kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ылыми жоба реферат

Нажмите, чтобы узнать подробности

    ?АЗА?СТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫ? БІЛІМ Ж?НЕ ?ЫЛЫМ МИНИСТРЛІ

МА??ЫСТАУ ОБЛЫСТЫ? БІЛІМ БАС?АРМАСЫ

    «ДАРЫН» ОБЛЫСТЫ? ?ОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫ?Ы

М?НАЙЛЫ АУДАНЫ №5  ОРТА МЕКТЕП

Авторы:    Укенова Г?лшат

                    10 «Б» сынып о?ушысы

Жоба та?ырыбы: Т?рмысты? сар?ынды суларды? ??рамы ж?не оны  тазарту жолдары

 Ба?ыты: Таза таби?и орта  - «?аза?стан – 2030» стратегиясын

                       іске асыруды? негізі

Секциясы: Экология

Жетекшісі:  Сауытбаева  Сулушаш ?алдыбаевна

                     Химия п?ніні? м??алімі

?ылыми жетекшісі:

                                      А?тау -2015

                             Аннотация

Зерттеу  ма?саты:   Т?рмысты? сар?ынды суларды? ??рамын аны?тай отырып оны  тазарту жолдарын ?йрену ж?не ?сімдіктерге ?серін тигізу.

Жобаны? ?зектілігі: Т?рмысты? сар?ынды суларды т?ндыру ?дістері ар?ылы тазартып, аула ?сімдіктерін суару ?ажеттілігіне айналдыру.

Зерттеу ?дістері: ?ылыми зерттеулерге с?йене отырып, т?рмысты? сар?ынды суларды?  ??рамын ж?не тазарту жолдарын зерттеу, оны аула ?сімдіктерін суару?а   жарамдылы?ын  д?лелдеу.

Зерттеу болжамы: Т?рмысты? сар?ынды суларды пайдалана отырып,  ауланы к?галдандыру ж?мыстарын ж?зеге асыру.

Зерттеу кезе?дері:

  1. ?ылыми жобаны? ??рылымын жасау
  2. Жалпы ?дебиеттерге шолу жасау.
  3. Т?рмысты? сар?ынды суларды тазарту ?дістерімен танысу
  4. Сар?ынды сулармен  ?оректендіру  ?шін  ар?ылы  тазарту  ?дістерін  ?йрену
  5.  ?ылыми  жоба  бойынша  эколог  мамандармен  пікірлесу.

                                                                                               Ма??ыстау облысы, М?найлы ауданы, № 5 орта мектебіні?

10- сынып о?ушысы  Укенова Г?лшатты?  « Т?рмысты? сар?ынды суларды? ??рамы ж?не тазарту жолдары» та?ырыбында?ы ?ылыми ж?мысына

Пікір

 

            Укенова Г?лшат «Дарын» ?ылыми - практикалы? конференция?а ?сынып отыр?ан «Т?рмысты? сар?ынды суларды? ??рамы ж?не тазарту жолдары» атты ізденіс ж?мысында ?азіргі кездегі зерттеу ба?ыттарына с?йене отырып, адам іс-?рекетіні? н?тижесінде пайда бол?ан т?рмысты? сар?ынды сулар, оны? зардаптары, су ресурстарыны? экологиясын ?амты?ан.

          ?о?ам адамзат?а ?ажетті  ауыз сумен ?амтамасыз етуде, ал оны пайдалан?аннан кейін жарамсыз болып ?ал?анда?ы зиянын, сонды?тан оны тазартып ?айтадан пайда?а асыруды проблемалы?  м?селе ?ылып к?терген, ойын ?рт?рлі деректермен д?лелдеуге тырыс?ан.

         Біріншіден, ауыз суды тиімді пайдаланып, т?рмысты? сар?ынды суларды тазартуды? ?олайлы жолдарын іздестіру, су тазарту станцияларын салу.

        Екіншіден,  сар?ынды суларды тазарту ар?ылы ауланы к?галдандыру ж?мысына пайдалану туралы ?з ?сыныстарын айт?ан.

Таби?ат санитарлы? –гигиеналы?, экологиялы? жа?ынан тазарып, елімізге экономикалы? пайда ?келетіндігін о?ушы осылай т?жырымда?ан. О?ушы ж?мысын ?ада?алау барысында ?ылым?а деген ерекше ?ызы?ушылы?ын бай?адым. Алда?ы ізденіс ж?мыстарына с?ттілік тілеймін.

 

М?найлы ауданы, №5 орта мектебіні? 10- сынып о?ушысы                                                             Укенова Г?лшатты? « Т?рмысты? сар?ынды суларды?

??рамы ж?не  тазарту жолдары»  та?ырыбында?ы

?ылыми ж?мысына

ПІКІР

         Укенова Г?лшат?а 8- сыныптан бастап химия п?нінен саба? беріп келемін. ?те зерек, ізденімпаз, тере? ойлы да тияна?ты о?ушы.

       ?ылыми зерттеу ж?мысымен  9- сыныптан бастап айналысады.

       Осы?ан дейін мектепшілік олимпиадалар?а ?атыстып, ж?лделі орындар?а ие болып ж?р.Сонды?тан мектеп жасында?ы жас ?алымны? болаша?ынан ?лкен ?міт к?туге болады.

 « Т?рмысты? сар?ынды суларды? ??рамы ж?не тазарту жолдары»» атты  та?ырыпты  та?дады.  Укенова Г?лшат ?з ж?мысында к?п ізденген, ?ылыми ?дебиеттерге шолу жаса?ан, толы? деректер жинай білген. Мамандармен с?хбаттасып, ?азіргі уа?ытта?ы сар?ынды суларды тазарту жолдары туралы м?ліметтер жина?ан. Облыс аума?ында орналас?ан экома??ыстау мекемесіне барып, т?рмысты? сар?ынды суларды пайда?а асыру ж?нінде эколог мамандармен ??гімелескен. К?нделікті т?рмыста ауыз су, кір жуу?а, ыдыс-ая? жуу?а пайдалан?ан сулар сар?ынды су т?рінде, арнайы  ??ды??а жиналады. Б?л ?орша?ан орта?а зиян.Химиялы? ?оспаларды? жиынты?ы саналатын т?рмысты? сар?ынды суларды тазарту ар?ылы ауланы к?галдандыру?а ж?мсаса?, суды тиімді пайдалану?а болатынын зерттеген. О?ушы  ?ылыми жобасы ар?ылы ?зін адамдарды? денсаулы?ы ала?дайтынын, таби?атты? ?рбір байлы?ын тиімді, ?алды?сыз пайдалану ма?ызды екенін  деректер мен д?лелдей білген.

     Келешекте   ??р?а?шылы? ?лкесі саналатын Ма??ыстауда суды тиімді пайдаланып, ?лкемізді? г?лденуіне  азда болса  ?з ?лесін ?осатынына сенімдімін.

Жетекші:                    Сауытбаева С?лушаш ?алдыбай?ызы

                  Химия п?ні м??алімі  

                     І. Кіріспе

      Су  адамзатты?  ?мір  с?руін  ж?не экож?йелерді?  т?тасты?ын  ?амтамасыз етуді?  басты  таби?и  компоненті  болып  табылады. Сонымен  бірге, су ресурстары ?о?ам дамуыны? ?ажетті факторларыны? бірі. ?азіргі ?олда бар су ресурстары мен олар?а деген ?ажеттілік арасында?ы те?герімні? б?зылуы орны?ты ?леуметтік-экономикалы? даму жолында?ы кедергі болып табылады.

       Елді? ана??рлым ?ткір су проблемалары су?а деген тапшылы?ты? ?суі, жер ?сті ж?не жер асты суларыны? ластануы, орасан зор, нормативтен тыс су шы?ындары, халы?ты таза ауыз сумен ?амтамасыз етудегі бар проблемалар, мемлекет   аралы?  су б?лу проблемалары, климатты? ?згеруі салдарынан су ресурстарыны? сар?ылу ?ауіпі болып табылады.

       Су ресурстарыны? жылды? ?рт?рлі сулылы?ын ?аза?стан экономикасыны? ?ажеттілігімен салыстыру жекелеген ??ірлер бойынша да, т?тастай республика бойынша да суды? ?ткір тапшылы?ыны? бар екендігін к?рсетеді. ?аза?станда?ы су ресурстарыны? тапшылы?ы таби?и байлы?тарды игеруді, ?ндірістік к?штерді? дамуын ж?не т?тастай экономикалы? ?суді тежейтін айтарлы?тай фактор болып табылады. Б?л ретте, со??ы жылдары экономика салалары мен халы?ты? суды т?тынуы ?ыс?ар?аны бай?ал?анды?ына ?арамастан, су ресурстарын пайдалану тиімсіз к?йде ?алуда. Сар?ынды сулар - б?л адамны? шаруашылы? ?ызметi н?тижесiнде пайда болатын  таби?и немесе жасанды су объектiлерiне ж?не жер бедерiне а?ызып жiберiлетiн ластан?ан аума?та?ы сулар.

      Сар?ынды (а?аба) сулар – ?о?ыс ?алды?тармен ластан?ан, елді мекендер мен ?ндіріс орындарыны? аума?ынан канализация ж?йесі ар?ылы сырт?а а?ызып жіберілетін сулар.Олар пайда болуына, ??рамына ж?не ?оспаларды? сапасына байланысты негізінен ?шке б?лінеді: т?рмысты?, немесе шаруашылы?-фекалды? (?жетханалардан, ас?йлерден, моншалардан ж?не та?ы бас?а келетін) сулар;?ндіріс ?алды?тарымен (зауыттардан, ?асапханалардан ж?не та?ы бас?а келетін) ластан?ан ?нерк?сіптік сулар;атмосфералы?, немесе н?серлік сулар (жа?быр ж?не еріген ?ар суы).

          Со??ы кездерде  республикада суды ластандырудан ?ор?ауды к?шейтуге байланысты біршама ма?ызды шаралар ?абылданды. Елімізді? к?птеген ірі ?алаларында ірі-ірі су тазалайтын ??рылыстар салына  бастады. ?нерк?сіп  салаларында суларды екінші ?айтара пайдалану ж?мыстарына к??іл б?ліне бастады ж?не ?нерк?сіп м??таждарын ?ана?аттандыру ?шін таза суларды ж?мсау азайды. Алайда б?л м?селелер ж?нінде кемшілікте  баршылы?. Сонды?тан да т?щы ауыз суларды таза ?стау, оларды ластамау, орынды пайдалану, ?немдеп ж?мсау ж?мыстары б?кіл халы?ты? к?кейтесті м?селеге, актуалды проблема?а айналып отыр.                                                            

                                                                      -1-

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ылыми жоба реферат »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ДАРЫН» ОБЛЫСТЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ №5 ОРТА МЕКТЕП







Авторы: Укенова Гүлшат

10 «Б» сынып оқушысы



Жоба тақырыбы: Тұрмыстық сарқынды сулардың құрамы және оны тазарту жолдары



Бағыты: Таза табиғи орта - «Қазақстан – 2030» стратегиясын

іске асырудың негізі



Секциясы: Экология



Жетекшісі: Сауытбаева Сулушаш Қалдыбаевна

Химия пәнінің мұғалімі

Ғылыми жетекшісі:





Ақтау -2015

Аннотация


Зерттеу мақсаты: Тұрмыстық сарқынды сулардың құрамын анықтай отырып оны тазарту жолдарын үйрену және өсімдіктерге әсерін тигізу.

Жобаның өзектілігі: Тұрмыстық сарқынды суларды тұндыру әдістері арқылы тазартып , аула өсімдіктерін суару қажеттілігіне айналдыру.

Зерттеу әдістері: Ғылыми зерттеулерге сүйене отырып , тұрмыстық сарқынды сулардың құрамын және тазарту жолдарын зерттеу, оны аула өсімдіктерін суаруға жарамдылығын дәлелдеу.

Зерттеу болжамы: Тұрмыстық сарқынды суларды пайдалана отырып, ауланы көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыру.

Зерттеу кезеңдері:

  1. Ғылыми жобаның құрылымын жасау

  2. Жалпы әдебиеттерге шолу жасау.

  3. Тұрмыстық сарқынды суларды тазарту әдістерімен танысу

  4. Сарқынды сулармен қоректендіру үшін арқылы тазарту әдістерін үйрену

  5. Ғылыми жоба бойынша эколог мамандармен пікірлесу.

Қорытынды: Бұл жобада жинақталған деректердің өте қажет екенін, тұрмыстық сарқынды суларды тазарту арқылы, суды тиімді пайдалануға қол жеткізу қажет. Сол арқылы көгалдандыру жұмыстарын жолға қоюға болады деген пікір ұсынылады. Сусыз тіршілік жоқ екенін, судың маңызын біле отырып , суды тұрмыста тиімді пайдалану әркімге қажет нәрсе.










Аннотация

Цель исследования : Определяя состав бытовых отходных вод выявить пути очищения отходных вод, и исследовать их действия к растениям.

Актуальность проекта:

Методами отстаивания очищать бытовые отходные воды для орошения садовых растений.

Методы исследования: Отираясь на научные исследования, проверить состав и пути очищения отходных вод, доказать пригодность их для орошения садовых растений.

Предположение исследования: Используя бытовые отходные воды, применять их в работе по озеленению садовых культур.

Этапы исследования:

1.Составить структуру научного проекта.

2.Обзор общей литературы.

3.Ознакомиться с методами очищения бытовых отходных вод.

4.Научиться выращивать растения путем орошения отходными водами.

5.Провести беседу с экологами по научной работе.

Итог: Данные научные исследования очень важны, нужно рационально использовать воду при помощи очищения отходных вод. Предлагается наладить работу по озеленению. Зная, что без воды нет жизни, каждый должен правильно использовать воду в быту.



















Annotation

The aim of the investigation: Defining structure of household waste water to reveal the ways of darifiration of waste water and to investigate their action to plants.

The relevance of the project: By methods of upholding, to clear household waste water for an irrigation of garden plants.

The methods of the investigation: Relying on a scientific research, to cheek the structure and ways of darification of waste water, to prove their suitalibity for the irrigation of garden plants.

The assumption of the investigation:Using housthold waste water, to apply it in gardening work.

The stages of the investigation:.

1. To make the structure of the research project.

2 .Review of the general literature.

3. To example with the methods of darification of grow up plants by an irrigation of waste water.

4. To learn to grow up plants by an irrigation of waste water.

5. To lead discussion with ecologist on a scientific subject.

The result conclusion:

This scientific research work is very important, it is nessary to use water.

It is suggested to adjust work on gardening. Knowing that there is no life without water, every one has to use water correctly in his life.









Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 5 орта мектебінің

10- сынып оқушысы Укенова Гүлшаттың « Тұрмыстық сарқынды сулардың құрамы және тазарту жолдары» тақырыбындағы ғылыми жұмысына




Пікір


Укенова Гүлшат «Дарын» ғылыми - практикалық конференцияға ұсынып отырған «Тұрмыстық сарқынды сулардың құрамы және тазарту жолдары» атты ізденіс жұмысында қазіргі кездегі зерттеу бағыттарына сүйене отырып, адам іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған тұрмыстық сарқынды сулар, оның зардаптары, су ресурстарының экологиясын қамтыған.

Қоғам адамзатқа қажетті ауыз сумен қамтамасыз етуде, ал оны пайдаланғаннан кейін жарамсыз болып қалғандағы зиянын, сондықтан оны тазартып қайтадан пайдаға асыруды проблемалық мәселе қылып көтерген, ойын әртүрлі деректермен дәлелдеуге тырысқан.

Біріншіден, ауыз суды тиімді пайдаланып, тұрмыстық сарқынды суларды тазартудың қолайлы жолдарын іздестіру, су тазарту станцияларын салу.

Екіншіден, сарқынды суларды тазарту арқылы ауланы көгалдандыру жұмысына пайдалану туралы өз ұсыныстарын айтқан.

Табиғат санитарлық –гигиеналық, экологиялық жағынан тазарып, елімізге экономикалық пайда әкелетіндігін оқушы осылай тұжырымдаған. Оқушы жұмысын қадағалау барысында ғылымға деген ерекше қызығушылығын байқадым. Алдағы ізденіс жұмыстарына сәттілік тілеймін.





Маңғыстау облысының санитарлық

– эпидемиологиялық қадағалау

Департаментінің коммуналдық

нысандарды қадағалау және

қоршаған ортаны қорғау

бөлімінің бастығы: Бисен А.А.










Мұнайлы ауданы, №5 орта мектебінің 10- сынып оқушысы Укенова Гүлшаттың « Тұрмыстық сарқынды сулардың

құрамы және тазарту жолдары» тақырыбындағы

ғылыми жұмысына



ПІКІР

Укенова Гүлшатқа 8- сыныптан бастап химия пәнінен сабақ беріп келемін. Өте зерек, ізденімпаз, терең ойлы да тиянақты оқушы.

Ғылыми зерттеу жұмысымен 9- сыныптан бастап айналысады.

Осыған дейін мектепшілік олимпиадаларға қатыстып, жүлделі орындарға ие болып жүр.Сондықтан мектеп жасындағы жас ғалымның болашағынан үлкен үміт күтуге болады.

« Тұрмыстық сарқынды сулардың құрамы және тазарту жолдары»» атты тақырыпты таңдады. Укенова Гүлшат өз жұмысында көп ізденген, ғылыми әдебиеттерге шолу жасаған, толық деректер жинай білген. Мамандармен сұхбаттасып, қазіргі уақыттағы сарқынды суларды тазарту жолдары туралы мәліметтер жинаған. Облыс аумағында орналасқан экомаңғыстау мекемесіне барып, тұрмыстық сарқынды суларды пайдаға асыру жөнінде эколог мамандармен әңгімелескен. Күнделікті тұрмыста ауыз су, кір жууға, ыдыс-аяқ жууға пайдаланған сулар сарқынды су түрінде, арнайы құдыққа жиналады. Бұл қоршаған ортаға зиян.Химиялық қоспалардың жиынтығы саналатын тұрмыстық сарқынды суларды тазарту арқылы ауланы көгалдандыруға жұмсасақ, суды тиімді пайдалануға болатынын зерттеген. Оқушы ғылыми жобасы арқылы өзін адамдардың денсаулығы алаңдайтынын, табиғаттың әрбір байлығын тиімді, қалдықсыз пайдалану маңызды екенін деректер мен дәлелдей білген.

Келешекте құрғақшылық өлкесі саналатын Маңғыстауда суды тиімді пайдаланып, өлкеміздің гүлденуіне азда болса өз үлесін қосатынына сенімдімін.





Жетекші: Сауытбаева Сұлушаш Қалдыбайқызы

Химия пәні мұғалімі











МАЗМҰНЫ



І. Кіріспе.....................................................................................................1-2б.б



ІІ. Негізгі бөлім:



2.1. Тұрмыстық сарқынды сулардың құрам бөлігі.................................3-4б.б

2.2 Сарқынды суды тазартудың әдістері..................................................5- 7б.б

2.3. Сарқынды суды зарарсыздандыру......................................................8-9б.б

2.4. Сарқынды судың экологиялқ әсері.....................................................10-12б.б

ІІІ. Қорытынды...............................................................................................13б.б



ІV. Пайдаланған әдебиеттер................................................................... .....14б.б



V. Қосымша......................................................................................................15б.б























І. Кіріспе

Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің басты табиғи компоненті болып табылады. Сонымен бірге, су ресурстары қоғам дамуының қажетті факторларының бірі. Қазіргі қолда бар су ресурстары мен оларға деген қажеттілік арасындағы теңгерімнің бұзылуы орнықты әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы кедергі болып табылады.

Елдің анағұрлым өткір су проблемалары суға деген тапшылықтың өсуі, жер үсті және жер асты суларының ластануы, орасан зор, нормативтен тыс су шығындары, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етудегі бар проблемалар, мемлекет аралық су бөлу проблемалары, климаттың өзгеруі салдарынан су ресурстарының сарқылу қауіпі болып табылады.

Су ресурстарының жылдық әртүрлі сулылығын Қазақстан экономикасының қажеттілігімен салыстыру жекелеген өңірлер бойынша да, тұтастай республика бойынша да судың өткір тапшылығының бар екендігін көрсетеді. Қазақстандағы су ресурстарының тапшылығы табиғи байлықтарды игеруді, өндірістік күштердің дамуын және тұтастай экономикалық өсуді тежейтін айтарлықтай фактор болып табылады. Бұл ретте, соңғы жылдары экономика салалары мен халықтың суды тұтынуы қысқарғаны байқалғандығына қарамастан, су ресурстарын пайдалану тиімсіз күйде қалуда. Сарқынды сулар - бұл адамның шаруашылық қызметi нәтижесiнде пайда болатын табиғи немесе жасанды су объектiлерiне және жер бедерiне ағызып жiберiлетiн ластанған аумақтағы сулар.

Сарқынды (ақаба) сулар – қоқыс қалдықтармен ластанған, елді мекендер мен өндіріс орындарының аумағынан канализация жүйесі арқылы сыртқа ағызып жіберілетін сулар.Олар пайда болуына, құрамына және қоспалардың сапасына байланысты негізінен үшке бөлінеді: тұрмыстық, немесе шаруашылық-фекалдық (әжетханалардан, асүйлерден, моншалардан және тағы басқа келетін) сулар;өндіріс қалдықтарымен (зауыттардан, қасапханалардан және тағы басқа келетін) ластанған өнеркәсіптік сулар;атмосфералық, немесе нөсерлік сулар (жаңбыр және еріген қар суы).

Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің көптеген ірі қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салына бастады. Өнеркәсіп салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау азайды. Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілікте баршылық. Сондықтан да тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып отыр.

-1-

Дүние жүзінде жылына 7мың кубметр жарамсыз сулардың 420 кубметрден аса мөлшері ағын суларға төгіледі. Халықтың денсаулығы үшін судың химиялық құрамы елеулі түрде қауіп тудыруда.

Осыған байланысты 1993 жылдың 22 ақпанында БҰҰ Бас Ассамблеясы 22-наурызды Дүниежүзілік су күні деп жариялады. Бұл мерекенің мақсаты-су ресурстарын тиімді пайдалану және сақтау керектігіне және ауыз судың жетіспеушілігіне байланысты мәселелерге назар аударту болып табылады. Әр бір адам болашақ ұрпағына тұщы су қорын ұлғайта отырып, оны сақтау мен тиімді пайдаланудың барлық мүмкіндіктерін жасауға міндетті.

Тұрмыстық кәріз жүйесіндегі органикалық заттар, белоктар, көмірсутектер, майлар, физиологиялық қайта өңделген өнімдерден тұрады. Мұнымен қатар тұрмыстық кәріз жүйесі көлемді қалдықтар, шүберектер, қағаздар, өсімдік тектес қалдықтар, синтетикалық белсенді жуғыш заттардан (СБЖЗ) тұрады. Бұл кәріз жүйесінің санатындағы биорганикалық заттар калий иондары, натрий, кальций, магний, хлор, карбонаттар, сульфаттардан тұрады.

Сарқынды суларды тазартудың бірнеше әдістері бар.

Химиялық тазарту ластанған заттардың пайдаланған реагенттермен реакцияға түсетін әдіс. Нәтижесінде сарқынды сулардан жеңілдеу жаңа заттар құралады. Мұндай химиялық бейтараптандыру тазарту әдісі кең таралған.

Бейтараптандыру химиялық әдіс, қышқыл заттар мен сілтілік заттардың арасындағы химиялық реакция. Ол үшін қышқыл және сілтілік қалдық суларды араластырады, немесе реагенттерді қышқыл, сілтілік, кальций содасы, аммиак ерітінділері түрінде қолданады.

Биохимиялық тазарту әдісі органикалық қоспалардың микроорганизмдердің көмегімен тотығуы кезінде, өздерінің тіршілік әрекеттерінің процессінде, олардың минералдарға ыдырауынан тұрады.

Қыздырып тазарту әдісі жоғары деңгейлі қалдық суларда, сонымен бірге органикалық улағыш заттар бар болғанда пайдаланылады.

Бактериологиялық әдіс ластанған қалдық суларды зарарсыздандырады. Олар бактерия жойғыш шамдардың көмегімен, хлорлаумен, оттегінің көмегімен және т.б тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның ішінде хлорлау тәсілі кең таралған.





-2-


ІІ. Негізгі бөлім


2.1. Тұрмыстық сарқынды сулардың құрам бөлігі


Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарыны ластануын былайша топтайды:

биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар.

химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер.

физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады.

Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: тұрғын-үй коммуналды шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру: халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас суларда бірнеше топқа бөлінеді. Олар қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған.

Ағын сулар деп күнделікті тұрмыстық немесе өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылатын және осылардан ластанатын суларды айтамыз, олар өздерінің бастапқы химиялық және физикалық қасиеттерін өзгертеді. Бұл суларға сонымен қатар, атмосфералық жауын-шашындар, көшелердегі кәріз жүйесінен бастап автотранспорттық көліктерді жуатын сулар да жатады.

Ағын сулар әр түрлі жағдайлардағы, ерітінділер, ерімейтінділер, коллоидтар, сияқты ластағыштардан тұратын күрделі жүйені өзіне біріктіреді. Барлық уақытта ағын суларда органикалық сияқты биорганикалық ластағыш компоненттері бар. Тұрмыстық кәріз жүйесіндегі органикалық заттар, белоктар, көмірсутектер, майлар, физиологиялық қайта өңделген өнімдерден тұрады. Мұнымен қатар тұрмыстық кәріз жүйесі көлемді қалдықтар, шүберектер, қағаздар, өсімдік тектес қалдықтар, синтетикалық белсенді жуғыш заттардан тұрады.


Бұл кәріз жүйесінің санатындағы бейорганикалық заттар калий иондары, натрий, кальций, магний, хлор, карбонаттар сульфаттардан тұрады.

Су дайындау сызбалары алдын-ала тазалау және НОН ион алмасу ,Na-катионитті сүзгіштер, коагуляция, әктеу, сүзу.

Сақынды сулар реагенттер қоймасынан, механикалық сүзгілерді жуудан, судан ағартқыштарды тазалаудан, ионитті сүзгілерді регенерациялаудан пайда болады. Мұндай сулардың құрамында магнийдің , кальцийдің, алюминийдің , темірдің минералды тұздары , қышқылдар мен сілтілер бар. Алдын-ала тазалаудан (механикалық сүзу мен ағартқыштар) суға әр түрлі қалдықтар-кальций карбонат, темір мен алюминий гидроксиді, кремний қышқылы, органикалық заттар, балшық бөлшектері жіберіледі. Бұл суға жіберілген су қоймаларының тұздылығын арттырады және рН көрсеткішін өзгертеді.

Тұрмыстық сарқынды сулардың ластанудың түрлері, олардың ластануына қарай фекалды, ластанған физиологиялық қоқыстармен; және шаруашылық шомылғы, монша сулары, кір жуғаннан кейінгі сулар, т.б.







- 4 -



2.2 Сарқынды суларды тазарту әдістері



Тұрмыстық сарқынды сулар-бұл қоршаған ортадағы қолданыстан кейінгі қайта келетін су.Сарқынды сулардың тазартылуына механикалық тазарту,биологиялық тазарту, тазарған дизенфекциялау кіреді. Механикалық тазарту сарқынды суларды көлемді қалдықтардан ,құм және енген заттардан тазарту болып табылады.Механикалық тазартудан кейін ,биологиялық тазарту жүргізіледі.Биологиялық тазарту процесі механикалық тазартудан қалған заттарды,коллоидтарды,ерітінділерді кермек сұйықтықтың жоюынан тұрады.

Химиялық тазарту ластанған заттардың пайдаланған реагенттермен реакцияға түсетін әдіс.Нәтижесінде ағынды сулардан жеңілдеу жаңа заттар құралады.Мұндай химиялық бейтараптандыру тазарту әдісі. Бейтараптандыру химиялық әдіс, қышқыл заттар мен сілтілік заттардың арасындағы химиялық реакция. Ол үшін қышқыл және сілтілік қалдық суларды араластырады, немесе реагенттерді қышқыл, сілтілік, кальций содасы, аммиак ерітінділері түрінде қолданады.

Биохимиялық тазарту әдісі органикалық қоспалардың микроорганизмдердің көмегімен тотығуы кезінде, өздерінің тіршілік әрекеттерінің процессінде, олардың минералдарға ыдырауынан тұрады.

Қыздырып тазарту әдісі жоғары деңгейлі қалдық суларда, сонымен бірге органикалық улағыш заттар бар болғанда пайдаланылады.

Бактериологиялық әдіс ластанған қалдық суларды зарарсыздандырады. Олар бактерия жойғыш шамдардың көмегімен, хлорлаумен, оттегінің көмегімен және т.б тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның ішінде хлорлау тәсілі кең таралған.

Тұнбалар ағын суларды алдын ала тазарту үшін пайдаланылады, егер жергілікті шарттар бойынша оларды биологиялық тазарту талап етілсе, немесе жеке дара құралдар ретінде, егер санитарлық талаптар бойынша орындалса, онда ағын суларды механикалық коспалардан бөліп алса жеткілікті. Тұнбалар құбырлар арқылы төменгі қабаттарына жиналады.

Тазартудың биохимиялық әдісі сарқынды суларда коллоидтық немесе ерітінділер күйінде орналасқан, органикалық заттармен тотыққан микороргнаизмдерді пайдалануға негізделген. Биохимиялық әдіс механикалық тазартудан қалған органикалық ластағыштардан толығымен тазарту болып табылады.

Биосүзгіштердің сүзу жүктемелері арқылы өту, ластанған суда адсорбция тізбегінен және бірінші ретті тұнбадан алынбаған коллоидтық органикалық заттар қалады. Олар тығыз микрооргнизмдерден тұратын биожапсырма тудырады.


-5-

Биожапсырмадағы микроорганизмдер органикалық заттарды тотықтырады және өздерінің өмір сүруі үшін энергия алады. Еритін органикалық заттардың бір

бөлігі өзінің массасын ұлғайтуда пластикалық материал ретінде қолданылады. Сондай-ақ ағын сулардан органикалық заттар жойылып, биосүзгіш денедегі белсенді биологиялық жапсырманың массасын ұлғайтады.

Механикалық және биологиялық тазарту құралдарында ағын суды тазарту процесінде шөгіндінің көп мөлшердегі массасы жинақталады.

Ашыту үшін қалыпты жағдай сілтілік орта болып табылады. Қалдықтардың және шламдардың органикалық заттарын минералдау ашыту процесінде газдың бөлінуімен және суда ыдырауымен байланысты. Органикалық заттардың ыдырау деңгейі орташа, көмірсутектер барынша ыдырауға ұшырайды.

Алты валентті хромға қатысты айтатын болсақ, бұл да қоршаған ортаны ластаушы токсиндердің бірі болып табылады. Аэрозолды формада ол терінің жоғарғы қабатының, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануына, өкпенің қатерлі ісік ауруына әкеліп соқтыруы мүмкін. Судағы Cr (VI) токсиндік әсері улы болып саналады (судағы мөлшері-0,05 мг/л). Алты валентті хромның қайнар көздері кейбір тұрмыстық химикаттар ( бояғыштар, сия, азық-түлік консерванттары, болуы мүмкін ).

Cr (VI)-ді анықтау әдістерін және талдау нәтижелері:

Біз ең алдымен эталонды ерітіндіні дайындаймыз, ол үшін 1сынауық, сәйкесінше 10,0 мл, концентрациясы 1 мг/л стандартты (VI) хром ерітіндісі және 10 мл 0,18 М күкірт қышқылы керек. Сынауықды тығынмен бекітіп, сілку арқылы оны араластырамыз. Содан соң әр сынауыққа 0,5 мл дифенилкарбазид ерітіндісін тамшуырдың көмегімен қосамыз. Сосын шайқап, түсі шығу үшін 5 минут қойып қоямыз.

1-тәжрибе. Калий дихроматының қышқылды ерітіндісіне натрий сульфатының ерітіндісін қосамыз. Сарғыштау түстің жасыл түске өзгеруін бақылаймыз, Cr (III) байланыстары үшін сипаттаймыз:

K2Cr2O7 + 3Na2SO3+ 4H2SO4 = Cr2(SO4)3 + 3Na2SO4 + K2SO4 + 4H2O

2-тәжірибе. Калий дихроматы ерітіндісіне (80мл дистилденген суда 2 г K2Cr2O7 и 20 мл концентрациялы H2SO4 ерітіндісін дайындаймыз) этиль спиртін тамшылап қосамыз және түсінің өзгеруін бақылаймыз:

3CH3CH2OH + K2Cr2O7 + 4H2SO4 = 3CH3COH + Cr2(SO4)3 + 7H2O + K2SO4


Түсі сарғыштан жасылға өзгереді.

3-тәжірибе. Cr (III) байланыстарының екінші сатысында сілтілік ерітіндіні тамшылап қоса отырып, ерімейтін гидроксид түрінде тұнба түзеді:

Cr2(SO4)3 + 6NaOH = 2Cr(OH)3 + 3Na2SO4


-6 -

Адамдардың суға деген әр түрлі мақсаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып мәселені шешу оның қажетті сапасымен де қамтамасыз ету болып табылады. Өндірістің, транспорттың, аймақтардағы халықтың өсуіне байланысты ғаламшарымыздағы гидросфераның ластануына елеулі түрде үлес қосуда. Өндірісте пайдаланылатын сулардың көпшілік бөлігі толығымен тазартудан өтпейді..

Әрбір қалада және әрбір көлемді кәсіпорындарда тазарту құрылғылары бар, онда барлық сарқынды сулардың тазартылуы жүргізіледі. Тазарту құрылғыларында күніне мың куб метр су тазартылады. Алдымен су механикалық тазартудан өтеді. Торлардың көмегімен судағы ерімейтін қатты ластағыштар , соның ішінде тұрмыстық қалдықтар алынады. Әрқайсысының диаметрі 28-30см болатын үш бірінші ретті тұнбалардың радиалды типінде судағы ерімейтін ұсақ бөлшектер бөлініп алынады. Биологиялық тазарту үшін арнайы құралдар аэротенктер қолданылады. Оларға микроорганизмдер-бактериялар, қарапайымдылар- амебалар, инфузориялар, балдырлар және қылтамырлардан тұратын арнайы биологиялық шламдар пайдаланылады. Шлам су арқылы араластырылып, оттегімен тотығады. Судағы микроорганизмдерді, қарапайымдыларды микроскоп арқылы көруге болады, олар жағымсыз қоспаларды тотықтырады, оларды азайтады, механикалық тазартудан қалған суды айыруға болмайды. Биологиялық тазарту 7 сағаттай жүреді. Ары қарай су химиялық жолмен тазартылатын байланыс қорларына түседі..


















-7-

2.3 Сарқынды суды зарарсыздандыру


Зарарсыздандыру сатысын енгізген кезде микробтық ластундың тиімді белсендірілмеуіне қол жеткізілуі мүмкін. Сапаға дейін сарқынды суды тазарту немесе қайта тазарту қарастырылады.

Зарарсыздандырылмаған сарқынды суларды ағызған кезде су жиналатын шұңқырда ішек індеттерінің қоздырғыштарының қарқынды айналмасы тұрғындардың суды пайдаланған кезінде түрлі аурулардың туындауына әкеп соғады, ауруларды жұқтыру әсіресе жаз кездерінде ұлғаяды. Өзіндік тазарту қабілеттері төмен болғандықтан су жиналатын жерлердегі су айдындарының микробтық ластану тәуекелі өседі. Мұның салдары болып салқын судағы микроағзалардың анағұрлым ұзақ өміршеңдігі мен вируленттік қасиеттерінің сақталуы табылады. Сонымен қатар, төмен температура кезінде су өткізгіш станцияларында тазарту және зарарсыздандыру шарттарының бір уақытта нашарлануы тұрғындардың шаруашылық-ауыз су пайдалануының қауіпсіздігінің нашарлануына әкеп соғуы мүмкін.

Сарқынды суларды зарарсыздандыру тәсілін таңдаған кезде бактерицидтік және вирулицидтік әсердің гигиеналық сенімділігін, зарарсыздандырылған сарқынды суларды одан әрі пайдалану кезіндегі медициналық-биологиялық салдарды, эксплуатациялық және экономикалық пайдалылықты ескеру қажет. Сарқынды суларды хлормен зарарсыздандыру анағұрлым қарапайым технологиялық шешім болып табылады.

Сарқынды суларды зарарсыздандыруды гигиеналық бағалау. Сарқынды суларды зарарсыздандырудың негізгі мақсаты – шаруашылық-ауыз су, мәдени-тұрмыстық және балық шаруашылығы үшін пайдаланылатын су нысандарына ағызған кезде, ашық және жабық жүйелерде өнеркәсіптік сумен жабдықтау кезінде қолданғанда, сондай-ақ суарылатын алқаптарға ағызған кезде пайдаланылған судың індеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.













-8-

2.4 Сарқынды судың экологиялық әсері


Тұрмыстық кәріз жүйесінде бұдан да басқа биологиялық ластағыш бактериялар, ашытқы және зең саңырауқұлақтары, вирустар, кішкентай балдырлар бар, олар жануарлар мен өсімдіктер әлеміне эпидемиологиялық қауіп тудырады

Тұрмыстық және өндірістік суларды ластағыш заттардан тазарту- заманауи қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бағыттарының бірі.

Қоршаған ортаны қорғауды ойлай отырып, кез келген тазарту құрылғылары мен аз шығынды технология биосфераның тұрақтылығын қамтамасыз етпейтіндігін ұғынуымыз керек.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемдегі барлық инфекциялық аурулардың 80-ге жуығы судың сапасымен суды қамтамасыз етудегі санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылуымен байланысты болып отыр. Дүние жүзіндегі 2млрд адам ластанған суларды пайдалануына байланысты созылмалы ауруларға шалдыққан. БҰҰ сарапшыларының пікірінше, қоршаған ортаға сарқынды сулармен химиялық заттар енеді. Дүние жүзінде жылына 7мың кубметр жарамсыз сулардың 420 куб метрден аса мөлшері сарқынды сулар. Халықтың денсаулығы үшін судың химиялық құрамы елеулі түрде қауіп тудыруда..

Адам-табиғаттың баласы, оның барлық өмірі табиғат заңдарына және ережелеріне байланысты өтеді, бірақ бұдан қоршаған ортаға шаруашылық иелерінің негативті әсерлерінің ұлғаюын жатқызуға болмайды.

Барлық үлкен масштабтағы өтіп жатқан өзгерістер нәтижесінде, судың ластануына әкеліп соғуда.

Сарқынды сулардың құрамында жазықтықты-белсенді заттар (ЖБЗ), соның ішінде синтетикалық жуғыш заттар (СЖЗ) болады. СЖЗ суға енуі оның жаман дәмін және иісін шығарады. Ластанған суда көбіктер пайда болады,

ауру тудыратын микрорганизмдермен вирустар көбейе бастайды.

Су ортасын қорғау үшін ағын суларды тазарту және зарарсыздандыру қолданылады. Сарқынды суларды тазартуда, арнайы тазарту құралдарымен жабдықталған механикалық, химиялық, биологиялық әдістері қолданылады. Ағын суларды тазартудың екі сатысы бар.


- Бірінші сатыда сондай-ақ физикалық әдістер қолданылады.


-Екінші сатыда негізінен химиялық және физика-химиялық тазарту әдістері қолданылады.



Ластанудың бірнеше түрлері бар: химиялық, физикалық, механикалық, биологиялық. Қазір ластанған сулардың 70-ын жер асты сулары, соның ішінде өндіріс, құрылыс, коммунальдық және ауыл шаруашылығы, реакция құрайды.

Ластанудың түрлері

Химиялық

Физикалық

Биологиялық

Механикалық

1. Мұнай және мұнай өнімдері.

2. Ауыр металдар.

3. Тыңайтқыштар және ядролық химикаттар.

4. ПАВ и СМС

1. Радиоактивті ластану.

2. Жылулық ластану.

1. Патогендік микроорганизмдер.

2. Бактериялар және вирустар.

1. Тұрмыстық қалдықтар

2. Өндірістік қалдықтар.


Химиялық ластағыштардың көпшілігін мұнай өнімдері құрайды. Дүние жүзілік мұхит бетінің 20-30-ы мұнай қабықшасымен жабылған. Жыл сайын мұхитқа 10 млн.т астам мұнай төгіледі. Бұрғылаулар мен шикі заттардың ағуы мұхит бетін ластауда.

Химиялық тазарту кейін сұйық ағын күн, ауа, микрорганизмдердің көмегімен тазартылатын биологиялық тазартуға жіберіледі. Бұл үшін сүзгілеудің нақты өрісі және суландыру, тотыққан тоғандар, арнайы құрылғылар-аэротенктер қолданылады, мұнда ағын сулар жаппай микрорганизмдерге ие белсенді шламдардан биосүзгілер немесе арнай ауа жіберілген деструкторлардың көмегімен тазартылады. Биосүзгілер оның ішкі аймағы кеуекті қатты материалдармен: қиыршық тастар, керамзиттермен толықтай толтырыған кірпіш немесе бетоннан тұратын құрылғылар болуы мүмкін. Бұл кеуекті материалдарда микрорганизмдер жапсырмасы бар, мұнда процесс кезінде органикалық заттар ыдырап бөлінеді олар суды тазалайды..

Тұрмыстық сарқынды сулар құрамында патогендік мироорганизмдер болуы мүмкін, сондықтан оларды сұйық хлор немесе хлор ағартқыштарымен зарарсыздандырады.

Суға деген адамдардың қарым-қатынасы ысырапшылдығы, ұқыпсыздығы адам шошытарлық.

Жалпы су ресурстарын қорғаудың негізгі іс-шаралары:

Суды тиімді пайдалану және үнемдеу;

Сарқынды суларды тазарту;

Сарқынды суларды зарарсыздандыру және қайта пайдалануға арналған жаңа технологияларды жасау;

Суландыруда жаңа су үнемдеуші әдістерді пайдалану;

Су әлемдегі ең ғажайып заттардың бірі. Су- бұл жер ғаламшарындағы барлық тіршілік иелеріне табиғаттың берген ең қымбат сыйы. Адамдар мың жылдан бері суды ішіп тамсанады, ләззат алады. Глобустан көргеніміздей, біздің ғаламшарымыздың ¾- бөлігін ғана құрлық құраса, қалған бөлігін су құрайды. Ғарышкерлер ғарыштан Жерді ең алғашқы рет көргенде, шердің құрлықтық емес сулы шар сияқты екендігін айтқан. Бірақ су ресурстарының таусылуы бүгінде өте өзекті мәселе болып отыр. Суды сақтауымыз керек.











-10-

ІІІ. Қорытынды


Суды тазарту және қорғау жылдан-жылға өзекті болып бара жатыр. Суды тұтынудың ұлғаюы ағын судың көбеюіне әкеліп соғады. Өндірістік орындардың, коммуналдық және ауыл шаруашылығының қажеттілігіне қолданылатын су тек қана өзі ластанып қана қоймай, қоймаларға құйылып, оларды да ластайды, қоймалардың өзіндік тазалық қабілетін төмендетеді. Су қоймаларын ластанудан қорғау және ғаламшарымыздағы су ресурстарын сақтау мәселесі әлемдегі кез келген елдің ең маңызды мәселесі болып табылады.

Су ресурстарын қорғаудың жалпы стратегиясы ағын суларды тазартуға дейінгі және биологиялық тазарту құрылғылары мен барлық халық шаруашылығы объектілеріндегі жергілікті тазарту құрылғыларының құрылысын, кәсіпорындарды ағынсыз және шығынсыз технологияға көшіру мен ядохимикаттардың қолдануды азайтуды қарастырады.

Қоршаған ортаны қорғауды ойлай отырып, кез келген тазарту құрылғылары мен аз шығынды технология биосфераның тұрақтылығын қамтамасыз етпейтіндігін ұғынуымыз керек. Егер табиғи заттардың елеулі түрде қысқаруы болса, онда адам табиғат жүйесін түрлендірместен, биосфераның өзгермейтін заңына әсері туындайды.



























-11-



Ұсыныс:



  1. Суды тазалау әдістерін жетілдіру, су тазалайтын станциялар құру


  1. Суды қайтадан іске жарату жүйесі бар технологияларға көшу



  1. Су шаруашылығының ғылыми- ақпараттық орталығын құру




































-12-



Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Розен Б.О. Химия кереметі. Алматы 1985 ж

  2. Журнал «Экоәлем» Астана 2012ж

  3. Джусупова Д.Б Технологический очистки природных и производственных сточных вод.

  4. Жомартов Е.Б. Булегенов Г.Р. Кіші елді мекендердің сарқынды суын тазарту.

  5. Мырзахметов М.М Тойбаев К.Д Ластанған суды әкету және тазалау.








































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ылыми жоба реферат

Автор: Нурбаулова Турсын Аяпбергеновна

Дата: 30.10.2015

Номер свидетельства: 245716

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "СУ ?ОйМАЛАРЫН ?ОР?АУ."
    ["seo_title"] => string(18) "sukoimalarynkorgau"
    ["file_id"] => string(6) "289411"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454803497"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Сиқырлы су моншақ""
    ["seo_title"] => string(18) "sikyrly_su_monshak"
    ["file_id"] => string(6) "563028"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1605020758"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Та?дау  курсы.  Физикалы?  есептерді  шешу  т?сілдері. "
    ["seo_title"] => string(55) "tan-dau-kursy-fizikalyk-iesieptierdi-shieshu-t-sildieri"
    ["file_id"] => string(6) "133787"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416583003"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Бейнелеу ?нері саба?ында жа?а технологияларды пайдалану"
    ["seo_title"] => string(66) "bieinielieu-onieri-sabag-ynda-zhan-a-tiekhnologhiialardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "274771"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452440953"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) ""?ызы?ты биология" факультативтік курс ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(54) "k-yzyk-ty-biologhiia-fakul-tativtik-kurs-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "160234"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1422016587"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства