Просмотр содержимого документа
«Дүниетану ғылыми жоба»
Орал қаласы № 29 негізгі жалпы білім беретін мектебінің
4 сынып оқушысы Даренова Мәдинаның
«Өрмекші таныс, әрі бейтаныс» атты
ғылыми жұмысына
Пікір
Мәдинаның бұл тақырыпқа деген қызығушылығы 3 сыныптағы дүниетану сабағы кезіндегі «Жануарлардың көптүрлілігі. Жәндіктер» тақырыбынан бастау алды. Бастапқыда оқушы өз еркімен бақылау жұмыстарына кіріскен болатын, кейін Мәдинаның бұл талпынысына демеушілік көрсете отырып тақырыпқа көптеген деректер тауып, оны бақылап, күнделікті жазба жұмыстарын жүргізе бастадық. Мәдина бұл тақырып бойынша ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, ізденушілік жұмыстарын жүргізуде.
Даренова Мәдина өзінің ғылыми жобасында өрмекшілердің түрлерін анықтап, оның табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасы туралы жазған. Мәдина өз жұмысында өзін толғандырып жүрген өрмекші өрмегінің емдік қасиеттері туралы жүйелі ой қозғайды.
Бұл жоба өз мақсатына жетті деген ойдамын. Дегенмен де оқушымның жоспары бойынша өрмекшілер әлемін зерттеуді әлі де жалғастырмақшы.
Жалпы оқушымыздың ой-санасында адам денсаулығы, табиғаттағы жұмбаққа толы дүниені тануға, өрмекшілердің табиғаттағы пайдасын үлкен мақсат етіп жүрсе, болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматшасы болатынына сенімдімін.
Жетекшісі: А.К.Калиева.
Орал қаласы № 29 негізгі жалпы білім беретін мектебінің
4 сынып оқушысы Даренова Мәдинаның
«Өрмекші таныс, әрі бейтаныс» атты
ғылыми жұмысына
Пікір
Ғылыми зерттеу жұмысында 4 сынып оқушысы Даренова Мәдина өрмекшілердің түрлерімен танысып, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын зерттеуді мақсат еткен.
Ғылыми жұмыстың негізгі бөлімінде жалпы өрмекшінің құрылысы, негізгі ерекшеліктеріне шолу жасаған. Арахнология ғылымының пайда болуы жөнінде аңыз жайлы айтылып, Мұхамбет пайғамбарға қатысты бір діни аңызда өрмекшінің қасиеті туралы жазған. Зерттеу бөлімінде өрмекшілердің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын сипаттап жазған. Өрмекші торының емдік қасиеттерін қолдану аясын өзара салыстырып, өзіндік зерттеу жүргізген.
Даренова Мәдинаның бұл зерттеу жұмысын дүниетану және биология сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Ғылыми жұмысты оқи отырып, оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.