Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Х дыбысы ж?не ?рпі" Сауат ашу ж?не жазу п?ні.»
Сауат ашу және жазу негіздері. Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы және әрпі. Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды х дыбысы мен әрпімен таныстыру. 2. Оқушылардыңой - өрісін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту. 3. Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: бейне таспа, суреттер, слайдтар. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. «Ойлан, тап» ойыны.
Ойынның шарты: доп лақтыру арқылы сұрақ қою, допты кері беру.
-Сауат ашу оқу іс-әрекетінде нені үйренеміз?
-Дыбыс деген не?
-Біз дыбысты қайтеміз?
-Әріп деген не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Қандай болып?
-Жарайсыңдар, балалар!
-Ойын ұнады ма?
II.Өткен сабақты қайталау.
Әріптерді қайталау.
III. Жаңа сабақ. Өтілетін жаңа дыбысқа байланысты жұмбақ шешу. Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жүрмейтұғын жолы жоқ.
(хат) «Хат» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Х - дауыссыз дыбыс, А - дауысты дыбыс, Т - дауыссыз дыбыс.
IV.Сергіту сәті. «Қызыл өрік» бейне жазба.
1 - тапсырма.
Хабар, халат деген сөздерге дыбыстық талдау жасау.
2 - тапсырма. Буынға бөлу.
Х әрпінен басталатын суреттерді көрсету. Балалар оқулықтан не көргендерін айтады. Мысалы: хат, дәріхана, шахмат.
- Неше буын бар? - Төрт буын бар. (Балалар буындағанда қолдарын шапалақтап отырып, неше буын бар екенін санайды) т. б жалғаса береді. Ем - ха - на, Қы - мыз - ха – на, хат, шахтер. - Балалар, Х дыбысы сөздің басында да, ортасында да және аяғында кездеседі. (Көптеген сөздер айтып, түсінік беру.) Хабар, Хор, хат - х дыбысы сөздің басында орналасып тұр. Шахмат, Ахмет, рахат - х дыбысы сөздің ортасында орналасып тұр. Ах. Шах, пух - х дыбысы сөздің аяғында кездесіп тұр.