Модульді ендіру: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, 2.Сыни тұрғыдан ойлау, 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, 4. Оқуда АКТ- ны пайдалану, 5. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Оқу нәтижесі: Ауаның әр түрлі қасиеттерін біледі, тәжірибе арқылы дәлелдей алады,табиғатты қорғайды.
Дереккөздер: «Атамұра» оқулығы, ноутбук, флепчарт, түрлі суреттер, стикерлер, ғаламтордан алынған мәліметтер, электронды оқулық, тәжірибеге қажетті заттар, графопроектор.
Қ/с
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Дереккөздер
1
2 мин
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлу.
Бүгінгі сабағымызда кішкентай ғалым боламыз.
Теңізші болатын бала, бұлақпен ойнайды
Батыр болатын бала, қынаппен ойнайды,
Диқан болатын бала, топырақпен ойнайды.
Ғалым болатын бала, кітаппен ойнайды
Көктем, жаз, күз, қыс.
2
6 мин
Үйге берілген тапсырманы топтық тапсырмалар беру арқылы сұраймын.
Стикердегі сұрақ-жауап.
І топ:1.Дене деген не?
2.Дене нешеге бөлінеді?
3.Табиғи денені атап шық?
ІІ топ:1.Жасанды денені ата 2.Табиғи дене нешеге бөлінеді?
3.Тірі денелерді атап шық.
ІІІ топқа 1.Өлі денелерді ата.
2.Зат қасиеттерін атап шық.
3.Дене неден тұрады?
ІҮтоп:1. Табиғат құбылыстары деген не?
2. Жел деген не?
3.Бұлт қалай құралады?
Тапсырмалар жазылған карточкалар
3
2 мин
«Болжау » стратегиясы бойынша төрт топ адам өміріне қажетті 5 нәрсені айтқызу.
Ауа, Су, Жарық, Жылу, Тамақ.
Олай болса 5 қажеттіліктің біріншісі ауамен танысамыз. Бүгінгі тақырыбымыз «Ауа және оның қасиеті»
4
8 мин
4 мин
Мәтінмен жұмыс
«Ой қозғау »
Бейне үзікке назар аударамыз
Ауаның негізгі қасиеттерін білесің бе?
Ауаның алатын орны туралы мысал келтір.
Ауа тірі табиғатқа қажет пе?
Ауаны сезінуге болама?
Көз алдарыңа елестетеміз
Сендер ауамен таныссыңдар ма?
Ауа қандай?
Түссіз, иіссіз, дәмсіз
Ауа оттегі, көмірқышқыл ғазы, азоттан тұрады.
Бұлардың қайсысы пайдалы?-Оттегі
Олай болса орнымыздан тұрып таза ауаны жұтамыз.
7
8 мин
«Сарамандық жұмыс» жүргізу арқылы түсінік қалыптастыру
Тәжірибе жүргізу жолдары туралы әңгімелейді, бір-бірін тыңдайды, қорытынды шығарады.
Стақан, шар,топырақ, колба, майшам т.б.
8
5 мин
«Ойлан, жұптас» ойыны арқылы сөйлемдерді толықтыру тапсырмасын орындайды.
Жердің айналасын ауа қабаты қоршап тұр.
Ауаның құрамында 78% азот,
1% көмірқышқыл газы, 21% оттегі болады.
Біздің ғаламшарымызды қоршап тұрған ауа қабатын атмосфера деп атайды.
Адам ауасыз бірнеше минут қана өмір сүре алады.
Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіре отырып, оттегін шығарады.
Сөйлемдер бойынша жұмыс жүргізеді. Өз жұптарын
бағалайды.
Сурет, графопроектор.
8
7мин
Ауа, атмосфера ,ауаның ластану себептері, ауаның құрамы мен қасиеті жайлы таныстырылым көрсету.
Оқушылар көреді,түсінеді.
Біз қай облыста тұрамыз?
Облыста МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ӘСЕРІНЕН ТОПЫРАҚ ҚАБАТЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ.
Каспийдің суын тұшытып, пайдаланып отырған Ақтау тұрғындары үшін оның суының тазалығы керек.
Заводтардың, кафе мейрамханалар, машиналар түтіндерінің өзі ауаны ластайды.
Кейіпкерге хат
9
1 мин
Үйге тапсырма беру
Ауа және оның қасиеті
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Күнделік
10
2 мин
Бағдаршам бойынша кері байланыс жасау
Жасыл түс-Түсіндім
Сары түс-Қиналдым, бірақ орындадым
Қызыл түс-Маған көмек керек!
Бағдаршам
№1 тәжірибе .
Суретті алақаныңмен жап. Не көресің? Әрине сен ештеңе көре алмадың. Себебі: сенің алақаның мөлдір емес.
Алақаныңды көтер. Қазір сурет пен сенің аралығыңда тек ауа ғана бар. Оның арасынан сен суретті анық көресің.
Қорытынды жасайық. Ауа қандай екен? Ауа – мөлдір, түссіз.
№2 тәжірибе.Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сығылады, кішірейеді. Жібере қалсақ қайтадан орнына келеді. Яғни ауа сығылады.
№3 тәжірибе. Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не ? Ауа. Олай болса ауа серпімді.
№4 тәжірибе. Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою.
А) Оның біреуін стақанмен жабу.
Ә) Май шамның екіншісін банкімен жабу.
Б) Үшіншісін ашық қалдыру.
Байқау : Қай май шам сөнер екен ? Қорытындыны оқушыларға жасату.
Сұрақ :Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу.
Күнделікті өмірмен байланыстыру.Егер пештегі ағаштың , көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек. Мысалы ақырын жанып жатқан отты үрлесең , ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесең , ол сөнеді. (Көрсету.) Бөлмеде өрт бола қалса, су құю керек.
Абайдың қара сөздері/Абайдың он тоғызыншы қара сөзі
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
Сөйлемдерді толықтыр
Жердің айналасын ______________қоршап тұр.
Ауаның құрамында _____ азот,
___ көмірқышқыл газы, ____ оттегі болады.
Біздің ғаламшарымызды қоршап тұрған ауа қабатын ____________ деп атайды.
Адам ауасыз ______________- қана өмір сүре алады.
Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіре отырып, ____________ шығарады.