Сабақтың тақырыбы:Есептік және реттік сан есім.
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:
Сан есімнен алған білімдерін пысықтау.Сан есімді сөйлем іші-
нен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
2.Дамытушылық:
Сөз таптарын ажырата білуін, мәнін терең ұғына отырып,таным
белсенділігін арттыру. Ойлау қабілетін, тілдік қорын дамыту.
3.Тәрбиелік:
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, білім ордасын
құрметтей білуге, тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:слайдтар, тірек сызбалар, гулдер, смайликтер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:СТО элементтері, көрнекілік, ойын, талдау,жаттығу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақта қолданылатын стратегиялар: қызығушылықты ояту,мағынаны тану,ой
толғаныс.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Сынып ережесін сұрау.
Қызығушылықты ояту сатысы |
Мағынаны ажырату сатысы |
«Ой толғаныс» сатысы |
«Ой шақыру»әдісі | «Пікірлесу» стратегиясы «Кім шапшаң?» «Ойлан тап!» «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы | 1-қ:Сан есімі бар жұмбақ айту. 2-қ:Сан есімі бар мақал-мәтел айту. 3-қ:Сан есімі бар жаңылтпаш айту. |
2.Психологиялық дайындық.қол ұстасып тұрып, тілек өлеңін хормен айтады.
Біз тілейміз бар балаға,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер - білім нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
14-жаттығу. Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жазу.
К+2+лік, 7+к, тү+1, к+3+ік, жел+90, 6+бақан, 8+көз.
Мысалы. Кекілік, жетік, түбір, күшік, желтоқсан, алтыбақан, сегізкөз.





«Ой шақыру» әдісі.
Үш, бес, оныншы, тоғызыншы
Қанша? Неше? Нешінші?
Заттың санын, ретін білдіретін сөздер
мысал
сұрақтары
ережесі
Сан есім
4.Жаңа сабақ. Есептік және реттік сан есім.

Реттік сан есім Сұрағы:нешінші? Заттардың реттік санын біл діреді.-ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнақтары арқылы жасалады.
Сан есім
(Мағынасына қарай)
Есептік сан есім Сұрағы: қанша? неше? Заттың нақты санын білдіреді.
А)17-жаттығу. «Пікірлесу» стратегиясы.
Мәтінді бір оқушы оқиды. Мәтіннің ішінен сан есімдерді теріп жазу.Сан есімдерді салыстырып, өзгешелігін айту.
Өмірмен байланыс сұрақтары:
-Нешінші сыныпта оқисың?
-Сыныпта нешінші қатарда отырасың?
-Қандай жарыстарға қатыстың?
-Нешінші орынға ие болдың?
Ә)18-жаттығу. «Кім шапшаң?» ойыны бойынша жүргізіледі.
Көп нүктенің орнына есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жазу.Реттік сан есімдердіңқұрамындағы жұрнақтарды тиісті белгімен белгілеу.
бір қатар-бірінші қатар
үш орын-үшінші орын
тоғыз мектеп-тоғызыншы мектеп
алты сынып-алтыншы сынып
Жаттығуды оқушылар өз бетімен орындайды.
Б) Сергіту сәтін ұйымдастыру.
екінші
бірінші
екі
бір
үшінші
жетін
ші
жеті
рет
тік
үш
есеп
тік
бесінші
төртінші

![]()
бес
төрт

![]()
![]()

Есептік және реттік сан есімге байланысты гүлдің күлте жапырақтарын
орналастыру.Гүлдің күлте жапырақтарын орналастыру.
В)20-жаттығу. «Ойлан, тап!»
-Мәтінді түсініп оқу.
-Сан есімдерді табу.
-Сан есімнің қай түріне жататынын анықтау.
-Мәтінге ат қою.
-Мәтіннің неше бөліктен тұратынын анықтау.
-Әр бөлігінің қандай жолдан бастап жазылғанын айту.
Төрт, он екі сандарына байланысты тұрақты сөз тіркесін табу.
Мысалы: төрт құбыла, төрт мезгіл, төрт түлік, он екі ай, он екі мүше, он екі ай т.с.с.
Г)21-жаттығу. «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы.
Отыз екі- бәрі алып,
Тұрар іште қамалып.
Ашылғанда қос есік,
Көрінеді ағарып.
(Тіс)
1-бала: Жұмбақты оқиды.
2-бала:Шешуін табады.
3-бала:Сан есімді тауып, қос сөзін қандай сан есіммен алмастырып айтуға болатынын
табу.
5.Қорытындылау:
1-қатар:Сан есімі бар жұмбақ айту.
2-қатар:Сан есімі бар мақал-мәтел айту.
3-қатар:Сан есімі бар жаңылтпаш айту.
6.Үйге тапсырма:19-жаттығу
Реттік сан есімдерді сөз құрамына талдап жазу.
7.Бағалау. Смайликтер бойынша оқушыларды бағалау.
8.Сабақты аяқтау.