kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Внеклассная работа по теме "Домбыра -халы? ж?регіні? айнасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

???

?ла?атты  ?стаз, к?йші – домбырашы  ?.М?с?лімовты?  ту?анына  90  жыл  толуына  орай  «Домбыра – халы?  ж?регіні?  айнасы»  атты  шараны?

БА?ДАРЛАМАСЫ

А?бота:

         Армысыздар  ??рметті  ?она?тар! Б?гінгі  к?ні  ?ла?атты  ?стаз, к?йші – домбырашы  ?ибатолла  М?с?лімовты?  90  жас?а  толуына  орай  «Домбыра  халы?  ж?регіні?  айнасы»  атты  шарамыз?а  ?ош  келді?іздер!

А?бота: ?аза?  к?йіні?  ке?  ?анат  жайып, шыр?ау  биікке  ?рлеген  т?сы – ХІХ ?асыр. Сол  кезе?де ?ркердей  ?йірілген  ?уатты  к?йшілер  т??ыры  ?аза?ты?  ?нер  аспанын  жар?ырата  н?рландырып  т?рды. Я?ни, Нарын  ?лкесінде  к?й  ??діретін  еске  алса?, т?кпе  к?йді?  талай  са?ыла?тарын  ?мірге  ?келген. Б?кіл  ?аза?станды  бар  ?лемге  таныт?ан  к?й  атасы  ??рман?азы  Са?ырбаевтан  бастап, Дина, Д?улеткерей, Ер?алилар  осы  Нарын  ?лкесінде  туып-?скен. К?й  шы?аруды  ?сіресе  музыкалы?  сауаты  жо?тар  ?шін  бір  ??дайды?  ?зі  сыйла?ан  ?абілет  санаса?, оны  орындау – екінші  д?ние, кез келген  домбырашыны?  ?олынан  келе  бермейтін, мы?нан  біріне  ?ана  берілер сый. Осы?ан  орай  бізді?  с?з  еткелі  отыр?анымыз – ?зіні?  ?ыс?а  ??мырын  халы?  а?арту  ісіне  ж?мса?ан  ?ла?атты  ?стаз, д?лд?л  домбырашы  ?ибатолла  М?с?лімов  т?седі.

С?з_________________________________________________________________________________________________________________________________

А?бота: Келесі  кезекте  ?ибатолла  М?с?лімовты?  ?мір жолдарына  ?ыс?аша  то?талайы?. Алдары?ызда  ?.М?с?лімов  атында?ы  орта  мектепті?  о?ушылары

А?са?ан: ?ибатолла  М?с?лімов  1925  жылы  ?азіргі  Исатай  ауданыны?  Нарын  ??мында (б?рын?ы  Бабан ауылы) д?ниеге  келген. 1932 жылы  Сталин  атында?ы  орта  мектепті?  бірінші  класына  барып, 1942  жылы  мектепті  ?здік  бітіреді. Аудан, облыс  к?леміне  танымал  ардагерлер  Сабыралиев  ?абдолмажит, Маштохов  ?атих – ?ибатолланы?  мектептес, кластас  жолдастары Оларды?  мектептегі  кезі  ?мір мен ?лім  белдескен  ша? – ?лы  Отан  со?ысыны?  ?ыз?ан  кезімен  т?спа-т?с  келді.

??рмет: Облысты?  о?у  б?лімі  жанында?ы  орыс  тілі  п?ні  м?,алімдері  даярлайтын  курсын  бітірген  ?ибатолла  ?стазды?  жолын  ал?аш  ?зі  о?ып, білім  ал?ан  Сталин  атында?ы  орта  мектебінен  бастап, кейін  Т?щы??лы?, Кетеша?ыл  ауылдарында?ы  мектептерде  орыс  тілінен  саба?  беріп, о?у  ісіні?  ме?герушісі  ?ызметін  де ат?ар?ан. 1949 жылы  Орал  ?аласында?ы  А.С.Пушкин  атында?ы  педагогикалы?  институтты?  ?аза?  мектептеріне  орыс  тілінен  саба?  беретін  м??алімдер  даярлайтын  факультетіне  сырттай  о?у?а  т?сіп, оны  ойда?ыдай  т?мамдады.

А?ерке: 1950 – 1956  жылдары  Новобогат  ауданы  орталы?ында?ы  Аманкелді  атында?ы  орта  мектепте  о?у  ісіні?  ме?герушісі, кейін  директоры  бол?ан. ?.М?с?лімов  ?лкен  ?йымдастырушылы?  ?абілеті, мол білімімен  к?зге  т?сіп  жо?ар?ы  партия, ке?ес  орындары  оны  ауданды?  халы?  а?арту б?ліміне  ж?мыс?а  жо?арлатады, ал?аш  педкабинет, кейін  халы?  а?арту  б?ліміні?  ме?герушісі  ?ызметінде  болады. Жа?а  ауданны?  ??рылуына  байланысты  1958 жылы Гурьев  ауданды?  халы?  а?арту  б?ліміні?  ме?герушілігіне  ж?мыс?а  жіберілді. Жа?а  ??рыл?ан  ауданды?  халы?  а?арту  б?ліміні?  ?йымдастыру  ж?мысында  ?зіні?  іскерлік, ?йымдастырушылы?  ?абілетін  к?рсетті. 1959  жылы  денсаулы?ына  байланысты  Еркін?ала  орта  мектебіні?  директорлы?ына  ж?мысына  бекітілді.

Айнабек: ?ибатолланы?  а?артушылы?  ж?мысына  ?оса  туа  біткен, таби?ат  сыйла?ан  ?асиеті – к?йшілік  ?нері. Б?л  ?нерін  суреттеуге  тіл  жетпейді екен. Нарын  ?лкесінде  к?йшілігімен  таныл?андар  к?п. ?.Хайрошев, ?.Ме?ді?алиев, Е. Марданов  т.б.  Б?лар да  ты?даушыларын  талай  тамсандыр?ан, облыс, республика  к?ркем?нерпаздар  б?йгелеріне  т?сіп, ж?лде  ал?ан  адамдар  болулы.

У?лі : ?ибатолла  домбырашы  ретінде  ?рі  к?йді  таби?атына, со?ан  сай  ?ай  шы?арманы?  да  халы?ты? д?ст?рде орындалуына  ерекше  м?н  берген. Соларды?  ішінде  ??рман?азыны?  «Л?уішке» «Т?рем?рат», Динаны?  «Науский», «Б?лб?л», «Он алтыншы  жыл», «?тті  д?урен»  к?йлері   бар. Олар  т?рлі  ма?амда  шертіледі. ?ибатолла  б?л  д?ст?рді  жете ме?герген, ?зіне  дейінгі Дина, Жа?бырбай  сынды  кербез  к?йшілер  ?а?ысына  д?л  келетін  добырашы. Мандолина, скрипка  бас?а  да  музыкалы?  аспаптарда  еркін  ойнайтын  ?ибатолланы? к?йшілік  шеберлігі  елуінші  жылдарды?  басында  к?ллі  Атырау  хал?ына  белгілі  болды. Талай  бай?ау,фестивальды?  ж?лдегері  атан?ан  ол, 1955  жылы  ауыл-село  к?ркем?нерпаздарыны?  облысты?  слетінде  ресми  т?рде  «Бас  домбырашы»  деген  ата?ты  иеленді.

Жасия: 1958  жылы  о?ан  «Облысты?  а?а  домбырашы»  деген  ??рметті  ата?  берілді. ??рман?азы, Динаны?  бірнеше  к?йлерін  нота?а  жаздырды. А.Ж?бановты?  «?асырлар  пернесі»  ж?не  «??рман?азы»  кітаптарында  М?с?лімовты?  ?неріне  жа?сы  ба?а  берілген. ?ибатолланы?  ш?кірттері  де  к?п. Соларды?  ?атарында  республикалы?  халы?  артисі  ?.Ес?алиевті, бірнеше  рет  облыс  к?ркем?нерпаздары  арасында  ж?лдегер  атан?ан. Теледидар  мен  радиода  да  к?йлерін  орындап  ж?рген  ?атау  Ібішевті  айтса?  жеткілікті.

Мейрамбек: ?.М?с?лімовты?  орындау  шеберлігіне  тек  ту?ан  жеріні?  ?нер  с?йер  ?ауымы  ?ана  емес, ?зге  жерді?, тіпті  астананы?   а?ылман  ірі  т?л?алары  да  бас иіп, ?ол  шапала?та?ан. Соны?  бірі  ?йгілі  композитор  Ахмет  Ж?банов. Ол  М?с?лімов   ма?амын ?лденеше рет  ты?да?ан. Ал?аш?ы  естуінде  ?лгі  айт?ан  «Байж?ма», одан  ?рі  «Теріс?а?пай», «Адай», «Кісен  аш?ан»  к?йлері  т?гілгенде, бірінен біріне  ауыс?ан  сайын  к?ркіреп, а?жолданып, ?сіп  келе  жат?ан  орындаушы?а  ?арап  «О,??дірет, мынауы?  О?апты?  ?зі ?ой, ?зі!» деп тамсана  беріпті. Ал  О?ап  ж?нінде  сол  Аха?  ?зіні?  «??рман?азы»  атты  монографиясында «Оны?  домбыра тарту  шеберлігі  адам  баласыны?  санасына  жетіп  болмайтын атын  т?тастыра  айры?ша  атап, ма?таудай  ма?таса, о?ан  еш  та?дануды?  реті  жо?.

Жадыра: 1960 жылы  Біртуар  дарынды азамат  ?ибатолла  М?с??лімов  35  жасында  ?мірден  озды. Еліміз  т?уелсіздік  алып, жа?сылар  мен  асылдарын  арда?та?ан  кезде  ту?ан  жері  о?ан  ??рмет жасады. ?аза?стан  Республикасыны?  ?кіметіні? 1996  жыл?ы  21  ?арашада?ы  №444  ?аулысымен  Новобогат селосында?ы  Амангелді  атында?ы  орта  мектепке  ?ибатолла  М?с?лімовты?  аты  берілді. Сонымен  ?атар  Атырау  ?аласыны?  Балы?шы  кентіні?  бір  к?шесіне  ?ибатолланы?  аты  берілді.

К?й: «Бал?айма?»  орынд.: Г?лназ  ?айып?алиева

А?бота:              Домбырам  ж?регіммен  ?ндес еді?,

                            Сенімен  сырласымдай  тілдесемін

Бабамнан  ?ал?ан  м?рам  сен  болмаса?

?нерді?  не  екенін  білмес  едім

 

?сірген  ?нерімді  ?ызыр  бабам

?ні?нен  айналайын  б?зылма?ан

Киелі  перне?е  бір  ?ол  со?пасам

Шертерді?  жетімсіреп  ызы?да?ан

 

Домбырам – досым  мені?  к?й  а?са?ан

?зімді, ?мірімді  ?иям  са?ан

Ша?ымда  шабыттан?ан, ?иялдан?ан

Шана?ы?  бар  шатты?ын  ?ияр  ма?ан. 

«Тума  талант»  мектебімізді?  т?легі  Бисекен  Гау?ар  

о?итын: Аманбек ?аболов

 

«К?й  д?лд?лі»  Исатай  ауданыны?  ??рметті  азаматы Н?ралы  ?жі?алиев

                                                                           о?итын: Аяулым Же?іс?ызы

 

?ибатолла  М?с?лімовты?  ш?кірті Алдамберген  Хамза?лы   «Арнау»                                                                                о?итын: Жадыра  Жайса?

А?бота: С?з  Ш.Ш?ріпов  атында?ы  саз  мектебіні?  директоры__________________   беріледі.

 К?й:                                      орынд.: ?сем  М?ти?оллаева

?н «?стазым»  орынд.: Хор

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«внеклассная работа по теме "Домбыра -халы? ж?регіні? айнасы" »


Ұлағатты ұстаз, күйші – домбырашы Ғ.Мәсәлімовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Домбыра – халық жүрегінің айнасы» атты шараның

БАҒДАРЛАМАСЫ

Ақбота:

Армысыздар құрметті қонақтар! Бүгінгі күні ұлағатты ұстаз, күйші – домбырашы Ғибатолла Мәсәлімовтың 90 жасқа толуына орай «Домбыра халық жүрегінің айнасы» атты шарамызға қош келдіңіздер!

Ақбота: Қазақ күйінің кең қанат жайып, шырқау биікке өрлеген тұсы – ХІХ ғасыр. Сол кезеңде үркердей үйірілген қуатты күйшілер тұғыры қазақтың өнер аспанын жарқырата нұрландырып тұрды. Яғни, Нарын өлкесінде күй құдіретін еске алсақ, төкпе күйдің талай саңылақтарын өмірге әкелген. Бүкіл Қазақстанды бар әлемге танытқан күй атасы Құрманғазы Сағырбаевтан бастап, Дина, Дәулеткерей, Ерғалилар осы Нарын өлкесінде туып-өскен. Күй шығаруды әсіресе музыкалық сауаты жоқтар үшін бір құдайдың өзі сыйлаған қабілет санасаң, оны орындау – екінші дүние, кез келген домбырашының қолынан келе бермейтін, мыңнан біріне ғана берілер сый. Осыған орай біздің сөз еткелі отырғанымыз – өзінің қысқа ғұмырын халық ағарту ісіне жұмсаған ұлағатты ұстаз, дүлдүл домбырашы Ғибатолла Мәсәлімов түседі.


Сөз_________________________________________________________________________________________________________________________________


Ақбота: Келесі кезекте Ғибатолла Мәсәлімовтың өмір жолдарына қысқаша тоқталайық. Алдарыңызда Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің оқушылары


Аңсаған: Ғибатолла Мәсәлімов 1925 жылы қазіргі Исатай ауданының Нарын құмында (бұрынғы Бабан ауылы) дүниеге келген. 1932 жылы Сталин атындағы орта мектептің бірінші класына барып, 1942 жылы мектепті үздік бітіреді. Аудан, облыс көлеміне танымал ардагерлер Сабыралиев Ғабдолмажит, Маштохов Ғатих – Ғибатолланың мектептес, кластас жолдастары Олардың мектептегі кезі өмір мен өлім белдескен шақ – Ұлы Отан соғысының қызған кезімен тұспа-тұс келді.

Құрмет: Облыстық оқу бөлімі жанындағы орыс тілі пәні мұ,алімдері даярлайтын курсын бітірген Ғибатолла ұстаздық жолын алғаш өзі оқып, білім алған Сталин атындағы орта мектебінен бастап, кейін Тұщықұлық, Кетешағыл ауылдарындағы мектептерде орыс тілінен сабақ беріп, оқу ісінің меңгерушісі қызметін де атқарған. 1949 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың қазақ мектептеріне орыс тілінен сабақ беретін мұғалімдер даярлайтын факультетіне сырттай оқуға түсіп, оны ойдағыдай тәмамдады.

Ақерке: 1950 – 1956 жылдары Новобогат ауданы орталығындағы Аманкелді атындағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, кейін директоры болған. Ғ.Мәсәлімов үлкен ұйымдастырушылық қабілеті, мол білімімен көзге түсіп жоғарғы партия, кеңес орындары оны аудандық халық ағарту бөліміне жұмысқа жоғарлатады, алғаш педкабинет, кейін халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметінде болады. Жаңа ауданның құрылуына байланысты 1958 жылы Гурьев аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушілігіне жұмысқа жіберілді. Жаңа құрылған аудандық халық ағарту бөлімінің ұйымдастыру жұмысында өзінің іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. 1959 жылы денсаулығына байланысты Еркінқала орта мектебінің директорлығына жұмысына бекітілді.

Айнабек: Ғибатолланың ағартушылық жұмысына қоса туа біткен, табиғат сыйлаған қасиеті – күйшілік өнері. Бұл өнерін суреттеуге тіл жетпейді екен. Нарын өлкесінде күйшілігімен танылғандар көп. Ғ.Хайрошев, Қ.Меңдіғалиев, Е. Марданов т.б. Бұлар да тыңдаушыларын талай тамсандырған, облыс, республика көркемөнерпаздар бәйгелеріне түсіп, жүлде алған адамдар болулы.

Уәлі : Ғибатолла домбырашы ретінде әрі күйді табиғатына, соған сай қай шығарманың да халықтық дәстүрде орындалуына ерекше мән берген. Солардың ішінде Құрманғазының «Ләуішке» «Төремұрат», Динаның «Науский», «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл», «Өтті дәурен» күйлері бар. Олар түрлі мақамда шертіледі. Ғибатолла бұл дәстүрді жете меңгерген, өзіне дейінгі Дина, Жаңбырбай сынды кербез күйшілер қағысына дәл келетін добырашы. Мандолина, скрипка басқа да музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын Ғибатолланың күйшілік шеберлігі елуінші жылдардың басында күллі Атырау халқына белгілі болды. Талай байқау,фестивальдың жүлдегері атанған ол, 1955 жылы ауыл-село көркемөнерпаздарының облыстық слетінде ресми түрде «Бас домбырашы» деген атақты иеленді.

Жасия: 1958 жылы оған «Облыстық аға домбырашы» деген құрметті атақ берілді. Құрманғазы, Динаның бірнеше күйлерін нотаға жаздырды. А.Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» және «Құрманғазы» кітаптарында Мәсәлімовтың өнеріне жақсы баға берілген. Ғибатолланың шәкірттері де көп. Солардың қатарында республикалық халық артисі Ә.Есқалиевті, бірнеше рет облыс көркемөнерпаздары арасында жүлдегер атанған. Теледидар мен радиода да күйлерін орындап жүрген Ғатау Ібішевті айтсақ жеткілікті.

Мейрамбек: Ғ.Мәсәлімовтың орындау шеберлігіне тек туған жерінің өнер сүйер қауымы ғана емес, өзге жердің, тіпті астананың ақылман ірі тұлғалары да бас иіп, қол шапалақтаған. Соның бірі әйгілі композитор Ахмет Жұбанов. Ол Мәсәлімов мақамын әлденеше рет тыңдаған. Алғашқы естуінде әлгі айтқан «Байжұма», одан әрі «Терісқақпай», «Адай», «Кісен ашқан» күйлері төгілгенде, бірінен біріне ауысқан сайын күркіреп, ақжолданып, өсіп келе жатқан орындаушыға қарап «О,Құдірет, мынауың Оқаптың өзі ғой, өзі!» деп тамсана беріпті. Ал Оқап жөнінде сол Ахаң өзінің «Құрманғазы» атты монографиясында «Оның домбыра тарту шеберлігі адам баласының санасына жетіп болмайтын атын тұтастыра айрықша атап, мақтаудай мақтаса, оған еш таңданудың реті жоқ.

Жадыра: 1960 жылы Біртуар дарынды азамат Ғибатолла Мәсәәлімов 35 жасында өмірден озды. Еліміз тәуелсіздік алып, жақсылар мен асылдарын ардақтаған кезде туған жері оған құрмет жасады. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 21 қарашадағы №444 қаулысымен Новобогат селосындағы Амангелді атындағы орта мектепке Ғибатолла Мәсәлімовтың аты берілді. Сонымен қатар Атырау қаласының Балықшы кентінің бір көшесіне Ғибатолланың аты берілді.


Күй: «Балқаймақ» орынд.: Гүлназ Қайыпқалиева


Ақбота: Домбырам жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін

Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң

Өнердің не екенін білмес едім


Өсірген өнерімді қызыр бабам

Үніңнен айналайын бұзылмаған

Киелі пернеңе бір қол соқпасам

Шертердің жетімсіреп ызыңдаған


Домбырам – досым менің күй аңсаған

Өзімді, өмірімді қиям саған

Шағымда шабыттанған, қиялданған

Шанағың бар шаттығын қияр маған.


«Тума талант» мектебіміздің түлегі Бисекен Гауһар

оқитын: Аманбек Қаболов


«Күй дүлдүлі» Исатай ауданының құрметті азаматы Нұралы Әжіғалиев

оқитын: Аяулым Жеңісқызы


Бір ішектен жаутаң – жаутаң қарады үміт,

Бір ішектен үні жанды барады үгіп

Тәкәппар тәңіріндей домбыраның

Тас қыстау төріндегі қара жігіт


Дегендей армансыз бір сайрандалық

Он саусақ ойқастайды ойран салып

Отырмыз дем шығармай қайраң қалып


Әр күйді әлгі күйші атай кетті

«серперді » «алатауға» матай кетті

Күңіреніп «Қайран шешем» тоқтағанда

Арындап астан-кестен «Адай» кетті


«Ақбайды» баяу бастап, шертті безеп

Булығып бұлқынғандай дерті өзек

Балбырай басылғанда «Балбырауын»

Ой, Алла ай, «Байжұмаға» жетті кезек


Саусақтар перне қуып құлдырайды

Көздері шал-кемпірдің бұлдырайды

Тыңғанда төспелетіп «Төретұмар»

Шолпысы «Айжан қыздың» сылдырайды


Тыңдадық біріміз жоқ қыбыр еткен

Жанарды ала алмадық құдіреттен

Сол еді күй дүлдүлі Мәсәлімов

Өнердің өртін кешіп ғұмыры өткен


Көшкен жоқ адырланып артып әрі

Орнында атақоныс Атрығалы

Төрінде тас қыстаудың домбырасын

Ғибекең отыр, отыр тартып әлі


Ғибатолла Мәсәлімовтың шәкірті Алдамберген Хамзаұлы «Арнау» оқитын: Жадыра Жайсаң


Ақбота: Сөз Ш.Шәріпов атындағы саз мектебінің директоры__________________ беріледі.

Күй: орынд.: Әсем Мүтиғоллаева

Ән «Ұстазым» орынд.: Хор


Ақбота:

Күйін – ай күмбірлеген домбыраның

Көңіліме аққу әуен қондырамын

Санамда сандуғаш сөз саялатып

Сабамды толтырады сол бір ағын


Саусақты қос ішекті безілдеткен

Сарқады сабырымды төзімді еппен

Сырыңа құштар еді сезім неткен?!


Қазақтың күйшілері ай өнегелі

Қоздырған ықтиярсыз делебені

Қан тамыр қуаттырақ соғатындай

Құдірет күй сиқырына бөлегені


Күй орындалады


Бүгінгі кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегі И.Тайманұлы атындағы мұражайының меңгерушісі Гүлмира Өтегенқызына беріледі.


Ақбота:

«Өнер өлмейді» дейді халық даналығы. Ендеше туғанына 90 жыл толып отырған ұлағатты ұстаз, кұйші домбырашы Ғибатолла Мәсәлімов есімі ұрпақ жадында мәңгі сақтала берсін. Олай болса бүгінгі шарамызға көңілдеріңізді бөліп келгендеріңізге көп көп рахмет айтамыз. Аман сау болыңыздар.



Өткен оқу жылындағы тәрбие жұмысына талдау,сыныпқа жалпы сипаттама.



Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектебінің 7-б-сыныбы оқушылары өткен 2013-2014оқу жылын 17 оқушымен аяқтады.

.Оқушылардың

сабақ үлгерімі,тәртібі,әлеуметтік жағдайы жақсы.Бір оқушы ғана орташа болғандықтан сыныптың сапа көрсеткіші 94пайыз болды.Жоспарға

сай уақтылы сынып сағаттары,тәрбие шаралары өткізілген.Ата-аналардың мектеппен байланысы жақсарды.Түрлі шараларға,мектепішілік түрлі шараларға ата-аналар қатысып,өз пікірлерін,ойларын ортаға салды.Сынып оқушылары түгел «жас ұлан» мүшесі.Кітапханамен байланысты жақсарту мақсатында оқушылар арасында түрлі диспут,пікірталас ұйымдастырылды.Сынып белсенділері жұмысы жақсы жолға қойылған.Оқушылардың бойында азаматтық,отансүйгіштік,көшбасшылық қасиеттері бар,әлеуметтік және тұлғалық өзін-өзі анықтауға қабілетті тұлға қалыптастыру жұмыстары жүргізілген.Сыныптың көптеген оқушылары мектептің қоғамдық жұмыстарында белсенді.Өз бетінше білім алуға,өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуге жан-жақтысаналы түрде қатыса алатын оқушылар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
внеклассная работа по теме "Домбыра -халы? ж?регіні? айнасы"

Автор: Науанова Жумасулу Бактыгалиевна

Дата: 31.03.2015

Номер свидетельства: 194758


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства