: 1. ?абит М?сірепов – ?аза?ты? аса к?рнекті жазушысы (1902 – 1985). Оны? «Т?т?ын ?ыз», «?аза? солдаты» атты е?бектері бар. Алматы ?аласында ол кісіге арнал?ан ескерткіш бар. ?аза? жастарына ?алдыр?ан ?сиет с?зі де бар. «??рметтейік, бас иейік адам баласыны? м??гілік орта? бесігі – Жер - Анамыз?а». Олай болса, мына ?лсіз дауыс неге шырылдап шы?ты екен?! «??лыным, ?айрошым... ?айда жо?алып кетті??...» Осы ?айрошты? ?айда кетіп ?ал?анын аны?тау ?шін ??гімені т?сініп о?ып к?релік.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?абит М?сірепов. »
Тақырыбы: Ана құшағында. Ғабит Мүсірепов. 4сынып ана тілі
Мақсаты: Оқушыны Ғабит Мүсіреповтың «Ана құшағында» атты романнан үзіндіні түсініп оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету; өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
(оқушыларды топқа бөліп, қима қағаздар тарату арқылы бөліктерге бөліп сұрау).
Үлек дегеніміз не?
Мәтінге сүйеніп, оған сипаттама бер.
Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?
Балалар неден, неге қатты қорықты?
Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Әңгіменің ең соңғы сөйлемінен қандай қорытынды шығардың?
Тағы не қосарың бар?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің араларыңда оқығысы келмеген балалар бар ма екен?
Ал, оқығысы келетіндер ше?
Ғабит Мүсірепов жайлы не білеміз?
Ү. Жаңа сабақ: 1. Ғабит Мүсірепов – қазақтың аса көрнекті жазушысы (1902 – 1985). Оның «Тұтқын қыз», «Қазақ солдаты» атты еңбектері бар. Алматы қаласында ол кісіге арналған ескерткіш бар. Қазақ жастарына қалдырған өсиет сөзі де бар. «Құрметтейік, бас иейік адам баласының мәңгілік ортақ бесігі – Жер - Анамызға». Олай болса, мына әлсіз дауыс неге шырылдап шықты екен?! «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің?...» Осы Қайроштың қайда кетіп қалғанын анықтау үшін әңгімені түсініп оқып көрелік.
Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып оқу. Теріп оқу. Мәтіннің өзекті түйінін табу. Анасының Қайрошты құшақтаған сәтін тауып оқы.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
АнасыҚайрошты қайда іздеп келді?
Қайроштың досының аты кім? (Шеген) Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің?
(Әңгіменің басында ... тізесіне сорпа шашырағанда; ... Анасы кеткенде Қайроштың көзінен жас шыққанда.) Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?
Мариям апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың?
Қайроштың анасына мына үлгі бойынша сипаттама жаз.
Қандай? Қайроштың анасы.
киімі үлкен жаулығы, көк шұбар кең көйлегі
мінезі мейірімді, ақылды, сөзге тоқтайтын адам
сөйлеген сөзі даусы әлсіз, нақты
ҮІІ. Қорыту.
Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады?
Егер сен Қайроштың орнында болсаң, не істер едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. түсініп оқу, әңгімелеу, өз анаң туралы не айтар едің?