(Ұ) Ой қозғау Жұмбақтар шешу К дыбысы бар сөздерге жұмбақ шешкізіп, жауабын 3 тілде айтқызу -Адамға серік, Күзетке берік (Күшiк-щенoк- puppy) - Қабат-қабат қаттама Ақылың болса аттама. (кітап - книга- book) -Жапырақты бояды, Атырапты бояды. Бояп-бояп барлығын Сап-сары ғып қояды. (күз - осень- autumn) - Балалар, «күшік, кітап, күз» деген сөздерде бізге таныс емес дыбыс қандай? -Сөздер қай дыбыстан басталған? «К»дыбысы Дұрыс айтасыңдар! -Бүгін біз сабақта К дыбысымен танысамыз. (М.К.Ұ)Айтылым Қане бәріміз «к» дыбысын айтып көрейікші. -К-К-К-К-К -К дыбысын айтқанда ауыз қуысында кедергі болды ма? - Олай болса Кк қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыс. - Жарайсыңдар! (Ұ) Оқулықпен жұмыс. -Суреттен нені көріп тұрсыңдар? -Күшік. - Ендеше «күшік» сөзіне дыбыстық талдау жасайықшы. - «Күшік» сөзінде 5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын, 2 дауысты дыбыс, 3 дауыссыз дыбыс. -К дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұр? - Басында және аяғында. - Жарайсыңдар, өте керемет! (Ұ.)Оқылым -Балалар, суретке қарайықшы.Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? -Күз мезгілі. -Күз мезгілі екенін неден білдік? -Ағаштағы жапырақтар сарғайғ (Т)«Өз бетінше оқу» әдісімен (Оқылым) Кісі кеме терек кеше ерлік ескі кіші кесе шелек кесте Ме ре ке ешкі (Ө) Модельденген жазылым Дәптермен жұмыс. Оқушылар өте әдемі жаздыңдар, жарайсыңдар! Өзін-өзі бағалау. Өте дұрыс! Жарайсыңдар! (кері байланыс) Сергіту сәті Qara Jorga - K'ara Zhorg'a - _ара Жор_а - With Lyrics.mp4" (МК.Ұ.Д) Жаңылтпашты жатқа айт Шеше, шеше, Неше кесе Сынды кеше? (Д) «Кофе таяқшалары» әдісі Жарайсыңдар!Кереметсіңдер! (Д) Элективті тест 1. К дыбысы қандай дыбыс? А) дауысты В) дауыссыз С) дауысты да, дауыссыз дыбыс 2. Мереке сөзінде к дыбысы нешінші буынында келіп тұр? А) үшінші В) екінші С) бірінші 3. Сөздерден не құралады? А) сөйлем В) буын с) дыбыс Критериалды бағалау ҚБ Бағалау критерийі: Сөзді буынға бөледі. Сөздегі буын санын анықтайды. (Д) Тапсырма Заттардың атауын буынға бөліп айтыңыз. Сөзде неше буын бар? Буынның санын цифрмен жазыңыз. Дескриптор: Білім алушы - заттың атауын буынға бөліп айтады; - сөздегі буын санын анықтап, жазады. Оқушыларға кері байланыс беремін: Жарайсың! Керемет! Саралау тапсырмасы. (Д) «Серпілген сауал» А. «Қолдауды көп қажет ететін» К дыбысы бар сөздерге мысал келтіріңіз В. «Қолдауды орташа қажет ететін» К дыбысынан басталатын адам есімін айтыңыз С. «Қолдауды аз қажет ететін» Кеме сөзіне сөйлем құрастырыңыз «Қолпаштау, мадақтау» әдісі арқылы оқушыларды қолдап отырамын. Өте тамаша! Бәрекелді! |