kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ызы?ты биология" факультативтік курс ба?дарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

 ??растыр?ан: 

А.А.Мендигазиева – Орал ?аласы, №42 «А? ниет» гимназиясыны? биология п?ні м??алімі   

Пікір жаз?андар:

Т. О. ДарибаеваОблысты? білім беру бас?армасыны? жаратылыстану п?ндері бойынша ?діскер.

 

Г. С. ?ош?арбаева -  №1 жалпы орта білім беретін мектебіні? жо?ары санатты биология п?ні м??алімі.

 

 

 

«?ызы?ты биология» факультатив курсыны? ба?дарламасында адам мен таби?атта?ы тіршілік ?рекетіні? ?зара байланысын, ?орша?ан орта за?дылы?ын, ??былысын, нысандарын ме?герту, биология ?ылымы п?ндерін одан ?рі ме?геруге м?мкіндік беретін білім, білік, да?дыларын жетілдіру ж?не к?нделікті ?мірде, зертханалы? ж?мыстарды орындау мен таби?ат?а саяхат кезінде ?ауіпсіздік ережелерді са?тау?а да?дыландыру, танымды? ?ызы?ушылы?ын, интеллектуалды? ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту, ?орша?ан ортаны са?тау мен ?ор?ау?а т?рбиелеуге м?мкіндік береді.

Курс ба?дарламасы биология п?ні м??алімдеріне тиімділігі мол к?мекші ??рал болып табылады.

 

М А З М ? Н Ы

І. Т?сінік хат ................................................................................................    4

ІІ. Та?ырыпты? – к?нтізбелік жоспар  ......................................................     8

ІІІ. Саба? жоспарлары  ................................................................................   10

ІV. Сараманды? ж?мыстар .........................................................................   27

V. Пайдаланыл?ан ?дебиеттер ...................................................................    31

Т?сінік  хат

?аза?стан Республикасында білім беруді дамытуды? 2011-2020 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасыны? басты ма?саты - зияткерлік, дене бітімі ж?не рухани дамы?ан азаматын ?алыптастыру, тез ?згеретін ?лемде оны? табысты болуын ?амтамасыз ететін білім алуда?ы ?ажеттілігін ?ана?аттандыру болып табылады.

Осы орайда биология п?ніні? негізгі мазм?ны тірі а?заларды? ??рылысы мен тіршілік ?рекеттеріні? ерекшеліктері туралы ал?аш?ы к?з?арасты дамыту, тірі оганизмдерді? жасушалы? ??рылысыны? негізге алынатын т?сініктері туралы, организм ж?не биоценоз тіршілік де?гейіні? негізгі формалары екендігі туралы к?з?арас ?алыптастыру, ?сімдіктер мен жануарларды ж?йелеп жіктеу туралы ??ым ?алыптастыру, тірі организмдерді? ?зара ж?не тіршілік ортасымен ?арым-?атынасын, ?сімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, са?ырау??ла?тар д?ниесіні? ерекшеліктерін, оларды? таби?атта?ы, адам ?міріндегі ж?не жалпы тіршіліктегі жо?ары м?ні туралы білімні? ??ндылы?ын ??ыну?а ба?ытталады. Осы ?а?идалар 6-сынып?а арнал?ан «?ызы?ты биология» факультатив курсыны? ба?дарламасында к?рініс тап?ан.

«?ызы?ты биология» факультатив курсыны? негізгі ма?саты - адам мен таби?атта?ы тіршілік ?рекетіні? ?зара байланысын, ?орша?ан орта за?дылы?ын, ??былысын, нысандарын ме?герту, биология ?ылымы п?ндерін одан ?рі ме?геруге м?мкіндік беретін білім, білік, да?дыларын жетілдіру ж?не к?нделікті ?мірде, зертханалы? ж?мыстарды орындау мен таби?ат?а саяхат кезінде ?ауіпсіздік ережелерді са?тау?а да?дыландыру, танымды? ?ызы?ушылы?ын, интеллектуалды? ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту, ?орша?ан ортаны са?тау мен ?ор?ау?а т?рбиелеу;

Факультатив курсты? мазм?нында ?сімдіктер д?ниесіні? зерттелу тарихы, ?сімдік жасушасыны? ??рылысы, химиялы? ??рамы, ?сімдіктерді? техникалы?, космосты? ролі, ?сімдіктер тіршілігіндегі ?оз?алыс, оны? т?рлері, ?сімдіктерді вегетативті жолмен к?бейту т?рлері, ?сімдіктерді? жеке дамуы туралы тере?ірек ?арастырыл?ан.

«?ызы?ты биология» факультатив курсыны? ба?дарламасы ?Р жалпы білім беруді? мемлекеттік стандарты талаптарына сай жасал?ан.

Курс аптасына 1 са?ат, барлы?ы 34 са?ат?а есептелген.

Ба?дарламада 6-сыныпты? биология п?ні бойынша берілетін та?ырыптар толы?тырып, ?осымша а?параттармен ?амтыл?ан. О?ушыларды? танымды? ?ызы?ушылы?ын ?ана?аттандыру ?шін ал?ан білімдерін ?олдана білу, ту?ан жерді? таби?и байлы?тары, ?сімдіктері мен жануарлары туралы ?осымша а?параттар іздестіре білу да?дыларын ?алыптастыру?а к?п к??іл б?лінеді.

         Курс мазм?нына с?йкес та?ырыптар бойынша ба?ылау, ?лшеу, салыстыру да?дыларын ?алыптастыру, ?мірлік т?жірибелерін жетілдіру ?шін сараманды? ж?мыстар жоспарланды.

Курсты? орны: 6-сыныпты? биология курсында?ы ?сімдік жасушасы ж?не оны? ??рылысы, ?сімдіктерді? тіршілік ?рекеттері та?ырыптарыны? ??рамдас б?лігі

Курсты? ма?саты:

?сімдіктер д?ниесі, оларды? зерттелуін, ?сімдіктер д?ниесіні? ж?йеленуін ?йрену;

?сімдіктерді? тіршілік ерекшеліктері, оларды? т?рмысты? ж?не техникалы? ма?ызы туралы тере?, жан-жа?ты білім беру;

Курсты? міндеті:

  • ?орша?ан орта таби?атыны? бір-бірімен ты?ыз байланыста?ы нысандар жиыны екенін ??ындыру;
  • Таби?ат аясында белгілі бір ережелерді басшылы??а алуды ?йрету;
  • Топсеруен кезінде ?ауіпсіздік ережелерін са?тау?а баулу;
  • Жа?а деректер, ?ылыми терминдер, аны?тамалар негізінде кесте, сызба, суреттермен ж?мыс жасау да?дыларын ?алыптастыру;
  • Ту?ан ?лкені? таби?аты туралы білім бере отырып, экологиялы? сауаттылы? де?гейін к?теру;

К?тілетін н?тиже:

  • ?орша?ан орта за?дылы?ын, ??былысын, нысандарын ме?гереді;
  • таби?атта?ы тіршілік ?рекетіні? ?зара байланысын т?сінеді;
  • зертханалы? ж?мыстарды орындау мен таби?ат?а саяхат кезінде ?ауіпсіздік ережелерді са?тауды ?йренеді;
  • ?р о?ушыны? ?з м?мкіндігі негізінде танымды? ?ызы?ушылы?ы артады;
  • ту?ан ?лкені, оны? байлы?тарын ?ор?ай білуге т?рбиеленеді;

Маманды??а ба?дарлау: биолог, эколог, агроном

П?наралы? байланыс: жаратылыстану, экология, зоология, тарих

Курсты ?йымдастыру формасы: д?ріс-саба?, сараманды? ж?мыс,

танымжоры?, семинар, сайыс-саба?.

Курсты ?орытындылау формасы: реферат, шы?армашылы? жоба,

танымжоры?, сараманды? ж?мыстар

Уа?ыт жиілігі, к?лемі:  аптасына 1 са?ат, барлы?ы 34 са?ат. 5 сараманды? ж?мыс

О?ушыларды?    о?у   жетістіктерін  ба?алау   ж?йесі:

  • ?р  тарау   бойынша    берілген   сараманды? ж?мыстарды?    орындалу  к?рсеткіші   ар?ылы   ба?алау.  
  • О?у  жылы   ая?ында   « О?ушы  портфолиосы »  бойынша  ?р   о?ушыны?   ж?мысын   ты?дау   ар?ылы   ба?алау.

О?ушыларды?   дайынды?ына     ?ойылатын    талаптар :

  • ?сімдіктерді? тіршілігі  ж?ніндегі   ?ылыми    к?пшілік  кітаптардан   м?ліметтер ,  материалдар   жина?тау;
  • Зертханалы?    ж?мыстарды    ме?геріп,  н?тижесін  талдап   ала білу;
  • ?сімдіктерді? жасушалы? ??рылысын  зерттеумен   айналыс?ан   ?алымдарды?   е?бегімен  танысу;
  • ?ылыми   негізде   жина?та?ан    материалдардан    реферат жазып   да?дылану,   о?ушы   презентациясын   жасау;
  • ?сімдіктерді?    тіршілік       ?рекеті,  ?су за?дылы?тары туралы  ?аламтордан   ж?не   газет,  журналдардан   о?ып   ?йрену.  

Курсты? мазм?ны:

Кіріспе. 1 са?ат.

Ботаника - ?сімдіктер д?ниесін зерттейтін ?ылым. ?сімдіктер д?ниесіні? ал?аш зерттелуі.

Тіршілік кілті – ?сімдікте. 5 са?ат

?сімдіктерді? тіршілік ерекшеліктері. ?сімдіктер мен жануарлар арасында?ы ерекшеліктер. ?сімдіктерді? таби?атта?ы, адам ?міріндегі ма?ызы. ?сімдіктерді? техникалы? ж?не т?рмысты? м?ні.

?сімдік жасушасыны? ??рылысы. 4 са?ат.

?сімдік жасушасыны? ??рылыс ерекшелігі. Цитоплазма, протоплазма. Пластидтер, пластидтерді? т?р?згерісі. Физиологиялы? белсенді заттар.

?сімдік м?шелері ж?не тіршілік жа?дайлары. 12 са?ат.

Жапыра?. Фотосинтез процесі. ?сімдіктерді? космосты? ролі.Транспирация ??былысы.Тамыр. ?сімдік тіршілігіндегі элементтерді? ма?ызы.

Ты?айт?ыштар. ?сімдіктерді? азотты сі?іруі. «Жырт?ыш» ?сімдіктер

?сімдіктерді? ?оз?алуы. Тропизм ж?не таксис. ?сімдіктерді? ??р?а?шылы??а т?зімділігі. ?сімдіктерді? суы??а т?зімділігі.?сімдіктерді? т?з?а т?зімділігі

Практикалы? ж?мыс №1

«?сімдіктерді? ?суіне ты?айт?ыш тарды? ?сері»

?сімдіктерді? жеке дамуы. 12 са?ат.

?сімдіктерді? даму кезе?дері. ?сімдіктерді? к?бею жолдары. Вегетативті к?бею. Б?лме ?сімдіктері. Д?рілік ?сімдіктер, оларды жинау ережелері. Жергілікті жерді? д?рілік ?сімдіктері. Жайылым ?сімдіктері. С?ндік ?сімдіктер

Кеппеш?птер дайындау технологиясы.    

Практикалы? ж?мыс №2

«Вегетативті к?бею т?рлері»

Практикалы? ж?мыс №3

«Мектеп г?лба?шасына с?ндік ?сімдіктер отыр?ызу»

Практикалы? ж?мыс №4

«Кеппеш?птер дайындау ж?не оны р?сімдеу»

?орытынды саба?. 1 са?ат.

Та?ырыпты?-к?нтізбелік жоспар:

Та?ырыбы     Са?ат саны    Т?рі   Мерзімі

 

Кіріспе. 1 са?ат

1

?сімдіктер д?ниесіні? зерттелу тарихы

1

 

 

 

Тіршілік кілті – ?сімдікте. 5 са?ат

2

?сімдіктерді? тіршілік ерекшеліктері

1

 

 

3

?сімдіктер мен жануарлар арасында?ы ерекшеліктер

1

 

 

4

?сімдіктерді? таби?атта?ы ма?ызы

1

 

 

5

?сімдіктерді? адам ?міріндегі ма?ызы

1

 

 

6

?сімдіктерді? техникалы? ж?не т?рмысты? м?ні.

1

 

 

 

?сімдік жасушасыны? ??рылысы. 4 са?ат

7

?сімдік жасушасыны? ??рылыс ерекшелігі

1

 

 

8

Цитоплазма, протоплазма

1

 

 

9

Пластидтер, пластидтерді? т?р?згерісі

1

 

 

10

Физиологиялы? белсенді заттар

1

 

 

 

?сімдік м?шелері ж?не тіршілік жа?дайлары. 11 са?ат

11

Жапыра?. Фотосинтез процесі. ?сімдіктерді? космосты? ролі

1

 

 

12

Транспирация ??былысы

1

 

 

13

Тамыр. ?сімдік тіршілігіндегі элементтерді? ма?ызы.

1

 

 

14

Ты?айт?ыштар

1

 

 

15

Практикалы? ж?мыс №1

«?сімдіктерді? ?суіне ты?айт?ыш тарды? ?сері»

1

Практикалы? ж?мыс

 

16

?сімдіктерді? азотты сі?іруі

1

 

 

17

«Жырт?ыш» ?сімдіктер

1

 

 

18

?сімдіктерді? ?оз?алуы

1

 

 

19

Тропизм ж?не таксис

1

 

 

20

?сімдіктерді? ??р?а?шылы??а т?зімділігі

1

 

 

21

?сімдіктерді? суы??а т?зімділігі

1

 

 

22

?сімдіктерді? т?з?а т?зімділігі

1

 

 

 

?сімдіктерді? жеке дамуы. 12 са?ат.

22

?сімдіктерді? даму кезе?дері

1

 

 

23

?сімдіктерді? к?бею жолдары

1

 

 

24

Вегетативті к?бею

1

 

 

25

Практикалы? ж?мыс №2

«Вегетативті к?бею т?рлері»

1

Практикалы? ж?мыс

 

26

Б?лме ?сімдіктері

1

 

 

27

Д?рілік ?сімдіктер, оларды жинау ережелері

1

 

 

28

Жергілікті жерді? д?рілік ?сімдіктері

1

Жоры? саба?

 

29

Жайылым ?сімдіктері

1

 

 

30

С?ндік ?сімдіктер

1

 

 

31

Практикалы? ж?мыс №3

«Мектеп г?лба?шасына с?ндік ?сімдіктер отыр?ызу»

1

Практикалы? ж?мыс

 

32

Кеппеш?птер дайындау технологиясы

1

 

 

33

Практикалы? ж?мыс №4

«Кеппеш?птер дайындау ж?не оны р?сімдеу»

1

 

 

34

?орытынды саба?

1

К?рме, плакат, альбом, слаид

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ызы?ты биология" факультативтік курс ба?дарламасы »

Орал қаласының білім беру бөлімі









«Қызықты биология»

факультатив курс бағдарламасы























Орал - 2014ж

Қалалық эксперттік кеңестің шешімімен басылымға қала

мұғалімдері арасында таратылуға ұсынылады.

Хаттама № 3 21 қаңтар 2014 жыл.




Құрастырған:

А.А.Мендигазиева – Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясының биология пәні мұғалімі




Пікір жазғандар:

Т. О. ДарибаеваОблыстық білім беру басқармасының жаратылыстану пәндері бойынша әдіскер.


Г. С. Қошқарбаева - №1 жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары санатты биология пәні мұғалімі.
















«Қызықты биология» факультатив курсының бағдарламасында адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту, биология ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру және күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру, танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Курс бағдарламасы биология пәні мұғалімдеріне тиімділігі мол көмекші құрал болып табылады.


М А З М Ұ Н Ы




І. Түсінік хат ................................................................................................ 4


ІІ. Тақырыптық – күнтізбелік жоспар ...................................................... 8


ІІІ. Сабақ жоспарлары ................................................................................ 10


ІV. Сарамандық жұмыстар ......................................................................... 27


V. Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................... 31





































Түсінік хат

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

Осы орайда биология пәнінің негізгі мазмұны тірі ағзалардың құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы көзқарасты дамыту, тірі оганизмдердің жасушалық құрылысының негізге алынатын түсініктері туралы, организм және биоценоз тіршілік деңгейінің негізгі формалары екендігі туралы көзқарас қалыптастыру, өсімдіктер мен жануарларды жүйелеп жіктеу туралы ұғым қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар дүниесінің ерекшеліктерін, олардың табиғаттағы, адам өміріндегі және жалпы тіршіліктегі жоғары мәні туралы білімнің құндылығын ұғынуға бағытталады. Осы қағидалар 6-сыныпқа арналған «Қызықты биология» факультатив курсының бағдарламасында көрініс тапқан.

«Қызықты биология» факультатив курсының негізгі мақсаты - адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту, биология ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру және күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру, танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;

Факультатив курстың мазмұнында өсімдіктер дүниесінің зерттелу тарихы, өсімдік жасушасының құрылысы, химиялық құрамы, өсімдіктердің техникалық, космостық ролі, өсімдіктер тіршілігіндегі қозғалыс, оның түрлері, өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейту түрлері, өсімдіктердің жеке дамуы туралы тереңірек қарастырылған.

«Қызықты биология» факультатив курсының бағдарламасы ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты талаптарына сай жасалған.

Курс аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатқа есептелген.

Бағдарламада 6-сыныптың биология пәні бойынша берілетін тақырыптар толықтырып, қосымша ақпараттармен қамтылған. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

Курс мазмұнына сәйкес тақырыптар бойынша бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру үшін сарамандық жұмыстар жоспарланды.

Курстың орны: 6-сыныптың биология курсындағы өсімдік жасушасы және оның құрылысы, өсімдіктердің тіршілік әрекеттері тақырыптарының құрамдас бөлігі

Курстың мақсаты:

Өсімдіктер дүниесі, олардың зерттелуін, өсімдіктер дүниесінің



жүйеленуін үйрену;

Өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктері, олардың тұрмыстық және

техникалық маңызы туралы терең, жан-жақты білім беру;

Курстың міндеті:

  • Қоршаған орта табиғатының бір-бірімен тығыз байланыстағы нысандар жиыны екенін ұғындыру;

  • Табиғат аясында белгілі бір ережелерді басшылыққа алуды үйрету;

  • Топсеруен кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу;

  • Жаңа деректер, ғылыми терминдер, анықтамалар негізінде кесте, сызба, суреттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

  • Туған өлкенің табиғаты туралы білім бере отырып, экологиялық сауаттылық деңгейін көтеру;

Күтілетін нәтиже:

  • қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгереді;

  • табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын түсінеді;

  • зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауды үйренеді;

  • әр оқушының өз мүмкіндігі негізінде танымдық қызығушылығы артады;

  • туған өлкені, оның байлықтарын қорғай білуге тәрбиеленеді;

Мамандыққа бағдарлау: биолог, эколог, агроном

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, экология, зоология, тарих

Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс-сабақ, сарамандық жұмыс,

танымжорық, семинар, сайыс-сабақ.

Курсты қорытындылау формасы: реферат, шығармашылық жоба,

танымжорық, сарамандық жұмыстар

Уақыт жиілігі, көлемі: аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат. 5 сарамандық

жұмыс

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

    • Әр тарау бойынша берілген сарамандық жұмыстардың

орындалу көрсеткіші арқылы бағалау.

    • Оқу жылы аяғында « Оқушы портфолиосы » бойынша әр

оқушының жұмысын тыңдау арқылы бағалау.



Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар :


  • Өсімдіктердің тіршілігі жөніндегі ғылыми көпшілік кітаптардан мәліметтер , материалдар жинақтау;

  • Зертханалық жұмыстарды меңгеріп, нәтижесін талдап ала білу;

  • Өсімдіктердің жасушалық құрылысын зерттеумен айналысқан ғалымдардың еңбегімен танысу;

  • Ғылыми негізде жинақтаған материалдардан реферат жазып дағдылану, оқушы презентациясын жасау;

  • Өсімдіктердің тіршілік әрекеті, өсу заңдылықтары туралы ғаламтордан және газет, журналдардан оқып үйрену.









Курстың мазмұны:

Кіріспе. 1 сағат.

Ботаника - өсімдіктер дүниесін зерттейтін ғылым. Өсімдіктер дүниесінің алғаш зерттелуі.

Тіршілік кілті – өсімдікте. 5 сағат

Өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктері. Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы ерекшеліктер. Өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктердің техникалық және тұрмыстық мәні.

Өсімдік жасушасының құрылысы. 4 сағат.

Өсімдік жасушасының құрылыс ерекшелігі. Цитоплазма, протоплазма. Пластидтер, пластидтердің түрөзгерісі. Физиологиялық белсенді заттар.

Өсімдік мүшелері және тіршілік жағдайлары. 12 сағат.

Жапырақ. Фотосинтез процесі. Өсімдіктердің космостық ролі.Транспирация құбылысы.Тамыр. Өсімдік тіршілігіндегі элементтердің маңызы.

Тыңайтқыштар. Өсімдіктердің азотты сіңіруі. «Жыртқыш» өсімдіктер

Өсімдіктердің қозғалуы. Тропизм және таксис. Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі. Өсімдіктердің суыққа төзімділігі.Өсімдіктердің тұзға төзімділігі

Практикалық жұмыс №1

«Өсімдіктердің өсуіне тыңайтқыш тардың әсері»


Өсімдіктердің жеке дамуы. 12 сағат.

Өсімдіктердің даму кезеңдері. Өсімдіктердің көбею жолдары. Вегетативті көбею. Бөлме өсімдіктері. Дәрілік өсімдіктер, оларды жинау ережелері. Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері. Жайылым өсімдіктері. Сәндік өсімдіктер

Кеппешөптер дайындау технологиясы.


Практикалық жұмыс №2

«Вегетативті көбею түрлері»


Практикалық жұмыс №3

«Мектеп гүлбақшасына сәндік өсімдіктер отырғызу»


Практикалық жұмыс №4

«Кеппешөптер дайындау және оны рәсімдеу»

Қорытынды сабақ. 1 сағат.

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар:

Тақырыбы

Сағат саны

Түрі

Мерзімі


Кіріспе. 1 сағат

1

Өсімдіктер дүниесінің зерттелу тарихы

1




Тіршілік кілті – өсімдікте. 5 сағат

2

Өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктері

1



3

Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы ерекшеліктер

1



4

Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы

1



5

Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы

1



6

Өсімдіктердің техникалық және тұрмыстық мәні.

1




Өсімдік жасушасының құрылысы. 4 сағат

7

Өсімдік жасушасының құрылыс ерекшелігі

1



8

Цитоплазма, протоплазма

1



9

Пластидтер, пластидтердің түрөзгерісі

1



10

Физиологиялық белсенді заттар

1




Өсімдік мүшелері және тіршілік жағдайлары. 11 сағат

11

Жапырақ. Фотосинтез процесі. Өсімдіктердің космостық ролі

1



12

Транспирация құбылысы

1



13

Тамыр. Өсімдік тіршілігіндегі элементтердің маңызы.

1



14

Тыңайтқыштар

1



15

Практикалық жұмыс №1

«Өсімдіктердің өсуіне тыңайтқыш тардың әсері»

1

Практикалық жұмыс


16

Өсімдіктердің азотты сіңіруі

1



17

«Жыртқыш» өсімдіктер

1



18

Өсімдіктердің қозғалуы

1



19

Тропизм және таксис

1



20

Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі

1



21

Өсімдіктердің суыққа төзімділігі

1



22

Өсімдіктердің тұзға төзімділігі

1




Өсімдіктердің жеке дамуы. 12 сағат.

22

Өсімдіктердің даму кезеңдері

1



23

Өсімдіктердің көбею жолдары

1



24

Вегетативті көбею

1



25

Практикалық жұмыс №2

«Вегетативті көбею түрлері»

1

Практикалық жұмыс


26

Бөлме өсімдіктері

1



27

Дәрілік өсімдіктер, оларды жинау ережелері

1



28

Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері

1

Жорық сабақ


29

Жайылым өсімдіктері

1



30

Сәндік өсімдіктер

1



31

Практикалық жұмыс №3

«Мектеп гүлбақшасына сәндік өсімдіктер отырғызу»

1

Практикалық жұмыс


32

Кеппешөптер дайындау технологиясы

1



33

Практикалық жұмыс №4

«Кеппешөптер дайындау және оны рәсімдеу»

1



34

Қорытынды сабақ

1

Көрме, плакат, альбом, слаид




























Сабақ жоспарлары.

Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің қозғалуы»

Сабақтың мақсаты:

Өсімдіктердің қозғалысы, олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы үйрену;

Күтілетін нәтиже:

  • өсімдіктер мен жануарлар әлемінің айырмашылығы туралы көзқарастарын жетілдіру;

  • өсімдік тіршілігіндегі құбылыстардың мәнін ажыратуды үйрету;

Көрнекілік құралдар: слаидтар, суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО технологиясы

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

2. Жаңа сабақ.

А. Қызығушылықты ояту:

Венн диаграммасы арқылы жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру.








Б. Мағынаны тану:


Мәтінмен жұмыс.

  • Өсімдіктер әлемі жануарлар әлемінен ерекшелігінің бірі – аз қозғалуы. Өсімдіктер қозғалыстарының көпшілігі жарық, температура, химиялық факторларға жауап қайтаруына байланысты болады.

Тітіркендіргіштерді барлық өсімдік жасушалары қабылдай алады, әсіресе, тамыр мен сабақтың өсу конусы аса сезімтал келеді. Жасушалар арқылы қабылданған тітіркендіргіштер басқа жасушалар мен ұлпаларға таралып,оған тұтас ағза ретінде жауап беріледі.

Тітіркендіргішті қабылдаған өісмдік азғасының бөлігі теріс зарядталады, қабылдамаған бөлігі оң зарядталады. Нәтижесінде оң және теріс зарядталған бөліктер арасында электр тогы пайда болады. Оны биоэлектрлік потенциал деп атайды. Тіріткендіргіш өткізгіш жүйкелер арқылы тез таралып, белгілі бір мөлшерде энергия жұмсалады. Ал, ол энергия өсімдіктің тыныс алу процесі кезінде жинақталады.

«Категориялы топтастыру» стратегиясы арқылы өсімдік қозғалысының типтерін анықтау:

Өсімдіктердің белсенді қозғалысының екі типі бар. 1. Өсімді қозғалу. 2. Жиырылу арқылы қозғалу.

Өсімді қозғалыс кезінде өсімдіктің вегетативті мүшелерінің өсуі арқылы жүзеге асады.

Жиырылу арылы қозғалған кезде жиырылғыш ақуыздар қатысады.

Өсімді қозғалыстың өзі екіге бөлінеді: тропизм және настия.




В. Рефлексия.

Суреттер арқылы өсімдіктердің қозғалысының түрлерін анықтау.


1-сурет 2-сурет





































Сабақтың тақырыбы: «Тропизм және таксис»

Сабақтың мақсаты: Тропизм және таксис құбылыстарының түрлерімен таныстыра отырып, олардың ерекшелігін ажыратуға үйрену;

Күтілетін нәтиже:

  • тропизм және таксис құбылыстарының түрлерімен танысады;

  • фототропизм, геотропизм, хемотропизм құбылыстарының ерекшіліктерін ажыратады;

  • өсімдіктің қозғалысының себебін анықтайды;

Бағалау:

Көрнекілік құралдар: Бөлме өсімдіктері, суреттер, тірек-сызбалар.

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.



ББК кестесін толтыру:



Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білемін?






  1. Мағынаны тану: Мәтінді оқу.

Кез келген тропизм құбылысының оң және теріс әсері болады. Оң тропизм – өсімдіктің тітіркендіргішке қарай иілуі.

Теріс тропизм – тітіркендіргіш әсер еткен бағытқа қарсы иілуі.



Фототропизм – Бидай өскіндерін терезе алдына қойса, өсскіндердің сабақтары жарық түскен бағытқа қарай иіледі. Бұл құбылысты фототропизм құбылысы деп атаймыз. Мұның себебі – өсу нүктесі тітіркендіргіш – жарықты қабылдап, өсімдіктің басқа мүшелеріне өткізеді. Өсімдік ағзасы гетероауксин деп аталатын зат бөледі. Бұл зат өсімдіктің сабақ, жапырақ жасушаларының біркелкі өспеуіне әсер етеді, яғни сабақ пен жапырақтың кей бөліктерінің жасушалары тез көбейе бастайды.

Жарық түскен жерінде гетероауксин заты аз болады, ал қараңғы жағында көп болады. Соның әсерінен өсімдік сабағының жарыққа қарсы бағытында жасушалар тез көбейіп, сабақ жарық түскен бағытқа қарай иіле бастайды.

Геотропизм – ауырлық күшіне байланысты тамыр қоректік заттарды сору үшін топырақ қабаттарымен төмен қарай өседі. Мұны оң геотропизм деп атайды. Сабақ, керісінше, жоғары бағытталып өседі. Бұл – теріс геотропизм.

Егер, үрмебұршақ өсімдігінің өскінін тамырын жоғары қарай бағыттап қойса, біраз уақыттан соң, тамыр төмен қарай, сабақ өркендері жоғары қарай өсе бастайды.

Хемотропизм – өсімдіктің бейорганикалық және органикалық заттардың әсерінен қозғалуы. Хемотропизм оң және теріс болуы мүмкін. Өсімдіктің тамыры қоректік заттарды сору үшін топырақ қабаттарымен төмен қарай өсіп, әр түрлі бағытта хемотроптық иілулер жасайды.

Таксис – өсімдіктің белгілі бір мүшесінің иілуі емес, тұтас ағза ретінде кеңістікте қозғалуы. Оған бір жасушалы балдыр мен қарапайымдардың химиялық заттар немесе қоректік заттар әсерінен, жарыққа қарай немес жарыққа қарсы бағытқа қарай қозғалуы мысал болады. Бір жасушалы балдыр – хламидомонада жасушасындағы қызыл көзшесі арқылы жарықты сезеді. Мұны фототаксис деп атаймыз.



Тапсырма: Мәтінді оқып-танысқан соң, мәтін бойынша бір жуан, бір жіңішке сұрақтар дайындау.



  1. Ой толғаныс. Семантикалық карта.




Фототропизм

Геотропизм

Хемотропизм

Таксис

Жарықтың әсері





Судың әсері





Тұздың әсері





Ауырлық күші





Ауада қозғалу





Топырақта қозғалу










Сабақтың тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері».

Сабақтың мақсаты: Бөлме өсімдіктердің түрлері мен маңызын таныстыру.

Білімдік мәні: Бөлме өсімдіктер жөніндегі теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc- жүзінде қолдануға үйрету.

Дамытушылық мәні: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз-қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Бөлме өсімдіктер білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Бөлме өсімдіктері. Инструктивті карточкалар, мәтіндер, дәптер, қалам, тақта.

Сабақтың түрі: танымжорық - сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Вегетативті көбею түрлері.

3.Жаңа сабақ.

А)Қызығушылықты ояту.

Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты, ол басқа жаққа кетсе, қатты сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді.

Онда балалар біздің жаңа сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктері болмақ.

Сұрақ қойылады:

Бөлме өсімдіктері дегеніміз не?

Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреміз?

Білетін бөлме өсімдіктерін ата:


Б) Мағынаны тану:

- Әрбір отбасы өзінің алтын шаңырағы – пәтерін, жеке үйін сәндегенді, көріктендіргенді қалайды. Содан біреулер үй ішіне қылқалам шеберлерінің туындыларын, қолөнер бұйымдарын ілсе, өзгелер бөлмелерді қымбат жиһаздарға толтырады. Басқа отбасылар бөлмелерінде темір тор ішінде тотықұстарды ұстауды немесе аквариумдарда алтын түстес, өзге де түр, тұлғадағы балықтарды өсіріп, көбейткенді ұнатады. Тіпті, біздер бөлмелерінің қабырғаларына қару-жарақтарды іліп қойған отбасылардың да үйінде болған едік. Әйтеуір, әркім өз талғамы, таным-түсінігіне сәйкес пәтерін, үйін әрқилы әдемілеуге әуес. Тек, солардың қай-қайсы да үй өсімдіктерін өсіруге, онымен бөлмелерді көркейтуге қарсы емес. Бұл қай халықта да қазір үй өсімдіктерін өсірудің тұрмыстық салт-дәстүрге айналғанының жарқын көрінісі болса керек.

Өсімдіктер тарихы.

Интерьерді көгалдандыру үшін 3000 астам өсімдік түрі қолданылады. Олардың көбі субтропиктік белдеуден әкелінген.

Бөлме өсімдіктерінің 19% Оңтүстік Америкадан әкелінген тропиктік өсімдіктерден құралады. Олар: бегония, монстера, юкка, пастифлора.

Өсімдіктердің 17,6% Оңтүстік Африкадан шыққан түрлер құрайды. Олар пеларгония, хлорафитум.

Орталық Америка, Мексика, Вест-Индия, бөлме өсімдіктерінің 13,8% берді. Олар: кактус, пуансеттия, кейбір суккулентті өсімдіктер.

Барлық өсімдіктердің 13,5% тропиктік Азиядан (Үндістан, Үндіқытай). Олар: патша бегониясы, каучукті фикус, кодеум, орхидея.

Жерорта теңізі маңынан шыққан өсімдіктер 9,8%-ды құрайды. Олар: гранат, қоңыраубас, лавр,хамеропс пальмасы, т.б.

Оңтүстік Американың субтропиктік белдеуі 5,8%-ды құрайды.

Солтүстік Мексика 5,5% құрайды: традесканция, руэллия.

Африканың тропиктік өсімдіктері 5,1%-құрайды: кофе ағашы, драцена, сансевирия.

Шығыс Азиядан таралған 3,2%-ды құрайды: адалия, аспидистрия, аукуба, камелия, фатсия.

Австрия мен Жаңа Зеландия 3,1%-ды құрайды: араукария, корделина.

Орта Азия мен Канар аралдары 3,6%-құрайды: фикус немесе инжир, канар құрмасы.

Адамзат дамуының алғаш-қы дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олар-дың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.

Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипа-лық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.


Мәтінмен жұмыс

Барлық өсімдіктер морфологиялық, экологиялық ерекшеліктеріне байланысты мына топтарға бөлінеді.

Сыныпты 5 топқа бөліп, әрқайсысына мәтін таратамыз.Тапсырма:мәтінді оқып көрші топқа мазмұнда, келесі топ дәптерге түсіріп отырады.

1-топ мәтін:: 1) Гүлдері әсем өсімдіктер. Мұндай өсімдіктердің гүлдеуі ұзақ уақыт немесе қысқа мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ уақыт гүлдейтін өсімдіктер: архидея, пеларгония, синполия. Қысқа мерзімді: гиппеаструм, кренум, кливия. Өсімдіктердің гүлдеу уақыты да әртүрлі. Қыста гүлдейтін өсімдіктер: хрезентема, цикломен, пуансеттия, камелия. Көктемде және жазда гүлдейтін өсімдіктер: азалия, пелоргония, глоксиния.

2-топ мәтін:. Лианалар дұрыс өсу үшін тірек керек. лианалар көбінесе вертикальды көгалдандыру үшін решеткалар құрылады немесе шпагат жіптер тартылады. Лианалар түрлері: аспарагус, циссус, филодендрон, плющ.

3-топ мәтін : Ампельдік өсімдіктер Оларды ампель өсімдіктері деп те атайды. Өйткені бұлар ампельдерде, яғни, аспалы вазалар мен құмыраларда өсіріледі. Олардың сабақтары жайылып, төмен түсіп тұра-ды немесе өрмелеп өсіп, жан-жағына көрік береді. Аспалы өсімдіктер үнемі жа- сыл, көпжылдық, сәнді жапы- рақ жаятын, әдемі гүл шаш- атындар. Оны терезе алдына, қабырғаға бекіті-лген тіреуіштермен сәндік құмыраларда, ағаш, тоқы- ма кәрзеңкелерде өсіріп, іліп қояды. Ампельдік өсімдіктер: традесканция, сеткреазия, нефралепис, офиопогон, хлорофитум. Ампельдік өсімдіктер қысқы бақтарда өсіру өте қолайлы.

4-топ мәтін : Суккуленттер – өз бойына нәр жинайтын өсімдіктер тобы. Олар ылғал қорын бұтақтары мен жапырақтарында жинайды. Түрлері: кактус, агава, алоэ, тольстянка, очиток, гастерма, сүттіген.

5-топ мәтін: Эпифиттер ағаш бұтақтары мен діңіне жабысып өсетін өсімдіктер. Эпифиттерді көбінесе қысқы бақтарда өсіріледі. Оларға бромелия, платицериум, асплениум жатады.

Бөлме өсімдіктерінің үш талабын білуіміз керек.

Бөлме өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар: 1. Оларды іріктеп алу; 2. Өсіру; 3. Баптап күту. Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп алуда олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын-ала оқып, біліп, сұрап, онымен танысып алған жөн. Үй өсімдіктерінің қай түріне қаншалықты жарық, температура, ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып, түрлі ауруларға ұшырап шіріп кетуі мүмкін. Үй өсімдіктерінің ішінде жарықты сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да бар. Біз енді соған тоқталсақ.

«Кім жылдам» ойыны. Тақтамен жұмыс:

Тақтаға 3 оқушы шығады. Тапсырма:Әр оқушы партадағы 3 гүлдің біреуін тандайды.әр гүлдің ішінде өсімдіктер атаулары болады.1-оқушы Жарық сүйгіш өсімдіктер теріп жазады. 2-оқушы Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер теріп жазады. 3-оқушы Жылылықты сүйетін өсімдіктер теріп жазады.

Дұрыс жауаптар

Жарық сүйгіш өсімдіктер

Олардың көбісі шөл дала мен таулы жерлерде өсетіндер. Оның негізгі түрлері: кактустар, сабақтарында ылғал сақтайтындар (суккуленттер) – сүттіген, сенецио, стапелия, литопса, фаукария, толстянка, каланхоэ, очитка, агава, сансевиерия, зониум және тағы да басқалар. Қараңғыда және көлеңкеде өңін жоғалтатын теңбіл жапырақты өсімдіктер: колеус, кротон, сеткреазия, кордилина, стробилантес.

Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер

Үй өсімдіктерінің ішінде жарықтың мол, аз түскенін ғана емес, шашырап түскенін де қалайтындары кездеседі. Гүл өсірушілердің айтуынша, олар мыналар: аспарагус, бегония, глоксиния, сенполия, фуксия, зухарис, пенеромия және т.б.

Жылылықты сүйетін өсімдіктер

Бұларға тропиктік өсімдік-тер жатады. Олардың ішінде кең тараған түрлері: бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аг-лаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, дроцендер, бромелия, геснерия тұқымдастар. Бұлар қыста 200С температурада жақсы өсіп, өнеді. Кактус тәрізді субтропиктік өсімдіктер үшін қыста температура 60С-тан 120С аралығында болуға тиіс. Егерде үй өсімдіктері тұрған бөлмелердегі температура режимі бұзылатын болса, өсімдіктер сарғайып, жапырақтары түсіп қалады. Үйде өсетін өсімдіктер аспалы өсімдіктер, сәнді жапырақ жаятындар, әдемі гүл шашатындар болып сан алуан түрге бөлінеді.

Шағын танымжорық:

Ал енді қолымыздағы фенологиялық бақылау парағын толтырайық.

Инструктивті карта.

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктер.

Мақсаты:Бөлме өсімдіктердің түрлерін анықтау.

Қажетті құра-жабдықтар:Қалам, дәптер, бөлме өсімдіктер түрлері.

Жұмыс барысы:

Бөлмедегі гүлдердің орналасуына назар аудару.

Берілген кестеге бөлме өсімдіктердің атауын жаз.



Гүлдері әсем өсімдіктер

Лианалар

Ампельдік өсімдіктер

Эпифиттер

Суккуленттер

1































Сабақты бекіту.Топпен жұмыс: 5топқа бөлменің суреті беріледі.

Өсімдіктерді дұрыс берілген (парақта) бөлмеде дұрыс орналастыру.


Үйге тапсырма. Бөлме өсімдіктердің түрлерін терең оқып келу.


7. Қорытынды

Бөлме өсімдіктері өте пайдалы. Олар бөлменің ауасын тазартады, ондағы көмір қышқыл газын сіңіріп, оған оттегін бөліп шығырыды. Ал егер өсімдіктердің көлемі үлкен болып, бөлмеге жарықтың енуіне кедергі жасаса, ол зиянды. Сондай ақ өсімдіктер күтілмесе, онда оның жапырақтары «шаң-тозаң жинағышқа» айналып, түнде олар да оттегін сіңіреді. Сөйтіп, бұл жағдайлар өсімдіктердің пайдасынан гөрі зиянын арттырып, бөлме ауасын «тарылтады». Сондықтан бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының шаң-тозаңдарын ылғалды шүберекпен сүртіп, тазартып отыру қажет.Үй өсімдіктерін бөлменің кез-келген жеріне қоя салмай, олар өсіп тұрған ыдыстарды тиімді де ыңғайлы әрі сәнді етіп орналастырудың маңызы зор.





Сабақтың тақырыбы: «Сәндік өсімдіктер».

Сабақтың мақсаты: Сәндік өсімдіктердің түрлері туралы білім беру.

Білімдік мәні: Сәндік өсімдіктер жөніндегі теориялық беру, практикалық тұрғыда қолдануға баулу;

Дамытушылық мәні: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушыларды шығармашылыққа үйрету;

Тәрбиелік мәні: Гимназия ауласын гүлзарлар ұйымдастырып, өз қаласын көгалдандыруға үлес қосуға тәрбиелеу;

Көрнекілік құралдар: Сәндік өсімдіктер суреттері, слаидтар, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме, тірек-сызбамен жұмыс

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

2. Жаңа сабақ.

А. Қызығушылықты ояту: Гимназия ауласының суреті бойынша әңгіме құрау

Б. Мағынаны тану:

Көгалдандыру ‒ қала, ауыл, т.б. елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін көгалдандыру жұмыстары мекен жайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, т.б. қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша, белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ке кемиді, 35%-не өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ке азаяды, ал 65%-не өсірілсе, шаң 95%-ке кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны отгегімен байытады, шуды азайтып, мекен жайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқьш газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына колайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы, т.б. жатады.

Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетгі су көздері қарастырылады. Осы факторлар бойынша отырғызылатын өсімдіктер құрамы да анықталады. Орман ағаштары мен бұталар көшеттері, шөптесін өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдары әр аймақта орналасқан питомниктерден алынады. Осы себептен біз мына келесі өсімдіктерге тоқталайық.

Сәндік өсімдіктердің биологиялық сипаттамасы

Шырайгүл, петуния (Petunia) – Оңтүстік Америкадан әкелінген. Оларды балкондарда, террасаларда, горшоктарда, жол жағалауында өсіруге пайдаланады. Бұл өсімдіктер жылу және жарық сүйгіш өсімдіктер, сондықтан оларды ашық топыраққа отырғызуға асығудың қажеті жоқ. 15 маусым айынан кейін отырғызған жөн. Қыржай аймақтарда маусым айынан қазан айына дейін гүлдейді. Сорттарын топтарға гүлінің мөлшеріне және өсімдіктің биіктігіне қарай бөледі.

Қырмызыгүл, календула (Calendиla)– біржылдық өсімдіктер. Гүлшоғыры – себетгүл сары-қызғылт түсті. Шілде айынан суық түскенге дейін гүлдейді. Гүлдеуін жалғастыру үшін және әсемділігін сақтап қалу үшін гүлдеп болған себетін алып тастау қажет.

Үрмебұршақ, декоративная фасоль (Phaseolus) - және хош иісті бұршақ,

Хош иісті бұршақ (Pisum)– шырмалғыш бұршақты өсімдік. Үрмебұршақ гүлдері қызыл – сары-қызғылт, сирек ақшыл, асбұршақтың әртүрлі сорттарында – ақ түстен қара қошқыл түске дейін, көкшіл түстілері, көк және қызғылт, сары түстілері де кездеседі. Қаша бойына, террасаға салынады, шпагат жібіне жақсы шырмалып өседі. Үрмебұршақ жылу сүйгіш, бұршаққа қарағанда, сондықтан оны күнгей жаққа борпылдақ құнарлы топыраққа отырғызу қажет.

Жаздықтардың көбеюі. Тұқымдарын наурыз айында қорапқа (жәшікке) құнарлы топыраққа отырғызу қажет. Гүлдеуі ерте болуы үшін хош иісті асбұршақты ақпан айында 3-4 бұршақтан құмыраға отырғызады. 10-12 күннен кейін өскінді көшіреді. Әсемдік үрмебұршақты және петунияны топыраққа 15 шілде айында отырғызады. Календула өсімдігінің тұқымын топыраққа күзде немесе сәуір – мамыр айларында отырғызады.

Раушангүлдер (Rosacea). 300-ден астам түрі белгілі. Бау-бақшалы формалары және сорттары көпжылдық күрделі шағылыстырудан алынған. Қайталанбас әсемділігі және хош иісі раушангүлді классикалық өсімдік жасады.

Раушангүлдер вегетативті жолмен көбейеді: телу, қалемшелеу, тамырлардың бөлімдерімен, бұталарын бөлу арқылы. Раушангүлдердің әр тобының өзіне тән көбею тәсілі болады.

Раушангүлдердің әр тобынан және сорттарынан әдейіленген бақша – розарийді ұйымдастыруға болады, олар жеке және топтасып отырғызуға қолайлы.

Флоксылар (Phlox). Кеңінен таралғандар – сыпыртқы флоксы, әртүрлі түсімен ерекшеленеді. Олардың түсі: ақшыл, қызғылт, қызыл және ақшыл көк түсті.

Бұл көпжылдық өсімдік, оларды бір орында 4-5 жылдан өстам өңдеуге болмайды. Гүлшоғыры күшті және жағымды ароматты (иісті) болып келеді.

Гүлдеу мерзіміне байланысты барлық сорттарды ерте гүлдейтіндерге, гүлдеуі маусым айының аяғы мен шілде айының басы; орташа гүлдейтін, гүдеу уақыты шілде айында; жәй гүлдейтіндері тамыз айында гүлдейтіндері.

Флокс (Phlox) – ылғал сүйуші өсімдік, жақсы дамыған шашақ тамыр жүйесі топырақтың беткі жағында орналасқан, сондықтан құрғақ ауа райы кезінде оларды суғару қажет, ал қопсыту кезінде абайлықты сақтаған жөн. Себуге арналған жерде жарығы мол, жақсы желдену үшін мүмкіндік туғызады, өсімдіктерді отырғызу арақашықтығы бір бірінен 30-40 см болуы қажет.

Флокс вегетативті жолмен көбейеді – бұтақтарын бөлу және гүлдегенге дейін жасыл қалемшелерін тамырлату арқылы. Зақымданған өсімдікті дәрілейді, ал қалғанын жояды.

Лалагүл, лилия (Lilium). Әсемдік үшін бау-бақшаларда кеңінен пайдаланылатын қайсы бір өсімдікті атау қиынға соғады. Түрлік белгілеріне қарай лилиялар 9 топқа бөлінген, сонымен қатар олардың 3000 гибридті жолмен алынған сорттары белгілі.

Лалагүл – көпжылдық пиязшалы өсімдік. Олардың көбеюі пиязшалықтармен, бүршікті пиязшықтар – бульбочкалармен, қабыршақтармен және жапырақты сағақтармен жүзеге асырылады. Түрлі лилиялар тұқымымен көбейеді, оның тұқымын жәшікке жеңіл топыраққа наурыз айында себеді. Сеппе түрлері 2-6 жылда гүлдейді.

Лилияның отырғызу жерін көктемде немесе күзде су баспауы қажет. Америкалық түрлері мен сорттарына ылғалды және қышқыл топырақ қажет. Лилияның жоғары деңгейде өсіп жетілуі азадап көлеңкеленген жерде қарқынды жүреді. Лилияны отырғызған кезде бау-бақша жолы оңтүстік жақта болуы тиіс, сонда ғана олардың гүлдері оларға қарай бағытталады. Отырғызу тереңдігі 20-25 см; ақ лилияны 3-5 см тереңдікте отырғызу қажет. Отырғызудың қолайлы кезеңі – тамыз айы. Америкалық және кавказдық лилияны қысқа қарай қалыңдығы 20 см жабындық материалмен жауып, оны жылы температураның тұрақты орныққанға дейін ашпау қажет, әйтсе гұлдері үсікке шалдығады.

Құлқайыр, мальва (Malva). Бау-бақшаларда кеңінен таралғаны кәдімгі құлқайыр, немесе шето-раушангүл, олар бірнеше әртүрлілігімен ерекшеленеді. Оларға, гүлдерінің түсі қызыл-қара бархытталған қара түсті құлқайыр; гүлдері жартылай бархытталған әртүрлі түсті және декоративті бархытты құлқайыр.



3. Рефлексия. Гимназия ауласын безендіруге арналған гүлзарлардың сызбасын жасау.













































Сабақтың тақырыбы: «Жайылымдық өсімдіктер»

Сабақтың мақсаты: Жайылымдық өсімдіктердің түрлері мен атаулары туралы білім беру

Білімдік мәні: жайылымдық өсімдіктердің азықтық маңызы туралы білімдерін толықтыру, оны іc- жүзінде қолдануға үйрету.

Дамытушылық мәні: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйрету

Тәрбиелік мәні: экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу, экономикалық білім беру

Көрнекілік құралдар: Жайылымдық өсімдіктер суреттері, слаидтар, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме,

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

2. Жаңа сабақ.

А. Қызығушылықты ояту:

Халқымыздың белгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттеріндегі» «Жер түгі» деп аталатын небәрі 54 жолдық өлеңінде 30 түрлі ағаш, 60-қа жуық шөп пен қурай, бәрі 90 түрлі өсімдік атаулары кездеседі. Мәселен, ақынның мына өлеңіне көңіл аударайық:


Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,
Сүттіген, еңлік мүйіз, киізкиік.
Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң,
Жапырақтеңге, бұйра, қисық, иық.

Балдырған, у қорғасын, атқұлақты,
Елік жүр сонысында соны қиып.
Желкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр,
Сауыны биеемшектің кеп тұр иіп.

Мың тамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ.
Сыбызғы жалбыз, құлмақ, қарақияқ,
Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ.

Ішінде сол қурайдың сұлу болар
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ.
Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып
Бөлінеді жуалар мен таусарымсақ.
Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,
Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.

Бұл өлең жолдарында қандай өсімдіктер туралы айтылған?

(Бұл өлең жолдарында дала, шалғын, орман, тау бөктерлерінде өсетін өсімдіктер туралы айтылған)

Б. Мағынаны тану:

  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жайылымдық өсімдіктер қалай аталады?»

- Ұлы даланың алқабында алуан түрлі өсімдіктер кездеседі. Көпшілігіміз оларды күнде көріп жүрсек те: «Мына маңайға шөп қалың шығыпты. Шаруа адамына жақсы болған екен. Береке мен ырысқа толып тұрғанын қарашы!»,- деп кете береміз. Далалық өсімдіктердің аттарын, табиғи қасиеттерін жете білу мал шаруашылығында түрлі қызметтер атқаратын, ондағы игілік көздерін шығарумен шұғылданатын адамдар үшін аса қажет ұғым. Өсімдіктердің қалыптасқан атаулары олардың шығатын мекенін, тұқым шашатын кезеңін, малазықтық қасиеті мен түр-түсін белгілейді. Осы мақсатта біршама шөп аттары мен олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, табиғи қасиеттерін қарастырайық.


Қазақстанның өсімдік дүниесі ұлттық текті, сананы қалыптастыруға да зор әсер етеді. Әр түрлі аумақтарымызда өсетін арша, жүзгін, шыралжың, изен, басқа да мал азықтық өсімдіктердің қоректік қуаты мол, құрамында каротин мен протеиннің мөлшері жоғары. Мысалы, құмды өңірде өсетін жүзгін сәуірдің соңында аппақ гүлін ашып, желегі төгіліп тұрады. Сол кезде оны жылқыдан басқа түліктер сүйсіне қорек етеді. Тобылғы мен жүзгін жапондардың атақты сакурасына ұқсайтынын, қазақ пен жапон халықтарының ДНК-сында айырмашылықтың аз екендігін ғылым мен технологияның алдыңғы шебіне шыққан бұл елдің ғалымдары дәлелдеп те үлгерді.

Еліміздің оңтүстігіндегі шөл және шөлейт алқаптарында изен, жусан, сексеуіл секілді қазір сиреп бара жатқан өсімдіктер әлі де көп кездеседі. Батыс Қазақстан өңірінің жайылымдарында мия, бозғанақ, бұйырғын, тобылғы, жусан үш түрлі: боз жусан, қоңыр жусан, жер жусан, көкпек, жантақ, тұзжапырақ, ажырық, доңыз, күңшаш, қоңырбас, ақселеу, арпақан, кәріқыз, түйежапырақ, бәйшешек, қияқ, бидайық, қамыс, ұшқат, тораңғы, алабота, шоңайна, итсигек, шытыр, буылдырық, бақбақ, бүлдірген, тұңғиық, қоға, ши, жалбыз, қазоты, бетеге, есекмия, меңдуана, шыралжың, қымыздық, атқұлақ, райхан, ақеркек, майқара, ебелек, жуа, қызылша, баялыш, теріскен, қараған, күйреуік, итмұрын, жыңғыл, ошаған, жиде, жоңышқа, таспа жоңышқа, шырмауық, терек, шілік, қараөлең, сексеуіл, жүзгін, боз тал, құба тал, қайың ағаштарымен бірге, қоянсүйек, сарсалма, таспа боз, изен секілді төрт түлік мал сүйсініп жайылатын өсімдіктер ұшырасады.

Өсімдік дүниесіне ақындар да ынтығып, жыр арнаған. Сахара төскейінде жұпар иісі аңқып жайнаған гүлдер мен желкілдеген жапырақтар азық-түліктік ресурстар болумен қатар, сұлулық пен пәктіктің бірыңғай бейнесіндей елестейді ғой…

Шығармашылық тапсырма: І. Жансүгіровтың өлеңіндегі өсімдіктердің белгілі түрлеріне сипаттама жасау.

В. Рефлексия. «Еркін жазу» стратегиясы бойынша жұмыс:

Егістік жердегі шоқ қайыңның маңызын түсіндіріңдер.





Сарамандық жұмыстар

Сарамандық жұмыс №1

Тақырыбы: Өсімдіктердің өсуіне минералды тыңайтқыштардың әсері»

Мақсаты: Минералды тыңайтқыш ерітіндісі құрамындағы элементтердің өсімдік мүшелерінің өсуіне әсерін зерттеу.

Құрал – жабдықтар: 0,5 л немесе 1 л шыны банка, қара және ақ қағаз, шыны түтік, парафин, картон, фарфор табақша, Кноп ерітіндісі.

Кноп ерітіндісі құрамы: 1 л ерітіндіге қажет:

Ca(NO3)2 – 1г

KCl - 0,25 г

KH2 PO4 - 0,25 г

MgSO4 – 0,25 г

K

N

P

Ca(NO3)2 – 1г

NaCl - 0,25 г

NaH2 PO4 - 0,25 г

MgSO4 – 0,25 г


CaCl2 – 1г

KCl - 0,25 г

KH2 PO4 - 0,25 г

MgSO4 – 0,25 г


Ca(NO3)2 – 1г

KCl - 0,25 г

K2 SO4 - 0,25 г

MgSO4 – 0,25 г



Топтарға тапсырма:

1 топ – Калийдің жетіспеушілігін бақылау

2 топ – Азоттың жетіспеушілігін бақылау

3 топ – Фосфордың жетіспеушілігін бақылау


Нұсқау карточка


  1. Әр топқа Кноп ерітіндісін дайындап беру.

  2. Шыны ыдысты қара қағазбен, сосын ақ қағазбен орау.

  3. Шыны ыдысқа ерітіндіні құю.

  4. Алдын ала үрмебұршақтың 10 күндік өскінін алып, шыны ыдысқа мақта арқылы картон қақпақтағы тесікке орналастыру.

  5. Әр апта сайын өсімдіктің өсуіндегі, түсіндегі, өсімдік мүшелерінің өзгерісіндегі бақылап отыру.

  6. 3-4 аптадан соң, жұмысты қорытындылау.





Сарамандық жұмыс № 2


Тақырыбы: «Вегетативті көбею түрлері»


Мақсаты: өсімдіктерді көбейтудің ветегативті түрлерімен таныстыра отырып, түйнек, пиязшық, жапырақ арқылы көбейтуді үйрену.


Құрал – жабдықтар: топырақ салынған ыдыстар, картоп түйнегі, сарымсақ пиязшығы, бегония жапырағы, кішкене күрек, суқұйғыш, қандауыр, қайшы.


Топтарға тапсырма:


1 топ. Картопты көбейту

2 топ. Сарымсақты көбейту

3 топ. Бегония өсімдігін көбейту



Нұсқау карточка



  1. Картоп, сарымсақ өісмдіктерін жылы жерге бірнеше күнге көктегенге дейін қою.

  2. Картоп, сарымсақ өсімдіктері көктеген соң, картоп түйнегін көзшелерге, сарымсақты бөліктерге бөлу.

  3. Бегония өсімдігінің жапырағын жүйкелері бойынша бірнеше бөліктерге қою.

  4. Дайын болған көзшелер мен сарымсақ бөліктерін қарашірікті топыраққа, бегония жапырақтарының бөліктерін ылғалды құмы бар ыдыстарға отырғызу.

  5. Өскіндердің өсуін бірнеше апта бойы бақылау.














Сарамандық жұмыс № 3


Тақырыбы: «Мектеп гүлбақшасына сәндік өсімдіктер отырғызу»


Мақсаты: Гүлзарлардың түрлерімен таныстыра отырып, онда егілетін гүлдердің ерекшеліктерін үйрену


Құрал-жабдықтар: күрек, қолғап, тырнауыш, суқұйғыш


Нұсқау карточка:


  1. Алдын –ала гүлбақшаның орнын дайындап, топырағын қопсыту;

  2. Гүлзарлардың сызбасын әзірлеп, егілетін гүл түрлерін анықтау.

  3. Дайын сызба бойынша біржылдық гүлдерді егу.

  4. Гүлдерді суғарып, үнемі күтімге алу.


1- сурет. Гүлзардың үлгісі. 2- сурет. Гүлзардың сызбасы.


Гүлзардағы гүл түрлері: 1. Дельфиниум. 2. Флокс. 3. Қазтамақ. 4. Бархатцы.




Аласа бойлы өсімдіктер егілген гүлзарлар түрлері.





Сарамандық жұмыс № 4

Тақырыбы: «Кеппешөп дайындау және оны рәсімдеу»


Мақсаты: кеппешөптер дайындау технологиясы бойынша кеппешөптерді дайындау және рәсімдеу әдістерін үйрену


Құрал-жабдықтар: А4 форматындағы қағаз, кепкен өсімдіктер, калька, желім, ине, жіп.

Нұсқаулық карта


  1. Өсімдіктерді жинау (тұтас өсімдікті немесе жапырақ, гүл, гүлшоғыр).

  2. Өсімдіктерді кептіру.

  3. Кепкен өсімдікті А4 қағазына сабақ, жапырақ, гүлі және тамырын жазып, жасыл немесе ақ жіппен тігу.

  4. Егер тұқымы немесе жемісі болса, арнайы қағаз қорапшаға салынып, бірге желімдеу.

  5. Өсімдікті орналастырып, болған соң, А4 қағаздың оң жақ төменгі бұрышына этикетка жапсыру.

  6. Кеппешөптің беткі жағына калька қолдану.


1-сурет. Өсімдік жинау мен кептіруге қажетті құралдар.


2-сурет. Этикетиканың үлгісі. 3-сурет. Дайын кеппешөптің үлгісі.





Қолданылған әдебиеттер:

  1. Т. Мұсақұлов «Ботаника»

  2. П. А. Генкель «Физиология растений»

  3. Л. В. Кудряшов, и др. «Ботаника с основами экологии»-М.,-Просвещение,-1979

  4. С. Н. Коновалова. «Сборник развивающихся задач по ботанике: для 6-7 классов» - Кокшетау: «Келешек-2030», - 2008.

  5. А. Ф. Мазурина «Наблюдения и труд детей в природе»М.-Просвещение,-1976

  6. Н. А. Пугал, Д. И. Трайтак. «Кабинет биологии»-М., Владос, 2000

  7. А. В. Яблоков. «Актуальные проблемы биологической науки»-М., Просвещение,- 1984

  8. Г. Г. Захарченко. «Лабораторные работы по изучению полевых культур»- М., Владос, - 2003

  9. Авторы-сост. А. А. Боднарук, Н. В. Ковылина. «Занимательные материалы и факты по общей биологии» - Волгоград, -Учитель, 2005.

  10. http://www.zoodrug.ru/topic1917.html

  11. http://www.biologes.ru/metodicheskaya-kopilka/



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?ызы?ты биология" факультативтік курс ба?дарламасы

Автор: Мендигазиева Акмарал Аскеровна

Дата: 23.01.2015

Номер свидетельства: 160234


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства