kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дүниетану. Сабақ жоспары. "Ауа. Су. Ауа райы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары. төртінші класс оқушыларына.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дүниетану. Сабақ жоспары. "Ауа. Су. Ауа райы"»

Сабақтың тақырыбы: Ауа . Су. Аауа райы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : ауаны сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, оның тірі табиғат үшін пайдасын ашу. Ауаның орын алатындығын, серпімді, сығымды екенін дәлелдеу. Ауа райын зерттеу туралы мағлұмат беру.
Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.
Дамытушылық : Оқушылардың өмір тәжірибесін орынды қолдануын сабақ барысында одан әрі дамыту.Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп,қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік : Табиғатты сүюге, оны қорғауға ,ластанудан сақтауға және оны жақын тани білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, приборлар, шар, доп.интерактивті тақта,слайдтар, шырпы, шырақтар.
Сабақтың барысы : I. Психологиялық дайындық. 1-слайд
- Сәлеметсіңдер ме , балалар ? – Балалар , біз бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, өзімізге жақсы көңіл күй сыйлап алайық ! 2-слайд
Табиғат қандай тамаша ,
Көз тоқтатып қараса ,
Шаттанайық , қуанып ,
Мәз болайық балаша ,

Аспан мен жер , тал мен тау
Көкке өрлейді таласа,

Өмір неткен тамаша!
3-слайд .
Біздің ұран : Білетінің бір тоғыз , білмейтінің тоқсан тоғыз.-Иә , балалар біздің білмейтініміз өте коп екен. -Ендеше , балалар адам өмірінің соңына дейін оқиды,үйренеді, ізденеді екен.
-Олай болса өткен сабақта не үйрендік , не білдік еске түсірейік ?
-Өткен сабақтың тақырыбын кім айтады ?
–Ауа және оны қорғау –ӨТЕ ЖАҚСЫ.
Үйге қандай тапсырма берілді ?
(Мәтінді оқып маз,№1,2,6 тапсыпмаларды дәптерге орындау)
II.Үй жұмысын тестеру: Үш оқушы тақтаға шығып ,үй жұмысын орындайды.
1-оқушы: 4-слайд

№2.
Температураларды өсуінен бастап орналастыр: 2-оқушы
-240С, +50 С, +10С, -140С, +250С (-240С, -140С, +10С, +50С, +250С )
Өте жоғары температураны – қызылмен, төменгісін – көкпен сыз.

6 Қандай тірі ағзалар денесіндегі жылуды қалай сақтай алады ? 3-оқушы:

Тірі ағзалардың атауы

Жылуды сақтаудың әдістері







III.Фронталдық сұрау. 5,6-слайд
1. Жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз?
( Өйткені ауа мөлдір және түссіз болады)
2.Ауаның қандай қасиетін білеміз?( түссіз, мөлдір, сығылады, жеңіл, серпімді, жануды қолдайды, жылуды нашар өткізеді.)
3. Ауаның маңызы қандай ?( бүкіл тіршілік иелеріне аса қажет, көлік доңғалақтарына, су бетінде жүзуге, суда еріген оттегімен балықтар тыныс алады.)
4.Неге жануарлар суықтан тоңбайды ?( Өйткені аңдардың жүнінің ,құстардың мамығының арасында ауа бар, ауа жылуды нашар өткізеді )
5. Таза ауа қайда болады? (Орман ішінде, теңіз, көл, өзен,мұхит жағалауында)
6.Өсімдік таза ауаны қалай бөліп шығарады? ( Өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын , зиянды заттарды , шаңды жұтып , оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады )
7.Ауаның көлемі қалай өзгереді ?
(Ауа қызғанда көлемі ұлғаяды, ауа суығанда көлемі кішірейеді )
8. Әр адам тәулігіне қанша ауа жұтады?
(Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады)
9. Қалың киіммен адам неге тоңбайды? (Себебі қалың киімнің түктерінде ауа болады, ал ауа дененің жылуын сыртқа шығармай ұстап тұрады.) 
10. Ауаның тазалығын сақтау үшін не істейді ?( Ауаның тазалығын сақтау үшін ірі кәсіпорындардың мұржаларына ыс, шаң-тозаң, түрлі улы газдарды тұтатын қондырғылар орнатылады.)
-Ендеше балалар айналамызда таза ауа болу үшін біз не істеуіміз керек?
Ел басымыздың «жасыл ел» бағдарламасына өз үлесімізді қосып,
қаламызды көгалдандыруымыз керек.
IV. Жаңа материал. Ауа 
1. Ауызды жауып, танауыңды қысып, ішіңнен сана. Тұншығасың.Сонда адамға тыныстану үшін не қажет? –Ауа. 7-слайд

Y.Сарамандық жұмыс: 8-слайд
1-тәжірибе
.2.Шар үрлейміз.Оның ішіне не толды?-Ауа, яғни ол орын алды. Ол шарға қайдан келді?-Ішімізден, яғни адамда ауа болады Ол қалай келеді?- Тыныс алу арқылы.
Енді осы шарды алақанымызға қойып көтерейікте ,ауаның салмағын анықтайық.Не байқадық ?- Ауа жеңіл.
2-тәжірибе.
3.Шарды сығайық.Ауа сығылып, қайта серпіледі.
3-тәжірибе
4.Үш шырақты жағайық.Оларды стақанмен, банкамен, төбесі ашық банкамен жабамыз.Қайсысы алдымен сөнеді?  Неге?
- Стақанмен жабылған сөнеді
- Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді,себебі ауа көптеу.
- Төбесі ашық шырақ жана береді,оны ауа толық қоршап тұр. Олай болса, ауа жанғыш.
YI.Дәптермен жұмыс. - Ауаның қасиеттерін дәптерлеріне жазады. (түссіз, мөлдір, жеңіл, сығылады,серпіледі,жылуды нашар өткізеді, жануды қолдайды)
-Мұғалім: - Сарамандық жұмыс арқылы ауаның барлық қасиетін анықтап білдіңдер.
- Су. -Балалар адам қатты шөлдегенде не ішеді? – Су. –Ендеше біз келесі су туралы тақырыпқа тоқталамыз. 9-слайд (Жер моделінің суреті)
-Суретке қарайықшы қандай түс өте көп.-Көк.-Дұрыс.
-Ендеше балалар жердің 3/1 бөлігін су алып жатыр екен.Жер бетінде су көп екенін білдік.-Адам ішуге қандай суды пайдаланады?
-Тұщы.-Жаксы. -Жер бетінде қандай су көп? – Ащы. – Дұрыс. Тұщы су аз екен.
- Олай болса тұщы суды біз қалай пайдалануымыз керек ?
–Унемдеу, таза сақтау керек.
-Балалар суы жоқ елді мекекендерде ащы суды пайдаланады.Оны қайнатып өңдеуден өткізеді.Өңдеуден өткізілген су өте қымбат болады.Қайнатылған судың түбіне тұз шөгіп қалады.Ол тұз ашық қалып қойса, адам денсаулығына өте зиян келтіреді. Сондықтан ол тұзды өңдеуден өткізіп, пайдалануға жаратады екен.
Судың маңызы : 10-слайд
-1. Адам өмір сүре алмайды.
2.Жануарлар. өсімдіктерге қажет.
3.Қатынас жол үшін қажет.
4.Ас әзірлейміз, шомыламыз, тазалық үшін, ішеміз, демалысқа қажет.
Сегіту сәті: 11,12,13,14,15,16-слайд:
Күн шықты, жел соқты,
Жаңбыр жауды,
Найзағай сарт етті,
Біз бұға қалдық.
YII.Сарамандық жұмыс: Табиғатта су неше күйде кездеседі ? Табиғатта су сұйық, қатты және газ тәріздес – бу қүйінде кездеседі.-Балалар,
-Мұз судан ауыр ма,жеңіл ме қалай ойлайсыдар? Мұз судан жеңіл.
Олай болса судың қасиетін еске түрейк.
-Су қандай? (түссіз, мөлдір, иіссіз, жұғады, жабысқақ, еріткіш, пішін болмайды,
ағады, сұйық) 17,18-слайд.


1-тәжірибе 19-слайд
1. Бір стақан суға бір қасық тұз салып араластырамыз.Судағы тұз жоқ болды,ол қайда кетті?Еріді. -Бұдан су еріткіш екенін анықтадық.Су кез келген затпен қосылуға икемді,жылуды жақсы өткізеді.
2-тәжірибе
2. Құрғақ шүберекті суға салып сығамыз, шүберекке не жабысты?- Су жабысты.
Ендеше ,су жабысқақ.
YIII.Дәптермен жұмыс: мөлдір,түссіз, иіссіз, жұғады, жабысқақ, еріткіш, ағады, сұйық, пішіні болмайды.
IX.Карточкамен жұмыс: №1 20,21-слайд

Ауа 22, 23-слайд,
1. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады.
Жел ауаны тазартып отырады. Ол елді мекендердің үстінде пайда болған түтінді, шаң-тозаңды басқа жаққа айдап алып кетіп, олардың орнына таза ауа әкеледі.Желдің осындай пайдасы бар екен.



-Ауа райына тоқталу.Ауа мен судың ауа райына байланысы бар.
2.Жел , температура , қысым, бұлттылық, ылғалды(тұман), жауын-шашын -
ауа райының құбылыстары.Бәрінің жиынтығы ауа райын түзеді.
-Температура жоғарлаған сайын су көп буланады да ,бұлттылық пайда болады.
3.Жер бетінен ауа жоғары көтеріліп, салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып,
олар шоғырланып бұлт құрайды. 24-слайд
- Температура өзгергенде ,қысым өзгереді, содан ылғал (тұман) пайда болады.
4.Ауада ұсақ су тамшылары мен мұз түіршіктерінің шоғырлануынан жер бетінде тұман түседі.
25-слайд
- Температура күрт төмендегенде ауа райы өзгеріп, жауын-шашын жауады.
Жауын-шашынның түрлері: жаңбыр ,қар, бұршақ.
5. Бұлтты құрайтын ұсақ су тамшылар бір-бірімен бірігіп ауырлайды да,жерге жаңбыр болып жауады. 26-слайд
6. Қыста биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға айналады. 27-слайд
7.Бұршақ түнерген қара бұлттан жауады.Жерден көтерілген су буы ауаның салқын қабаттарында біртіндеп су тамшыларына , одан да салқын қабатқа жеткенде қар-мұз қиыршықтарына айналады. Мұндайда өз салмағымен құлап келе жатқан мұз қиыршықтары салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады да, мөлшері де үлкейе түседі. Соның нәтижесінде бұршақ жауады. 28 -слайд
Терминдер: Метеорология 29-слайд
Термометр
0С-ауа райының өлшем бірлігі
X.Қорытынды:
Үлестірме қағаз таратылады. 30-слайд
№2.Қысқы және жазғы ауа райының жағдайын сипаттап жаз.

Қысқы ауа райы

Жазғы ауа райы











-Оқушылардың тапсырмаларын тексеріледі.
VIII. Бағалау. 31-слайд
IX . Үйге тапсырма. 32-слайд
Ауа райы туралы анқтамаларды жаттау. № 8 тапсырманы дәптерге орындау.
X. Сабақты аяқтау. 33,34,35,35,37,38,39- слайд.
«Жау жау ,жаңбыр » әнімен сабаағымызды аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Дүниетану. Сабақ жоспары. "Ауа. Су. Ауа райы"

Автор: Сеилханова Ляззат Гусмановна

Дата: 14.03.2017

Номер свидетельства: 400330

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Д?ниетану п?нінен саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(30) "duniietanupniniensabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "278563"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453110669"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Д?ниетану. Жауын-шашын. Суды ?ор?ау."
    ["seo_title"] => string(39) "duniietanu-zhauyn-shashyn-sudy-k-org-au"
    ["file_id"] => string(6) "297986"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456253185"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(129) ""Жыл мезгілдері" та?ырыбында д?ниетану п?нінен ашы? саба? жоспары 1-сынып"
    ["seo_title"] => string(80) "zhyl-miezghildieri-tak-yrybynda-duniietanu-p-ninien-ashyk-sabak-zhospary-1-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "286323"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454326268"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) ""Ауа. Ауаны? ?асиеттері" д?ниетану п?нінен саба? жоспары 2-сынып "
    ["seo_title"] => string(67) "aua-auanyn-k-asiiettieri-duniietanu-p-ninien-sabak-zhospary-2-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "208015"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430728763"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Ас- адамны? ар?ауы "
    ["seo_title"] => string(18) "as-adamnyn-ark-auy"
    ["file_id"] => string(6) "150612"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420536373"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства