Күні: 17.02.2017 ж Сынып: 1 «А» | Барлығы: 19 бала Қатысқандар саны: 19 Қатыспағандар саны:- |
Мұғалім: | Кусаинова А.Б. |
Сабақ: 124-125 Сабақт ың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі | Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
Сабақтың мақсаттары | - Я дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету. - Я дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой — өрісін, тілін дамыту. - Бірігіп жұмыс істеуге, бірінің пікіріне бірі зер салып тыңдауға тәрбиелеу. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым, бейнежазба. |
Тілдік құзыреттілік | Шаян-рак-canсеr Қоян-заяц-hare Қияр-огурцы-cucumbers Ұя – гнездо-nest |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 8 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлеметсіңдер ме!Здравствуйте! Hello! Сәлем саған көк аспан. Сәлем саған алтын күн, Сәлем көрші, сәлемінді қабыл алшы, Жабырқамай күлімдеші. Тамашағой күнімдеші. Отырындар. Сыныпта кім жоқ? Балалар, бүгін сабағымызда әдеттегідей топпен жұмыс істейміз. Топпен жұмысты бастамай тұрып, топта жұмыс істеудің ережесін ойымызға түсірейікші. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру -Біз соңғы рет қандай әріппен таныстық? «Һ» дыбысы мен әрпі. -«һ» әріпі кездесетін қандай сөздерді білеміз? (қаһарман, гауһар,жиһаз,шаһар) Үйге «һ» әріпіне берілген сөздерді әр топтан бір-бір оқушыдан оқып шықсын. | Шаттық шебері |
Сабақтың ортасы 16 минут | ІІІ. Жаңа сабақ Балалар, мысалы тақия,қияр,аяз,қария деген сөздерде бізге қандай әріп таныс емес. Ендеше балалар, бүгін біз сендермен жаңа «Я» әрпімен танысамыз. Ең алдымен таныспас бұрын, жасырын сөзді анықтайық. (Шаян) Ендеше осы жасырын сөзді үш тілде айтайық. (Шаян-рак-canсеr) «Шаян» сөзі неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстан тұрады? Ал, қазір балалар экранға назар аударамыз. «Я» әріпін таныстыруға арналған бейнежазба. Оқылым. Жаңа сөздерді таныстыру, оқу. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс, АКТ қолдану |
Сергіту сәті 1 минут | Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз (Бейнежазбадан қайталау) | Сергіту сәтіне арналған жинақ Бейнежазба |
Аяқталуы 10 минут | ІV. Жаңа сабақты бекіту Дәптермен жұмыс (Яя әрпінің баспа және кіші әрпін жазғызу) Балалар қазір біз бір бейнежазба көреміз. Онда бір ертегінің кейіпкері жасырылған. «Алдаркөсе мен бай баласы» ертегісі туралы бейнежазба көрсету. Сонымен балалар, бұл бейнежазбада қандай кейіпкерді көрдік? (Алдаркөсе мен бай баласы) «Алдаркөсе мен бай баласы» мәтінің оқимын, мұқият тыңдаймыз. Ал, енді балалар осы мәтіндегі біздің ұлттық кейірпкерлеріміз қалай бейнеленген, сипаттама берейікші. 1. Мәтіннің ішінен «Я» әріпі бар сөздерді табамыз. «Жаяу,таяғым» сөздеріне дыбыстық талдау жасаймыз. 2. Балалар бүгін қандай әріппен таныстық? Дұрыс айтасыңдар. 3. Ішінде «я» әріпі кездесетін қандай сөздерді білеміз? (Қоян,шаян,аяқ,қияр,аяз т.б.) 4. «Я» әріпінің ерекшелігі неде? ( й+а қос дыбысының көмегі арқылы жасалуында) й Я а | Оқулық, дәптерлер |
Қызықты тапсырма 8 минут | -Әр топ берілген әріптер бойынша сөздер құрастырып, артық әріптерді алып тастау керек. 1-топ: Бояу, й,а 2-топ: Жаяу, а,й 3-топ: Қияр, й,а | |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
| Смайликтер |
Инсерт әдісі | Не білемін: Не білдім: Қандай әсер алдым: | |