kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Еліміздің рәміздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еліміздің рәміздері жайлы оқушыларға  түсіндіру. 

Елімізідің рәміздері туралы оқушыларға түсіндіру.Оқушыларға рәміздеріді құрметтеуге үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Еліміздің рәміздері»

Тақырыбы: Еліміздің Егемендік белгілері

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұран,елтаңбасы мен туы туралы білімдерін тереңдету.Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге баулу.Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың рухани патриоттық сезімдерін ояту.



Көрнекілігі: АКТ рәміздері

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ -жауап.



Барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлематсыздар ма, балалар!

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

-Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын сіздерге мынадай сұрақ қойғым келеді.

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан мемлекетінде.

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Тәуелсіз,егеменді мемлекет.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болды.

-Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер?

Ешкімге тәуелді емес,дербес,яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет.

-Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл болады?

-ҚР-сының тәуелсіздік алғанына биыл 27жыл болады.

-ҚР-сының мемлекеттік тілі қандай?

-Қазақ тілі.

Мұғалім: Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім Әнұран Ту,Елтаңба,

-Олай болса, балалар, Мемлекеттік рәміздер туралы не білетінімізді ортаға салайық?

Мемлекеттік туға сипаттама беру.

Інжу : Мемлекеттік ту-мерейіміз.Мемлекеттік туымыздың сол жағында ұлттық өрнек салынғ

Бейбарыс : Ортасында алтын түстес күнмен шарықтаған бүркіттің бейнесі бар

Балнұр : Тудың түсі ашық көгілдір, бұл түс адамдық біртұтастықты, көгілдір аспанның бар екендігін көрсетеді.

Ақнұр :Әлем көптеген ұлттар мен діндерге бөлінеді,бірақ аспан олар үшін біреу-ақ.

Гүлдана : Күн-өмір энергия көзі. Сол себепті күннің бейнесі-тіршіліктің бейнесі болып табылады.

Арон : Бүркіт-бостандықтың,биікке ұмтылудың, болашаққа қол созудың белгісі, жас тәуелсіз Қазақстанның өркениет биігіне ұмтылуын білдіреді.

Айқын : Тудың ұзындығы-2 метр, ені-1 метр.

Айбар : Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР-сының сыйлығының лауреаты,еңбек сіңірген суретшісі.

Ту туралы өлеңдер білеміз бе?

 Еліміздің жалауы

Желбірейді аспанда.

Бар әлемге танылып,

Биік тұрар қашанда!



Елтаңба туралы не білемі

Мұғалім  Елтаңба толық шеңбер кескінін береді.Ол тіршілік,мәңгілік белгісі.

Шаңырақ-отбасы амандығының бейбітшілік пен тыныштық айғағы,елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымағының белгісі.

Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған оны аңыз-әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр.

Жылқы-пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар.

Елтаңбаның жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екенін көрсетеді.

 Ал көк түс аспан барша әлемнің халықтарына ортақ деген сөз.

Бұл біздің жер бетіндегі барлық елдермен бейбітшілікте,достық пен бірлікте, өмір сүргіміз келетіндігін баяндайды.

Елтаңбаның авторлары: Шот-Аман Уәлиханов

ҚР еңбек сіңірген архитекторы,ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жандарбек Мәлібеков- сәулетші.

Мемлекеттік Әнұран туралы не білеміз ?

Мемлекеттік Әнұран- халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес.

Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейілімізді, досқа ашық құшағымызды еркіндікке құштар, кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан.

Мемлекеттік Әнұран-егеменді еліміздің туы мен елтаңбасының сазды баламасы.

2006 жылы ҚР-сының жаңа әнұраны қолданысқа енді.

Әнұранның сөзін жазған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.

Әнұранның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар,болмаған деп-Әнұран.

 Әні сөзбен толығып,

Маздар бойда мол үміт.

Намыс, жігер жұптасқан,

Ол-Әнұран зор рух!

Оттай жанып жанарым,

Одан қуат аламын.

Әнұран

Ол тынысы,

Кең жазира даламның,

Қастерлемес даңқын кім?

Қастерлемес салтын кім?

Әнұраны елімнің

Үні, тілі халқымның.



 Конституция-елдің басты құжаты.Бұл-мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын Заңдар кітабы.Онда азаматтардың құқығы мен міндеттері жазылған.




Астрахан ауданы

Жамбыл орта мектебі»ММ»








өткізген : Жақыпова Л.К


саб түрі: сынып сағаты.

















2017-2018 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Еліміздің рәміздері

Автор: Жакупова Ляззат Кайркелдіқызы

Дата: 20.04.2018

Номер свидетельства: 466990

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Елімізді? еркіндігі- Т?уелсіздік"
    ["seo_title"] => string(37) "ielimizdin-ierkindighi-t-uielsizdik-1"
    ["file_id"] => string(6) "287205"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454436418"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Елімізді ерте?іне жетелеген елбасы "
    ["seo_title"] => string(46) "ielimizdi-iertien-inie-zhietielieghien-ielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "179092"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424945381"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "«Конституция – елімізді? ата за?ы» "
    ["seo_title"] => string(34) "konstitutsiia-ielimizdin-ata-zan-y"
    ["file_id"] => string(6) "218516"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1433827837"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) ""Т?уелсіз елімізді?- т??ырлы Президенті""
    ["seo_title"] => string(37) "tuielsizielimizdintugyrlypriezidienti"
    ["file_id"] => string(6) "281736"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453573075"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Еліміздің рәміздері."
    ["seo_title"] => string(21) "ielimizdin_r_mizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "374605"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483077473"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства