Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Негіздер, оларды? ??рамы ж?не жіктелуі (8-сынып)»
Мұхамбетқалиева Гүлдана Бауыржанқызы,
КМУ –нің химия мамандығы
бойынша IV курс студенті,
Көкшетау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Негіздер, олардың құрамы және жіктелуі. (8-сынып) Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Суда еритін негіздер-сілтілер мен ерімейтін негіздердің химиялық қасиеттерін салыстыра сипаттау арқылы білім, білік дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылығы: Білімді жүйелеу арқылы алған білімдерін тереңдету, танымдық тапсырмалар арқылы есте сақтау қа
білеттерін, сындарлы ойлау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелігі: Ұжымдастыққа, ептілікке, жағдаяттан шыға білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері: Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сатылай кешенді талдау, АКТ. Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, танымдық тапсырмалар, плакаттар, маркерлер, стикер, смайликтер.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту Пәнаралық байланыс: биология, география, математика, экология, педагогика Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
оқушылармен амандасу
оқушылардың тізімін тексеру
оқушылардың оқу құралдарын тексеру
оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ Үй жұмысына сұрақ: «Қызығушылығын ояту» (сұрақ-жауап әдісі)
Су молекуласының құрамына қандай элемент кіреді?
Судың физикалық қасиетін айт?
Ерітінді дегеніміз не?
Ерітінді концентрациясының формуласы қандай?
Металл атомына су қосқанда не түзіледі?
Оксид дегеніміз не?
Элементтер нешеге жіктеледі?
Негіздік оксидтерге қандай атом жатады?
Қышқылдық оксидтер не жатады?
Оксидтер сумен әреккеттесіп не түзеді?
ІІІ «Мағынаны тану» Жаңа тақырыпты таныстыру (сыни тұрғысынан ойлау)
Тақырыпппен таныспай тұрып мына жаттығуларды орындау. (оқытудың белсенді әдісі)
Оқушыларға металл валенттілігі бойынша негіздерінің формуласын құрастыру тапсырылады. (тақтада түрлі түсті қағаздан жазылған металдар және гидроксотоп көрсетіледі, яғни оқушылар соны құрастырады )
Nа, Са, Ғе(ІІІ), Сu (І, ІІ)
NaOH, Ca(OH)2, Fe(OH)3, CuOH, Cu(OH)2,
Бұдан оқушылар "Негіз дегеніміз әрбір металл атомы бір немесе бірнеше гидроксотоп пен байланысқан күрделі зат" деген ұғымды түсінеді.
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері (сатылай кешенді талдау әдісі, АКТ)