Сабақтың тақырыбы Еліміздің рәміздері.
Сабақтың мақсаты:.Әліппе оқулығы,оының авторлары және берілетін білім негізін ұғындырады..Қазақстан республикасы,Елбасы, еліміздің рәміздері туралы түсінік беру және оның мән-мазмұнын жете түсіндіреді.
Сабақтың көрнекілігі: Елбасы-Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті.Мемлекеттік рәміздер.
Сабақтың әдісі: Оқу-танымдық әдіс
Сабақтың мазмұны:
І.Қызығушылықты ояту
А) Шаттық шеңбері
Ә) Оқушылармен танысу,өз аттарының бастапқы әріптеріне сәйкес қандай сұрағына жауапты сөздермен танытады.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Мағынаны тану:
А) Сөзжұмбақ шешейік:
1.Қала 1.Биік ғимараты бар орталық
2.алма 2.тәтті жеміс
3.зерек 3.Ынталы
4.ақ 4.Қара түсіне қ/қ
5.қазақ 5.Біздің ұлтымыз
6.Сан 6.С-дан келетін сан
7.Үй құсы 7.Тауық
8.аң 8.Жануар
9.нан 9.Қасиетті тағам
Сөзжұмбақтың бастапқы әріптерінен шыққан сөздерді оқимын.Қазақстан
Ә) Миға шабуыл:
-Біздің республикамыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы
-Елордамыз қай қала
-Астана
-Елбасымыз кім?
-Біз өзге елдерден немен ерекшеленеміз?
-Рәміздермен
-Ел рәміздерін атайық:
Әнұран Рәміздер Ту
Елтаңба
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Әнұран хормен орындалады.
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі:
IV.Ой толғаныс:
Кубизм әдісі:
1.Қай оқулықпен таныстық?
2.Әліппе оқулығының авторларын ата:
3.Біз қай мемлекетте тұрамыз?
4.Ел басымыз кім?
5.Елордамыз қай қала?
6.Ел рәміздерін ата
"Көк тудың желбірегені" ән
Бағалау қол шапалақтау әдісі