сағынамыз ба?
Сөзжұмбақ
ж
і
г
е
р
б
ұ
л
б
ұ
л
ж
е
т
і
г
е
н
м
а
м
ы
р
-
а
н
а
к
ү
й
Дәулеткерейдің күйі?
Динаның күйі?
Жеті санына ұқсайтын музыкалық аспап?
Көктем айы?
Бізді өмірге әкелген .......?
Домбырамен т.б аспаптарымен ойналатын сөзі жоқ әуен?
Сөзжұмбақта қандай сөз жасырылған?
«Елім-ай» сөзі жасырылған
III.Жаңа сабақ. 1.Жаңа тақырып түсіндіру.
Дәптермен жұмыс.
Күннің жады. Сабақтың тақырыбы.
«Елім-ай» әнінің бір шумағын көшіріп жазамыз.
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: халық әні «Елім-ай»
Қазақ халқы ерте замандардан –ақ бүкіл өмірін, қуанышы мен қайғысын
Әнмен жеткізген.
«Өз еліңдей ел болмас, өз жеріңдей жер болмас» деп әнге қосып
жырлаған. Сондай әндердің бірі-халық әні «Елім-ай». Бұл ән қазақтың
ұранындай мәңгі есте қалды. Енді осы әннің тарихын танысайық!
Ертеде жоңғарлар қазақ жеріне қызығып, оны тартып алмақ болады.
Олар қазақ халқын қырып –жойды. Сол кезде қазақ халқы ауыр қазаға
Ұшырады. Олар балаларын аман сақтап қалу үшін жерін тастап көшеді.
Туғанжерін қимай «Елім-ай» әнін айтып жырлайды.
Бірақ көп ұзамай бүкіл қазақ батырлары бас қосып, жауға қарсы
аттанады.Олар жауды жеңіп, туған жерді аман сақтап қалады. Көшіп
кеткен халық туған жеріне қайтып оралады.
2. Үнтаспадан «Елім-ай» әнін тыңдату.
Музыкалық жаттығулар.
Ма,ме,ми ,мо,му- 6 рет қайталау.
До,ре, ми,фа,соль,ля,си,до- 2 рет қайталау.
3.Әнді айтып үйрену.
IY. «Әуенді тап» ойынын ойнаймыз. Әртүрлі әндерден үзініді беріледі, балалар әннің атын табады.
Y.Бекіту сұрақтары.
Бәз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
«Елім-ай» әні қалай шықты.
Егер сен алыс жерге қыдырып кеткен жағдайда туған жерге деген сағынышыңды қалай білдіресің?
Туған жер, Отан туралы қандай мақал-мәтел білеміз?