kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Екі екіден санау" математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санайды; 20-ға дейінгі сандар тізбегін, ондықтар тізбегін құрастырады; 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Екі екіден санау" математика»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сандар және заңдылықтар

Күні: 30.11.2017 ж.

Сынып: 1 «А»

Мектеп: «Опытное поле орта мектебі» КММ

Мұғалімнің ата-жөні: Темірханова Гүлден Болатқанқызы

Сыныптағы оқушы саны: 23

Қатысқандар саны: 23

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі-екіден сана

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.5. 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санау; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табу.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санайды;

Көптеген оқушылар: 20-ға дейінгі сандар тізбегін, ондықтар тізбегін құрастырады;

Кейбір оқушылар: 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды.


Бағалау критерийлері

20 көлемінде 2-ден топтап тура және кері санайды.

2, 4, 6, 8, 10 затты тең бөліп, жартысын табады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Сандық заңдылық қалай құрылғанын және әрі қарай қандай сан болатынын түсіндіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бұл келесілерді қамтиды:

• заңдылық, реттік, тізбек, келесі, бұрынғы

• заңдылықтың құрылуы

• кеңейту, жалғастыру (заңдылық)

• Келесі не?

• Заңдылық қайталанып жатыр ма?


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау:

Келесі санды атай аласыз ба?

• Заңдылық қайталана ма?

• Сандардан заңдылық көрініп тұр ма?

Неліктен екенін айта аласыз ба

• ...бұл сан келесі болады?

• ... бұл сан берілген тізбекте келесі бола алмайды?

Жазылым:

• заңдылықты айқындап бірізділікті жалғастырыңыз

• заңдылығын белгілеп тізбекті жасаңыз.


Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, достық, айналадағыларға қамқор көрсету, отбасындағы татулық.

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, дүниетану, ағылшын.

АКТ қолдану дағдылары

Жаңа сабақты презентация арқылы танысып біледі.

Бастапқы білім

Оқушылар 1-ден 10-ға дейін, 10-нан 20-ға дейін санай біледі.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет:

Ресурстар

Сабақ барысы

5 минут

























10 минут





































5 минут




























5 минут
























1 минут





5 минут









1 минут



Амандасу

Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер!

Здравствуйте, добро пожаловать!

Hello, welcome!


Психологияляқ ахуал:

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым – атам,

Балаң үйрек – әжем,

Ортаң терек – анам,

Шылдыр шүмек – әкем

Титтей бөбек – мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз – бесеуміз.



Топқа бөлу:

Алтыдан санайды

Отбасы құндылықтарын атайды.

1 топ- Мейірімді отбасы

2 топ- Өнерлі отбасы

3 топ- Тату отбасы

4 топ – Өнегелі отбасы


Қызығушылықты ояту:

«Жұмбақты жасыру»

Егіз қайың,

Бой-бастары тең өскен.

Іске дайын,

Бұтақтары бес-бестен. (Қол)


Осы кезбе екеуімен,

Талай жерге жетемін мен.

(аяқ)

Өзгені көріп екеуі,

Бір-бірін көрмей кетеді.

(көз)





Бiр таудың екi жағына,

Екi қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан.  

(Екi құлақ)


Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.

Оқушылар конверттің ішіндегі жұмбақтың жауабын тауып, суреттерді орналастырып дәлелдеп береді.

Сұрақ:

- Ілініп тұрған суреттер бір сөзбен қалай аталады?

- Дене мүшелері.

Бұл суреттегі адамның дене мүшелері неше-нешеден? (екіден)

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Екі-екіден сана».


Олай болса осы тақырыпқа сай топтарға сұрақтар ойла.

«Микрофон» әдісі бойынша өтеді.

1 топқа сұрақ:

1 партада неше - нешеден отырсыңдар? (екі-екіден)

2 топқа сұрақ:

Екі-екіден дегенді тағыда қалай айтуға болады? (жұптасып отырмыз)

3 топқа сұрақ: Үш жұпта неше оқушы болады? (6)

4 топқа сұрақ: Әр топтарыңда қанша жұп бар? (үш)

жалпы сыныпқа: Жұппен және тағы қалай санауға болады?

(Екі-екіден, аттап санауға болады.)

Олай болса екі-екіден аттап санап көрейік.

2,4,6,8,10,12,14,16,18,20, 22 және кері санайды.

Оқушылар жұптасып санап шығады.

Сыныпта неше оқушы бар екенін анықтайды.


1 тапсырма (Ж)


(Ө) Дәптермен жұмыс

Қояндар тапсырмасы:

Әр қоянда 2 сәбізден бар. Қояндар суреттерінің астындағы ұяшықтарға сәбіздердің суреттерін сал. Қояндарда барлығы неше сәбіз бар?

Дискритор:

- Сәбіздердің суретін екі-екіден салды

- Барлығын 8 тапты

Моншақ тапсырмасы:

Моншақ тастарын екі-екіден түрлі түске боя.

Неше жұп шықыты?

Дискритор:

-Моншақ тастарын екі-екіден түрлі түске бояды

- 5 жұп екенін тапты.

Неше жұп шықты?

Өзін –өзі бағалайды слайдтағы жауап бойынша.



2 тапсырма: (Ж) (саралау тапсырмасы)

Әр оқушыға өзінің білім деңгейіне сай жүпсандарды жазып сол санда неше жұп сан бар екенін тауып, карточкаға маркермен жазып дәлелдеп , түсіндіреді.

(Бір-бірін тексереді, бағалайды баспармақ әдісі бойынша)


Сергіту сәті:


3 тапсырма: (Т)

«Жұбын тап» әдісі

1 топтың тапсырмасы:

  • Аяқ қиімдердің сыңарын тап.

  • Неше жұп аяқ киім бар?

2 топтың тапсырмасы:

  • Жұп сандарды қоршап сыз.

  • Неше жұп сан бар?

3 топтың тапсырмасы:

  • Екі-екіден жұптастыр.

  • Неше жұп шықты?

4топтың тапсырмасы:

  • Қолғаптардың жұбын тауып сызықпен қос.

  • Неше жұп қолғап бар?

Бағалау: топтар бір-бірін бағалайды шапалақ арқылы.


Слайд «Жұп сандар»


Бүгін не үйрендік?

Ереже шығарады:

- Екі-екіден санауды

- Жұп сандар екіге бөлінеді.

Үш тілде











Суреттер





















.







Микрофон
















Қол ұстасып отырады









Дәптер, қалам, қарындаш.



























Маркер, карточкалар.







АКТ


Суреттер топтамасы







Сандар жазылған топтама.

Сабақтың соңы


7 минут

Кері байланыс:

Топтағы шежіре ағашына жапырақтарды тақырыпты түсінуіне байланысты жапсырады.


«Шежіре ағашы»


Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Оқушыларды санаудың ерекше түрі — екі-екіден санаумен таныстыру. Өмірдегі заттардың жұппен болуын көрсету, жұппен берілген заттарды екіден санатып жаттықтыру.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы, деңгейін қалай

Заттарды жұппен санауда қиналатын оқушыларға дербес қолдау көрсету.

Заттарды жұппен санауды бақылау арқылы бағалау.


Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

заттарды екі-екіден санауды меңгереді. Оқушылардың сабақ тақырыбын түсінгенін тексеру үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:

— Бүгін сабақта санаудың қандай түрімен таныстыңдар?

— 2-ден бастап 20-ға дейін екі-екіден сана.

— Өмірде жұбымен болатын заттарға мысал келтір.

— Адам денесіндегі жұп мүшелерді ата. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.











Өзіндік талдау.

1 – А сыныбында 23 оқушы бар оның ішінде 9 қыз, 14 ер бала. Сыныптың білім деңгейі жақсы. Сыныптың қарым-қатынасы жақсы, жылы, тату, сонымен қатар қыз балаларды өте сыйлайды. Сыныпта денсаулықтарына байланысты 2 туғанынан мүгедектігі бар балалар бар, 1 бала сахарный диабетпен ауырады, 1 бала сондром «Петерсона» атты ауырумен ауырады, сонымен қатар гипербелсенді бала өте көп.

Жағартылған мазмұнына сәйкес 1 А сыныбында математика пәнінен сабақ жүргіздімҰзақ Мерзімді Жоспардағы бөлімі «Сандар және заңдылықтар».

Сабақтың тақырыбы: Екі-екіден санау.

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсатым: 1.1.1.5. 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санау.

Осы мақсатқа сәйкес мен сабақтың мақсатын былай құрдым.

Барлық оқушылар: 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санайды;

Көптеген оқушылар: 20-ға дейінгі сандар тізбегін, ондықтар тізбегін құрастырады;

Кейбір оқушылар: 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдарадан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды.

Бүгінгі сабақтың критерийі: 20 көлемінде 2-ден топтап тура және кері санайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады: сандық заңдылық қалай құрылғанын және әрі қарай қандай сан болатынын түсіндіре алады.

Пәнге тән мынанадай терминологиялық сөздер болды: заңдылық, тізбек, келесі, бұрын, заңдылықты құру.

Мынандай сөз тіркесін айтты: келесі санды атай аласың ба, сандардан заңдылық көрініп тұр ма?

Сабақтың құндылықтары:

Мәңгілік ел идеясына сәйкес 7-ші құндылық: шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау, қабілетті, достық, айналадағыларға қамқорлық көрсету, отбасындағы татулық.

Сауат ашу, дүниетану, ағылшын тілдерімен пәнаралақ байланыс болды.

Ақпаратты комуникативтік технологияны қолдануым жаңа тақырыпты презинтация арқылы таныстыру және сергіту сәтікезінде қолданылды.

Бастапқы білім оқушыларға 1-ден 10-ға дейін, 10-нан 20-ға дейін санап біледі.

Осы мақсатымды іске асырумақсатында сабағымды амандасудан бастадым, онда оқушылар сіздермен үш тілде амандасты. Бұны алған себебімқазір бізде үш тілдік заман талабына сай балаларда қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері жүргізіледі содан алған білімдерін көрсету болатын.

Психологиялық ахуал ретінде «Бір үйде біз нешеуміз?» тақпақ арқылы бастады. Осы баспармақ атасы, әжесі, анасы, әкесі екенін айта отырып балалар отбасылық құндылықтарын алдым. Бұны алған себебім құндылықтарды іске асырып балаларда отбасылық құндылығы, достық, айналадағы қамқор, үлкенді сыйлау және отбасы мүшелерін жағымды қарым-қатынасын балалардың бойына дарыту болатын. Соған сәйкес топты атадым және алдын ала бөлдім 1-ден 6-ға дейін санау арқылы уақыт үнемдеу мақсатында сабақтық ұзақтығы 40 минут болғандығына байланысты.

Сабақта оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында жұмбақтарды жасырдым. Бұл жерде көздеген мақсатым жұмбақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, тыңдай білуге және танымдық қабілеттерін дамыттым. Сонымен қатар жұмбақ шешу арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын өздері ашты менің нұсқаулығым бойынша.

Келесі «Микрофон» әдісі бойынша оқушыларға осы тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойғыздым. Мұндағы мақсатым оқушылар дұрыс сұрақ қоя білуге, сөйлемдегі сөздерді байланыстыра айтуға және мақсатымыз тілдерін дамыту. Шамалары келгенше өз жас жас ерекшеліктеріне сай сұрақтарды қоя білді.

Келесі жұппен екі-екіден аттап тура және кері санауды үйренді, сонымен қатар жұппен санағанда татулыққа, достыққа тәрбиеледім.

Келесі дәптермен жұмыста өз беттерінше жұмыс жасай білді, барлық оқушы қамтылды. Әр тапсырма дискриптор бойынша бағаланды.

Бұл тапсырмада өз-өздерін «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалады.

Келесі саралау тапсырмасы болды. Бұл кезде мен әр балаға А, В, С – деңгейі бойынша тапсырма ұсындым, мұнда да екі-екіден санауды көздедім. Сандарды жұптастырып неше жұп шығатынын көздедім. Тапсырма бірдей бірақ баланың жанын жараламау мақсатында:

А – деңгейіне аз сандар алдым мысалы: 6 мен 8,

В – деңгейіне келесі сандар: 12 мен 16,

С – деігейіне келесі сандар: 18 бен 20, яғни қиынырақ

Бұл тапсырмада балалар бір-бірін бағалады «Баспармақ» әдісі арқылы

Балалар өз деңгейіне сәйкес тапсырманы орындады.

Шаршап кеткендіктен сергіту сәтін жүргіздім.

Келесі топтық тапсырмада «Жұбын тап» әдісі арқылы әр топқа әр түрлі тапсырма ұсынылды: сәйкестендір, топтастыр, жұбын тап және жұп сандарды тап. Бұл тапсырманы алған мақсатым ойлау қабілетін, логикаларын дамыту, бұл арада балалар тек ойлап қоймай таба білді демек зейіні дамыды және бүгінгі сабақтың мақсатына сай екі-екіден санап жұптастырып неше жұп шыққанын айтты. Тапсырманы орындай алғандары тапсырманы орындай алғандарына байланысты көруге болады.

Әр тапсырмадан кейін кері байланыс сабақтың өн бойында жасалып отырды, олар «Баспармақ» әдісі, «Үш шапалақ» әдісі арқылы өткізілді.

Сабақ соңында бүгінгі сабаққа мен рефлексияға «Шежіре ағашын» алдым жапырақтардың түстеріне сәйкес әр оқушы өз деңгейін, қалай түсінгенін таңдай білді.

Шежіре ағашы себебі отбасының діңгегі ата-анамыз, ал балалар оның жапырақтары деген мақсатпен алдым.

Сабақтың мақсатына жеттім себебі бәрі жасыл түсті таңдады, демек бүгінгі тақырыпты толығымен меңгерді.

Сонымен қатар оқушылар кішкентай сынып болғандықтан қызығушылықтарын ояту мақсатында және келесі сабаққа деген белсенділіктерін арттыру мақсатында сабақ соңында кішігірім медаль тараттым. Балаларға қатты ұнады.










«Опытное поле орта мектебі» КММ











«Екі-екіден санау»

(математика пәнінен ашық сабақ)

(1-А сынып)



Өткізген: Г. Б. Темірханова



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Екі екіден санау" математика

Автор: Темірханова Гүлден Болатқанқызы

Дата: 20.02.2020

Номер свидетельства: 540436

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Математика "Екі-екіден санау""
    ["seo_title"] => string(31) "matiematika_ieki_iekidien_sanau"
    ["file_id"] => string(6) "434792"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509037048"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(198) "Санау ж?йелері (екілік, сегіздік, онды?, он алтылы?), сандарды бір санау ж?йесінен екінші санау ж?йесіне аудару "
    ["seo_title"] => string(119) "sanau-zhuiielieri-iekilik-sieghizdik-ondyk-on-altylyk-sandardy-bir-sanau-zhuiiesinien-iekinshi-sanau-zhuiiesinie-audaru"
    ["file_id"] => string(6) "141923"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418208112"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Саба?ты? та?ырыбы: 15 саны мен цифры. "
    ["seo_title"] => string(39) "sabak-tyn-tak-yryby-15-sany-mien-tsifry"
    ["file_id"] => string(6) "166102"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422900407"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Математика саба?ында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту "
    ["seo_title"] => string(71) "matiematika-sabag-ynda-ok-ushylardyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "185077"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426145772"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Баяндама: Математика саба?тарында ?лтты? ойындарды пайдалану "
    ["seo_title"] => string(63) "baiandama-matiematika-sabak-tarynda-u-lttyk-oiyndardy-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "190941"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427234826"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства