тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің мағынасы мен қызметін меңгерту
Құс – бақтың досы
Егіндіктің қасында үлкен бақ бар. Бақтың ішінде биік теректер, аппақ қайыңдар өсіп тұр. Бақта: алма, алмұрт, өрік, шин\е ағаштары бар. Күзде жемістер пісіп адамдар жинауға келеді. Жаздыңгүні біздің жерімізде құстар көп болады. Бақ ішінде құстар зиянды құрт – құмысқаларды, көбелектерді жиді. Құстар бақтарды зиянды жәндіктерден сақтайды. Құстарға тимеу керек. Оларға ұя жасап, қамқорлыққа алған жөн. Олар қысты күні ашығады. Балалар қыста жем беріп, оларды аштықтан құтқарады. (65 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1.Бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау
2.Жемістер, егіндіктің, қамқорлыққа, аштыққа сөздерін сөз құрамына талдау.
Қазақ тілі 4 сынып
диктант № 2
Тақырыбы: Дені саудың-жаны сау
Мақсаты: Білімділік: оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: тіл дамыту, сөздік қорын молайту, байыту
Тәрбиелік: ынтымаққа, бірлікке , денсаулықты сақтауға тәрбиелеу
Міндеті:
тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру
оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту
Дені саудың-жаны сау
Денсаулық -табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану керек, уақытында демалу керек және дене шынықтырумен айналысу керек. Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады.Спорттың ең қарапайым түрі-жүгіру. Денсаулықтың бірінші жауы темекі,спирт ішімдіктері. Ешкімге жамандық жасама. Жүзіңнен әрқашанда күлкі кетпесін. Адам күлген сайын ағзадағы шлактар сыртқа шығады.Таңертеңгілік тамақты ішкен оқушы сабақты жақсы оқиды.Сондықтан да таңғы асты таста ма. Уақытында тамақты іш.
(65 сөз)
Грамматикалық тапсырмалар
Бірінші сөйлем ішінен тұрлаулы мүшелерді көрсет.
Алтыншы сөлем ішінен дара мүшелер және күрделі мүшелерді тап.
Қазақ тілі 4 сынып
диктант № 3
Төрт маусым
Жыл он екі ай – көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымда үш ай болады. Көшпелі халық жыл мезгілдеріне қарай қонысын – көктеу, жайлау, күздеу, қыстау деп атаған.
Ертеректе ауыл наурыз, сәуір, мамыр айларында қыстаудан көктеуге көшетін. Мал төлдететін. Содан соң жайлауға көшіп баратын. Онда маусым, шілде, тамыз айларын өткізетін. Осы күнгі малшылар да солай істейді. Бұл малшыларға өте қолайлы. (61 сөз.)
Тапсырма.
1.Етістіктердің астын сыз.
2.Сан есімнің астын ирек сыз.
Қазақ тілі 4 сынып
диктант № 4
Көк кит
Көк киттердің кейбіреулерінің ұзындығы отыз метр болса, салмағы жүз елу тартады. Кит аулаушылар мұндай киттің біреуінен алпыс тонна ет, отыз тонна май алады. Киттің тілі төрт тоннаға жуық, бауыры бір тонна болады. Жаңа туған бала киттің ұзындығы екі-үш метр, салмағы екі тонна болған. Бала киттің салмағы күн сайын жүз килограмм ауырлайды. Ал жеті-сегіз айда оның ауырлығы жиырма төрт тоннаға жуық, бауыры бір тоннаға жетеді. (64сөз.)
Тапсырма.
1.Күрделі сан есімдерді теріп жаз.
2.Бірінші сөйлемдегі дауыссыз қатаң дыбыстардың астын сыз.
Қазақ тілі 4 сынып
диктант № 5
Балапан қайың мен бала
Аспан боп-боз. Ақ бас таулардың төбесіне сұрғылт бұлт шөккен. Тау бөктері мен етегі сап-сары. Суық жел жыландай жалақтайды. Күзгі суықтың ызғары қатая бастаған.
Ыстық-суыққа көндікпеген бала қайыңның жапырақтары қушиып, реңі сарғыш тартқан. Керімнің қайыңдарды аяп тұрғанын апасы көрді. Апасы Керімге сарғыш, қызғылт жапырақтар қайыңның жазғы желең көйлегі екенін айтты. Қайың күзде түгел жапырақтарын сыпырып тастайды. Сол кезде оның қабығы қалыңдайды. Апасы баласына қайыңның одан кейін тоңбайтынын түсіндірді. (67сөз.)
Тапсырма.
1.Керімнің деген сөзді сөз құрамына талда.
2.Бұлт шөккен деген сөздегі ұяң, үнді, қатаң дауыссыз дыбыстар жеке жазып көрсет.
Қазақ тілі 4 сынып
диктант № 6
Тақырыбы:Құрмалас сөйлем
Мақсаты: Құрмалас сөйлемнің қызметін түсіндіру.
Аққулар
Көктемде Жайық өңіріне аққулар қос-қостан ұшып келеді. Талқайрандағы көк шалғынға киіз үй тіккенбіз. Сыртта тұрып, сыбызғының үніндей сұңқылдаған аққулар дауысын тыңдадым. Тобымен орман ішіне қонды. Таңертен ерте оянып, тысқа шықтым. Шығыс жақ қызыл шапақ. Сүрлеумен өзенге қарай жүгірдім. Кешкісін қармақ құрып кеткенбіз. Келсем, аққу жүзіп жүр екен. Қармақ аяғына кіріп кетіпті. Жалма –жан көйлегімді шешіп, аққудың қасына жүзіп жеттім. Айбат шексе де, аяғынан ұстап, қармақтан босаттым. Ол рақмет айтқандай бір сұңқ етті де, арғы беттегі тобына барып қосылды. (78 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1.Үшінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау
2.Көктемде сөзіне дыбыстық талдау..
Қазақ тілі 4 сынып
диктант № 7
Тақырыбы: Үстеу, шылау
Мақсаты:Үстеу, шылау бойынша іскерлік дағдыларының нәтижелерін зерттеу.
Шипалы су
Бір топ бала жазғы демалыста тауға серуендеуге шықты. Олар тау етегіндегі шоқ ағашқа келіп демалды. Осы кезде Мұқан мен Кәкімжан ағаш ішін аралап кетті. Екеуі мөлдір бұлақтың үстінен шықты.
Екі бала бұлақтың бойын қуалай жоғары өрледі.Көп ұзамай ақ бұлақтың көзін тапты. Олар судың дәмін қайта –қайта татып көріп, тамсана түсіп, біраз отырды. Бұлақтың басында серуендеп жүрген балалар да келді. Судың дәмін бірі де татып көріп, түрлі – түрлі пікірлер айтты.
Бұл су асқазан ауруын емдейтін шипалы су болып шықты. Осы суды ішіп талай адам жазылды. (84 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1.Шылауларды теріп жаз.
2.Бесінші сөйлемді сөз таптарына талда.
Қазақ тілі 4 сынып
диктант № 8
Бала Мұқан
Баланың мінезі ауыл адамдарына бір түрлі қызық көрінетін еді.Өзге балалардай айқайлап жүгіруді де білмейді.Өзге бала асық ойнаса, ол сиыр, жылқының топайын жинап,өз алдына ойнай береді. Жанындағы балалардың еш нәрсесіне тимейді. Өзіне соқтыққанды аямайды да. Кейбір балалардың әке-шешесі келіп, Мұқанды қорқытайын десе, балпаңдап қаша да алмайтын. Оның жүгірдім дегеніне аяғы ұзындар аяңдап жетіп алады. Біреудің жекіп айтқан сөзіне оның қайтаратын жауабы жоқ. Бетінен қорыққан белгі де білінбей, қиық көзінің қиырымен қарайды да тұрады.(72 сөз.)
Тапсырма.
1.Етістіктердің астын сыз.
2.Бала деген сөзді жеті септікте септеп жаз.
Қазақ тілі 4 сынып
диктант № 9
Қасқырды жеңген бала
Серғазы әке тапсырмасын бұлжытпай орындап тұрған. Күтпеген жерден отардың шеті дүр ете қалды. Жалт қараған Серғазының көзіне әр қойды бір тартып дөңгелетіп жүрген көкжал қасқыр ілікті. Алғашқыда даусы да шықпады. Мылтығын да ата алмады. Ұшар-жұмар үркіп келе жатқан топқа атты борбайға бір салып араласа кетті. Бірақ қасқыр баладан сескенген жоқ. Арс етіп аттың құйрығына жармасты.
Серғазы саспады. Есіне қалтасындағы екі басты бәкісі түсті. Ептеп тісімен ашты. Сосын жүрек тұсын дәлдеп сұқты. Қасқырдың қауқары кеми берді де сұлқ құлады. (78 сөз. )
Мақсаты: Есімдік бойынша іскерлік дағдыларының нәтижелерін зерттеу.
Арқар
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Олар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан, олар Азияның орталық таулы жерлерін мекендейді. Жыл маусымына қарай таудың түрлі биіктігіне ауысып отырады. Жаз айларында таңертен және кешкісін жайылып жүреді. Қасқыр мен барыс оның басты жауы болып табылады.
Арқар дәмді ет пен сапалы тері беретін – кәсіптік аң. Саны жылдан жылға азайып барады. Қазырғы кезде оны аулауға тыйым салынған. (72)
Грамматикалық тапсырма:
1.Ол жіктеу есімдігінің септеулі түрлерін теріп жаз. Қай септікте тұрғанын көрсет.
2. Жіктеу есімдіктерін жаз .
Қазақ тілі 4 сынып
диктант № 11
Диктант
Тақырыбы: Үстеу, шылау
Мақсаты:Үстеу, шылау бойынша іскерлік дағдыларының нәтижелерін зерттеу.
Шөптегі шық
Жаздыгүні болатын. Мен ерте тұрдым. Далаға шықтым. Шығыс жақтан нұр шығып келе жатыр. Күнге қарап тұрдым. Шөптегі шықты байқадым. Шөптегі шық тамшылары алмақ сияқты боп көрінді. Бұл тамшылар күнге шағылысып бірде сары, бірде, қызыл, бірде көк болып көрінді. Мен шыққа жақын келіп қалдым. Шөптің үш бұрышты жапрақтарында шық тамшыларын көріп қалдым.
Шық түскен жапрақты үзіп алып едім, титтей тамшы кішкентай шар сияқты жерге домалап түсті. Сондай тамшысы бар, тағы бір жапырақты үзіп алып, тамшыны жұттым. Оның дәмі жеміс суынан да тәтті болып көрінді.(83)
Адам мен табиғат егіз. Табиғаттың адамға берері мол. Тек соны түсіне білу керек. Өзге адамдардан жақсы қасиеттерді үйренгенің сияқты, табиғаттан да үйренуге болады.
Топырақтан үлгі ал. Ол өте кішіпейіл және бүкіл тіршілік атаулының қайнар бұлағы. Құлпырған гүл де, жайқалған орман да топырақтан өсіп шығады. Бірақ мынаны ұмытпа: топыраққа не ексең, сол шығады. Қалай баптасаң, солай шығады.
Ең маңыздысы, табиғаттан жомарттықты үйрен. Табиғаттың адамға берер пайдасы шексіз. Сонысына ешқашан ақы талап етпейді. Кісіге жақсылық жаса, бірақ ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе! Адам бол! Адал бол! (84сөз.)