Сабақтың мақсаты: Оқушыларға есеп туралы білім бере отырып, есептердің шартын сұрағын шешімі мен жауаптарын салыстыру арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай білуге үйрету.
2) Қосу мен азайту амалдарының өзара кері амалдар екендігін ұғындыру арқылы компоненттерді дұрыс атауға машықтандыру.
3) Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке баули отырып, өз уақыттарын тиімді пайдалануға, бос өткізбеуге тәрбиелеу.
Неліктен ? / себебі есептің шарты, сұрағы, шешуі және жауабы болады.
Есеп деген не?
Ендеше оқулықтың 102 бетіндегі есептерді оқып, оларды шығарайық.
1 есеп: а) Үйде 9 бала болды. 3 бала далаға шықты. Үйде неше бала қалды?
Есептің қысқаша жазылымы
Болды - 9 Шешуі: 9 – 3 = 6
Шықты- 3 Жауабы үйде 6 бала қалды
Қалды нешеу-?
ә) Болды - 6
Кірді 3 бала
Үйде 9 бала қалды
Есептерді салыстыру:
Екі есепте де үйдегі болаған балалар жөнінде. Бірінші есепте үйде наше бала қалғаны белгісіз? Екінші есепте үйде неше бала болғаны белгісіз?
Сондықтан да екі есептің шығарылу жолдары әртүрлі болады.
Есептердің шешімі мен жауабын тақтаға орындату, дәптерлеріне жазып алу.
Сергіту сәті (жаңылтпаш)
2. Мысал: Тақтада орындату.
Қосындының мәні 6,7,5 болатын қосылғыштарды жазу .
Есет атам ет асатар , ет асаптаса бес асатар..
Математикалық жұмбақ:
Айқаста екі толық,
Тұрады жоқты сұрап
Бұл не? Х
Белгісіз қосылғышты, азайғышты табуға теңдеулер шығару?
х + 3 = 9 4 + х = 7 х - 3 = 5
Геометриялық басқатырғы
Суретте неше үшбұрыш сызылып көрсетілген ? 8 үшбұрыш
3 мысал. Өзіндік жұмыс
10 1 = 9 6 2 = 8 8 1 = 7
7 2 = 9 5 1 = 4 9 1 = 10
Топшамамен жұмыс.
Сіреңкелі басқатырғыш.
1 сіреңкенің орнын ауыстыру арқылы, мысал 6 – 2 = 4 деп мысалды дұрыстауға болады.
Шығармашылық тапсырма : № 4
Қандай фигура жетпей тұр?
ІV. Қорытынды.
Есеп деген не? Есеп құрастыр .
Ол неліктен есеп
V. Бағалау
VІ. Үйге: Өзіндік жұмыс № 1 -4 (34 бет)
.
Болдырев негізгі мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Есептің құрамы
Орындаған: Г.А.Бектасова
Тақырыбы:Нұрлы жол- халық болашағы .
Мақсаты: Бүгінгі Қазақстанның жарқын болашағы туралы әңгімелей отырып, оқушыларды мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауымен, оны іске асыру жолындағы бағыт- бағдарымен таныстыру . «Нұрлы жол» жобасы туралы ұғындыру. Отанға , елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Еліміздің патри
оты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:карта, рәміздер, суреттер
Сабақтың бөлімі:І .Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбері
Күн жылуын аямасын,
Шуағымен аяласын,
Достық атты бәйтеректі,
Барлық бала саяласын.
ІІ. Негізгі бөлім. 1) Әнұранды орындау.
Сұрақ жауап
Балалар , біз қандай елміз?
Егемендігімізді айқындайтын нелер?
Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды ?
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? т.б.
3) Картамен жұмыс
( Қазақстанның шекарасын, Астана қаласын көрсету)
4) Кіріспе
Қазақстан Республикасы 23 жылдың ішінде қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық .Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз құрмет, мақтаныш сезімі бар. Бүгінгі Отанымыздың жетістігі- әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы . Күшті, қуатты, мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен тұрақты экономикалық өсуімен айналысады. Президентіміз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауында отбасылық әл- ауқат, қауіпсіздік , баспана, әке мен ана қуанышы, ата- ана денсаулығы, балалардың бақыты, ертеңгі күнге деген сенім жалпыхалықтық жетістікке жету жолдарын ашуды мақсат етті. Елдің бірлігі, берекесі арқасында биіктерді бағындырдық. Біздің басты байлығымыз- ел бірлігі- табыстарымыздың кілті болып табылады. Біздің еліміз бұған дейін де небір сынақтан сүрінбей өтті. Нұрлы жол- бұл келешекке сенімді, аршынды қадам деген сөз «Жол» деген ұғым өмір тіршілік» деген түсінік қалыптастырды.
(Қаржының қандай бағытта жұмсалу керектігі жөнінде айта кету)
Шағын және орта бизнесті , машина жасаудағы , қызмет көрсету саласындағы жобаларды жүзеге асыруды.
Банк секторын сауықтыру «жаман» несиелер сатып алу үшін
Жаңа инвестициялар тарту үнемі тиісті жағдайларды жақсарту 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрлысын аяқтауы.
Төртінші: Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық пен су және жылуымен қамтамасыз желілері инфроқұрылымдарын жаңғырту.
Бесінші: Тұрғын үй инфроқұрылымдарын нығайту
Алтыншы: Әлеуметтік инфроқұрылымдарды дамыту
Жетінші: Шағын және орта бизнесті іскерлік белсенділікті қолдау.
Қорытынды бөлім:
Президентіміз «Нұрлы жол» жобасының мақсатын қалай айқындап берді?
Осы жоба жүзеге асқанда елімізді қалай елестете аласыздар?
«Ой толғау» (өз ойларын айтады)
«Менің Отаным» атты әнімен аяқтау.
Болдырев негізгі мектебі
Тәрбие сағаты:
Тақырыбы:
Нұрлы жол- халық болаш
Орындаған: Г.А.Бектасова
Сабақтың тақырыбы: Әліппеге мың алғыс!
Мақсаты: Балалардың әліппеге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру. Оқушылардың білім деңгейін саралап, үйренген өнер, оқу тәрбие жұмысын көрсету. Туған жерді, елді, Отанды сүюге қорғауға тәрбиелеу.
Көрнеклігі: Әліппеге рахмет!
«Қош сүйікті Әліппем! Сөздері жазылған плакат, шарлар, даналар суреттері, нақыл сөздер.
Өтілу барысы:
Мұғалім; Құрметті оқушылар , ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер бірінше класс оқушыларының алғаш рет қолдарына алған әріп таныған оқулығы» Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгіліке келіп отырсыздар. Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген ( оқушылар) бүлдіршіндер, пайда болып, білім өлкесіне басқан алғашқы қадамдары құтты болсын !
Жеміске құты тола ма?
Бір – бірлеп теріп қоя ма?
Әп –сәтте шыға қоя ма?
Еккен дәнін ойласаң?
Білім де , сондай қарағым!
Біртіңдеп сіңір ойыңа
Ұғып ал білім боларын
Шамшырағың жолында
Көре ойнаған бұлақтың
Том- том қалың кітаптың
Басы болар «»Әліппең»- деп ақын Мұзафар Әлімбаев ағаларымыз жырлардағыдай , бұл білімнің , ғылым іші толған әріпке
Білімдіге жарық не?
Бәрі: Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті Әліппе!
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат
«Әлеппені» ортаға шақырайық
Бәрі: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе: Саламетсіңдер ме балалар!
Оқушылар: Сәлеметсіз бе (бала) әліппе!
Әліппе: Армысызлар жас достар!
Армысыздар ата –ана
Болашаққа жол бастар
«Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі ғажаптың
Басталады сендерден
Жақсы білім нәрімдеп
Болсын бізге халайық
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық.
Балам, ең алғаш қолымызға қызықтап ұстаған кітабымыз қандай кітап.
Бәрі: Әліппе кітабы.
Әліппе: Осы Әліппенің алғашқы бетінде қандай алғы сөз жазылған?
Оқушы: Айналайын қолыңдағы (алғашқы) әсем кітап «Әліппенің »- аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы , білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын.
Ернар: Еңбегіңмен алғаш білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.
Шахназ: Деп жазған Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев
Думан: 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының президенті болып қабылданды.
Әліппе: Әліппе оқулығын жазған тұңғыш ағартушы кім№
Ыбырай Алтынсарин.
Ал , енді балалар, әліппені шығарып салайық.
Бәрі: Хош бол, құтты Әліппем!
Ән орындалады:
Математика келеді: Сәлемет пе, достарым
Сабағы боп, жоспардың
Төрт амалды қолданған
Математика - достарың
Кане, қалайсың жүйріксің?
Екі сиырдың мүйізі нешеу?
Үш қаздың аяғы нешеу?
Екі қоянның құйрығы нешеу?
Екі бүркітте қанша қанат бар?
Ең кіші натурал сан қандай?
Ең үлкен натурал сан ше?
Ана тілі.
Армысыңдар жас достар! Менің атым «Ана тілі» Енді мені оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрмені үйренесіңдер.
Ана тілім менің
Әлдилеген әнім,
Ана тілім – демім
Ана тілім- жаным.
Оқушылар: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Мұғалім – Рахмет, балалар, рахмет! «Әліппе» сендерге тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір- біріңмен достыққа, жоллдастыққа, мектеп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті . Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!