Ма?саты:1986 жыл?ы желто?санда орталы?ты? ?міршіл-?кімшіл сола?ай саясатына ?арсы ал?аш рет бас к?теріп демократия жолында ??рбан бол?ан ?л ?ыздары?ызды? ерліктері жайында т?сінік бере отырып, жастарды? ала??а не себепті, ?андай ма?сатпен шы??анды?ын жете т?сіндіру.
Т?рбиелігі:?з Отанына, ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттыра отырып, ?з ана тілін, ?дет-??рыпын, салт-д?ст?рін са?тай білуге патриотты? сезімге т?рбиелеу.
Дамытушылы?ы: ?рбір жеке т?л?аны? еркін с?йлеп, ?з пікірін, ойын айта білу ?абілетін дамыту.
Ж?ргізуші:
Шай?алмасын ешкімні? ша?ыра?ы,
Ба?ыт к?рсін Отанны? сан ?ланы.
Енді а?айын, к?гінде ?алы?тасын,
?аза??ымны? ?астерлі –?н?раны!
?н?ран орындалады
1-ж?ргізуші:Армысыздар, ??рметті ?стаздар,о?ушылар ж?не ?адірменді ?она?тар! Б?гінгі Т?уелсіздік мерекесіне арнал?ан «Жаса м??гі, азат жерім, Т?уелсіз елім-?аза?стан!» атты ерте?гілігімізге ?ош келді?іздер!
Т?уелсіздік-е? басты ??ндылы?ымыз. Т?уелсіздікке ?ант?гіссіз, бейбіт т?рде ?ол жеткізгеннен кейін ?ана елімізді ?лемні? ?ркениетті мемлекеттеріні? ?атарына ?оса алды?.23 жыл ішінде т?уелсіз ?аза? елін ?алыптастырып, нары?ты? ?иын ?ткелдерінен аман ?ткізіп келеміз. Осы кезе?де ?аза?станды д?ние дидарында?ы е? мы?ты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай де?гейге жеткізген т???ыш Н?рс?лтан Назарбаевтай к?реген саясаткерді? ерен е?бегін д?л б?гін ж?не ?р?ашанда айтып ?теміз.
Т?уелсіздік к?ні елімізді? барлы? азаматтары ?шін орны ерекше мереке деп білеміз,себебі, осынау ж?рекжарды ?уаныш?а толы к?нді ата-бабаларымыз ?асырлар бойы армандап, к?тумен ?тті.
Ж?ргізуші:
Т?уелсіздік к?ні ??тты болсын!
Бейбітшілігіміз м??гілік болсын!
И?, ол к?н т?уелсіздікті? туын е? ал?аш к?терген ?йгілі 1986 жылды? 16 желто?сан еді.Осы желто?сан о?и?асыны? салдарынан ?аза бол?ан жазы?сыз жастарымызды? рухына бас иіп, орнымыздан т?рып бір минут еске алайы?!
Бір минут ?нсіздік
Ж?ргізуші:
Желто?сан та?дырлар?а азалы к?н,
?айра?ан намыстарын мазалы к?н
?ыршыннан ?иыл?ан бозда?тарым
?алар м??гі есінде ?аза?ымны?!
?н: «Отаным»
М?лдір
Он алтыншы желто?сан
Т?уелсіздік ал?ан к?н !
Ерекше боп м??гілік
Ел аузында ?ал?ан к?н!
Г?лхан
?ыраны ?алы?та?ан
?сем ?н шары?та?ан
М??гілік жасай берші,
Т?уелсіз Отан –анам!
МДТ тобы К?рініс: «Желто?санны? ыз?арлы к?ндерінен»
«М?зда жан?ан от-алау»
(Бір топ жастар ала??а шы?ады.?олдарына плакат ?ста?ан.)
Алдияр ?айрат:-Жо?! Мен жерім ?шін,елім ?шін,азатты? ?шін ала??а шы?тым.Сендер ?аза? ?ыздарын шашынан с?йреп, жастарды сал?ын су шашып ?орлады?ыздар.М?зда жан?ан жастар ж?регіні? оты с?нбейді!
Эльдар Тергеуші: -Ха-ха! (к?леді) М?зда ж?рек жана ма? Біз ?аза? жастарыны? к?терілісін басамыз! Ал, сіз ?айрат т?рмеде шірисіз!
Алдияр ?айрат:
?айрат деген атым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Еркек то?ты ??рбанды?
Атам десе? аты?дар!
Бір ?ыз шы?ады:( ?айратты? портретіні? астына г?л ?ояды)
Нуршат
?аза?ты? батыр ?лы, ?а?арманы
Мектеп, к?ше аты?мен аталады.
?р ?аза?ты? ж?регінде ?айрат аты?
М??гілік батыр болып са?талады.
М?лдір Анасы шы?ады:
??лыным! Елі? ?шін ??рбан бол?ан ?айратым!?аза? алаш бол?алы, ?аза? жері ?шін, елі ?шін бостанды? ?шін к?ресіп келеді ?ой. Сен ?лген жо?сы?, ?айратым!Т?уелсіз елді? аспанында жар?ыра?ан ж?лдызды? бірі сенсі?- ?айратым! Ана? сені са?ынады, ??лыным! Т?уелсіз ел бол?ан Отаны?ны? ?р баласына ?арап,ж?банамын, ?айратым!
Г?лхан О?ушы:
Біз азат еліміз! Желто?санда ?анын т?ккен, ?анымен берге жанын бірге ?айрат,Ербол а?аларымыз, С?бира,Л?ззат апаларымызды м??гі ж?регімізде са?тап,ерлігіне бас иеміз!
Просмотр содержимого документа
«Жаса м??гі, азат жерім, Т?уелсіз елім-?аза?стан!»
Жайық негізгі орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:Жаса мәңгі, азат жерім,
Тәуелсіз елім-Қазақстан!
Тәрбиеші:Омарова.А.Н
2014ж
Тақырыбы: Жаса мәңгі, азат жерім,
Тәуелсіз елім-Қазақстан!
Мақсаты:1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарыңыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Тәрбиелігі:Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазақғымның қастерлі –Әнұраны!
Әнұран орындалады
1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар,оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Жаса мәңгі, азат жерім, Тәуелсіз елім-Қазақстан!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтық қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бейбітшілігіміз мәңгілік болсын!
Иә, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді.Осы желтоқсан оқиғасының салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орнымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік
Жүргізуші:
Желтоқсан тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы күн
Қыршыннан қиылған боздақтарым
Қалар мәңгі есінде қазағымның!
Ән: «Отаным»
Мөлдір Гүлхан
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн !
Ерекше боп мәңгілік
Ел аузында қалған күн.
Қыраны қалықтаған
Әсем ән шарықтаған
Мәңгілік жасай берші,
Тәуелсіз Отан –анам!
МДТ тобы Көрініс: «Желтоқсанның ызғарлы күндерінен»
«Мұзда жанған от-алау»
(Бір топ жастар алаңға шығады.Қолдарына плакат ұстаған.)
(Полицейлер жастарды ұрып, шашынан тартып,су шашып,итеріп алып кетеді)
Қайрат Рысқұлбековтың ақтық сөзі.
(Түрме.Қайратты тергеуші тексереді. 2 полицей тұрып тұр.)
Эльдар Тергеуші:-Сіз алаңға не үшін шықтыңыз ! Сіз тәртіп бұздыңыз.
Алдияр Қайрат:-Мен қазақ жерінің бостандығы үшін жастармен бірге бейбітшілік шеруіне қатыстым.
Эльдар Тергеуші: -Сізге полицейді соққыға жықты, қоғамдық тәртіп бұзған, ұлтшыл деп айып тағамыз.
(столды ұрады)
Алдияр Қайрат:-Жоқ! Мен жерім үшін,елім үшін,азаттық үшін алаңға шықтым.Сендер қазақ қыздарын шашынан сүйреп, жастарды салқын су шашып қорладыңыздар.Мұзда жанған жастар жүрегінің оты сөнбейді!
Эльдар Тергеуші: -Ха-ха! (күледі) Мұзда жүрек жана ма? Біз қазақ жастарының көтерілісін басамыз! Ал, сіз Қайрат түрмеде шірисіз!
Алдияр Қайрат:
Қайрат деген атым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Бір қыз шығады:( Қайраттың портретінің астына гүл қояды)
Нуршат
Қазақтың батыр ұлы , қаһарманы
Мектеп, көше атыңмен аталады.
Әр қазақтың жүрегінде Қайрат атың
Мәңгілік батыр болып сақталады.
Мөлдір Анасы шығады:
Құлыным! Елің үшін құрбан болған Қайратым!Қазақ алаш болғалы, қазақ жері үшін , елі үшін бостандық үшін күресіп келеді ғой. Сен өлген жоқсың, Қайратым!Тәуелсіз елдің аспанында жарқыраған жұлдыздың бірі сенсің- Қайратым! Анаң сені сағынады, құлыным! Тәуелсіз ел болған Отаныңның әр баласына қарап,жұбанамын, Қайратым!
Гүлхан Оқушы:
Біз азат еліміз! Желтоқсанда қанын төккен , қанымен берге жанын бірге Қайрат,Ербол ағаларымыз, Сәбира,Ләззат апаларымызды мәңгі жүрегімізде сақтап,ерлігіне бас иеміз!
Жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық, Нұрлы достық, Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биіменен үн қосты Алдарыңызда «Қара жорға» биі
Жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
Хор:Ақ көгершін
Гүлхан
Желтоқсанда мұзда жанды жүректер,
Жастар шықты «елім менен жерім» дер.
Қайрат, Ербол сияты ағаларым
Азаттық үшін қарда қанын төккен ер.
Эльдар
Қазақстан! Тәуелсіз гүл Отаным!
Сен үшін жан беруге жастар дайын!
Сен үшін Ләззат, Сәбира апаларым,
Қорғады кір келтірмей қазақ атын!
Алдияр
Мұзда жанды алау боп жастар жүрегі
Желтоқсанда ағалар итке таланды.
Әпкелерді бұрымынан сүйретіп
Қардың беті қызыл боялды
Нуршат
Ұмытпаймыз желтоқсанның ызғарын,
Әлем таныр «қазақ» деген ел барын.
Тәуелсіз Отаным-бақытты ел
Жайнай берші, Қазақстан гүл –бағым!
Мөлдір
Он алтыншы Желтоқсан күні
Жазылды тарих бетіне.
Жастардың қанымен келген бұл күнді
Сақтайды бәрі есінде
Армат
Бас иеміз жастардың ерлігіне ,
Үлгі болар ұрпаққа, кейінгіге.
Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін,
Қорғаймыз болашақта біз өскенде!
Би «Достық биі»
Жүргізуші:
Тәуелсіздік күніне арналған «Жаса мәңгі, азат жерім,
Тәуелсіз елім-Қазақстан!» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Арайлап бүгін таң атты менің елімде,
Қыран мәңгі қалықтасын көгімде!
Тәуелсіздік бақыт боп қонсын халқыма,
Тәуелсіздік мәңгі орнасын жерімде!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік ,халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!