kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дүниетану. Суды қорғау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

           САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

1.ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ИКЕМ.

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Біз келбетті,көріктіміз.

Біз әдепті мейірімдіміз.

Біз ақылды, дарындымыз.

Біз зейінді,зерекпіз.

 

2.ӨТКЕНДІ ПЫСЫҚТАУ:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыстың қандай ерекшеліктері бар?

ОЙЫН «БАЛЫҚ   АУЛАУ»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дүниетану. Суды қорғау.»


Дүниетану 3-сынып


ТАҚЫРЫБЫ; СУДЫ ҚОРҒАУ

МАҚСАТЫ;Су ресурстарын қорғау жолдары жайлы түсінік

беру.Жер бетіндегі тіршілік үшін судың маңызын

түсіндіру.

МІНДЕТІ:1.Ауыз су ресурстарын және көздерін атап шығу.

2.Суды қорғаудың қажеттілігін анықтау.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

1.ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ИКЕМ.

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Біз келбетті,көріктіміз.

Біз әдепті мейірімдіміз.

Біз ақылды, дарындымыз.

Біз зейінді,зерекпіз.


2.ӨТКЕНДІ ПЫСЫҚТАУ:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыстың қандай ерекшеліктері бар?

ОЙЫН «БАЛЫҚ АУЛАУ»

Тапсырмалары:1.Тәжірибе жасау дегеніміз не?

2.Жан-жағымыздағы қоршаған ауаны неге көр-

мейміз?

3.Географиялық карта дегеніміз не?

4.Дүниенің төрт тұсын ата.

5.Жел дегеніміз не?

6.Желбағар дегеніміз не?

7.Таза ауа сақталу үшін не істер едің?

8.Жауын-шашынның түрлерін ата.

9.Табиғатта су қандай түрде кездеседі?

3.ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ:

Жұмбақ жасыру:Аспанда жүрер бу болып,

Жерге түсер су болып.

Сай-салаға сарқырап,

Көлшіктерді толтырар. (су)

4.ТІРЕК БІЛІМ,БІЛІКТІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ;

« Су» деген сөзге тақпақ құрау.(өзіндік жұмысқа 3-4минут уақыт беріледі.Оқу,талқылау.Қорытынды жасау.

ЖАҢА ТАҚЫРЫП;

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Демек,балалар біз бүгін « Суды қорғау» деген тақырыппен танысатын боламыз.Сонымен қатар судың тіршілік үшін маңызын қарастырамыз.

-Балалар жалпы су деген не?

-Су туралы не білесіңдер?

-Суды ішеміз,жуынамыз.Су ащы,тұщы болады.Суды ластауға болмайды.

-Судың неше түрін білеміз?

-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жұмбақты шешіп,жауабын қандай су түріне жататынын айтасыңдар.

1.Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.(су)

2.Өзі судан жаралған,

Бірақ судан қорқады.(мұз)

3.Көзге көрінбегенмен,

Ұстасаң қолға ілінбейді.(бу)

Оқушылардың жауаптары;Су-сұйық күйі.

Мұз-қатты күйі.

Бу-газ күйі.


Табиғаттың көркін ажарландырып,жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су.Халқымыз ежелден –ақ суды қастерлеген .

-Енді суға байланысты қандай мақал-мәтелдер,тыйым сөздер білеміз?

1.Тау кезеңсіз болмас,

Өлке өзенсіз болмас.

2.Бұлақ көрсең көзін аш.

3.Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

4.Су бергеннің сауабы бар,

Су төккеннің жауабы бар.

5.Су ішкен құдығыңа түкірме.

6.Судың да сұрауы бар.

7.Су анасы-бұлақ.

-Жақсы,енді тақтаға қараймыз:

Мақалдың мәнін кім маған ашып береді екен:

«СУЛЫ ЖЕР-НУЛЫ ЖЕР»

ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС:

-Сендер қалай ойлайсыңдар,жер бетіндегі ауыз су жеткілікті ме?

(оқушылардың барлық жауаптарын тыңдау)

Мәтінді мұғалімнің кідіріп оқуы.Оқушылармен бірлесе талдау.

Жер тұрғындарының саны күннен –күнге өсіп келеді.Халық санының өсуіне орай жұмсалатын судың мөлшеріде үнемі артып отырады.Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге 2-3 литр су жұмсайды.Егер жуынуға,кір жууға және басқа шаруашылық қажеттеріне кететін суды есептесек,оның мөлшері 10 литрден асып кетеді.Бұдан басқа да үйлер мен көшелерді тазалауға,мал суару,егін егу,металл қорыту,қағаз және басқа заттар өндіру үшін де қажет.Міне,пайдалану мөлшері осыншама тез өсуіне байланысты,адам баласы судан тапшылық көріп отыр.

-Енді балалар,біз оқулықтағы мәтінді талдап отырғанда белгісіз біреу «Сыйқырлы қорап» әкеліп тастапты.Ішін ашып көрейік не бар екенін:

-Мынау не?

-Бұл ғаламшар.

-Ғаламшар қандай?

-Домалақ.Иә,біздің де жер әлеміміз осындай екен.

Ғаламшарға назар аударайық,Мына көк түс-су,қоңыр түс-құрлық.Ал,қорытынды жасайық:жер бетінде су көп пе,құрлық көп пе?

-Су көп.Демек,жер бетінің 4/3 бөлігін су алып жатыр.

-Сонда неге су жетіспейді?

БІРІНШІДЕН:Жердегі әрбір100 литр су қорының 98 литрі теңіз,2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиеді.Ол 2 литрге де толығымен қол жете бермейді,көпшілігі суық аймақтар мен тау басында мұздықтар түрінде қатып жатыр.Ал, қортынды жасайық:сонда адам 100 литр судың тек бір жарым стақанын ғана пайдалана алады.

(ЭКО карточка көрсетемін)Сондықтан не істеуіміз керек?

-Суды үнемдеуіміз керек.

-Суды көп мөлшерде ағызып тастап кетуге болмайды.

-Су бұрандасын қатты бұрап жабу керек,тамшылап тұрған суды тоқтату керек.

ЕКІНШІДЕН:адам табиғаттан суды таза күйінде алады да,ластанған күйде қайтарады.Өзендер мен көлдерге фабрикалардан,зауыттардан және тұрғын үй жайларынан сарқынды су құйыладыОлардың тіршілігі жойылады,оған шомылудың өзі деөміргн қауіпті.

-Сондықтан,адамдар су қоймаларын ың таза ұсталуын қадағалап отыруы қажет.

-Сондықтан балалар,суды таза ұстауды өзімізден бастауымыз қажет.Судың тіршілік үшін маңызы өте зор,сондықтан суды қорғау,үнемдеу,ластамау керек.

ОҚУЛЫҚТАҒЫ СУРЕТ БОЙЫНША КІМ НЕ АЙТАДЫ?

(әр баланың ойын тыңдау)


ТАҚТАДАҒЫ ӨЛЕҢДІ ХОРМЕН ОҚУ,МАҒЫНАСЫН АШУ:

Су жүргізер тіршіліктің маңызын,

Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым.

Су ананың біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС:

-Балалар қандай минералды суларды білесіңдер?

-Сарыағаш,тассай,әсем-ай т.б


САРЫАҒАШ МИНЕРАЛДЫ СУЫ:

Шымкент қаласынан Онтүстікке қарай 120км,Сарыағаш қаласынан Онтүстік батысына қарай 10км жерде,КЕЛЕС өзенінің сол жақ бетінде шығарылатын су.Бұл су ,жердің сулы қабатын бұрғылау кезінде 1948жылы ашылған.

Су-шипалы.Ас қорыту, бүйрек,қимыл мүшелерін емдеуге пайдалы.

СЕРГІТУ СӘТІ;(судың баяу әуені қосылады)

Мөп-мөлдір таза суда,

Балық жүзіп ойнайды.

Кейде керіледі,

Кейде созылады,

Кейде суға тығылады.

ҚЫЗЫҚТЫ ӘҢГІМЕЛЕР:

ИТ-тамақсыз 30-40 күн,сусыз 3-4 күн ғана шыдай алады.

МЕДУЗА-бүкіл салмағының 99% судан тұрады.Ол қолшатыр немесе қоңырауға ұқсайды.Олардың қаңқасы болмайды

ҚАРБЫЗ-98% судан тұрады.1кг қарбызды кептірсе-20кг құрғақ зат қалады.

КАРТОП-1кг өсіруге,300л су қажет.

БИДАЙ-1кг өсіруге,1200л су қажет.

АДАМ салмағының 65% су,соның 10-20%-нан айырылса,тіршілік тоқтайды.Сондықтан ағзадағы судың қорын үнемі толықтырып отыру қажет.Судың артық болуы да зиян.Демек,көп су ішуге де болмайды.

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕ ЕҢ БИІК САРҚЫРАМА-Оңтүстік Америкада «АНХЕЛЬ» сарқырамасы.(1054метр)

ЕҢ ҰЗЫН ӨЗЕН-Африкадағы «НІЛ» өзені.(6671 км)


САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

«АЛТЫН БАЛЫҚ» ертегісі.

Жүргізуші;Сонау көк теңіз жағасында бір шал өмір сүріпті.Аумен балық аулапты.Теңізге ауды бір лақтырып еді,бос консерві банкілерімен оралыпты.Келесі рет лақтырғанда,қоқыс пен бос шөлмектерге толы келіпті.Үшінші рет лақтырғанда,алтын балық түсіпті.

ШАЛ; Тоқта балық ұсталдың,

Аудан енді шықпайсың.

Жібермеймін мен сені,

Ешқашанда,өмірде.

Жүргізуші;Кенет алтын балық адақ даусымен жылап,сөйлейді.

БАЛЫҚ;Ей,адамдар,адамдар

Көк теңізді құтқарыңдар

Лас теңізде өледі балық,

Қоқысты тереңнен шайып,

Адамдар біздің тыныштығымызды бұзды.

Лас қолымен бұлғады.

ШАЛ;Жарайды біз саған көмектесеміз,

Залал қоқысты жоярмыз.

Ал,балалар көмектесіңдер,

Қоқысты жағадан алыңдар.(балалар қоқыстарды жинауға кіріседі)

Жүргізуші;Балалар саудаласпай,

Қуана теңізден бәрін жинауға кіріседі.

ШАЛ;Балықты теңізге жіберу,

Оған өз батиқасын беру.

Жүргізуші;Балық оларға риза болып,

Қоштасып былай дейді.

БАЛЫҚ;Балалар табиғатты аялаңдар,

Суға қоқыс салмаңдар.

Түрлі жамандықтан қорғандар.

Залал мен кесел тигізбеңдер,

Естеріңде болсын,достар

Теңізді қоқыстамаңдар.-деп алтын балық ,құйрығын шөлп еткізіп,көк теңізіне сүңгіп кетеді.

САБАҚТЫ БЕКІТУ;

Міне, балалар сонымен қандай қорытынды жасаймыз;

Табиғатты аялау-бүкіл адамзаттың міндеті.Табиғат пен адам –егіз.Оны қорғау-адамзаттың парызы.

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында қоршаған ортаны ластамауға,экологиялық қалыпты жағдайды бүлдірмеуге зор көңіл бөлінген.Сонымен суды қорғап,өз үлесімізді қосайық.

БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА;Мәтінді мазмұндау

Тест тапсырмасын орындау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Дүниетану. Суды қорғау.

Автор: Мухатова Дария Медельбековна

Дата: 21.10.2016

Номер свидетельства: 351111

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Д?ниетану. Суды  ?ор?ау "
    ["seo_title"] => string(24) "duniietanu-sudy-k-org-au"
    ["file_id"] => string(6) "138889"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1417619374"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Д?ниетану.3сынып.Та?ырыбы:Суды ?ор?ау "
    ["seo_title"] => string(41) "duniietanu-3synyp-tak-yryby-sudy-k-org-au"
    ["file_id"] => string(6) "234243"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443377942"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Д?ниетану. Жауын-шашын. Суды ?ор?ау."
    ["seo_title"] => string(39) "duniietanu-zhauyn-shashyn-sudy-k-org-au"
    ["file_id"] => string(6) "297986"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456253185"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Дүниетану пәнінен "Жауын-шашын. Суды қорғау" 3 сынып"
    ["seo_title"] => string(56) "duniietanu_p_ninien_zhauyn_shashyn_sudy_k_org_au_3_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "466807"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1524072722"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Суды ?ор?ау"
    ["seo_title"] => string(10) "sudykorgau"
    ["file_id"] => string(6) "312466"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459344179"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства