kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ел т?уелсіздігіне 24 жыл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?су ауданы ?уат Терібаев атында?ы

орта мектебі  педагог-?йымдастырушы

М.Т?рсын?азы

Та?ырыбы: Ел т?уелсіздігіне 24 жыл

Ма?саты: Т?уелсіздік – ?асиетті ??ым екеніне к?з жеткізу, болаша??а сеніммен ?адам басу, жас ?рпа?ты отаншылды??а, адамгершілікке, елжандылы??а, Отанына адал ?ызмет етуге т?рбиелеу.

1-ж?ргізуші. А?сай к?ткен адалды?ым, п?ктігім,

Т?уелсіздік – б?л не деген т?тті ??ым.

Байта?  Отан р?міздерін к?терді,

Уа, хал?ым, с?йіншілеп шап б?гін.

Уа,  хал?ым с?йіншілеп шап б?гін,

?аза? жері ?ашан?ыдан шат б?гін.

Егемендік ны?айтылды та?ы да,

Біреулерлерді?  басып мысын, апты?ын.

2-ж?ргізуші. Армысыздар, ??рметті ?стаздар,арда?ты  ата-аналар, мектеп о?ушылары! ?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздігі к?ні ??тты болсын» елімізді? к?к аспанында ?рдайым бейбітшілік к?ні жар?ырасын! ?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздігіні? 24 жылды?ына арнал?ан т?рбие са?атымызды ашы? деп жариялаймыз.

1-ж?ргізуші:

Батырлы??а уызынан жары?ан,

Ер т?ркіні байра?ынан таны?ан.

?зі а?ын, ?зі ?нші халы?та,

Кім айта алар болма?ан, - деп ?н?ран!?

?аза?стан Республикасыны? Гимні шыр?алады.

2-ж?ргізуші: Аты?нан айналайын егемен ел,

Т?уелсіз к?ні? туды кенеле бер.

Мерейі? ??тты болсын ?аза?стан!

?асырлар тойы болшы келе берер»

Б?гінгі  жиында ??тты?тау с?з кезегін мектеп директоры Но?айбаев Ермек Емберген?лына беріледі

1-ж?ргізуші: ??тты болсын т?уелсіздік мейрамы,

Ол ?ркімге бейбіт ?мір сыйлады.

А?са?ан сан ?асырлы? арман болып,

?ол жеткізген шынды? жырын жырлады.

?н:  МЕНІ? ЕЛІМ

2-ж?ргізуші: Азатты? ?шін туыл?ан а?ты? б?л?ынысы желто?сан жа??ыры?ына айналып ?лемді д?р сілкіндірді. Сол сілкіністен бастау ал?ан азатты? к?ресі 1991 жылы Т?уелсіздік болып салтанат ??рды. Б?л ?аза? хал?ы ?шін, ?аза?стан Отаным, ж?ртым деп білетін ?рбір ?аза?станды? ?шін ?лкен о?и?а, зор ?уаныш. Ендігі жерде бізді? бір ?ана Отанымыз бар. Ол – Т?уелсіз ?аза?стан!

К?рініс: Егемендік деген не?

1-ж?ргізуші:

1-о?. ?анимет. Т?уелсіздік – ?аза?ты?ы ?аза?ты?,

Т?уелсіздік – жойылуы азапты?.

Биіктей бер, ас?а?тап азат хал?ым

?ркендей  т?с ая?талды тоза? к?н.

 

?н: «Жаса, ?аза?ым!»

 1-ж?ргізуші: Б?гінгі Т?уелсіз ?аза?стан  - ?лемдік аренадан ?з орынын ойып ал?ан, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік ?айсар ел.

?аза?стан. Т?уелсіз ел – тірегім,

Сен г?лденсе? ?уанады ж?регім.

Киелі Отан, тура ж?ріп, топ жарып,

Н?рлы жолда оза шауып т?леді?.

?н:  «К?к туды? желбірегені»

1-ж?ргізуші: ?аза?стан т?уелсіздікке ?ол жеткізген  жылдар ішінде дамы?ан нары?ты? экономика?а ?тіп  ?лгерді, ?зіндік даму жолына та?дау жасады. Арайлап ат?ан бейбіт та?ы бар, асу бермес ас?ар-ас?ар тауы бар ке? жазиралы мекенді, ?она?жай, жомарт хал?ы бар мені? елім  - ?аза?стан.

Би: 8-сынып

2-ж?ргізуші. Айта берсем таусылмайды тілегім,

Азия?а барыс болар ірі елім.

Т?ркі елі Т?ркістан?а т?у етсе,

Елбасыны? ?лесі деп білемін!

1-ж?ргізуші: Сонымен, б?гін дербес ел болып, уы?ымызды ?адап, ша?ыра?ымызды к?теріп, ерікті еркін мемлекетімізді ??рып, ?аза?стан Республикасы атанып, ?лемге ?йгілі болып, Т?уелсіздікке ?ол жеткізіп отыр?ан  к?німіз ??тты болсын! Т?уелсіздігіміз м??гілікке мирас болсын!

2-ж?ргізуші:  Елімні? ерлік пен ?рлікке толы тарихы, оны? ерте?гі ?лкен де жар?ын болаша?ы к?з алдыма елестейді. ?лы даламды жайла?ан т?уелсіз елді? азаматы екенімді, ел алдында?ы м??гілік ?телмес борышымызды айшы?ты с?збен кестелеп айтып бітіре алмаспыз.

Б?гінгі т?рбие са?атымызды?  екінші б?лімі 7-сынып о?ушыларыны?  б?гінгі мерекеге арнал?ан

 т?рбие са?атымен жал?асады.

1-ж?ргізуші:  Отан!- деген с?зім ?андай ?демі!

К?зге елестер б?кіл ?аза? ?лемі.

Тандандырды жан-жа?ымды – бай ?лке,

?арапайым, ке? дастархан, ?дебі.

Атам ?аза? а?са?аны еркіндік,

Са?тау ?шін азатты??а бекіндік.

«?асты?ы жо? ?аза?» деген а?ыз бар,

«Татулы?ты? символымыз сертім ны?», -  деген с?здермен б?гінгі  т?рбие са?атымызды жабы? деп жариялаймыз.

?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік Гимні орындалады.

2-Ж?ргізуші:  Назарлары?ыз?а рахмет! Сау-саламатта болы?ыздар»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ел т?уелсіздігіне 24 жыл"»

Ақсу ауданы Қуат Терібаев атындағы

орта мектебі педагог-ұйымдастырушы

М.Тұрсынғазы



Тақырыбы: Ел тәуелсіздігіне 24 жыл

Мақсаты: Тәуелсіздік – қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші. Аңсай күткен адалдығым, пәктігім,

Тәуелсіздік – бұл не деген тәтті ұғым.

Байтақ Отан рәміздерін көтерді,

Уа, халқым , сүйіншілеп шап бүгін.

Уа, халқым сүйіншілеп шап бүгін,

Қазақ жері қашанғыдан шат бүгін.

Егемендік нығайтылды тағы да,

Біреулерлердің басып мысын, аптығын.


2-жүргізуші. Армысыздар, құрметті ұстаздар,ардақты ата-аналар, мектеп оқушылары! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құтты болсын» еліміздің көк аспанында әрдайым бейбітшілік күні жарқырасын! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.


1-жүргізуші:

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған, - деп Әнұран!?


Қазақстан Республикасының Гимні шырқалады.


2-жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер»

Бүгінгі жиында құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Ноғайбаев Ермек Ембергенұлына беріледі


1-жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Ән: МЕНІҢ ЕЛІМ


2-жүргізуші: Азаттық үшін туылған ақтық бұлқынысы желтоқсан жаңғырығына айналып әлемді дүр сілкіндірді. Сол сілкіністен бастау алған азаттық күресі 1991 жылы Тәуелсіздік болып салтанат құрды. Бұл қазақ халқы үшін, Қазақстан Отаным, жұртым деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан!


Көрініс: Егемендік деген не?

(атасы мен немересі. Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде немересі жүгіріп келеді)

Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: - Ә, балам атаң не ойлайды дейсің? Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы ойлаймын.

Немересі: Ата, өткен өмір деген не?

Атасы: Ә, балам, өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: - Ал, ол қандай болған?

Атасы: Ендеше тыңда балам, атаң бір сөйлесін.

Болмаса да оқыған тарихшы атаң,

Жинады ескілердің тарих хатын.

Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.


Балам, сенде өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз қазақ руларының басын қосып, халық болып қалыпьасуынан басталады. Бұл тарих. Қазір егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді. Бұл күнге тәубә!

Немересі: Ата, «Егемендік» деген не?

Атасы: - Егемендік – деген сөз!

Көптен бері естілмеген ерен сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,

Көркем жігіт болып өссе көген көз.

Егемендік ел болудың белгісі

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші,

Егеменді – деген сөзден естілер

Ата-жұрттың арғысы мен бергісі.

Міне «Егемендік» деген осы енді міне желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендікті, еліміздің келешегі, еліміздің тарихы. Ел тарихын әсте естен шығармау қажет.

Атасы: балам қолыңды жай батамды берейін.

Басшыларымыз алысты болсын,

Жекешелеріміз табысты болсын!

Қыздарымыз саналы болсын,

Ұлдарымыз намысты болсын,

Халқымыздың болашағы зор болсын,

Тыныштық заман болсын!

Әумин.

(көрініс бітеді)

1-жүргізуші:


1-оқ. Ғанимет. Тәуелсіздік – қазақтығы қазақтың,

Тәуелсіздік – жойылуы азаптың.

Биіктей бер, асқақтап азат халқым

Өркендей түс аяқталды тозақ күн.


2-оқ. Әуелеттік әнұранды аспанда

Туымызды тіктеп биік асқарға

Жиырма төрт жыл болды елтаңбамыз жарқырап

Тәуелсіздік бізге есігін ашқанға.


3-оқ. Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.


4-оқ.Еркебұлан. Азаттыққа жетсе екен деп қазағым,

Тартты олар сұм тағдырдың азабын.

Армандады ерікті ел болсақ деп,

Көрмейтұғын өзге ұлттың мазағын.


5-оқ. Желтоқсанның бастау алған теңдігі ,

Қазағымның өркендеді елдігі

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.


6-оқ.Бақтияр. Өркендедік, ел болдық та кемелді,

Тереземіз өзгелермен теңелді.

Елім менің Ата Заңын ардақтап,

Еркіндіктің шуағына бөленді.


7-оқ.Әділжан. Ғасырлардан жалғасқан

Орындалды арманы.

Тік көтеріп көк туын,

Қазақ бүгін қолға алды.


8-оқ. Жайдар.Барыс елі – бақытым,

Деп әлемге жар салды.

Жаңа ғасыр жақсы үміт.

Өрге ұмтылу басталды.


9-оқ. Бекзат. Қазақстан – арай тұнған күн шуақ,

Кең төсіңде – ырыс бақыт, ынтымақ,

Келелі іске, кең өріске ұмтылып,

Жаңаруға таба білдің тың қуат.


10-оқ. Қастер Қазақстан – мейір толы мәрт ана,

Тосқауылды бұзып өттің қаншама?!

Қазыналы ұлан-байтақ өлкеге,

Бүкіл ғалам көз тігеді тамсана.


11-оқ.Қуандық. Заманамен бірге түлеп, жаңғырған,

Жеңістерің жатты есінен тандырған.

Дос дегенде жайып аппақ дастархан,

Құшағыңды тостың оның алдынан.


12-оқ. Маулен.Бостандықтың тас бұғауы түскелі,

Арқаланып, ел еңсесін тіктеді.

Қазағымның талай ғасыр зарығып,

Тәуелсіздік шуағы еді күткені.


13-оқ. Арафат. Ұқсатамын топтан озған саңлаққа,

Мақтанышың – ұл-қыздарың марқасқа.

Талпынасың елу елдің ордалы,

Ортасынан ойыа орын алмаққа.


14-оқ. Айтқалым. Қазақ елін паш еткізіп әлемге,

Қане, елім, пәктіғіңді дәлелде!

Біздің елдің бейбіт өмір әуені,

Ұран болып айтылып жүр әр елде.


Жүргізуші: Әсем ән тербеледі, теңселедң,

Талай қыр, талай сырды еңсереді.

Сермейді, сұңқылдайды,

Ез емес, еңселі ер, ел сенеді.

Ән: «Жаса, Қазағым!»


1-оқ. Ғанимет Республика! Ерікті ел – Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан


2-оқ. Желдей еркін, түздей кең таңдай азат,

Мен қазақпын деген де қандай ғажап!

Мақтан етсін халықтар халықтығын,

Жатер сан жыл шеккені малдай азап!


3- оқ.Бекзат «Қазақпын» деп досқа айтам ұғысатын,

Мақтан етсін атақты туыс атын.

«Қазақпын» деп жауға айтам қасақана,

Біліп қойсын болса ойы жұғсатын...


4-оқ. Еркебұлан. Мен қазақпын қаныммен, сүйегіммен,

Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен.

Бақ орнатам басына моланың да,

Мұрагермін оған да бас иемін мен.


5-оқ. Еркебұлан З. Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергем келеді, айта бергім...


6-оқ.Әділжан. Мен қазақпын ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа алға бастап жетелер,

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер.


7-оқ. Бақтияр. Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар.

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.


8-оқ. Жайдар. Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.


9- оқ.Айтқалым. Біз қазақпыз –

Ел үшін атқа мінген,

Жанып тұрған лапылдап отқа кірген.

Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын,

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.

Біз қазақпыз –

Қастерлеген баба салтын,

Аман бол, айналайын дана халқым!

Күн туса атқа қонам бір сен үшін,

Міне жаным, міне қаным, міне антым!


10-оқ. Дархан. Бабалардың қалдырған ізіменен,

Желтоқсанның жүректегі сызыменен.

Жұртыма келіп жеткен Тәуелсіздік,

Арнадым саған ойдан жүзік өлең


11-оқ.Қастер. Даму жолын таңдаған шақ сәтіміз,

Елу елге қосылу мақсатымыз.

Ол мақсатқа жетуге негіз болар,

Игі іспен шығып жүрсе жақсы атымыз.


12-оқ. Маулен. Көк туы күн шапақты қыран қанат,

Шалқиды ел төрінде нұр салтанат.

Уығын, егемен ел керегесін

Ұстап тұр тұлпар тұғыр «Қарашыңырақ»

Шырқалса «Алтын күн» деп ел Гимні,

Ғажайып құйылады жанға шуақ.


13-оқ. Гаухар. Қазақтың қанында бар жігерімен,

Босадың бодандықтың шідерінен.

Ұрпағым не болар деп жалтақтамай,

Қараймын келешекке мекн сеніммен.

14-оқ. Арафат. Қазақстан Тәуелсіз ел тірегім,

Сен гүлденсең қуанады жүрегім.

Киелі Отан, тура жүріп, топ жарып,

Нұрлы жолда оза шауып түледің.


15-оқ. Есхат. Айта берсем таусылмайды тілегім,

Азияға барыс болар ірі елім.

Түркі елі Түркістанға тәу етсе,

Елбасының үлесі деп білемін!


1-жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан - әлемдік аренадан өз орынын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар ел.

Қазақстан. Тәуелсіз ел – тірегім,

Сен гүлденсең қуанады жүрегім.

Киелі Отан, тура жүріп, топ жарып,

Нұрлы жолда оза шауып түледің.


Ән: «Көк тудың желбірегені»


1-жүргізуші: Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп үлгерді, өзіндік даму жолына таңдау жасады. Арайлап атқан бейбіт таңы бар, асу бермес асқар-асқар тауы бар кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар менің елім - Қазақстан.


Би: 8-сынып


2-жүргізуші. Айта берсем таусылмайды тілегім,

Азияға барыс болар ірі елім.

Түркі елі Түркістанға тәу етсе,

Елбасының үлесі деп білемін!

1-жүргізуші: Сонымен, бүгін дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, әлемге әйгілі болып, Тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған күніміз құтты болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болсын!


2-жүргізуші: Елімнің ерлік пен өрлікке толы тарихы, оның ертеңгі үлкен де жарқын болашағы көз алдыма елестейді. Ұлы даламды жайлаған тәуелсіз елдің азаматы екенімді, ел алдындағы мәңгілік өтелмес борышымызды айшықты сөзбен кестелеп айтып бітіре алмаспыз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың екінші бөлімі 7-сынып оқушыларының бүгінгі мерекеге арналған

тәрбие сағатымен жалғасады.



1-жүргізуші: Отан!- деген сөзім қандай әдемі!

Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.

Тандандырды жан-жағымды – бай өлке,

Қарапайым, кең дастархан, әдебі.

Атам қазақ аңсағаны еркіндік,

Сақтау үшін азаттыққа бекіндік.

«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар,

«Татулықтың символымыз сертім нық», - деген сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.


2-Жүргізуші: Назарларыңызға рахмет! Сау-саламатта болыңыздар»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ел т?уелсіздігіне 24 жыл"

Автор: Т?рсын?азы Маржанг?л

Дата: 15.12.2015

Номер свидетельства: 266521


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства