Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың есеп туралы алған білімдерін кеңейту,ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
Оқушыларды адамгершілікке,ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат,житондар
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
-Балалар , бүгін айдың нешесі? Аптаның қай күні? Қазір қай сабақ?
Жақсы, қазір мына суреттердегі бұлттарға назар аударыңдар. Сендерге қай бұлт ұнайды?
1 бұлт -көк түсті, жайбарақат қалыпта.
2 бұлт -ашық көгілдір, көзі күлімсіреп тұр.
3 бұлт -қара көк, ашулы.
Өздеріне ұнаған бұлтты көрсеткенде, балалар шапалақтайды (3 рет)
-Балалар, барлықтарыңның көңіл -күйлерін жақсы екен.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІ. "Кім жылдам?" ойыны
Математикалық диктант. / ауызша орындалады/
1. 7+2=9
2. 5+3 =8
3.8-3= 5
4.4+4= 8
5. 9-2=7
6. 6-3= 3
7.10-8=2
8.7+3=10
9.5-1=4
10.9-8=1
(оқушыларға житондар беру)
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Балалар бүгінгі сабағымызда қонақтар мен қатар "Мақта қыз бен мысық" бар.
Біз Мақта қыз бен мысыққа және қонақтарға математикадан алған білімдерімізді көрсетейік. Олай болса, алдымен сергіп алайық...
Ой қозғау
«Қызықты математика»
1 қатарға:
Саянда болды 8 алма
Сайданға берді 4 алма.
Ойланып, кәне , көрейік -
Саянда қалды қанша алма? 8 -4 =4
2 қатарға:
-Бәйгеге шықты жануарлар
-Алға шықты бесеуі.
-Қосылды оған екеуі
-Мәреге келді нешеуі? 5 +2=7
3 қатарға:
-Айманда болды бес алмұрт,
-Әселге берді екі алмұрт.
-Айманның қалды қолында
-Неше алмұрт тез ойла? 5-2=3
Дәптерде жұмыс
Наурыздың 14-і.
Класс жұмысы.
Қайталау
Көркем жазу.
Жұмбақты шеш
-Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Мысық Мақта қызға келмейді.
-Келмесең келме!-деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
-Неге шақырдың?-деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
-Ендеше қатығыңды төгем!-дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
-Апа,апа,құйрығымды берші!-дейді.
Мақта қыз:
-Менің қатығымды төле!-дейді.
Оқулықпен жұмыс.
-Балалар, есеп туралы не білеміз?
-Есептің шарты,сұрағы,шешуі,жауабы болады.
№1
Ағашқа 6 торғай және одан 2-еуі кем кептер қонып отыр. Кептер нешеу?
А)Торғай-6
Кептер-? 2-еуі кем
Шешуі: 6-2=4(к.)
Жауабы: 4 кептер
Ә)Торғай-6
Кептер-4 ? кем
Шешуі: 6-4=2 (к.)
Жауабы: кептерлердің торғайлардан 2-еуі кем
-Бұлар кері есеп болып табыла ма?
№2
0+8=8
1+7=8
2+6=8
3+5=8
4+4=8
5+3=8
6+2=8
7+1=8
№52 негізгі мектеп
Тақырыбы: Қайталау
Өткізген: Қарабаева А.Н.
2014-2015 оқу жылы