Сабақтың тақырыбы | Су. Судың қасиеті |
Мақсаты | Су.Судың қасиеті туралы тақырыпты меңгерту. Түсініп оқуға дағдыландыру.Танымдық қабілеттерін дамыту. Суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу. |
Сілтеме | Дүниетану оқулығы,суреттер |
Оқыту нәтижелері | Оқушылар адам өміріне қажетті табиғи жағдайлар туралы біледі,сөздік қоры молаяды, танымдық қабілеті дамиды. |
Түйінді идеялар | Есте сақтау қабілетін дамыту,жас ерекшеліктеріне сай білім беру. |
Іс –әрекет түрлері | Топпен жұмыс,диалогтік әңгімелесу,оқыту үшін бағалау |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | уақыт | Оқушы әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару Оқушылырға психологиялық дайындық жасау. | | . Шырылдады қоңырау Біз сабақты бастаймыз. Апай сабақ сұраса, Бәрін де айтып тастаймыз. Біз білімді баламыз, Айтқан тілді аламыз |
Білу | «Жағдаяттан шығып көр» . Ауаны қалай сезезің? Ауа қандай? Жану үшін не кереу? Ауаның маңызы қандай? Ауаның пайдасы не? Ауаны қалай таза ұстаймыз? Сабақтың тақырыбын таныстырып, мақсатын хабарлау. | | -Табиғат дегеніміз бізді қоршаған дүние. -Табиғат екіге бөлінеді. Олар өлі және тірі табиғат -Тірі табиғатқа аң-құс, жануарлар, жәндіктер, адамдар, өсімдіктер жатады? -Өлі табиғатқа тау, тас, бұлт, ауа, су т б Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді. Оқушылар іс-әрекет жасап, ауасыз өмір сүре алмайтынын ұғынады. |
Түсіну | Су туралы түсінік беру. Глобусқа қараңдаршы,ғарышкерлер ғарыштан жерді осылай көреді.Глобусты тез айналдырсақ көк түс қана сияқты, көк түспен жер бетіндегі өзен,көл,мұхиттар белгіленген.Яғни жер бетінің3/4 бөлігін су алып жатыр.Жер бетінің 71% су алып жатса, 29 % ғана құрлық екен. Осы деректерді естеріңде сақтап қалыңдар Су – түссіз , мөлдір, иісі жоқ, суда тұрақты пішін болмайды,сұйық, буға айналады, мұзға айналады. | | Слайд арқылы суреттерді көріп cу туралы мағұлматтар алады. |
Қолдану | Оқулықта берілген тәжірибені үш топқа беру арқылы ауаның сығылатынын,ауаның кез келген жерде болатынын, жылуды отқізбей тұратынын анықтау. | | Оқушылар мұқият тыңдай отырып, негізгі тұстарды ажыратуға үйренеді. Мысалдар келіру. |
Сергіту сәті | Сергіту сәтін қимыл қозғалыс арқылы көрсетеді. | | |
Талдау | Су қандай зат? Судың түсі қандай? Су қай жерлерде кездеседі? Суды үй шаруасында қалай пайдаланасың? Қайнаған су неге азаяды? | | Оқушылар қойылған сұрақтарға толығымен жауап береді. Дәптермен жұмыс жасайды. |
Жинақтау | Мақал-мәтелдер айтып, мағынасын талдау. | | Сулы жер , нулы жер. -Су – тазалық пен денсаулықтың көзі. |
Бағалау | Мадақтау ,Екі жұлдыз бір тілек | | Бас бармақ От шашу |
Келесі | 40-41 бет. Мәтінді оқу, | | |