kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сборник диктантов по казахскому языку для 9-11 классов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Диктанты по казахскому языку охватывают все основные темы по предмету. Первый раздел фонетика, где даны отдельно тесты по гласным звукам в целом и отдельно мягкие, твердые гласные. Согласные звуки, отдельно глухие, звонкие, сонорные звуки. Слоги, виды слогов-открытые, закрытые, полузакрытые слоги. Закон сингармонизма: слоговой сингармонизм, звуковой сингармонизм. Охвачены все части речи: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, ?стеу, есімдік, шылау с?здер, о?шау с?здер. Производная и непроизводная основа слова. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сборник диктантов по казахскому языку для 9-11 классов»

Қостанай облысының білім Департаменті

Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп- лицей» КММ











Жалпы білім беретін мектебінің

9-11 сынып оқушыларына арналған

қазақ тілінен

диктант жинағы


























Лисаков қаласы 2016 жылы



Рецензенттер:

Есионова А.Н.- Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі директор орынбасары.


Гнетуленко Н.Г.- Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары.



Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жиеналина Гауһар Сағиқызы. Жалпы білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы. Лисаков қаласы 2016 жылы С.78



Андатпа

Берілген жинақ көздейді :сөз қорын арттыру , лексикалық бірліктерін белсендіру, сауатты жазудың бағдыларын дамыту, коммуникативтік құзыреттерін дамыту және жетілдіруге , тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сай және оқытылатындардың болашақта заманауи қоғамда табысты биімделуге мүмкіндік береді.



Түсініктеме

Авторлар әр сынып бойынша мұғалімдердің күнделікті практикалық жұмыстарына керекті материалдарды іріктеп ғылымдық, тәрбиелік мәні бар мәтіндерді календарлық талаптарға бейімдеп топтады. Ондағы мақсат-шәкірттердің білім -деңгейін, өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, ой қылықтарын айқындауға көмектесу.

Мәтін құрамына: есеп, бейнелеу өнері, дене шынықтыру, экономика сабақтарында кездесетін жазылуы қиын термин сөздер енген.

Диктант өзінше ерекшелігі бар сабақ: өткізу тәсілі жағынан да, дидактикалық мақсаты жағынан да.

Мақсат, мазмұны жағынан: анықтау, қайталау, жинақтау немесе білім сапасын анықтау сабағы деп жүрміз.


І.Диктант мәтініне қойылатын талап


а)көлем сынып ерекшелігіне сай болуы тиіс;

ә) мазмұны тәрбиелік болуы керек;

б)мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс бағдарламаға сәйкес болуы керек;

в)мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген жөн.


ІІ.Дикантты өткізуге (жазғызуға) қойылатын талап

1.Диктанттың түрі (мақсаты, өтілетін күні, оқушы тарапынан жүргізілетін даярлықтың түрі ескертіліп, 2-3 күн бұрын хабарланады).

2.Диктанттың қай түрі болсын мәтіні орфоэпиялық заңға сүйеніп, тиісті кідірістерді сақтай отырып оқылады.

3.Мәтін құрамында өтілмеген, оқушыға таныс емес емле тыныс белгісі кездессе, ол ескертіліп айтылады. Ескертетін жай: тәптіштеп түсіндіріліп, оқушы көңілін негізгі мақсаттан ауытқытып алмау керек.

4.Жазылуы қиын байырғы сөздер мен халықаралық термин сөздер кездессе, тақтаға жазып көрсетіледі.

5.Мағынасы түсініксіз көнерген сөздер сөйлеу тілінде кездессе оларға түсінік беріледі.

6.Мұғалім мәтінді оқушы үлгіріп жаза алатын жылдамдықпен, анық, барлығы еститіндей дауыспен, бір орында тұрып оқуы керек.

7.Жазу барысында орынсыз ескертпе жасай беруге, бөгде сөздер қосуға арлы — бері жүруге болмайды.

8.Мәтін негізінен үш рет оқылады;

а)бастауыш сыныптарда мазмұнымен таныстыру мақсатында 2 рет оқылады;

ә)жазғызу мақсатында;

б)толық тексерту мақсатында.


ІІІ.Оқушыға қойылатын талаптар


1.Мұғалімнің диктантқа байланысты берген тапсырмаларын орындауы керек.

2.Сабақ барысында зейін қоя тындап, асықпай, қатесіз жазуға тырысуы керек.

3.Шала тындап, қалай жазу керектігін қасындағылардан, мұғалімнен сұрап басқаларға кедергі жасамауы керек.

4.Таза, ұқыпты жазуды естен шығармау керек.


Грамматикалық тапсырмалы диктант сабағының құрылымдық

кезеңін шамамен былай көрсетуге болады:


а)тілдік дайындық (өтілген грамматикалық материалдарды еске түсіру) - 4-5 минут.

ә) берілген тапсырманы орындату - 4-5 минут.

б)диктант мәтінімен таныстыру, жазғызу - 30-35 минут.

в)тексеру, жинау - 2-3 минут.


ІҮ.Диктантты тексеру


1.Жұмыс келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек.

2.Диктанттың соңында орфографиялық, пунктуациялық қате саны көрсетіледі. Белгілерді оқушы «оқып түсіне білуі керек. Бақылау жұмысын тексерудегі шартты белгілер.

Белгілер мәні

/ - емле қатесі

V - тыныс қатесі

/ - азат жол артық қойылған

? - түсініксіз

/ - қайталанған ойлар, стилдік қателер, сөз қалдырған

/ - жүйе үзілген


V. Диктантты бағалау


Бағдарламада диктанттан кейінгі жүргізілетін қатемен жұмыс - талдау сабақтарына сағат бөлінбегендіктен, оны жылдық, тоқсандық, тақырыптық қайталау сабақтары есебінен алып, өткізіп отыру аса қажет.

Әріп диктант 4-8 сыныптар аралығында өткізіледі. Мақсат - оқушыларға өтілген дыбыстар мен әріптерді меңгертіп, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын, ерешеліктерін білдіру, бұл диктант түрі оқушылардың сауатын ашумен қатар олардың есту қабілетін дамытады.

Буын диктант барлық сыныптарда өткізуге болады. Бұл оқушыларға буынды, оның жасау жолдарын меңгеруіне көмегін тигізеді. Оқушылар буынға бөліп жазу арқылы қазақ тілі дыбыстарының жазылу (дауысты дыбыстың жеке тұрып та, дауыссыз дыбыстармен бірігіп те буын құрай алатын) ерекшеліктерімен танысады.

Сөз диктанты - барлық сыныптарда жүргізіледі. Мақсат - оқушыларға сөздің белгілі ұғымды білдіретінін, яғни бір мағынасы болатынын түсіндіру. Жоғарыда айтылған диктант түрлеріне қарағанда сөз диктанты күрделі болады. Сөз диктантын жүргізу арқылы оқушыларға қазақ сөздерінің, тиянақты ұғым беретіндігін білдіру көзделеді. Сонымен қатар әр сөзде неше буын бар екендігі, қанша әріптен құралатындығы да айтылады.

Сөйлем диктанты 4-11 сыныптарда жүргізіледі. Мақсат - оқушыларға қазақша сөйлем түрлерін танытып, оны өз беттерінше құра білуге дағдыландыру. Мұнда сөйлемнің ұзақ болмауын ескерген жөн. Қазақ тілінде сөйлемдер неше сөзден құралғандығы, бас әріп сөйлемнің басында келіп, сөйлем ішіндегі әр сөз бөлек жазылатындығы, сөйлемнің соңына нүкте, сұрақ, леп белгілерінің бірі қойылатындығы айтылады.

Көру диктанты барлық сыныптарда жүргізіледі. Диктанттың негізгі мақсаты,- оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы қазақ сөздерін сауатты жазуға үйрету. Көру диктантына әріп, буын, жеке сөздермен бірге кейбір жазылуы қиын сөз, сөз тіркестері, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер, жұмбақ, жаңылтпаш, мақалдар, шағын мәтіңдер алынады. Диктант мәтінді тақтаға күні бұрын жазылады., Оқушылардың мәтінді екі-үш рет оқып-шығып, бірер минут асықпай қарап алғаннан кейін, оны сол көргені бойынша жадына сақтауларына уақыт беріледі. Содан кейін мәтін жазылады. Оқушылар оқығанын еске түсіріп, дәптерге жазады. Кей жағдайда қазақ тілінің ережелерін де жазғызуға болады.

Өздік диктанты барлық сыныптарда өткізіледі. Оқушылар өтілген мәтіннің немесе тақтаға ілінген суреттің мазмұнын не көрген оқиғалары жайында жазуына болады. Сондай - ақ өздері білетін әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін, жеке сөйлемдерді, жаттап алған өлең, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестерді естеріне түсіріп жазады, Қазақ тілінің кейбір ережелерін де жаздыруға болады. Кейде оқушыларға өздік диктантты жазбастан бұрын оған қандай материалды қайталап келу керектігі ескертіледі.

Сөздік диктантты барлық сыныптарда және сабақтың барлық кезеңінде жаздыруға болады. Ол әрбір жаңа мәтін, сурет, жаттығу жұмыстарынан кейін өткен материалдарды пысықтаудың, қайталаудың ең тиімді жолы болып табылады.

Терме диктанты да барлық сыныптарда өткізіледі. Оқушылар мәтінді тұтас жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өздеріне берілген тапсырмаға лайықты ережелері бар сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады. Мұғалім кейбір оқушыларға бұрынғы жазу жұмыстарында жіберген қателеріне байланысты тапсырма беруі мүмкін. Бұл диктантты белгілі бір тақырыпқа немесе ережеге байланысты өткізу арқылы оқушылар мәтін ішінен өздеріне қажетті сөз, сөз тіркестерін таба білуге жаттығады.

Ескерту диктанты барлық сыныптарда өткізіледі. Мұғалім жазылатын мәтінді дауыстап оқиды. Оқушылар түсініксіз жерін бір-біріне сұрақ қою арқылы қайталап, естеріне түсіреді. Сөйтіп, қиын сөздердің қалай жазылатынын барлық оқушылардың қатысуымен анықталады.


Оқушылардың сауаттылығын есепке алып, білімін , бағалау үшін оқу жылының әрбір тоқсанында бакылау диктанттары жүргізіледі. Ондағы сөз саны мынадай өлшемде белгіленеді.

5-сынып үшін 90-100 сөз;

6-сыньш үшін 100-100 сөз;

7-сынып үшін 110-120 сөз;

8-сынып үшін 120-150 сөз;

9-сынып үшін 150-170 сөз;

10-сынып үшін 170-180 сөз;

11-сынып үшін 190-210 сөз.

Диктант мәтінінде әрбір өтілген ережеге байланысты кем дегенде 2-3 орфографиялық және тыныс белгілерінің объектілері болуы тиіс. Бір диктант құрамында ұшырасатын орфографиялық және тыныс белгілерінің саны мынадай өлшемнен аспауы тиіс.

5 - сынын үшін - әр түрлі орфограмма саны 12, тыныс белгісі 2/3;

6 - сынып үшін -әр түрлі орфограмма саны 16, тыныс белгісі 3/4;

7 - сынып үшін -әр түрлі орфограмма саны 20, тыныс белгісі 4/5;

8 - сынып ушін -әр түрлі орфограмма саны 24, тыныс белгісі 10;

9 - сынып үшін -әр түрлі орфограмма саны 24, тыныс белгісі 15;

10-11 сыныптар үшін- әр түрлі орфограмма саны 26, тыныс белгісі 18-ден аспау керек.

Оқушылардың жұмысын бағаларда мұғалім мыналарды басшылыққа алады: диктанттағы орфографиялық және тыныс белгілік қателері жеке есептелінеді де, жалпы бір баға қойылады.

5” деген баға қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар диктанттарға қойылады. 0/0, 1/0, 0/1.

4” деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар, немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар, емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар диктанттарға қойылады. 3/3, 2/4, 1/5.

3” деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар, немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар, немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар диктанттарға қойылады. 6/5, 5/6, 3/8.

2” деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар, немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі бар диктанттарға қойылады. 9/5, 8/9.

1” деген баға қате саны “2” деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен диктанттарға қойылады.

Диктант мәтініне байланысты мұғалімдер мынаны ескеруі керек:

1.Қажет болған жағдайда мәтін мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беру;

2.Сөйлемдердің құрылысы мен тыныс белгілерін, оқылу интонациясын ескеру;

3.Жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердің қандай түрлерінің барын анықтау, ондағы екпін, тыныс белгілеріне көңіл бөлу;

Егер диктант мәтінінде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсіндірілмеген қиын сөздер кездессе, онда олар тақтаға жазылады.

Мұғалім мәтінді әуелі мәнерлеп оқып жаздырады. Соңғы сөйлем жазылып болған соң, диктант мәтіні толық қайта оқылады. Соңында мұғалімнің рұқсаты бойынша оқушылар өз жұмыстарын қосымша тексере алады. Диктант мәтінін таза қағазға көшіруге рұқсат етілмейді.

Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануына назар аудару керек.

Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қате жеке қате болып есептелінеді.

Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемиді. 3 және одан артық түзетулер кездескен жагдайда үздік бага қойылмайды.

Сонымен бірге тасымалдауда, автор сөзін берудегі тыныс белгілерде жіберілген қателер түзетілгенімен, қатеге саналмайды.

Грамматикалық тапсырма берілген жағдайда, баға: біріншісі сауаттылығына, екіншісі грамматикалық тапсырмаға қойылады.















































1 Аса білімді адам

Қазақ әдебиеті тарихында ұлы Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі тарихында Ахмет Байтұрсыновтың да орны сондай.

А.Байтұрсыновтың артында қалдырған бай мұрасына қарағанда, оны жоғары оқу орнын бітірген адам ден ойлауға болады. Шындығында, ол екі-ақ оқу орнында оқыған. Бірі- Торғайдагы екі кластық орыс-қазақ училищесі. Екіншісі- Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын қазақ мектебі. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастайды. Ол қазақ балаларының өз тілінде сауат ашуына арнап тұңғыш әліппе жазады. Оны 1912 жылы Орынбор қаласында бастырып шығарады. Осыдан кейін қазақ тілін мектепте пән ретінде оқытуды қолға алып, оқулық жазуға кіріседі. 1915 жылы “Тіл құрал” деп аталатын оқулығы жарық көрді.

97 сөз, Ө.Айтбаев.


2 Атыраудың алтын адамы

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Аралтөбе ден аталатын қорымнан 2000 жылы белгілі археолог Зейнолла Самашев тапқан ескерткіш осылай аталып жүр. Сол жерде қазылған үш зираттың бірінен адамзат тарихы үшін екінші алтын адам табылды. Оның сырт киімі түгелдей алтын әшекейлермен безендірілген. Шашбауы, қару-жарағы, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесіне дейін алтынмен қапталған. Мәйіт жанынан екі жылқы мен қыран құс сүйектері, жүзден астам жебесі бар қорамса, қыш құмыра, қайқы қылыш табылған. Табылған бұйымдар, киім үлгілері және салынған өрнектердің, әшекейлердің табиғаты бұл ескерткіштің қазақ даласында б.з.д. III ғасыр мен б.з. ІҮ ғасыр аралығында өмір сүрген сармат тайпаларына жататындығын дәлелдеп отыр. Белгілі шебер Қарым Алтынбеков қалпына келтірген бұл ескерткіш қазір Атыраудың облыстық мұражайында сақтаулы.

111 сөз, Газеттен.


3 Аналар мерекесі

Бар әлемге шуағын шашқан көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі-халықаралық әйелдер күні. Немістің революционер қызы Клара Цеткиннің ұсынысымен қабылданған осы мерекені бүкіл дүниежүзі атап өтеді. Аналар мерекесінің көктемнің алғашқы айында болуында бір сыр бар сияқты. Дүниедегі тіршілік атаулыға нәр беретін табиғат-ананың ардақты жанға көрсеткен ерекше бір ықыласы мен құрметі сияқты. Осының өзі ананы аяла, қадірле дегендей. Өмірге келген сәбиінін, дені сау, абыройлы болып өсуі үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қандай да қиындықтарға төзіп өсірген ана алдындағы перзенттік парызымызды өтей аламыз ба? Алақанына салып, әлпештеп өсірген ананы салқын қабақ, қыңыр сөзбен жабырқатып алған жоқпыз ба?

94 сөз, Газеттен.


4 Атақаз

Қанат терезе алдында отыр. Көшеде ойнап жүрген балаларға жаутандай қарайды. Далаға жүгіре шыққысы келеді. Бірақ есік алдында басы қайқандап атақаз тұр. Осы бір атақаз қызылкөз пәле болды. Өзінен Болат та, Жанат та, тіпті Қанаттың қабаған күшігі Ақтөс те қорқады. Міне, бүгін тағы да, үйге кіргізбей тұр. Ысылдап, мойнын созып, ұмтылып келеді. Қанат бойындағы бар күшін жинап алды. Қарнын тістей берген қаздың қылша мойнына жабыса кетті. Қыса түсті. Буынған атақаз жандәрмен болды. Ол бұраңдап, әлсірейін деді. Есін жиған Қанат жібере салды. Мойны босаған қаз балапанына қарай қаша жөнелді. Енді Қанатқа тиіспеді.

110 сөз, С. Мұратбеков.



5 Еркелік

Менің ағам да соғысқа кеткен. Бірақ қасымда атам мен әжем бар. Атқа мінсе алдынан түспеймін. Жақын маңдағы ауылдарды аралаймыз. Алысыраққа шықса, жолын тосып, қарауылдап жүремін. Көз ұшынан сұлбасы көрінгеннен-ақ жүгіремін. Егер мен андамай қалсам, атам ауыл шетіне жақындағанда көлденеңдей тоқтап тұрады. Әжем немесе сыртта мал сауып, шаруа жайлап жүрген басқа біреу көріп, хабарын айтады. Meн щапқылай жөнелемін. Ат үстінен еңкейіп, көтеріп алады. Мені ердің алдына отырғызады, тізгінді береді. Ақжал көк жорға төгілте жортады. Алыс жолдан оралған екі жолаушы бірге келеміз. Ойынның шарты сондай. Еркелік. Ал атам осылай еркелеткенді ұнатушы еді.

96 сөз, М.Мағауин.


6 Ерланның кірпісі

Ерлан жайылымнан қайтқан бір қора қойды айдап келе жатыр еді, олар кенет дүр етіп үрке жөнелді. Қараса, кішкене кірпіден үркіпті. Оны тақиясына сальш, үйіне әкелді де, тамақ берді. Үйшік жасап, соған орналастырды.

Күндер өте берді. Ерлан оны сүт беріп асырады. Кірпі үйге тез үйренеді. Пыс-пыс етіп, аулада емін-еркін сайрандап жүретін болды.

Есік алдында Ерланның атасы отырғызған үлкен қарағай бар еді. Сол қарағайдың басына кептер ұя салып, балапан шығарған. Бір күні әлгі кірпі сол қарағайға қарай жылжып бара жатқан жыланды байқап қалып, тарпа бас салды. Кірпі жыланды осылай мерт қылып, балапандарды құтқарып қалды.

92 сөз, Газеттен.


7 Тассу бұлағы

Тассу сүтті бұлақ. Ауыл қонған күні атам бастауын шөп-шалам, лай топырақтан аршытқан соң тіпті бұрқырап кетеді. Кішігірім өзенге парапар. Мөлдір. Таза. Жылғаны бойлап, сай табанына жайылып, жер тамырына нәр құйып жатыр. Көз жетер аймақ қалың көк шалғын. Орманға енгендей, күп беріп түстік те кеттік. Төбең көрінбейтін жерлері де бар. Тереңіне сүңгіп, тығылып ойнадық, жыға құлатып, тарам-тарам жол салдық. Бірақ ойынның ең қызығы бұлақ арнасында. Төменіректе шымы сөгілген оппалар көп. Суы бастаудағыдай емес, жылы, бойлауға келмесе де, тізеден жоғары. Шалпылдатамыз да жатамыз. Балшықтан үй соғамыз, шиден шарбақ тоқимыз. Содан соң балық іздеуге кірісеміз.

90 сөз, М.Мағауин. “Доңыз жылғы балалық”.


8 Қашқындар

Тассуды бойлай қонған төрт-бес үйден шыққан балалар опыр-топыр ойнап, бақадай шулап жатқан қызық күндердің бірі. Түстері жат, өндері жабырқау, киімдері жалба-жұлба бір той кісі дәл төбемізден өсіп шыға келгенде бәріміз де абдырап қалдық. Қашқындар! Қашқындар! Атам айтқан. Шұбарайғырды жағалап, Өгізтауды етектеп келе жатыр деген. Бестен-оннан бөлінген өңшең жаяу. Қазақ балалары. Қарағандыдан, әлде Балқаш пен Қоңыраттан бұзудан (ФЗУ) қашқан. Үйлеріне қарай. Ешкімге тимейді. Бірақ көзге түспеуге тырысады. Жеті адам. Қашқындар бұлақ жағасына сылқ отырды.

-Тассу! - деді Сағым көзі қаймыжықтана жасаурап. Мен де ойнайтын едім той осылай. Суы бал, шөбі дәрі қайран Тассу!

90 сөз, М.Мағауин.


9 Абайдың сүйікті ұлы

Абайдың көңілі Әбдірахманның оқу бітіріп, үйлену кезінде біраз жай табады. Алаңсыз өмірге, ақындыққа бүтіндей берілген кезде Әбдірахманнан хат келді. “Мағауияны жіберіңіз”. Абай Әбіш ауруына қатты алаңдайды. Үсті-үстіне хат жазып, хабарласып тұрады. 1895 жылы қараша айында Әбіш қайтыс болады. Сүйегін уақытша Алматыға жерлеп, Мағауия елге келеді. Бірнеше ат даярлатып, Шәкәрім, Майқан, Солтабаев Ысқақ, Байтуов Тәнеке дегендерді жібереді. Олар Әбсемет үйіне түсіп, Әбіштің сүйегін былғары табытқа салып, қайта жолға шығады. Сүйек елге келген соң бетін ашып, Абай баласының маңдайынан иіскеп, шеше-бауырларына көрсетіп, қоштастырады. Ақшоқы қыстағындағы Құнанбай бейітіне жерлейді. Абай сүйікті ұлы Әбішті осылай соңғы сапарға аттандырады.

93 сөз, М.Бейсебаев.


10 Жануарлардың қысқы ұйқысы

Қар түсісімен жануарлар қысқы ұйқыға кетеді. Қандай жануарлар қысқы ұйқыға жатады?

Қыста ұйықтайтын жануарлар өте көп. Олар: аю, борсық, жанат, кірпі. суыр, қарақас, жарқанат, саршұнақ.

Балықтар да ұйықтайды. Олар су түбіндегі балдырлардың, тұнбалардың арасынан орын тауып алады да, сол жерде жата береді. Бақалар да тұнбаларға орналасады. Олар қысқы ұйқыға жатқанда мұз қатып қалса, бір қызығы күн жылынып, мұз ерігенде тіріледі.

Жылан, кесірткелер қысқы ұйқыны жапырақтың астында, індерінде, жер жарықтарында, ағаш түбіңде өткізеді. Суырлар тереңдігі екі-үш метр ін қазады. Қосаяқтар тереңдігі екі жүз жиырма сантиметрге жететін жеке-жеке індер қазып, ұйқысын сонда өткізеді.

94 сөз, Газеттен.


11 Ана

Жер бетіндегі ең әдемі сөз ана. Адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрінде де осы сөз ерекше қастерлі.

Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен еш нәрсе де қалтарыс қалмайды.

Сенің жасың қаншада болса да, мейлі, бес жас болсын, мейлі, елу жас болсын, саған әрқашан да ана керек, оның аясы, мейірімі керек. Сенің анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғүрлым шексіз қуанышқа, шалқар нұрға бөленеді.

88 сөз, «Жыл он екі ай» журналынан.


12 Оранжерея

Даланы аппақ қар басып жатыр. Ағаштың жалаңаш бұтақтары желмен ызың қағады. Ал бөлме ішінде, табиғи гүл шоқтары мен жас көкөністер жайқалып өсіп тұр. Қыс ішінде олар қайдан келген? Көкөністер мен гүлдер төбесі шынымен жабылған үйлерде өседі. Бұл үйді оранжерея деп атайды. Оранжереяда бұл есімдіктерге қолайлы жағдай жасалған. Мұның іші әрі жылы, әрі ылғалды. Қажет кезінде жасанды жауын жауады. Суықта жылу беріледі. Бұлтты күні жасанды күн сәулесі түсіріледі. Электр шамдары жағылып, оранжерея іші қажетті температураға жеткізіледі. Оранжереяда лимон, апельсин, пальма, алуан түрлі гүлдер жайқалып еседі. Оларға қақаған қыс та, түк емес.

90 сөз, Ол кім? Бұл не? кітабынан.


13Террариум

Террариум-бұл қос мекенділерге және бауырымен жорғалаушыларға арналған баспана. Террариум қажетті температурада, әр уақытта бір қалыпты жағдайда ұсталады.

Кішкентай террариумды қолдан жасап алуға болады. Оған ескірген аквариум да жарайды. Оның ішіне топырақ себуге болады. Үстіне аздап ұсақ тас және мүк салған дұрыс. Ал су құятын ыдысты орналастырып, жиегін топырақпен бастырып қою керек. Кесіртке, бақа, сарыбас жылан, тритон, орман бақалары мұңдай террариумда жақсы тіршілік етеді. Жануарлар тұншығып қалмас үшін оның бетін тормен жабу керек. Бұлыңғыр немесе суық күндері ондағы жәндіктер енжар тартады, кейде ұйықтап кетеді. Мұндай күндері жылытқыш қойып, температураны жылы ұстауға болады.

94 сөз, «Ол кім? Бұл не?» кітабынан.


14 Қына

Тастардың бетіне, қабыршықтана жабысып, түрлі-түсті қыналар өседі. Кейбір қыналар жартастардың жарықтарыңда да, бетінде де өседі. Қыналар денесінен органикалық қышқылдар бөліп шығарады. Бұл қышқылдар бірте-бірте тасты ерітіп, бұзып, өздері өліп, жартастар бетінде топырақ түзеді.

Тас бетіндегі болмашы ойық, жырашықтарға қынадан бұрын өте кішкене бактериялар мен балдырлар мекендейді. Олар өлгенде тастың бетін қоңыр, сұрғылт, жылтыр дақ басады. Бактериялар мен балдырларға шықтың ылғалы да жеткілікті. Қоректік зат та болмашы мөлшерде болса жеткілікті. Бактериялар мен балдырлар тасты қыздырып жіберетін жазғы ыстыққа да, қатты тастарды жарып жіберетін аязға да шыдайды. Бактериялар мен балдырлар басқа ешбір өсімдік өспейтін жерлерге бірінші болып қоныстанатын организмдер.

97 сөз, Газеттен.


15 Қорық

Қорық - ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қорығы- құланды, Қорғалжын қорығы - қоқиқазды, Үстірт қорығы- дала қойын, Алматы қорығы тянь-шань шыршасын сақтап, көбейту мақсатында құрылған. 1992 жылы Алтай тауының батыс аймағының барлық табиғи байлықтарын қорғау мақсатында Батыс Алтай қорығы құрылды. 1998 жылы Алакөл қорығы құрылды. Онда Алакөл мен оған құятын өзендердің сағасындағы сулы-батпақты табиғат аймағы мен өсімдіктер түгел қорғалады.

Көптеген ғалымдардың еңбектерінде ерте кезден бері қазақ жері ерекше қорғалатын деп жазылған. В.В.Бартольд өз еңбектерінде көк шалғынды, орманды жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жаймаған, мезгілсіз аң ауламағандығы туралы жазады.

100 сөз, Газеттен.


16 Су қадірін білеміз бе?

Қазақстанда 11 мыңға жуық өзен, 7 мыңнан астам көл, жер астында мол су қоры, жалпы ауданы 2033 шаршы шақырымға жететін 2 724 мұздық бар.

"Су - тіршілік көзі" деп халқымыз тегін айтпаған. Жер бетіндегі тіршіліктің, жаратылыстың қайнар көзі де, негізі де - су. Сусыз тірі организмнің өмір сүруі мүмкін емес. Су ресурстарының ластануы ең алдымен айналадағы ортаға әсер етіп, флора мен фаунаның біртіндеп жойылуына алып келеді. Су сияқты аса бағалы табиғи байлықты тиімді пайдалану мен қорғау қазір бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналып отыр. Қазақстандағы Балқаш пен Арал көлдерінің ластануы мен тартылуы әлем жұртшылығын алаңдатып отыр.

90 сөз, Газеттен.


17 Алғыс

Парижде Барри деп аталатын сенбернар тұқымдас итке орнатылған ескерткіш бар. Оның тұғырына былай деп жазылған: ’’Қажымас қайратты Барри қырық адамды ажалдан аман алып қалды. Қырық бірінші адамды құтқару кезінде оның өзі өлді."

Сенбернарлар - тауда апатқа ұшырағандарды құтқаратын иттер. Барри осылайша қырық адамды ажалдан құтқарған. Қалың қардың астында қалған қырық бірінші адамнан тіршілік белгісі білінбеген. Ит оны қардан аршып алып, демімен жылытып, бетінен тілімен жалайды. Апатқа ұшыраған адам есін жиып, көзін ашады. Бірақ иттен қорқып кетеді де, оны атып тастайды. Сенбернардың бұл оқиғасы бүкіл әлемді қатты толқытады. Олар Барриге ескерткіш орнатады.

94 сөз, Ол кім? Бұл не? кітабынан.


18 Алоэ

Алоэ - лалагүл тұқымдас, көп жылдық тропикалық және субтропикалық өсімдік. Шырынды, әрі етті ұзынша жапырақтары бар. Жиектері ара тісіне ұқсас болады. Биіктігі 50-200 сантиметрдей.

Қыс айларында гүлдейді. Алоэ шөлге шыдамды өсімдік. Ол дәрілік өсімдік ретінде Қазақстанда, Қырымда, Орта Азияда өсіріледі. Құрамында алоиндер, шайырлы зат, витаминдер мен фитонциттер болады. Емдік мақсатқа алоэның жапырақтары мен шырынын қолданады. Жапырақтарының шырыны тәбет ашады, ас қорытуды жақсартады, жараның жазылуын тездетеді, бактерияларды жояды және қабынулардан сақтайды.

Халық медицинасында алоэның жас жапырақтарымен, шырынымен, тұнбасымен тері ауруларын, күйікті емдейді. Медицинада алоэның қою шырыны, яғни сабур кеңінен қолданылады.

89 сөз, «Ол кім? Бұл не?» кітабынан.


19 Самарқанның көк тасы

Ел аузында “Наурызда Самарқанның көк тасы ериді” деген сөз бар. Бұл бейнелі тіркестің заттық мағынасы мынадай: Самарқан шаһарындағы Ақсақ Темір бейітіне әйгілі оқымысты немересі Ұлықбек түсі көк, аса зор нефрит тасын қойған. Онда аспан шырақтарын бақылау үшін жасалған шеңбер бар. Шеңбердің табаны тастан, ал градус өлшейтін цифр таңбалары қоладан жасалған, қыш беті көкпен боялған. Жаңа жылдың басын, жыл маусымын осы көктас арқылы айырған. Обсерватория түндігінен түскен аспан шырағының сәулесі осы көк тасқа келіп түседі, сол бойынша ол шырақтың аспандағы орнын айырған. Көк тастың жібуі дегеніміз - осы сәуленің түсуі.

88 сөз, А.Машанов.


20 Тимирязев

Тимирязев әулеті - ұлы кінәз Василий Дмитриевичке Алтын Ордадан келген, шоқындырылғанда Александр аталған Ибрагим Тимирязевтен тараған.

Тимирязев әулет есімі екі сөзден құралған күрделі кісі ныспысынан шыққан. Атап айтқанда, ол темір, темірдей деген мағынаны беретін тимир сөзі мен арабтың жауынгер, жаугер мағыналы ғази сөзі қосылуынан түзілген. Рас, ғази жай сарбаз ұғымынан гөрі дін үшін шайқасатын жеңімпаз жауынгер-мұсылман ұғымын көбірек береді. Сөйтіп, тимир- темір /темір-жауынгер/ тіркестерінен ер кісі есімі, оған - ев жұрнағы жалғануы арқылы Тимирязев әулет есімі пайда болған.

Тимирязев әулет таңбасыңда ұшырасатын үш алты бұрышты жұлдыз да аталган әулеттің шығыс дүниесіне жақындығын көрсетеді.

93 сөз, Басқақов.


21 Атасы мен немересі

Атай қартайып, күші кеміді. Нашар көріп, нашар еститін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ-қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға тамақты алдына жаман дастарқан жайып, жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды. Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмай, бір күні бір ағашты жонып отырды. Әкесі көріп: ’’Шырағым, неғып отырсың?”- деді. Сонда баласы:”Ағаш аяқ жасап отырмын. Екеуің атам құсап қартайған кезде, сендерге тамақты осы ыдысқа құйып беремін”- деді. Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қойыпты.

93 сөз, Ы.Алтынсарин.


22 Аю және бөрене

Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі шұбырып, оны жегісі келеді. Аө ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындағанда, ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты. Балға ұмтылған аю бөренені итеріп жібереді. Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда, аюдың басына сарт ете қалады. Қара күшке сенген ожар аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итереді. Өз салмағымен қайта оралған бөрене аюдың басына тағы да сарт етеді. Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналады. Бұған ызыланған аю бар күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде, қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып түсіріпті.

100 сөз, Ы.Алтынсарин.



23 Торғайға орнатылған ескерткіш

Табиғатта көптеген жануарлар адам алғысына бөленген. Соның бірі -торғайлар. Американың Бостон қаласында торғайға орнатылған ескерткіш бар. Не үшін бостондықтар торғайға ескерткіш орнатқан? Торғайлар пайдасыз, даяр тамақтың қожасы емес. Бостондықтарды еңбекқор торғайлар аштықтан сақтап қалған. Егіндікке белгісіз бір жәндіктер қаптап кетеді. Жәндіктердің көптігі соншалық, жер қимылдап жатқан сияқты болып көрінген. Олар тек егінді ғана емес, бау-бақшаларды да жеп, құрта бастайды. Міне, осындай қиын жағдайда торғайлар көмекке келіп, жәндіктер мен олардың жұлдызқұрттарын жеп құртып, тек бау-бақшаларды ғана емес, егінді де сақтап қалған. Торғайлардың осындай игілікті ісі үшін бостондықтар келешек ұрпақтарына өсиет етіп, торғайларға ескерткіш орнатқан.

93 сөз, «Ол кім? Бұл не?» кітабынан.


24 Бәйшешек

Бәйшешек - көктем белгісі, табиғаттың оянғанын білдіретін алғашқы әдемі гүл. Бәйшешек ерте көктемде гүлдейді. Қар кете бастағанда-ақ қылтиып көрінеді. Бәйшешек - биіктігі 15 сантиметрден 30 сантиметрге дейін өсетін көпжылдық өсімдік. Бәйшешектің тамырсабақтары қысқа, нығыз болады. Тамырға жақын орналасқан жатаған жапырақтары бар. Шатыр сиякты иісті гүлдері болады. Жемісі қауашақ болып келеді. Ол еліміздің барлық жерлерінде дерлік өседі. Әсіресе Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының солтүстік шығыс таулы және орманды аймақтарында жиі кездеседі.

Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда бәйшешектің гүддерін кеуде ауруларына, сондай-ак бас айналғанда пайдаланады. Ал оның тамырынан дәрі жасап, көкжөтел тағы басқа да ауруларға ем үшін қолданады.

97 сөз, Журналдан.


25 Өсімдіктер қыста тіршілік ете ме?

Қыста өсімдіктер топырақтан қоректене алмайды. Өйткені қысқы суық топырақты қатырып тастайды да, өсімдік тамыры өзіне қажетті ылғалдықты сіңіруге дәрменсіз болады. Өсімдіктердің қыс маусымындағы кезеңін тыныштық күйі деп атайды. Ол кезде өсімдіктер күн көзінде өспейді, ондағы зат алмасу мейлінше баяу жүреді. Өсімдіктердің жазғы тіршілігімен салыстырғанда қыс айларында 100-400 есе жай тыныс алады. Демек, өсімдіктер қыста өте баяу тіршілік етеді.

Қысқы аязда ағаш текті өсімдіктер төзімді келеді. Мысалы, алма ағашы -40, қарағай -50, қайың -65 градус аязға төтеп береді. Қыс айларында өсімдіктердің барлығы бірдей тіршілік eтe алмайды. ПІөптесін өсімдіктер тұқымы, жемісі, түйнегі тағы басқа да ағзалары қыста тыныштық күйін сақтап, қолайлы жағдай болғанда тіршілігін қайтадан бастайды. Сөйтіп, өсімдіктер де қыста “ұйықтайды”.

108 сөз, Газеттен.


26 Күзгі түн

Кешке қарай күн аспанда ақырын жылжиды, күндіз оқтын-оқтын соғып тұрған жел өз-өзінен жуасып, майда ғана қоңыр самалға айналады. Сөйтеді де бірден тына қалмайды.

Осыдан кейін Арқаның сирек кездесетін әдемі, үнсіз, таза, мөлдір түні басталады. Дәл осы бір шақта сені жер үстіне бітетін барлық орман мен тоғай, мың түрлі шөп пен жемістер, гүлдер мен таулар, өзендер мен бұлақтар, көлдер мен теңіздер қоршап алып, алыстан ақырын ғана хош иісті лебімен желпігендей.

Күздің берекелі болатын түрі бар. Қайта-қайта қараған сайын менің өн бойымды қуаныш кернеді, көзіме тау-тау астық пен күндіз-түні комбайннан түспейтін ер жүректі, балуан білекті азаматтар көрінгендей.

96 сөз, Ж. Саин.


27 Бақыт

Мен бақытты көрсем деуші едім. Біздің қақпаның алдындағы үлкен жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді. Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып:-Ей, азаматтар, бақытты болыңдар – дейтін еді. Менің бақытты көргім келді.

Мен содан бері талай бақытты адамдарды көрдім. Талай бақытпен бетпе-бет кездестім, қазір өзім бақыттың құшағындамын. Мен көруге құмар болған бақыт - қазір мені де, менің жолдастарымды да көтеріп, шаршатпай алға қарай алып бара жатқан сияқты. Бақыт өмірмен қатар келмейді екен, өмірмен араласып, өмір болып келеді екен. Бақыт қолынды алмайды екен, жүрегіңді алады екен. Жүрегің бақытқа шомылып, сен өмірге өзімсініп кіріседі екенсің. Мен бақытты көрдім.

95 сөз, С.Ерубаев.


28 Алмату қаласы

Алмату - орта ғасырлардағы қала орны. Қазіргі Алматы қаласы тұрған жерде орналасқан. Алматудан қалған ескерткіштер XX ғасырдың 40-50 жылдарына дейін сақталған. Алматының шетіндегі ауыл “Тау қыратындағы” қазба жұмысы жүргізілген төбе үстіне кейін үйлер тұрғызылған. Төбенің солтүстік-батыс қабырғасынан тік бұрышты алаңша қосылған. Қабырғалармен қоршалған, бұрыштарында дөңгелек мұнаралары болған. Осындай тағы бір құрылыс орны қазіргі Ботаника бағының орнында болған. Ол жерден 1969 жылы бірнеше құмыралардан, сырлы сапты ыдыстардан тұратын көмбе табылды. Ал шекарашылар мектебінің территориясында жүргізілген қазба жұмыстар кезінде ол жердің орта ғасырлардағы ұста шеберханасының орны екенін анықтады.

Әр жылдардағы қазба жұмыстары кезінде теңгелер табылған. Теңгелердін, бір бетінде соғылған жердің аты көрсетілген. Мұның бәрі Алмату Х-ХІҮ ғасырлар арасындағы ірі қала орны болғанын дәлелдейді.

110 сөз, «Ежелгі Қазақстан» балалар энциклопедиясынан.


29 Әнші құм

Әнші құм-Талдықорған жерінде Үлкен Қалқан және Кіші Қалқан деп аталатын таулардың етегіне орналасқан құмды төбе. Биіктігі 150 м, ұзындығы 8 шақырым, ал ені 3 шақырым. Әнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Мұндағы Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп тұрады. Жел соққанда, електен өткендей іріктелген майда құм түйіршіктері сусылдап төмен қарай жылжи бастайды. Осы кезде сырнайдың үніне ұқсас таза, әдемі әуен естіледі. Бұл әуен құлаққа жағымды әсер етіп, адамды әдемі сезімге бөлейді. Егер жел күшейе соқса, әлгі әдемі әуен реактивті ұшақтың гүріліне ұқсап кетеді. Осындай ғажап әуенді есту үшін адамдар әдейі осы жерге ат басын

бұратын болған. Табиғаттың мұндай ғажайып әнші құмы ешбір елде жоқ.

114 сөз, Журналдан.


30 Найман хандығы

Найман хандығы -ежелгі (IX -XII ғасырлар аралығы) түркі мемлекеттерінің бірі. Найман тайпасы ежелгі заманнан Ертіс өзенінің бас жағындағы таулы өлкені қоныстанған. Олар Ертіс пен Орхон өзендерінің аралығын қоныс еткен түркі тайпаларынан саяси-мемлекеттік бірлестік құрды. XII ғасырдың аяғында Найман мемлекетін Инанг Білге Бұқа басқарды. (Инанг -сенімді, білгер- данышпан). Найманның XII ғасырдың аяғында өмір сүрген ақыны Құба тегін Найман мемлекеті Инанг Білге тұсында гүлденіп өсті деп жырлайды. Инанг Білге өлген соң, Найман ұлысы екіге бөлінді. Бірін Таян хан, екіншісін Бұйрык, хан басқарды. Екеуінің арасындағы саяси дағдарыс Шығыс ханның әскер күшінің артуымен тұстас келді. Найман мемлекеті Шыңғыс хан империясының құрамына тарап, Алакөл, Балқаш көлі, Тарбағатай, Жетісу, Ecіл, Сырдария, Ұлытау бойына жайыла қоныстанды. Наймандардың негізі қазақ ұлтын құрады.

110 сөз, «Ежелгі Қазақстан» балалар энциклопедиясынан.


31 Ұлы күйші

Өнерде өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көрінген Қазанғапұлы Тәттімбет қазақ халқының ұлы күйшісі.

Тәттімбеттің туып-өскен ортасы көшпелілердің сан ғасырлық музыка мәдениетінің дәстүрі орныққан, арқауы бекіген өңір. Күйшіліктің тарихи тек-тамыры үзілмеген, рухани құнарлы аймақ.

Тәттімбет күйлерінің арқауы -өзі ғүмыр кешкен орта, өзі білетін ата-бабасының тарихы. XIX ғасырдағы ұлт мәдениетінің қайта өрлеу кезеңінде Тәттімбетті ең жарық жұлдыздарымыздың бірі етіп көрсететін қасиеті де осында. Тәттімбет өз заманының белгілі, беделді, лауазымды адамы болды. Халқы оны көзінің тірісінде-ак тура бидің соңғы тұяғы, сал-серісі, арқалы өнердің біртуары ретінде таныды.

Қазақ өнері тарихында Құрманғазы, Біржан сал, Тоқа, Ықылас, Жанақ, Жаяу Мұса сияқты дарындар Тәттімбетпен қадірлес, сыйлас қана емес, оның бойындағы аруақты өнерді ұлттың игілігі, ұрпақтың ырысы деп таныған.

108 сөз, А.Сейдімбеков.


32 Сарыарқа

Арқаның көкірек көзі ояу, шежіре сөзге жүйрік, көне көз қарттарының әңгімесінде бұл оқиға әйгілі күйші Теттімбет өмірімен жанаса айтылады.

Құрманғазы күйші бірнеше жыл Үркіт түрмесінің, азабын тартып, ақыры қашып шығады. Сол жылы Сарыарқаның сайын даласы көк майсаға оранып, құлпырады. Табиғатпен кіндігі бір күйшіні ағайынның қонақжай көңілі шеккен азабынан сейілткендей болады. Тәттімбеттің есімін Ертіс бойында естиді, ел-жұртқа аға болған кісілік қамқорлығын біледі, сұлу сазды күйлерін тыңдайды. Тәттімбетке тарту ретінде “Сарыарқа” күйін дүниеге келтіреді.

Құрманғазы келгенде Тәттімбет қыстан бері созылып ауырып, төсек тартып қалған кезі еді. Құрманғазыдай қонақтың арнайы іздеп келіп, сәлем беруі Тәттімбетті сергіткендей.

Ардақты қонағына тай сойып, сыбаға береді. Асқақ та, арынды күйлерін тыңдайды. Арнайы тартуым деп әкелген “Сарыарқа” күйіне айрықша тебіреніп, риза сезімге бөленеді.

110 сөз, Тарақты Ақселеу. «Күй шежіре».


33 Көкейкесті

Арада бірнеше күн өткенде Құрманғазы қайтпақшы болады. Асыл азаматты қимағанмен бола ма, Тәттімбет қонағының жол қамын әзірлейді. Қоштасар сәт те жетеді. Сонда Тәттімбет отырып айтты дейді:”Е, Құрманғазы, таң атпайын десе де күн қоя ма, жамырап табысып, жыласып айырылу пенде шіркіннің маңдайына жазылған. Өкініші көп өмірдің жұбанышындай жан екенсің, жортқанда жолың болсын! Сендей жанға өлетін мал, тозатын дүние жолдас емес. Көкейімнің түбіне байланған бір сарын бар еді. Сол шығайын деді білем. Менен де бір белгі болсын, қабыл ал!”

Тәттімбет іргеде сүйеулі тұрған домбырасын алады. Еті қаша бастаған саусақтарымен қос iшектi желпи қағып, тың сарынды бастайды. “Көкейімнің түбіне байланған бір сарын бар еді,”-деп тартқан бұл күй ел ішіне “Көкейкесті” деген атпем тарайды.

110 сөз, Тарақты Ақселеу «Күй шежіре».


34 Домбыра

Домбыра. Осынау екі шекті аспапта қаншама құдірет жатқанын дәл айтып беру үшін қазақ дейтін халықтың талай ғасырғы тарихын баяндау керек сияқты.

Ол ықылым замандардан күні бүгінге дейін табиғаты мен үнін бұзбай жеткен халықтың қастерлісі. Халқын, тарихын сүйіп, қастерлей білетін ұл-қызының маңдайға басар қасиетті меншігі!

Домбыра үні... Осы құдіретті үн талай заманнан бері, халқымыздың өткенінен елес, тағдырынан қат-қабат сыр шертіп келеді. Осы жүрекке туыс үн қазір әр қазақтың шаңырағында естіледі. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас қолына алса, рухтанып сала береді. Осы жүрекжарды сырға толы әуенмен жүздеседі. Халқының інжу-маржанын сүйер ұл мен қыз шаңырақ пен бесікке, от жанған ошаққа және домбыраға бас иеді.

Домбыра тым әріден, құмда ізі, қағазда сөзі қалмаған алыс ата-бабалардан бүгінге қалдырған ақжол аманаты екенін білу парыз.

110 сөз, «Балдырған» журналынан.


35 Шәкәрім Құдайбердіұлы

Шәкәрім-ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ірі ақын, ғұлама ойшыл, философ. Әкесі Құдайберді 37 жасында дүниеден өтті. Шәкәрім атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болды. Жеті жасында өлең сөзге бейімділігі байқалады. Оның ерекше зеректігін байқаған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады. Ол молда сабағынан басқа орысша үйренеді. Ғылым-білімнің соңына түседі. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай маңындағы зиялы топ және ұлы Абайдың тағылымы болды. Абай Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етті. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқыды. Оқуға көп кеңіл бөлген Шәкәрімнің ақылы кемелденіп, ой өрісі терендеп өсті. Ақындық өнерін де таныта бастады. Қазақ халқының аса сыйлы ақыны, ғұлама ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлы репрессия құрбаны болды. Ол жазықсыз атылып кетті. Арада көптеген жылдар өткен соң ғана ақталды.

119 сөз, Газеттен.


36 Бетховен Людвиг

Бетін жел қағып тотыққан, шашы дудыраған, мығым денелі мосқал адам Вена тұрғындарына жақсы таныс. Ол күн сайын серуенге шығады. Оған музыка жазу сондай қажет болса, даланың кеңістігін сезіну, көгілдір аспанды тамашалау сонша қажет.

Оның бойында күш-қайрат, шығармашылық ой ұшан-теңіз еді. Міне, нак осы шақта музыкант үшін ең ауыр соққы - саңыраулыққа тап болу. Композитордың ауруы күн сайын күшейе түсті. Ол көпшілікпен араласа алмады. Бетховенге шет аулақта табиғатпен жеке “тілдесу” ғана қалды. Ол құстардың у-шуын, желдід гуілін естімеді. Ол мүлдем естуден қалды. Бұл ұлы композитор үшін ең ауыр соққы болды. Бірақ композитордың ерік-жігері күшті еді. Дәл осы кезде оның “Қаһармандық симфониясы” дүниеге келді. Бұл симфония бүкіл әлемді дүр сілкіндірген шығарма болды.

111 сөз, «Ол кім? Бұл не?» Кітабынан.


37 Пифагор

Пифагор - ежелгі грек оқымыстысы. Ол Самос аралыңда туған. Бұдан 2500 жыл бұрын Кротонға келіп қоныстанады. Ежелгі Грецияның Италиядағы отары болған Кротон қалашығында өзінің шәкірттері- пифагоршылармен бірге ғылыммен шұғылданады. Олар ғылымда көптеген маңызды жаңалықтар ашты. Олар геометриадағы әйгілі Пифагор теориясын ашқан. Сендер Пифагор теориясын мектеп оқулықтарынан білесіндер. Ғалымдар сол кезде-ақ Жер шар тәрізді және Жерге ұқсас басқа да әлем дүниесі бар екенін айтты. Пифагор туралы аңыздар өте көп. Ол әйгілі теорияны ашқаннан кейін шабыт құдайына ризашылықпен құрмет білдірген. Оған арнап, өгізді құрбандыққа шалған. Пифагор мен оның шәкірттері ғылым үшін тынбай еңбек еткен. Олар ашқан жаңалықтар -ақиқат. Осыдан екі жарым мың жыл бұрын ғылымға үлес қосқан ғалымдардың еңбегі күні бүгінге дейін қолданылып келеді.

110 сөз, «Ол кім? Бұл не?» кітабынан.

38 Табиғат жанын аялайық

Жазда қой бағып жүріп, таяқ тастам жердегі бұта артынан шыр-шыр еткен торғайдың даусын естідім. Бұл неге сонша шырылдайды деп, атымның басын бұрып қарасам, қанаты талып, жанталасып жүрген торғай екен. Бір кезде оған жанаса шүйіліп, қырғи да ұшып өтті. Әлсіреген торғайды іліп кете жаздады. Кенет бір торғай тыңнан қосылып, әлгі қалжыраған торғайға ара түсіп, жыртқыштың назарын өзіне аударуға әрекеттенді. Оларға тағы үш-төрт торғай көмекке келді. Бәрі жұп жазбай ұшып, ағаш тасасына көрінбей кетті де, мен көз жазып қалдым. Әлгі торғайлар тон-тобымен қайта көрінді. Қырғи көкке қайта көтеріліп кетті де, қайтадан қалықтап шабуылға әзірленді. Торғайлар топ болып ұшып, әлсіреген жалғыз торғайға ара түсіп аласұруда. Мен олардың жауға қарсы бірлесе күш жұмсайтынын көріп, қайран қалдым.

110 сөз, «Ұлан” газетінен»


39 Орманда

Еменді ормандарда емендер бір-бірінен алшақ өседі. Жапырақтары қалын өскендіктен дәл түбі көлеңкелі, араларындағы ашық алаңқайлар шуақты болып келеді. Көлеңкелі жерлерде өсетін өсімдік аз, есесіне шуақты алаңқайларда биік шалғын мен қалың бұталар - жаңғақ, итмұрын, қып-қызыл жемістері тізіліп доланалар сыңсып тұрады. Құстар мен аңдар жыртылып айырылады. Жемістерді шоқып жеп барылдақ торғайлар жүреді. Қыстыгүні мұнда үсік ұрып тұрған тәтті итбүлдіргендерді теріп жеуге сарнауық торғайлар жиналады. Алып емендердің асты қабандар үшін бейне бір дайын қойма тәрізді. Олар дәмді де майлы емен жаңғақтарын жеуге келеді. Емен жаңғақтары айналаны шуға көміп, топ-топ болып жиналатын көк ала қанат жорғаторғайлардың да сүйсініп жейтін тағамы. Олар емен жаңғақтарын тоя жеп қана қоймай, өздерімен бірге ала кетеді.

105 сөз, «Ол кім? Бұл не?» кітабынан.


40 Кесіртке

Жан-жануарлар өз құйрығын түрліше пайдаланады. Табиғатта құйрығын қиын сәттерде үзіп тастап кететін хайуанаттар да бар. Бұл кәдімгі өзіміз көріп жүрген кесіртке. Оның жаулары көп, бірақ қорғанатын ештеңесі жоқ. Кесіртке қашып үлгірсе жақсы, ал жауы әрі жүйрік, әрі епті болса қайтпек? Ондайда жауы шап беріп құйрықтан ұстайды да, сол құйрықты тістеген күйі қалады. Ал кесірткенің өзі лезде көзден ғайып болады. Құйрық кесірткеге жүре пайда болатын нәрсе. Біраз уақыттан кейін оның жаңасы өсіп жетіледі. Тоспа, тоған, көлдерді мекендейтін тритондар да осы сияқты. Құйрығын балық жұлып кетсе де, шаян жеп қойса да оған онша қауіпті емес, өйткені тритон құйрығы тұрмақ жұлынған аяғын да қайтадан өсіріп алады.

103 сөз, «Ол кім? Бұл не?» кітабынан.


41 Қарақұрт

Таң атып, күн батқанша тыным көрмейтін қойшы бала әбдеп шаршады. Ол ши түбіне жантая кетті. Әлден уақытта білегі тыз етті. Бала өзін қарақұрт шаққанын білді. Қойды ертерек ауылға қарай қайтарды. Атасы немересініц жайын біле қойды.

-Ісікке айран жақ. Удың уытып қайтарады, сүт бер,-деді.

Кеш батты. Бала ессіз аунақшып жатыр.

-Ісікті жұлдызға көрсетсек қайтеді?-деді апасы.

Бір дуасы тиетін шығар деген оймен баланы далаға демдеп сүйемелдеп шығарды. Атайдың көзі қарақұрт сияқты тарбиған бес жұлдызға түсті. Осы кеш қос қария әлгі жұлдызға жалбарынумен болды.

Қанша дегенмен өсіп келе жатқан жас қой, дерттің беті қайтып, бала басын көтерді.

Содан бері қарақұрт сияқты белі қайқиған іркес- тіркес жұлдыздар Қарақұрт атанды. Оны ғылым тілінде Кассиопея дейді.

107 сөз, «Баддырған» журналынан.


42 Араша

Шілде. Айнала күйіп тұр. Мұндайда суға шомылу бір рақат қой. Ауыл шетінде шағын көл бар. Солай қарай бет алдым. Бір кезде жан ұшыра қанқылдаған қаз даусы естілді. Бұрылып артыма қарасам, тура маған қарай қос қанаты жалпылдап, ата қаз жанұшырып келеді. Әу баста оның бұл қылығына таңырқай қарап тұрдым. Дегенмен, бір қауіптің төнгенін де іле ішім сезе қойды. Қаз қос қанатын жайып, таяп қалды. Оны салпаң құлақ ит қуып келеді. Қаз мені ес тұтып, аяғыма орала кетті. Ит бас салуға бата алмай, таяқ тастам жерде шоқиып отыр. Араша түсер деп келгенде, қайтіп көңілін қалдырайын. Итті таяқпен қуып жібердім. Енді қауіпсіз екенін сезді ғой деймін, қаз аяндап көлге қарай бет алды.

110 соз, «Балдырған» журналынан


43 Қу қарға

Есік алдында жүр едім. Кенет қарғалардың шуласып, әлденеге таласып жүргенін көрдім. Не де болса андуға кірістім.

Қарға деген өте сақ, сезімтал құс қой. Менің тықырымды сезді ме, дүр етіп ұша жөнелді. Демде, көкке көтерілді. Бұлардың соншама таласып, шұрқырасып жүргендері не нәрсе деген оймен әуестеніп, бағанағы жерге келдім.

Міне, ғажап! Жаңағы біреуінің екі аяғына қысып алып, қашып жүргені кәдімгі тауықтың жұмыртқасы екен. Біреуі жұмыртқаны шоқып, тұмсығымен сәл ғана тесіпті де, ішіндегі сары уызын ішіп кетіпті. Ал қалғандары оның бос екеніне күмәндәніп, таласқа кіріскен. Бірақ қарғалар өте ұйымшыл келеді. Бірде олардың өреге жайылған құрт- ірімшіктерді кезекпен тасып жургендеріне куә болғаным бар.

100 сөз, «Ұлан» газетінен


44 Белгі

Жануарлардың бір-біріне беретін белгілері аз емес. Сол белгілер арқылы бір-біріне көп нәрсені хабарлай алады. Ит үру арқылы қауіпті сездіреді. Ал құмырсқалар бір-біріне мұрттарын түйістіру аркылы өз туысы немесе бөтен екенін айырады.

Бал араларының белгілері мүлдем ерекше. Барлаушы бал аралар омартаға қайтып оралғап соң, кәрезге қонады да, күрделі бір биді орындай бастайды. Ызыңдап жүріп, сегіз саны тәрізді шеңберлер жасап, бүйірлерін қаққылайды. Жұмысшы бал аралар оның әрбір қимылын қалт жібермей, бақылап отырады. Қозғалысының жылдамдығына, жасаған шеңберлерінің үлкен-кішілігіне, қарынын жиі немесе сирек көтергеніне қарап, бал аралары барлаушы араның тауып қайтқан тәтті шырыны-нектарға бай гүлдерінің қай тұста екенін жақсы түсінеді. Би аяқталысымен бал жинаушы аралар омартадан ұшып шығып, барлаушы араның барлап қайтқан жерін адаспай дәл тауып барады.

111 сөз,«Негеш» балалар энциклопедиясынан.


45 Қоян өзін қалай қорғайды

Қоянның өткір тырнағы да, азулы тісі де жоқ. Оның есесіне ұп-ұзын сақ құлағы мен желдей ескен жүйрік аяғы бар. Оның жауы көп, ал одан құтылудың жолы біреу-ақ, онысы: қауіп-қатерді дер кезінде сезіп-біліп, зыта жөнелу. Қоян желдей есіп, зымырайды жәнс оның үстіне ізінен адастырып кетеді. Ал енді мықты болсаң, ізін кесіп көр.

Демек, бұл қоянның қорқақтығы емес, нағыз сауысқандай сақтығы болып табылады. Дегенмен, қоян кейде өзін басқаша да қорғай алады. Ол жапалақты немесе үкіні дер кезінде байқай қалса, шалқасынан жата қалады. Мұндайда оған жақындамаған жөн, өйткені оның артқы аяқтары кәдімгідей қауіпті, күшті болады. Теуіп жіберсе, жапалақ пен үкі түгіл итті де оңдырмайды.

103 сөз, «Негеш» балалар энциклопедиясынан


46 Өжет құмырсқа

Серуендеп келе жатып, құмырсқалардың илеуіне тап болдым. Олар қыс қамына қызу кіріскен сияқты. Ары-бері зыр жүгіріп, тыным табар емес.

Кенет ағаштан бір жұлдыз құрт түсті. Оны бір құмырсқа байқап қалыпты. Дереу жұлдыз құртына жабыса кетті. Құмырсқаның шаққаны жанына батты ма, құрт серіппеше жиырылып, жауын едәуір жерге ұшырып жіберді.

Құмырсқамен салыстырғанда үстін түк басқан жұлдыз құрттың түрі тым сұсты еді. Бірақ одан қорқатын құмырсқа жоқ. Есін жиып алды да, құртқа өршелене ұмтылды. Бұл жекпе-жектің нәтижесі де жаңағыдай болды. Құмырсқа сонда да беріспеді. Қайта-қайта шабуылдап, қарсыластарының есін жиғызар емес. Жұлдыз құрт енді шындап сасайын деді,соңғы күшін жинап, шөп арасына қарай тез-тез жылжи берді.

104 сөз, «Балдырған» журналынан.


47 Темекі

Сигарет пен папирос жасалатын темекі жапырағында никотин уы бар. Ол жүректі, миды, өкпені уландырады. Темекі тартатын адамдар тыныс жолдары және бронхит ауруларымен жиі ауырады. Темекі тарту жаман ауруларға душар етеді. Өңеш, өкпе, асқазан, бауыр, қан рагы темекі тартатын адамдарда көп болады.

Темекінің тағы бір зияны - адам организмі темекі құрамындағы никотин уына дағдыланып алады да, онсыз ұура алмайтын болады. Никотинге үйренгсн адам темекі тартуды қатты аңсап, өзін шөлдеп, немесе ашығын тұрған сияқты сезінеді. Сондықтан темекіні тастап кету өте қиын. Дұрысы, темекіні ешқашанда тартпау, ауызға алмау. Темекі организмге зияннан басқа ешқандай пайда келтірмейді. Осыны жастай түсінген дұрыс. Ал жас организмге тіпті қауіпті. Атақты дәрігер С. Боткин: ”Егер мен темекі тартпаған болсам, әлі де 10-15 жыл өмір сүрерім анық еді” деп жазған екен.

120 сөз, Газеттен.



48 Шай

Шай Қытайда біздің заманымыздан 2700 жыл бұрын пайда болған. Кейініректе шай Үндістанға, Индонезияға, Шри-Ланка аралдарына тарады. Ресейде шайдың дәмін осыдан екі жүз жылдан астам бұрын патша сарайындағы адамдар татып көрді. Бұрын Ресейге шай Қытайдан жеткізіліп тұрды. Ауқатты адамдар шайды көптеп алғызатын болған. Түйелі керуенге тиелген шайдың тендері Нижегород жәрмеңкесіне жеткенше бір жылдай уақыт кететін. Шай жер-жерге осы жәрмеңке арқылы жеткізілетін еді. Шай негізінен қара және көк шай түрінде болады. Оның толып жатқан атаулары бар. Шайдың құрамындағы кофейннің адамды сергітетін қасиеті бар. Танин шайға дәм берсе, ал эфир майы хош иіс береді. Қазақстанда шай өте кең тараған және оның түрлері де көп. Қазір шайдың құрамына түрлі дәндер қосып, олардың дәмін түрлендіріп шығарады.

112 сөз, Журналдан.


49 Аязда

Тиін онша қонақжай аң емес. Әрқайсысы жеке-жеке, өз ұяларында, өз беттерінше өмір суреді. Бірінің ұясына бірі кіріп, араласу былай тұрсын, егер бір тиін байқамай бөтен інге кіріп кетті ме, бәлеге қалғаны. Оны ұядан түйгіштеп қуып шығады. Күннің жылы мезгілінде тиіндердің мінезі ылғи да осылай. Ал суық түскен кезде олардың мінезі күрт өзгереді. Олар қысқы аязда жеке тұрып, суыққа төзе алмайтындарын сезеді. Соңдықтан топтасып алады. Бұл кезде тиіндерден асқан тату-тәтті топты табу қиын. Қақаған суық түндерде бес-алтыдан бірігіп, бір ұяда жатады. Біріне- бірі жымдаса тығылысып алады да, шөп-шаламмен ұяның аузын бекітіп тастайды. Сөйтіп, қыстың ұзақ аязды түндерін қамсыз өткізеді. Сыртта алай-түлей боран соғып тұрса да, қақаған сары аяз сықырласа да, тиіндер былқ етпейді. Тиіндер қауымының ынтымақтастық қасиеті осындай.

118 сөз, А.Синявский


50 Олимпиада ойындары

Олимпиада ойындарының тарихы әріде жатыр. Олимпиадалық ойындардың жүйеге түсуі 1894 жыл.

1894 жылы Парижде өткен халықаралық конгресте 34 мемлекеттің мақұлдауымен Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) құрылды. Осы комитеттің шешімімен 4 жылда бір рет олимпиадалық ойындар өтетін болып белгіленді.

Бірінші олимпиадалық ойын 1896 жылы Греция астанасы Афинада өткен. Онда 8 спорттық ойын түрінен жарыс өтті. Бұл ойынға Еуропа мен Америка құрылығынан 13 мемлекет, 285 спортшы қатысты. Он мыңдай көрермен бір апта бойы спорт ойындарының куәсі болды. Содан бері жазғы олимпиада ойындары 27 рет өтті. Әр олимпиада ойыны болған сайын жаңа рекордтар дүниеге келді. 1996 жылы 19 шілдеде Атлантада XXVI олимпиада өткізілді. Онда спорт қозғалысының 100 жылдығы атанды. Атлантада олимпиада саябағы ашылды.

108 сөз, Газеттен.




51 Сөз қадірін білген халық

Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған жұрт. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен көңілі де сол сөзде жатыр.

Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр - бәрі сыйған сиқыр сөздід бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Оның рухы, жан құпиясы төзім-сезімі сөз құдіретімен тұтас, туыс. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Тоқтам жоқ.

Қазақ - “ат-сүрінгенше” ақыл тапқан, ұшқыр ойды қастерлеген, ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да сөз болған халық.

122 сөз, Газеттен.


52 Ән

Абай жайлаудағы ең әнші, өнерлі жастарды жиып әкеп, соларға бар пейілін беріп отыр. Осындай ойын-сауық жиынның ортасында ең қадірлі бір топ қонақ бар. Бұлар - қазір төрдің тап ортасында, жағалай көрпе үстінде ақ жастықтарды шынтақтаған сал-серілер. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі, сүйіктісі -мынау қос ішекті домбыраны безілдетіл отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең, ақ маңдайлы, нұрлы жігіт еді.

Ол -Арқаға аты шыққан, бүкіл елді асыл саз, әсем әнімен ұйытқан Біржан сал. Өзі ақын, өзі әнші, өзі сері Біржан. Үстінде қара мақпал, кең, жеңіл шапаны бар. Омырауы ағытылған, ақ көйлектің сыртынан киген сарғылт түсті, қытайы жібек қамзолы бар. Оқалы тақиясының жібек шоғы ырғала түседі. Оның құйқылжыған әнін жасы мен кәрісі бар қалың жиын қыбыр етпей ұйып, мүлгіп тындап отыр.

122 сөз, М.Әуезов.


53 Еділ патша

Еділ-ғұн көсемі, император әрі ұлы қолбасшы. Германия мен Скандинавия тарихында Этцель, славяндарда Атыл есімімен белгілі. Венгрлер оны бабамыз деп есептейді.

Атилланың аталары билік еткен ғүн тайпаларының Батысқа жорығы халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды.

Қазақтардың жадында Еділ патша деген атпен сақталған Атилла еуропалық Ғүн империясының тағына 434 жылы отырды. Еділ патша аталары ұстанған жолға адал болып, олардың саясатын жалғастырды, жеңістерін баянды етті. Атилла шайқастарының тарихы оның аса дарыңды қолбасшы болғандығын танытады. 443 және 447-448 жылдары Атилла әскері қуатты Шығыс Рим империясына жорық жасап, оны тізе бүктірді. Атилланың үлгісі жалпыадамзаттық өркениетті отырықшы халықтар ғана емес, Орталық Азияның көшпенділері де жасағанын айқын көрсетеді. Еділ патшаның кезінде Ғүн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. Бұл империя Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті, құл иеленушіліктің жойылуына әсер етті. Атилланың билігі тұсында ғүндарда әскери демократиялық құрылыс нығайды. Айбынды ғұн көсемі 451 жылы қайтыс болды. Еділ патша Еуразияның көптеген халықтарының фольклоры мен жазба әдебиетінің кейіпкері болып мәңгілікке сақталып қалды.

150 сөз, Т.Жұртбаев.


54 Абылай

ХҮІІІ ғасырдың бірінші он жылдығы қазақ елінің еңсесін басқан мезгіл еді. Жоңғарлар, қалмақтар қазақтарды жан-жақтан аш қасқырша талады. Мал мен дүниесін тонап, ерін құлдыққа, әйелін күндікке айдап әкете берді. Бір жағынан қалжырап, қажыған елді қақаған қыс, қаһарлы жұт, аждаһадай аштық та ентелеп, шетінен кеміре бастады.

Дәл осы заманда Абылай сұлтанның аты шыға бастайды. Бастапқыда қатардағы жауынгер, бара-бара ер жүректілігімен, айлакерлігімен көзге түскен Абылай ел аузында сөз болып тарай береді. Айқастардағы оның тәсілшілдігі мен тереңнен ойлайтындығы жаңадан бір қайраткердің өсіп келе жатқанын дәлелдей түседі.

Халқы Абылайды пір тұтты. Ақ киізге отырғызып, хан сайлады. Оның даналығын, ер жүректілігін айтып тауыса алмады. Үстіндегі шапанын жыртып, ырым ретінде талап әкетеді. Қазақта Абылай секілді шексіз билікті қолында ұстаған хан болмаған.

124 сөз, Ш.Уәлиханов.


55 Сұлтан аз-Захир Бейбарыс

Бейбарыс 1223 жылы монғолдар ойрандаған Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген. Жетім қалған жас баланы өзге тұтқындармен бірге Мысырдың сол кездегі сұлтаны сатып алады.

Жас батыр әуелі Сириядағы әскери мектепте оқиды. Әл-Мансұр деген жерде болған алғашқы шайқаста-ақ ерлігімен көзге түседі. Кейін Бейбарыс Мысырды қорғап, әскср ішіндс темірдей тәртіп орнатады. Бейбарыстың тұсында Мысырдың егін шаруашылығы дамыды, қалалар ірі-ірі сауда орталығына айналды. Бейбарыс сұлтан ойлы да, кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қолбасшы болды. Көп ұзамай оның есімі аңызға айналды. Ол қарапайым киініп, түнгі қаланы аралап кетеді екен. Халық өмірімен осылай жақын танысып, елге көмек берген.

Бейбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вилгельм Трипольский: “Бейбарыс -жауынгерлігі жағынан Юлий Цезарьмен терезесі тең тұратын қаһарман” деп баға берген.

112 сөз, Ә.Дербісалов, «Қазақ даласының жұлдыздары»


56 Шұға

Жаңа жеккен ат басымен алысады. Ендігі кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. Бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей берем. Кім біледі, бұдан кетсе Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас, яки көрсе де біраз уақыт сағынуға тура келер деген ой елестейді. Біріміздің ойымызды екіншіміз біліп келеміз. Бұрын түнде барғанда маңынан жүргізбейтін Есімбектің аю төбеттері үріп алдыңыздан шықты. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, көздері бізде. Әңгімені соғып отыр. Кім біледі, әлде бізді мазақ қылып отыр ма?! Басына кимешек киген Шұғаның үлкен жеңгесі қараша үйдің белдеуіне ботаны байлап, түйе сауып отыр. Үлкен үй мен отаудың арасында бәйбіше теңселіп жүр. Бәрі де маған қуанышты секілді көрінеді. Біздің кетіп бара жатқанымызға таңырқаған ешкім жоқ. Бәрі де күліп жүр, бәрі де босып жүр... Бірақ Шұға жоқ.

120 сөз, Б.Майлин.


57 Қасқыр қуу

Күн кешкіріп, суытып келе жатқан. Көлденең қасқыр кездесті. Иттер қуа жөнелді. Биыл бұл жақта қар бетіне жұқа мұздақ тұрып қалған еді, иттердің жіліншігін қырқып, үшеуі да ақсай басатын. Қасында Кенжетай мен Шондығұл, Есеней де қасқырдың соңына түсті. Есеней қасқырға жақындай берді. Иттері аяншақтан тұрып қалғанын білген жоқ. Аты асқан жүйрік, “Байшұбар” атанған жүректі жылқы еді, бес шақырым жібермей қуып жетті. Енді-енді сойыл сілтер жер қалғанда қасқыр көлденең кездесе кеткен көлге жалт беріп еді, Байшұбар да бірге жалт бұрылды. Қасқыр кідірмей тарта берді. Есеней ат-матымен жағадағы жылымға күмп етіп құлады. Жауырын ортадан әлдене найзадай қадалғандай болып, Есеней қозғала алмай қалды. Кенжетай мен Шондыгүл келін жеткенде, шұбар ат олай бұлқынып, бұлай бұлқынып, ойылып кеткен жұқа мұзды кеңітіп алыпты. Есенейдің кеудеден жоғары жағы ғана көрінді.

132 сөз, Ғ.Мүсірепов «Ұлпан».


58 Аңшылық - тіршілік көзі

Аңшы өз салтын құптайды. Біреу тазы ұстаса, біреу құс ұстайды, енді бірі тек жүйрік ат баптайды. Тағы бірі қақпан не тұзақ құрады. Енді бірі мылтық ұстайды. Осының ішінде ең бір қызықтысы: бүркіт, қаршыға, тұйғын, қырғи, ителгі, тұрымтай, жағалтай, бөктергі, күйкентай, бидайық сияқты құстарды баптау тәсілін қазақ халқы жақсы біледі. Қазақ халқы қыран, тағыларды баулуды, қолға үйретудің жолдарын жақсы білген. Жабайы хайуанға, құстарға айтқанын істетіп, аңшылық өнерін базарлаған елдің бірі.

Халықтың “екі бастан” дегені ертеден дегеніне саяды. Тіршілік ету, аң аулау о бастағы күнелтудің көзі, негізгі кәсібінің түріне жатса керек. Әр тағының табиғи бітімін, өзіне тән тіршілік қимылын, таңғажайып қылығын бағындыру, бабын табу, баули білу бағытын түсіну, пайдалы ету, қажетіне жарату, айлалы тәсілін шыңдау, амалын табу, қыбына қарай қимыл жасау әдістерін машықты дағдысына айналдырған.

123 сөз, О.Хаймолдин.


59 Жылқы неге дірілдейді?

Ертеде жылқы Күнге қарап, былай дейді:

-О, барлық жан-жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды Күн, мені жануарлар арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт. Бірақ, кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемілеуге болар еді-ау деп ойлаймын.

-Сонда қай жеріңді түзеуге болар еді деп ойлайсың?- дейді Күн.

-Егер,-дейді жылқы,- аяқтарымды ұзындау әрі сидандау етсе, тіпті жүйрік болар едім, аққудікіндей ұзын мойын, анайтөстеу болсам, алымдырақ болар едім. Адамзатты көтеріп жүру үшін арқамнан мәңгі түспейтін ер де жасауға болады.

-Жақсы, сәл күте тұр,-дейді Күн.

Солай дейді де, Күн жерге түйені түсіреді. Алпамсадай арбиған жануарды көргенде жылқы әрі қорыққанынан, әрі таңқалғанынан дірілдеп қоя береді.

-Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойнындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме?

Жылқы әлі де бойындағы дірілін баса алмай тұр екен.

-Ендеше, жөнел, - дейді Күн жылқыға.

Содан бері жер бетінде түйе де қалыпты. Жылқы болса, түйені көрген сайын әлі күнге дейін дір ете түседі екен дейді.

150 сөз, М.Қуанышбеков.


60 Алатау шалғынында

Алатау шалғынының жоғары жағыңда -қорымдардың, зәулім жартастардың арасында, мәңгі қар басқан жерлерде жабайы қой-арқар, ешкі, таутеке кездеседі. Таутеке тау құздарын мекендейді. Ол жартастардың арасындағы аңғарларда түнеп, таңертең жайылымға шығады. Шаңқай түске дейін жайылып, түсте суатқа келеді. Күн ысыған кезде тастың арасында көлеңкелеп жатып тынығады. Кешке таман тағы да жайылымға шығып, жайлап жайылып отырып, жататын орнына қарай беттейді.

Күз түсіп, тауға қар жауа бастаған кезде таутекелер төмендеп түсіп, арша және басқа да бұталар өскен өңірге келеді.

Арқар өте ірі жануарлардың бірі. Кексе құлжаларының салмагы 160-180 кг тартады. Олардың артқа қарай иіріле ширатылған шаңырақтай үлкен мүйізі болады. Арқар биік таулардың ашық жазығын мекендейді. Ол түнде таудың мұз жатқан жеріне дейін өрлеп барып, қаннен - қаперсіз түнеп шығады. Ертеңгісін қайтадан жайылымға түседі.

117 сөз, Б.Мұқанов.


61 Күн гүлі

I Петр Голландияға саяхатқа барады. Серуендеп жүргенде күйменің терезесінен алыстан алтындай жарқыраған ашық гүлі бар, өте биік өсімдікті көзі шалып қалады. Ат айдаушыға “тоқта” деп бұйрык берген патша өзін қошаметтеп еріп жүрген адамнан: - Бұл қандай өсімдік? - ден сұрайды. Ол бұл өсімдіктің мұхиттың арғы жағынан, Мексикадан әкелінгенін, оның “Күн гүлі” деп аталатынын айтады. Гүлге патша қатты қызығады. Оның тұқымын Ресейге жібереді.

Ресейде күнбағыс алғашқы кезде тек әсемдік үшін өсіріле бастайды, кейіннен жаппай таратылады. Біртіндеп адамдар оның әсемдігінен басқа да қасиеттерін іздеуге кіріседі. Уақыт пен адамның ақыл-ойы бұған жауап тапты. Ғалымдар күнбағыс тұқымынан май алуды да ойлап тапты.

Қазір күнбағыс барлық аймақтарда өсіріледі. Оның жас себетгүлі күн сәулесі түскен жаққа қарап тұрады. Егер күн жағынан қарасаң айқын сарғыш, ал сырт жағынан қарағанда жасыл болып көрінеді.

125 сөз, Оқулықтан.


62 Құндыз бөрік

Бірде Саттар Ерубаев Түркістан маңындағы ауылдарды аралап келе жатады. Алдынан суыққа тоңып, дірдектеген бала кезігеді. Саттар жолдастарын күттіріп қойып, баламен сөйлеседі.

-Атың кім?

-Сағатбек.

-Қайдан келе жатырсың?

-Мектепке жете алмай қайттым. Күн суық, құлақшыным жоқ.

Осыдан соң Саттар баланы атқа мінгестіріп алып, үйіне әкеледі. Баланың сырқат шешесі ғана бар екен. Саттар олармен жылы-жарқын сөйлесіп, көңілдерін көтерді. Аты-жөңдерін сұрап алып, қоштасып шығып кетеді.

Арада он шақты күн өткенде, сәлемдеме келеді. Ашып қараса, ішінде Сағатбекке арналған оқу құралдары мен құндыз бөрік бар екен. Сағатбек те, анасы да Саттарды сыртынан білетіндері болмаса, танымайтын. Кейіннен үйге келіп, шай ішіп кеткен жас жігіттің атақты Саттар екенін енді білген ана қуанғаннан, әрі “өзін жөнді күте алмадым- ау” деп өкінгеннен көзіне жас алады.

Содан бері талай жылдар өтті. Сағатбек ержетіп, жігіт ағасы болды. Бірақ ол құндыз бөрікті көзінің қарашығындай сақтап келеді. Әне, ол аяулы ағаның ешқашан естен кетпес белгісіндей төрде әлі күнге шейін ілулі тұр.

150 сөз, Газеттен.


63 Ақша

Қазақ елін құрған негізгі тайпалар - баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізуді тым ертеден қолға алған. ҮІ - ҮІІІ ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелерді құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола тенгелері, ҮІ -ҮШ ғасырлардың I жартысына дейін қолданылған. Бұл теңгелерде арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелер Суяб, Тараз қалаларында арнаулы шеберханаларда құйылған. Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі, сөл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген теңгелер. Екіншісінің бетінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы: дүниенің төрт бұрышын меңзеген рәміз бейнеленген. Келесісі үшбұрыш таңбалы теңгелер. Бұлардың да бір бетінде арыстан бейнесі бар.

704 -766 жылдары Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде “Түргеш қаған теңгесі” немесе “Түркінің көк ханының теңгесі” деген анықтама жазулар бар. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылды. Ал Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болды.

150 сөз, Баспасөз материалдарынан.


64 Латын жазуының тарихы

Жерорта теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауынан бастап тараған алфавит гректер мекендеген аймақтарға дейін жеткен. Бұл жағдай б.з.д. XI ғасырда Жерорта теңізіндегі сауданың көп бөлігін өз ықтиярында ұстаған финикяндардың кезінде болуы мүмкін. 22 ашық және жартылай ашық белгілері бар финикиндік алфавитті игеріп алған гректер оны өз тілдерінің талабына сәйкестендіріп өзгертеді. Олардың белгілері анықтығымен және қарапайым геометриялық бейнелерімен ерекшеленеді.

Грек мәдениетінің дамуын білдіретін ескерткіштердегі жазулардың бойынан, латын жазуының жазба әріптеріне бейнесі бойынша ұқсас жазулар табылған. Бірақ олар бірыңғай болмаған, оған қарамастан, қарапайым геометриялық бейнелерде гректердің нақты математикалық түсініктері байқалады.

Б.з.д. 1—11 ғасырда Римдік жазу өзінің жоғарғы даму деңгейіне жетеді. Бұл шрифтердің мұқият ойласқан, көркемдік жағынан мінсіз бейнесі, ыңғайлы оқылуы кейінгі стильдердің дамуына ықпалын тигізгендігі байқалады.

120 сөз, Газеттен.


65 Тундрада

Тундраның табиғаты өте қатал. Бірақ ол өлі материк емес. Онда өсімдіктер мен жануарлар дүниесі сан алуан. Тундра ормандарында тырбық, ергежейлі ағаштар өседі. Жануарлар да көп.

Тундрада жабайы және қолға үйретілген табын-табын солтүстік бұғылары өріп жүреді. Бұғы - бұл өңір тұрғындарының ішce асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі. Қыстыгүні жеңіл шанаға жегілген бұғылар шетсіз-шексіз тундра төсінде желдей есіп, адамдарды межелі жерге жеткізеді, жүк тасиды. Ол күпі бойы жұшысқа жегіліп келіп, қамыттан босаған соң, өз азығын өзі тауып жейді. Тұяғымен тебініп, қар астындағы ягель деп аталатын мүкті азық етеді. Бұғы табандарының ізін аңдып поляр қасқырлары жортын жүреді.

Мұнда ақ түлкі де мекендейді. Оның қықы тонының түсі ақ - бұл жауына байқалып қалмау үшін, мамық жүні -бұл суықта тоңбау үшін, ал жаз шыға жүні түлеп, сұр түске енеді.

123 сөз, «Негеш» балалар энциклопедиясынан


66 Шөл далада

Шөл далада не түрлі мақұлық тіршілік етеді. Селтиіп өскен бұталардың бұтақтарына жабысып, ағама кесірткелері тұрады. Шөлде жұмыр басты кесірткелер де тіршілік етеді. Ыстықтаса немесе қатер төнген кезде құмға батып, көзден ғайып болады. Ол құйрығын иіріп, аузын арандай ашьш, айбат шегеді. Жауын қорқытады. Шын мәнінде оның еш зияны жоқ. Келес те кесіртке, бірақ ол жай кесіртке емес, ұзындығы бір жарым метрдей алып кесіртке! Мұны шөл қолтырауыны деп жайдан-жай айта салмаған, сондықтан онымен ойнауға болмайды.

Келес жұмырбас кесірткені ұстап жейді, кезіксе кішігірім тасбақаны да жұтып жібереді. Ал, қосаяқ тышқан өте жылдам жүгіретіндіктен, жеткізе қоймас. Бұл өзі бір ғажайып мақұлық. Су жоқ болса, қиналмайды. Өйткені өзі қоректенетін өсімдіктің бойындағы ылғал да жетіп жатыр. Торға түсіп, қамалған қосаяқты көргенім бар. Оның алдына ыдыспен су қойып еді, ол алғашында не істерін білмеді, сәлден соң суға аяғын малып, жалай бастады.

126 сөз, Б.Мұқанов.


67 Арпалыс

Көлеңкеде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан балаға қарай айыр тілін сумандатып, улы жылан жақындап келеді. Қайдан шыға келгені белгісіз бір құс бала мен жыланның арасына түсіп, кес-кестей берді. Құс аяғын санап басып, жақындай түсті. Бала жайына қалды. Екі түз тағысының адам үшін шайқасы басталды. Жылан шабуылды үдете түсті. Бірақ құс тез жалтарып, оның улы тісін бойына дарытатын емес. Жылан тағы да шап берді. Құс құйрығымен жер тіреп, жалтара берді де, жылан басын қайтып тартып аламын дегенше, өткір тұмсығымен оны төбесінен шоқып-шоқып алды. Жылан жан сауғалады. Бірақ ашулы құс шаңқылдап, үсті-үстіне шоқи берді, шоқи берді.

Бала оянып кетті. Ол қимылсыз бауыры жалтыраған жыланды, оның жанында ауыр дем алып жатқан құсты көрді. Жүрегі әлсіз ғана соғып жатқан кішкене құстың өзі үшін мерт болғанын түсінді.

120 сөз, Газеттен.


68 Орман “бағбаны”

Борсық “орман бағбаны”. Бұл орман шаруашылығының зиянкестерімен қоректеңгендіктен, көп пайда келтіреді. Борсық түнде тіршілік ететін аң. Тек шет жатқан, иесіз жерлерде ғана ол күндіз де қорек іздеп шығады. Борсықтың негізгі қорегі құрт-құмырсқа, кесіртке, көлбақа, жылан, ұсақ кемірушілер мен құстар және ұсақ құстардың жұмыртқалары, балапандары. Сонымен бірге ағаш жемістерін де жейді. Күзге қарай қатты семіреді, осы уақытта оның салмағы екі еседей артады.

Қыста ұйқыда жатқанда ол бойына жеткілікті етіп жинап алған майы арқылы қоректенеді, организмде физиологиялық процестер жүріп жатады.

Борсық ауыл және орман шаруашылықтарының көптеген зиянкестерімен қоректеніп, көп пайда келтіреді.

Ал халық медицинасында борсық майы құяң, құрт ауруларына және іріндеген жараларға ем ретінде қолданылады. Терісі мен майы пайдалы және “орман бағбаны” борсықты қорғау қажет.

114 сөз, Газеттен


69 Дермене

Дермене - жабайы өсетін, жусанның бір түрі. Дерменеден адамның ішек құрты ауруын емдеуге қажетті сантонин деген дәрі жасалады.

Жер бетінде жусанның сан алуан түрлері өседі. Дермене өсімдігінің 1830 жылы ғана анықталған. Ол әлі күнге жабайы өседі.

Дермененің ауруға ем болатын қасиетін халық ерте заманнан білген. Бұрын халық медицинасы ішекте болатын құрт ауруларының бәріне қарсы осы дермене шөбін пайдаланып келген. Ғасырлар бойы Оңтүстік Қазақстан жерінен дермене тартқан керуендер Персияға, Ауғанстанға. Қытайға, Ресейге лек-легімен барып жатады екен. Одан кейін бұл бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстан көп жылдар бойы дермене жусанының дәнін өндіретін, бір ғана өлке болып келген. Ал өткен ғасырдың 80 жылдарыңда Шымкент қаласында сантонин зауыты салынып, ол дүние жүзіне сантонин өндіретін бірден-бір кәсіпорнына айналды.

113 сөз, Газеттен


70 Қыс суреті

Жаратылыс заңы қандай десеңізші! Даладан табиғат бояуының талай түсін кездестіруге болатын еді. Сарғылт тартып егіс орны жататын. Жасыл кілемдей құлпырып күздік көрінетін. Сол жасыл белді текеметтей әшекейлеп, теңбіл ала мал жайылатын. Көгілдірленіп көлдер мен өзендер толқитын. Бүкіл сол өлкені қазір аппақ қар басыпты. Дала ұшы-қиыры жоқ, шексіз бір ақ теңіз тәрізді. Алаңдағы ұсақ қар түйіршіктері күн сәулесімен жалт-жұлт етеді. Қараңызшы, қандай көрініс! Тұңғыш жауған қардың ақ мамық көрпесін айқара бүркеніпті. Бүкіл табиғат тәтті ұйқыға енген тәрізді. Апанына түсіп аю да, ініне кіріп борсық та, бұталарына ақ түбіт оранған ағаш бүршіктері де тыныс алуда.

Ал аңдар түні бойы бір-бірімен андысып, тамақ табудың түрлі әдісін жасайды. Осы тірлікте біреуі аман құтылғанына, біреуі ойнағанына мәз. Таңертең қар үстінен сайрап жатқан түнгі тіршіліктің суретін көресің.

119 сөз, «Жыл он екі ай»


71 Мың жасаған құзғын

-Сен қаншаға келдің? -деп сұрады балапаны кәрі құзғыннан.

-Мен мың жасқа келдім ғой,-деп ол сидаң кеңірдегін созып қойды. Балапаны оған қатты таң қалды.

-Тү-у, ұзақ-ақ жасаған екенсің!

Бұлардың сөзін аспанда айқасып жүріп, жараланып жерге құлап түскен сұңқар бөліп кетті.

-Ее-е, бейшара-ай! Алысып жүріп олдің бе! - деді кәрі құзғын күңк етіп.

-Сен оны қайдан білдің?-деп сұрады балапаны.

-Ол жас түлек болатын, балапаным. Талай ерлік те жасады. Өз жайына жүрмей, ақыры мерт болды ғой, әне!- деп, кәрі құзғын басын шайқады.

-Сен мыңға келдім дейсің. Осы жасыңның ішінде қандай ерліктер жасадың?-деп сұрады тағы да балапаны

Мың жасаған кәрі құзғын тіс жарған жоқ.

Өмір бойы қалғумен өткеннен қандай қаһармандық шықсын!

110 сөз, «Жыл он екі ай»


72 Аспандағы қазына

Адам баласы ежелден жұлдыздар мен планеталар сырын білуге құмартты.

Аспан сыры айдын дария деген пікірді талайдан-ақ естіп келеміз. Американ астрономдары ашқан бір жаңалық бұл тұжырымның шын екендігін тағы да дәлелдеді. Аспанның ол шетінен бұл шетіне кезіп жүретін Ивар атты астероидының тұла бойы таза платинадан тұратыны анықталады. Платина аса бағалы металл. Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда Ивар астероидының құны 50 триллион доллардан астам. Міне, сондықтан да қазір американ авиациясы мен космонавтикасының ұлттық басқармасы осы аспан астероидын жерге түсіріп, асыл қазынаға қарық болу үшін ғылыми жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл үшін, әрине, ғарыштық кемелер астероидқа жетіп қонып, оны бөлшектеп жерге тасуы керек. Бұл қыруар еңбек пен қажырлылықты қажет етеді. Оған өте көп қаржы да керек.

114 сөз, «Білім және еңбек журналынан).


73 Қыс

Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінбейді. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастайды. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыста аяз күшті болып, үскірік борандар да аз болмайды. Орман ішінде құстарды көре алмайсың. Қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміреді. Иелері жылы қораға шөп салып бағып- қақса да, қысты күні үй хайуанаттарының да бабы болмайды. Адамның өзі де суықтан қорғалып, үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дайын жұмыстарынан қала алмайды. Қысты күні жылқышыларға қиын-ақ: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені. Қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рахат жоқ. Ызғарды аяз көбінің беттерін қарыған. Сабаққа мезгілімеи жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.

119 сөз, М. Дулатов.


74 Шай - ежелгі сусын

Шай - ең ежелгі сусындардың бірі. Оның аты ең алғаш біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдардың қолжазбаларында аталған.

Шай негізінен шөптесін өсімдік, бірақ үнді шайының кейбір жабайы түрлері (мысалы, ассам шайы) биікгігі 15 метрге жететін ағаштарда өседі. Шай жапырақтары сусын дайындау үшін ғана пайдаланылмайды, Қытай мен Жапонияда оларды тағамға дәмді қоспа ретінде де қолданады. Ал бирмалықтар үшін оның салат жасаудағы орны бөлек. Шай жапырақтарының құрамында май өте көп болады, сондықтан оның адам ағзасына пайдасы да мол.

Шайды қалай демдеген дұрыс? Мәселен, Жапонияда шай ішудің өзі кішігірім салтанатты ғұрыпқа айналған, оны “шай ішу рәсімі” деп атайды. Оған қатысатындардық саны бесеуден аспауы шарт. Олардың бәрі нденге отырады да, араларынан біреуі тұрып, ұнтақталған көк шайды ыдыстарға бөліп салып, оның үстіне қайнаған су құяды. Сосын арнайы дайындалған бамбук таяқшасымен баяу араластырады. Рәсім толық үнсіздікте өткізіледі.

127 сөз, Журналдан.


75 Алтын адам

“Алтын адам” - шартты атау. Ол - археологиялық қазбадан табылған жауынгердің алтындаған сән-салтанатты киімі. Басына төбесі ұзынша, шошақ бас киім киген, 200- ден аса алтын заттармен әшекейленген. Алтын заттардың әр бөлшегі барыстың, тау ешкінің, арқардың, жылқының, құстың кескінімен таңбаланған. Иір мүйізді, қанатты екі аттың мүсіні мандай тұсында тұр. Мойнына бұралған алтын алқа таққан, алқаның ұшында жолбарыстың басы бейнеленген. Сырт киімі бешпет пен шалбар. Қызыл түсті былғары қысқа бешпеттің бойына тұтас жапырақ алтыннан жапсырылған. Жағасы, өңірі., етегінде жолбарыстың айбарлы тұмсығы бейнеленген төртбұрышты ірі-ірі әшекейлер. Жейдесінің жағасы мен жеңіне де алуан-алуан алтын өрнек қадалған. Сыртынан буынған алтын белдіктегі әшекей де кесек алтыннан құйылған. Үлкен екі алтын сақинаның біреуінің бетінде сәнді бас киім киген, қолына қыран ұстаған адамның басы бейнеленген.

136 сөз, журналдан


76 Ханшайымның оралуы

Адамзат өркениеті мен мәдениетіне сақтардың қосқан үлесі қаншалықты екенін қазір кім де болса мойындап қалған.

Олар мұнан 2,5 мың жыл бұрын бүкіл Еуразия территориясын мекен еткен көшпенділер. Таулы Алтай қорғанынан табылған әйел адамның киімі қайтадан қалпына келтірілді. Киімдегі ою-өрнектің құндылығы орасан зор. Алтын адамның сыңары болуға лайық ханшайымның киімі адамды қайран қалдырады. Есіктен табылған Алтын адам, Атыраудан табылған самраттық әулие, Таулы Алтайдан табылған ханшайым киімі-адамзат құндылықтары екендігі даусыз.

Бүгін өркениет атаулыны мойындата бастаған біздің ата-бабаларымыз өнердің қай түрін де жоғары деңгейде ұштаған. Олар атқа шабудың, кірпіш күйдіру мен темірді

балқытудың асқан шебері бола білген. Генеалогиялық кесте жасап, көз жетпес кеңістіктерді бағындырған. Ал сақ зергері жасаған алтын өрнек пен әшекейді кез келген шебер бүгін де жасауға батылы бармайды. Таулы Алтайдан табылған ханшайым киімі осының тағы да бір дәлелі.

Киімдегі ою-өрнек стилі көз тоймас сұлулық, ерекше дүниетаным. Бұл дүние жүзінің ғалымдары мен өнер зерттеушілері, әлем жұртшылығы мойындаған нәрсе.

145 сөз, Газеттен.


77 Тарихи ғажайыптар

Қазақ даласынан табылып жатқан археологиялық ескерткіштер өз ғажайыптарымен әлемді таңқалдырып келеді. Бұлардың барлығы-көне тарихымыздың куәлары. Алтын адам деген атқа ие болған ғажайып ескерткіш 1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылды. Оны алғаш ашып, әлемге танытқан ғалым - археолог Кемел Ақышев. Бұл обаға б.з.д. У-ІҮ ғасырда өмір сүрген 17-18 жас шамасындағы сақ жауынгері, сол кездегі дәстүр бойынша, киімімен, тұрмыстық заттарымен қоса жерленген.

Оның салтанатты биік бас киімі, бешпеті, шалбары мен етігіне дейін 200-ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Оның Алтын адам аталуы да сондықтан. Сонымен қатар, Алтын адамның жанына қыш құмыралар, ағаш ыдыс-аяқтар қойылған. Соның бірі - 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған. Тостағандағы жазуды ғылымда Есік жазуы деп атайды. Бұл ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мәдениетінің болғандығын дәлелдейді.

141 сөз, Газеттен.


78 Қарғалы кеніші

Қарғалы кеніші - Алматы қаласының маңындағы Қарғалы сайының бойынан 1939 жылы табылған алтын бұйымдар қоймасы. Бұл жерден 300-ге жуық алтыннан қапталып, асыл тастар орнатылған, ғажайын өрнекті бұйымдар табылған. Олардың ішінде сирек кездесетін тышқан бейнелі алтын сырға мен түйе бейнелі алтын жүзік бар. Бұл ескерткіштер б.з.д. II ғасыр мен б.з.ІІ ғасыр аралығында қазақ жерін мекендеген тайпалардың үздік өнерін көрсетеді. Ескерткіштердің ең бағалысы -аса шеберлікпен түрлі аңдар бейнесі салынған алтын тәж (диадема). Оның биіктігі -3,5 см, ернеуі -41,7 см. Ондағы бірінен-біріне ұласып кете беретін аң бейнелері аса нәзік те, әсем композиция құрайды. Андардың көзіне, тұяғына қондырылған асыл тастарды жай көзбен байқаудың өзі қиыи.. Ғаламат шеберлікпен салынған бұл өрнектерден сол заман өнерінің жетістігін ғана емес, адамдардың философиялық талғамын да тануға болады.

120 сөз, Газеттен.


79 Берел қорымының кереметтері

Алтай тауының асқар шындары түбіндегі мәңгі мұздықтар етегінен табылған бұл ескерткішті 1998 жылы белгілі ғалым Зейнолла Самашев ашты.

Берел қорымынан апалы-інілі 35-40 жастар шамасындағы ер адам мен 50 жастағы әйел мүрделері табылған. Олардың аса бай салтанатпен безендірілген киімдері көгілдір ашық моншақтармен, жұқа алтын әшекейлермен сәнделген. Маңына небір тұрмыстық заттар койылып, 13 мініс сәйгүліктері жерленген. Ең ғажабы, ұзақ сақталатын арнайы өндеуден өткізіліп, мәңгілік мұздық астына қойылғандықтан, жылқылардың сүйегі мен жүні ғана емес, етіне дейін сақталған. Жылқылардың алдыңғы төртеуіне тау текенің мүйізі салынып, тері маска кигізілген. Масканың біреуі теріден жасалған ирек мүйізі бар, имек құс тұмсықты болып келген. Оған ағаштан ойылған мифологиялық грифон мүсіні қондырылған. Ондағы ер- тұрман мен ат әбзелдері де өзінің көнелігімен көз тартады. Бұйымдарға салынған ою-өрнектер, әшекейлер сол дәуірде өмір кешкен бабалардың жоғары дәрежедегі шеберлікке жеткен өнер болмысын танытады. Қазір Алтай тауынан табылған бұл ескерткіштер зерттелу үстінде.

137 сөз, Газеттен.


80 Есік жазуы

1969-1970 жылдары Есік обасынан ежелгі замандағы ғылымға “Скиф” деген атпен белгілі Жетісу сақтарының өмірі мен өнерін, мәдениетін бейнелейтін мол мұра табылған. Бұл қабірде басын батысқа беріп шалқасынан жатқан 17-18 жастағы сақ жауынгері жерленген. Ол басына екі жүзден астам әшекеймен безендірілген шошақ төбелі тұмақ киген. Бас киімінің маңдай жағы теке мүйізді қос аттың, яғни қазіргі Қазақстан Республикасының Елтаңбасында бейнеленген мүсінмен және ұзын қос жапырақпен, басқа да бедерлі шеттікпен безендірілген. Оның сыртына киген қызыл былғары бешпеті үш мыңға жуық алтын әшекеймен өрнектелген. Бұл қабірден отыздай ыдыс шыққан. Олардың ішіндегі күміс зереннің сыртында жиырма алты әріптен құралған екі жол жазу бар. Бұл жазу “Есік жазуы” деп аталған. Зерттеген ғалымдардың айтуынша, “Есік жазуы” осы уақытқа дейін ғылымға белгісіз таңбалармен жазылған. Есік жазуы ерте замандағы қазақ жері тұрғындарының бұдан 2300-2500 жыл бұрын жазу таңбаларын жасағанын көрсетеді.

127 сөз, Газеттен.


81 Киіз үй

Киіз үй төбесінің конус сияқты күмбезденіп дөңгеленген формасына қарағанда, өте ертеде пайда болған, шығыс халықтарының барлығына ортақ, ең алғашқы көшпелі жылжымалы үй түрінің бірі. Көшпенді халық өмірінде, жорықтар мен аң аулаушылықта киіз үй құрылысының тез тігілуі мен тез жиналуының маңызы зор болған. Киіз үйді жинау және тігуді негізінен әйелдер атқарған.

Киіз үй жайында бізге жазып қалдырған Марко Поло (1230 ж), Плано Карпини (1246 ж), Клавихо (1403 ж), Барбаро (1436 ж) т.б. орта ғасыр саяхатшыларының материалдарын зейін салып зерттей отырып, киіз үй құрылысы, оны құрастыру тәсілдері мен ішкі жасау, жиһаз нұсқаларының осы уақытқа дейін сол күйінде сақталғанына көзіміз жетті. Қазіргі біздің көріп жүрген киіз үйлеріміз ол кездегімен салыстырғанда құрылысы, құрастырылуы бірдей болғанымен, тым қораштанып, кішірейіп кеткендігі байқалады. Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлы, жеңіл болуы, дауылға, борап мен шаң құмға төзетіндей берік болуы керектігі ескерілген. Тез жығып, тез тігуге қолайлы жеңіл болуы -архитектуралық жағынан мыңдаған жылдардың тәжірибесі.

141сөз, Газеттен.



82 Қаракерей Қабанбай

Қабанбай жастайынан жаудың жауыздығын көзімен көреді. Жеті жасқа толғанда әкесі Қожағұл батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа келгенде ағасы Есенбайды да қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Осы екі қатыгездік есті баланың жүрегіне кек болып қатты. Соған шыдай алмай жауға аттанбақ болғанда, қасына ешкім ермейді. Еліне өкпелеп, ызаланған жас батыр жалғыз жортып барып, тұтқында түйе бағып жүрген қырғыз баласының көмегімен қалмақтың ел шапқыш батырлары Олже Жырғыл мен Арсалаңды ебін тауып өлтіріп, кегін қайтарады. Одан керей еліндегі жездесіне кетеді де, онда жылқыға тиген шапқыншыларға қарсы айқаста көзге түседі.

Бала кезінде бітімі кесек, тұлғалы Ерасылды жеңгелері “Нар бала” атаса, жездесі қайрат-күші, батылдығына сүйсініп, “Қабан” атап кетеді. Ер жете келе жойқын күшімен, алғырлығымен, қайтпас қайсарлығымен танылған батырға Қабанбай есімі беріледі.

Сол заманның асқан ақылгөйі Бұқар жыраудың жырларына Абылаймен қатар көбіне арқау болған батыр Қабанбай.

131 сөз, Газет материалдарынан.


83 Омбыдағы ұлағатты кезең

1847 жылы Құсмұрындағы Шыңғыс аштырған әйгілі қазақ мектебін үздік бітірген болашақ ұлы ғалым, қазақтың тұңғыш демократы 12 жасында Омбы қаласына аттанады.

Қызыгы мен қиындыгы мол Шоқан өмірінің аса жемісті жылдары сол кездегі Батыс Сібірдің үлкен мәдени орталығы Омбыда өтеді.

Иә, осынау әйгілі қара шаңырақта Шоқанға дейін қазақтың талай зиялы кісілері білім алған. Шоқан корпусқа оқуға келгенде бір ауыз орыс тілін білмейтін еді, бірақ суретті жақсы салатын. Демек, оның дайындығы өте күшті болған. Шоқанның зеректігі әуелгі күннен-ақ біліне бастаған. Көп ұзамай ол оқу үлгерімі жағынан орыс

оқушыларының алдына шығады. Шоқанның аса жоғары дәрежедегі адамдардан ерекше тәлім-тәрбие алуы тек ұлы ғалым ғана емес, қазақ халқының алғашқы суретшісі болып шығуына да көп әсер етті.

Шоқанға дарынды, білгір, жалынды оқытушылар сабақ берген. Осындай оқытушылардың қыруар еңбегінің арқасында Шоқан сынды қазақтың ардақты ұлы, қоғам қайраткері, ұлы ғалымы, яғни тұңғыш ғалымы, демократы тарих сахнасына шықты.

139 сөз, С.Өтенияз.


84 Сырымның жауабы

Сырым батыр елден сырғып, біраз уақыт Хиуа хандығында жүреді. Бір той үстінде мақтанған Хиуа ханы Сырымға:

-Қазақта ас-мас, жігіт-мігіт деген жалғама сөздер көп көрінеді, солардың мәнісі неде? - деп сұрайды.

-Сұрауыңызға тойдан кейін жауап берейін,-дейді Сырым батыр.

Тойда Сырымның аты бәйгеден келеді. Жолдасы балуан күресіңде жығып, бәйге алады. Тойдың ойын- қызығы бітіп, жұрт тарқар алдында Сырым ханның сұрауына былай деп жауап береді:

-Бізде той жасағанда жұртқа қой сойып-құйрық, жылқы сойып-қазы тартады. Сусынға қымыз береді. Соны “ас” дейді. Ал мынадай тастабаққа салып тартқан шөп- шалам мен сусынға берген шайды “мас” дейді. Сәйгүлікті сынайтын жарыста озып келген жүйрікті “ат” дейді, артында қалған тұғырды “мат” дейді. Алқа топтың алдында палуанға түсіп, алып ұрған ерді “жігіт” дейді. Жер қауып жығылган еркекті “мігіт” дейді. Қазақтың “ас-мас”, “ат- мат”, “жігіт-мігіг” дейтін жалғас сездерінің мағынасы осы, хан.

133 сөз, Журналдан.


85 Шеңберді бұза көрме

Жаугершілік: уақыт екен. Ат тұяғынан жер солқылдап, қылыштың жүзінен қан тамады. Сұр жебелі найзасын төндіре ұстаған сарбаздар телегей-теңіз кетіп жатады. Сонда осы нөпір тастаған калың шаңның арасында ештеңені елең қылмай, құмды сызып, шеңбер жасап бір адам отырыпты. Әлем-тапырық дүниеден сескенбей, жайбарақат отырған әлгі адамды көріп, жаудың бір сарбазы жетіп келеді. Ұмтыла төніп:

-Әй, не істеп отырған бейбақсың?-деп ақырады.

Сонда әлгі адам отырған қалпын бұзбай:

-Шеңберді бұза көрме!-дейді сарбазға.

Сарбаз оған кекесін пішінмен күліп:

-Сол да сөз бе екен? Сен сусып тұрған құмға, бос топыраққа жазып отырған жоқсың ба, - дейді ат ойнатып.

Кешіріңіз, сарбаз, дана сөз құмға жазылса да өшпейді, ақымақ сөз тасқа жазылса да өмір сүрмейді,-деген екен.

Сөзден ұтылған даңғой сарбаз ғалымды қылышпен шауып өлтіреді. Бірақ оның құмға жазған даналығын ешкім өлтіре алмайды.

Ертедегі Грецияда біздің жыл санауымызға дейінгі 287- 332 жылдары жасаған ұлы математик Архимед жөнінде осындай бір өшпес аңыз бар.

144 сөз, Газет материалдарыдан.


86 Мемлекеттік өнер мұражайы

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы-көркемөнер орталықтарының бірі. Мұражай 1976 жылы Қазақтың мемлекеттік көркемсурет галереясы мен Республикалық қолөнері мұражайының жинақталуы негізінде құрылды. Оған 1984 жылы Әбілхан Қастеев есімі берілген. Мемлекеттік көркемсурет галереясының тарихы 1930 жылдардан басталады. Осы жылдары республикамызда алғашқы жылжымалы көрмелер болып тұратын. Ал, 1933 жылы Қазақстан Суретшілер одағы құрылды. Енді

суретшілер шығармаларын жинақтайтын, зерттейтін, уағыздайтын мекеме құру алдында тұрған міндеттердің біріне айналды. Сөйтіп, 1935 жылы 23 қыркүйекте Қазақстан мемлекеттік көркемсурет галереясын құру жөнінде үкімет қаулысы шықты. Ол алғашқы кезде ұлттық мәдени институт құрамына кірді.

1936 жылы Мәскеудегі Третъяков атындағы галереядан, Шығыс мәдениеті мұражайынан, Мемлекеттік орыс мұражайынан екі жүзге тарта бейнелеу өнері шығармалары түсті. Қазақстан халқын Еуропа мәдениетімен таныстыруға мүмкіндік туды. 1937 жылы галерея өз есігін көпшілік көрерменге алғаш рет ашты.

Мұражайда он төрт зал, 250 орындық мәжіліс залы, сақтау орны бар. Мұражай жанында кітапхана, бейнелеу өнері тарихының халық университеті жұмыс істейді.

143 сөз, Б. Байжігітов.

87 Кока-Кола (Coca-Cola) белгісі

Тауар белгісі шектеусіз уақыт бойы қолданылады. Оның ұзақ өмірі сәттілік пеп жетістіктің белгісі. Тауар белгілерінің жәрмеңкелік құны өте жоғары болуы мүмкін, мысалы Кока-Кола белгісі 36 млрд. доллар тұрады.

Кока-Коланың сауда маркісінің тарихы өте қызықты. Ол 1886 жылы басталған. Доктор Джон Пембертон жаңа газдалған сусын жасап, Фрэнк Робинсонмем қызметтік келісім бекіткен. Робинсонға жаңа өнімді сатуды ұйымдастыру ісі ұсынылды. Робинсон өнімнің атауын таңдайды. Бұл атау мен жазу әдісі соңында сауда маркісі ретінде тіркелген. Сонымен, өнім құрылып, көптеген тауарлардан ерекшеленген. Екі жылдан кейін сырқаттанған Пембертон Кока-Коланың құқығын жарнама аймағының маманы Асе Гандолерге сатады, оның қызметі осы сусынның әйгілі болуына көп ықпалын тигізген.

Алғашқы кездері Кока-Кола дәріханаларда ыдысқа құйылып сатылған. 1889 жылы бөтелкелерге құятын зауыт ашылған. Имиджды нығайту үшін және жалған түрлерінің пайда болуына кедергі жасау үшін арнайы бейнелі бөтелке жасалған, оны 1916 ж. АҚШ-тың патенттеу қызметі тауар белгісі ретінде тіркеген.

137 сөз, Газеттен.


88 Сонарда

Айнала жым-жырт. Құлаққа ұрған танадай, тырс еткен дыбыс жоқ. Аппақ ұлпа қарға бөккен сонау белес- белес адырлар, әрі ұзаған сайын бұлдырлана, шегі жоқ сияқты көрінеді. Әр жерде бөлек-бөлек шоғырлана өскен тырбық тал жердегі аппақ қардан айырғысыз.

Бұрын жұқа қардан ортан беліне дейін шығып тұратын қурайлар, бүгін әр жерден бір қылтияды.

Тұман түстес аспан, дала жарык, бола көгілдірленіп, айқындала бастады. Бір шөкім де бұлт жоқ.

Кейбір түн ұйқысынан жаңа тұра бастаған ауыл үйлерінің төбесінен пеш мойнынан көрінген сұйық түтін лезде қоюланып, тымық ауаға шұбатыла көтеріледі.

Кейде қар түні бойы жауып, дәл таң алдында ашылып кететіні бар. Бұл қардан кейін жүрген аңның ізі жаңа, әрі сирек болып сайрап жатады. Кездестірген ізіңнен аң алысқа ұзай қоймайды. Тың атпен соңынан түссең , көп ұзатпай- ақ соғып та аласың. Сондықтан бұл сонар аңшыларға таптырмайтын бірден-бір қолайлы сонар болып есептеледі. Мұны “келте сонар” деп атайды.

136 сөз,С.Жүнісов


89 Көктем

Қарашы, әне, тағы да көгілдір көкжиекті түре серпіп, ақ самала таң атып келеді. Наурыз таңын көреміз. Таң алдында құстар сайрайды, “үн базары” болады. Ол мың түрлі. Бірі таза сыңғырласа, бірі көмейден кайырған көмескі. Енді бірі екеуін қосып бір-ақ орындайды.

Әне, бозторғай! Шіркін-ай, әні қандай! Сағыныш пен табысудың ыстық лебі бар. Бозторғай біздің өлкеге келетін көктемнің үшінші хабаршысы. Бозторғай келді дегенше, жаз шықты дей бер. Дегенмен, көктемнің алғашқы белгісі ыстық жақтан бірінші келетін есебінен саналады. Бірінші құс ұзақ қарға. Ұзақ қарға әдетте наурыздың бірінші аптасынан кешікпей келеді. Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз дегеніміз осы кез. Ал екінші келетін құс - қараторғай. Қараторғай келген соң ұзамай-ақ күн жылынады. Осы кезде қараторғай да әукесін томпайтып алып, әр мақамды араластырып, ұлы шуылға қосылып кетеді. Бұл шуыл көктем таңының қуаныш жыры болатын.

130 сөз,Қ.Әбішев.


90 Қыс

Жексенбі күні аяғыңа шаңғы байлап ауыл сыртына шықты. Сонда сен жазылып жатқан ақ тұнык, суретке кез болар едің. Пай-пай, қыс дегенің кең-ау, шіркін! Ылди-ойпаңы көкшіл көлеңке тартып, күнгейі мың-миллион жұддыз боп жарқырайды. ЬІқтасын жалдар да тұнық көк түспен әсем көрінеді.

Шана жолдар мүйістен-мүйіске соғып, ирелендеп кетіп жатады. Анау бір белде мұз құрсаудың арасында қалған кішкене кемеге ұқсап, шөп тиеген шана көрінеді. Жылжып бара ма, тұр ма, белгісіз.

Әсем көріністерге ынтыға түсесің. Маусымның бір дүркін сырын ұғыну үшін сен тоғайға барарсың.

Тоғай іші тып-тыныш. Ғажайып сабырлы тыныштық орнаған. Қарағай мен қайың кимешек киіп алған секілді. Шыршалар ақ тыспен көмкерілген алып тымақтарға ұқсайды. Үп еткен желден қар құйылып төгіледі.

Ақ қырау шалған ауылдың үсті қылау шаңытып тұрып алады. Суыққа шыдай алмай, бір аяғын бауырына қысқан әтешке қарап тұрсаң, байғұстың аяғы да айдары секілді қып-қызыл боп көрінеді. Кешке қарай қызғылтым бұлт арасынан күннің салқын кескіні байқалады.

144 сөз, М.Тоқбергенов.


91 Қыс суреті

Қыс. Аяз қысып тұр. Мұржадан шыққан түтін тік көтеріліп, толқымай тынып тұрады. Сонда ауыл үстінде бейнебір ракета атылғандай тарам-тарам із қалады. Аяз қысқанда қара қарға мен сауысқандар түтінге, ауыл иісіне жақындайды. Торғайлар мұржаларға сүңгіп кетеді.

Желтоқсан өтіп, қаңтар келгенде, көк рауан шұғыла мүлде алыстап кетеді-дағы, ұзақ түндер басталады. Сөйтіп, түз аңдарының сейіл құратын шағы туады. Аңдар түні бойы бір-бірімен андысып, тамақ табудың алуан түрлі әдісін қарастырады. Осы тірлікте біреуі аман құтылғанына, біреуі ойынға “мәз” болып түн өткізеді.

Таңертең қар үстінен шырқы бұзылмай, сайрап жатқан түнгі базардың суретін көресің. Әр із өзінше жазылған мінездеме секілді. Табиғаттың осы бір кең айдынында із кесіп, тепеңдеп желген аңшы да мәз. Аңшылық ежелгідс халқымыздың дәстүрлі салты болған. Қарттар сейіл құрып, серпіліп бой жазатын.

Енді алдымызда көктем тұр.

122 сөз, М. Тоқбергенов


92 Емші құмырсқалар

Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр. Орман ішіндегі бір сыздауыт жерде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен себет ала шыққанмын. Аралап келемін; ештеңе кезіге қоймады. Қалың ну арасынан бір алаңқай көріңді. Соған таядым. Мұндай жерден ылғи да бір құбылыстар ұшыратуға болады, үстінен түстім. Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр. Бұл не? Әлде жараланып, илеуге жығылған соң, құмырсқалар талап жатыр ма? Байқаймын, олай емес. Қарға біресе бір жамбасына, біресе екінші жамбасына аунап түседі де, күлге аунаған тауықтай рақаттана сілкініп-сілкініп қояды. Құмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап бағатын тәрізді.

Қара қарға онымен қоймай, құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып, канатының астына тығады. Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да, бір бұтаққа барып қонды. Содан соң шанды бұрқырата әбден сілкініп алды да, қауырсындарын тарақтап алып, ұшып кетті.

Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесінен қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырска илеуіи осылайша емхана ретінде пайдаланады. Ал құмырсқалар оларды тез емдейді.

146 сөз, М.Зверев.


93 Олимпиада ойындарын қалай өткізеді?

Олимпиадалық ойын қалай өтеді? Олимпиада өткізуші мемлекеттің экономикасы күшті, он мың спортшы, бес мың журналист және бір миллион көрермен қабылдай алуы керек. Олимпиадалық ойын өткізуші мемлекет Халықаралық олимпиада комитетіне өтініш береді. Өтініш қабылданғаннан кейін ХОК жөне оның мүшелері дауыс беру жолымен олимпиада өтетін мемлекетті 7 жыл бұрын бекітеді. Ойынды өткізуші мемлекет 100 миллион АҚШ /долларын кепілге қояды. Олимпиада дәл уақытында өткізілсе, кепіл ақша 7 миллиард АҚШ доллары боп өсіммен қайтарылады. Aл уақытында өткізілмесе, кепіл ақша қайтарылмайды, айып ретінде алынып қойылады.

Олимпиадалық ойын еткізу үшін ХОК-тің мүшесі болу керек.

Комитеттің бекітуімен 2004 жылы Греция астанасы Афинада XXVIII олимпиада өткізілді. Бұл олимпиадаға Қазақстаннан да атлеттер қатысты. Бақтияр Артаев бокстан олимпиада алтын медалін алды. Жас спортшының сабырлы да шебер ойынына тәнті болған төрешілер алқасы олимпиаданыц екі уздік боксшысына ғана бұйыратын Вал Баркер атындағы кубокты ойланбастан Бақтиярға табыс етті.

Ал XXIX олимпиада Қытай Халык Республикасында Пекин қаласында өткізіледі. Олар 2008 жылы олимпиада өткізуге даярлық жүргізуде.

151 сөз, Газеттен.


94 Балқаштың соңғы жолбарысы

1957 жылдың жиде піскен сары күзінде естімеген, көз көрмеген бір оқиға болды. Әкем бағып жүрген құнажынның төртеуін бір мақұлық далада жайратып кетіпті. Құмдағы ізінің әрқайсысы шәугім орнындай, қасқырдың ізінен екі есе үлкен.Құнажындардың шабынан бір-бір тартып кете берген. Сиырлар қансырап өліпті.

Көнекөз қариялар, із кесе білетін үлкен кісілер жиналып алып, кеңес құрды. “Бұл жолбарыстың ізі. Жолбарыс өте текті аң, ол бір нәрседен көңілі қалып, қатты ыза болған ғой.” Енді ол бұл арада ұзақ болмайды. Өзі жасы келген кәрі жыртқыш болса керек, баттиып түскен ізін-ай шіркіннің!”

Малшылар жолбарыстың ізіне түсті.

Балқаштың арғы жағына өтіп кетіпті,-деді әкем.

Арада апта өткенде Балқаштың арғы бойынан біреулер жолбарысты атып алыпты. Аңшылар емес, орыс геологтары екен. Атқан кезде адамға қарай атылыпты. Өмір үшін арпалысқан ғой!

Әйтеуір қайда барсаң да Балқаштың соңғы жолбарысын жыр еткен әңгімелер, дүңк-дүңк еткен неше түрлі аңыз көбейіп, ел іші дүрлігісті.

146 сөз, Н.Қапалбеков


95 Жерің тозып, қатарың сөгілмесін

Күші асқан, мейманасы тасқан Адам Жер ананың бетіне таңба түсіреді, тәнін жаралап, тынысын тарылтады. Қанын сорып, сөлін сығып, қалқан, қорғаныштан айырып, кеселді дертке жол ашады. Өткенін бағаламаған, ертеңін ойламаған, тек бүгінгі барын ғана қызықтаған жұрт Сары- Есік-атыраудың аңын қырғаны да, ағашын тауысқаны да күмәнсіз. Өлшеусіз еккен егіннен жері тозған, есепсіз шапқан судан дария таязыған. Ағысы қайтқан, арыны басылған өзен табанына құмды лай тұнбағанда қайтсін. Тынымсыз тырмалған жерден қыртыс кетіп, құнар қашпағанда қайтсін. Ақыр түбі егін топырақтан жериді, дария арнасынан жериді. Өз ісің. Жазық сенде. Жеріңнің азғанын аңдаған, еліңнің тозғанын таныған, берекең азаймаса, беренің сөгілмесе, іргеңнен көр қазуға жауыңның қарымы қалай жетпек, батылы қалай бармақ. Шыққалы тұрған көз, үзілгелі тұрған омыртқа. Бұдан жүз, екі жүз жыл бұрын неге келмепті. Баспаған. Батпаған. Ендеше, жазык, Іледе емес. Елде де емес. Сенде. Бәрімізде. Ерде.

128 сөз, М.Мағауин. «Шақан-шері» кітабынан.


96 Қорғалжын мемлекеттік қорығы

Қорғалжын мемлекеттік қорығы 1958 жылы құрылды. Қорықтың жер көлемі 237 ООО гектар. Ол Ақмола, Қарағанды облыстарының аумағына кіретін Қорғалжын, Теңіз көлдерінің және Қорғалжын ойпатының жазық даласын алып жатыр. Қорықта ағаш жоқ. Теңіз көлінің айналасындағы батпақта кішкене аралдар көп. Онда құстар ұя салып, балапан шығарады. Теңіз көлінде қоқиқаз көп. Олар осы көлде ұя салады. Теңіз көлінің суы ащы. Ал Қорғалжын көлінің суы тұщы, жағалауында қамыс көп өседі. Қорықта өсімдіктің 235 түрі, аңның 35 түрі, құстың 265, балықтың 10 түрі кездеседі.

Қорықтың көркі-қоқиқаз. Қоқиқаздың мойны мен сирақтары өте ұзын, тұмсығы төмен қарай иіле біткен. Тұмсығында сүзгіші бар. Сәуір, мамыр айларында ұшып келеді. Көбіне Иранда, Каспий жағалауында, Үндістан жерінде қыстайды. Құстың 12 түрі Қазақстанның ’’Қызыл кітабына” енгізілген. Қорғалжын мемлекеттік қорығы көктемде көптеген құстар келіп, ұя салатын болғандықтан, ЮНЕСКО-ның тізіміне алынған. Қорық дала аймағының өсімдігі мен жануарлар дүниесін жойылып кетуден сақтау мақсатында ұйымдастырылған.

139 сөз, Оқулықтан.


97 Топырақ

Адам тіршілігінде топырақтың атқаратын қызметі мен рөлі өте зор. Топырақтың құнарлы қабаты ұлттық байлық болып саналады. Жалпы, топырақтың қызметін ешнәрсе алмастыра алмайды. Ол біздің тіршілігіміздің қайнар көзі. Топырақ тозып кетпес үшін үнемі баптап, оның құнарын арттырып отыру керек.

Топырақты табиғи күйінде сақтау ең алдымен адамның шаруашылық әрекетіне байланысты. Қазір жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан дүние жүзінде құнарлы топырақтың көлемі кеміп барады. Ал топырақтың түзілуі өте баяу жүретін процесс. Топырақ эрозияға ұшырап, оның құнарлы қабатын су ағызып, жел ұшырып әкетуде. Топырақты эрозиядан сақтау үшін ағаш отырғызып, ауыспалы егіс егіп, мелиорациялау жұмыстарын жүргізу керек. Эрозия ұзаққа созылса, белгілі бір территорияның бедерін бұзып, оны шаруашылыққа жарамсыз етеді. Оның алдын алу үшін шаруашылықты дұрыс орналастыру, ауыл шаруашылық жұмыстарын дұрыс жүргізу, орман алқаптарын жасау, агротехникалық шараларды талапқа сай жүргізу керек.

124 сөз, Б.Мұқанов.


98 Жоңгар Алатауы

Жоңғар Алатауы-Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Жоңғар Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры оңтүстігінде Іле өзені аңғары аралығында орналасқан. Ол шығыстан батысқа қарай ендік бағыт бойында 450 шақырымға созылып жатыр, ені 100-250 шақырым.

Қытай Халық Республикасындағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөлдің қазаншұңқырын қосып жатқан аңғарлық ойыс, табиғи өткел бар, оны Жоңғар қақпасы дейді. Жоңғар қақпасының биіктігі 300-400 метр, ені 10 шақырым шамасында.

Таудың қысы жылы, жазы салқындау болып келеді.

Жоңғар қақпасынан Ебі желі соғады. Жоңгар Алатауының ең биік жоталарында көп жылдық қар және мұздықтар шоғырланған. Ең биік шыңдары - Абай, Берг, Колесник, Воейков, Жамбыл мұздықтары.

“Жер жанаты - Жетісудың” Көкеу, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек өзендері Жоңғар Алатауынан бастау алады.

Жануарлар дүниесінің алтайлық және тянь-шаньдік түрлері тараған. Тауда биіктік белдеулік айқын байқалады. Жоңғар Алатауындағы биіктік белдеулікті ең алғаш Шоқан Уәлиханов зерттеп, сипаттап жазып, шолу карталарын жасаған.

138 сөз, Газет материалдарынан.


99 Жұлдызшы

Қазақтар өз өмірінде, тұрмысында көк жүзіндегі жұлдыздарды көп пайдаланған. Соған байланысты олардың әрқайсысына ат қойған. Мысалы: Жетіқарақшы,Үркер, Темірқазық, Таразы, Шолпан т.б. Міне, осыларға ат қойып, сырын ашқан адамды жұлдызшы деп атаған. Мұндай жұлдызшылар ежелгі түркі тайпалары мен қазақ арасынан көп шыққан. Олар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшу мерзімдерін көпшілікке айтып отырған.

Жүлдызшылар көшпелілер өмірінде елеулі рөл атқарған. Олар адамның туған немесе белгілі бір жауапты іске кірісер кезінде жұлдыздардың өзара орналасуы бойынша сәуегейлік жасап, бал ашып, болашағын болжаған. Жолы болатын адамға: ’’Жұлдызы оңынан, айы солынан туып тұр”, - деген секілді болжамдар айтқан.

Жетіқарақшы - аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқ жұлдыз. Сырт көзге шөміш сияқты болып көрінеді. “Жетіқарақшы жамбасқа ойысыпты” деген секілді орын ауысуларына сүйеніп, уақыт пен ауа райы туралы болжамдар айтылады.

Шолпан - күн бата салып не күн шығар алдында аз уақыт көрінетін жарык жұлдыз. Қазақтар Шолпанды таң жұлдызы деп атайды. Жақсы көрген адамын “маңдайымдағы Шолпаным” деп, “жарық Жұлдызым” деуі бекер емес.

150 сөз, Н.Қазыбеков


100 Әке салты

Қазақ халқында әкенің қоғамдық құқығына ерекше орын берілген. Ортағасырлық салттың орнығуына байланысты, әкенің отбасы мүшелері алдындағы міндеттері мен парыздары айқындалады. Әке салтына отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, әке билігі, әкенің атадан қалған мұрагерлігі, ер балаға көрсетер тәлімгерлігі, қыз балаға қамқорлығы, отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайының қамтамасыз етілуі жатады. Ұрпақ тарату және ұрпақ иесі, иегері атануы, ісмерлік, іскерлік, кәсіпкерлік қызметтері мен тәлім-тәрбиесі, моральдық-этикалық тұлғалылығы, әулет пен руластар алдындағы ортағасырлық жауапкершілігі сияқты аса маңызды міндеттер мен қызметтер де әке салтына жүктелген.

Әке салтында отағасының өз туыстарымен арадағы қарым-қатынасына айрықша көңіл бөлінеді. Ағайынды адамдардың бірін - бірі сыйлау, қадірлеу, береке-бірлікте, үлкенін тындап, кішісін қамқорлыққа алу, “Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса -ас көп”, “Ерден кетсе де, елден кетпейді”,”Әке -асқар тау” т.б. ұстанымдары негізінде туысқандық салты орныққан. Баласы мен немерелері үшін, жалпы, отбасы мүшелерінің барлығына да әке - тұлға. Оның айтқанын екі етпей, бұлжытпай орындау әке салтының басты қағидасы.

144 сөз, С.Сәдуақасов.


101 Қайырымды түлкі

Қыс. Кұн суық. Ертең жексенбі. Мен ертеңгі күнімді бос жібергім келмеді. Сөйтіп, кеше кешкісін түлкі, қояндарға ұүзақ құрдым. Ол тұзақ құрылған жер тоғайдағы терең сай еді. Түнімен қар жауды. Түлкілер, қояндар қай жерде менің тұзақ құрғанымды білмейді. Ертеңіне ерте тұрып, құрал-сайманымды алып жолға шықтым. Төрт айлық тазы күшігім де еріп қалмай келеді. Менің астымда дөненім бар. Сөйтіп, салып желіп кешегі тұзақ құрған сайға келдім. Аппақ қар, көзге жылт-жылт етеді. Бір қарағанда ештеңе байқалмайды. Қасымдағы итім алдымда келе жатып кілт тоқтап айбат шеге бастады. Мылтықты оқтап мен де сақтықпен алдыңғы жағыма қарадым. Сөйтсем, тұзаққа қоян түскен екен. Қасында түлкі жүр. Қоян қатты қорқып кеткен. Мен де алыстан байқадым. Бірер уақытта түлкі, содан соң қоян қашып барады. Түкке түсінбей мен сайға келдім. Келсем, түлкі тұзақтың жібін тісімен қиып тастапты.

Бұдан соң мен аңға қастандық жасауды қойдым.

133 сөз, «Балдырған» журналынан


102 Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы ғаламшар

“Meн қиыр далада, көшпелі қазақ үйінде тудым,,.

Академиктің қолжазба қорынан оның балалық шағы туралы деректер іздестіргенімізде тапқанымыз жалғыз-ақ осы бір сөйлем. Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өзі туралы айтуға, жазуға тура келгенде, сөзге тым-ақ сараң болса керек,”-деп жазады қазақ ғалымы Ебіней Бөкетов. Қанекеңнің атында аспан әлемінде бір ғаламшар жүргенін біреу білсе, біреу білмейді.

Қазақ ССР Ғылым академиясы Астрофизика институтының ғалымдары Күн жүйесінің бір ғаламшарына белгілі совет ғалымы, Лениндік және СССР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімін беруді ұсынды. Бұл ұсынысты АҚШ-тың Кембридж қаласындағы Халықаралық ғаламшар орталығы қолдап бекітті.

Бұл ғаламшарды 1979 жылы СССР Ғылым Академиясына қарайтын Қырым астрофизикалық обсерваториясының аға ғылыми қайраткері Н.Черных ашқан еді. Ғаламшар Марс пен Юпитер аралығындағы астероид белдеуінде Күнді айнала қозғалады. Сыртқы түрі бұрышты, ойлы-қырлы келген. Түсі қарасұр, немесе қара қоңырлау. Аспан денесінің көлемі шағын. Диаметрі шамамен он бір шақырымдай болады. Күнді айналып шығу мерзімі 3 жыл 4 ай.

Ғалымдар Халықаралық ғаламшар орталығынан алынған мәліметтерге сүйене отырып, жаңа ғаламшардың орбиталық элементтерін есептеп шығарды. Сөйтіп, оны Кіші планеталардың тізіміне енгізді. Сонымен, енді, міне, ғарыш төрінде Қ.И.Сәтбаев атындағы ғаламшар ұшып жүр.

175сөз, М.Сәрсекеев.


103 Ұлықбек Мұхаммед Тарағай

Ұлықбек - Орта Азияның ұлы астрономы және математигі. Султания қаласының маңында туған. Ақсақ Темірдің немересі, әйгілі астрономиялық мектепті ұйымдастырушы. Заманында теңдесі жоқ обсерваторияның негізін қалаушы.

Обсерваторияның жер болып кеткен қалдықтарын 1908 жылы археолог В.Л.Вяткин тапты. Ұлықбек обсерваториясының жұрты Шопан-ата деген жердің оңтүстігіндегі Көкек деген төбеде. Бұл Самарқандтан 4 шақырымдай жерде.

Сол заманда Ұлықбектің еркін ойы дін өкілдерінің наразылығын тудырды. Ол зұлымдықтың құрбаны болды.

Ұлықбектің маңына Руми Қазы Заде, Кәши, Құсшы т.б., ғалымдар топтасқан.

Ұлықбектің астрономиялық еңбектері ХҮІІІ ғасырдан бастап Еуропа елдеріне кеңінен мәлім болған. Жұлдыздар каталогы 1665 жылы Оксфордта басылып шықты.

Ұлықбектің негізгі еңбегі "Көрегеннің жаңа астрономиялық таблицалары" деп аталады. Бұл еңбек 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі уақытты есептеу әдістері мен күнтізбелер жүйесіне арналған. Екінші бөлімде астрономиялық есептеулер мен бақылау әдістемесі баяндалған. Үшінші бөлімде Күн мен ғаламшарлардың қозғалыстары айтылған. Төртінші бөлімде астрологиялық мәліметтер келтірілген. Кітапта 1018 жұлдыздың орны көрсетілген. Бұл еңбек Еуропа астрономдарына зор әсер еткен. Сондықтан 1650, 1652, 1665, 1767, 1843, 1879 жылдары Лондонда ағылшын тілінде, 1853, 1879 жылдары Парижде француз тілінде, 1917 жылы Вашингтонда ағылшын тілінде басылып шықты.

167 сөз, Энциклопедиядан


104 Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Көк түс ежелден Орталық Азияны мекендеген түркі халықтарының тарихымен тығыз байланысты.

Тулар тарихын зерттеген ғалымдардың айтуынша: қызыл ту - ерлік таныту, күрес, қауіп төндіру, бас көтеру, шу шығару деген түсініктерді білдіреді. Ақ ту- бейбітшілікті, бейбіт ниетті, жауға қарсыласпай беріліп, халықты қырылып кетуден аман сақтап қалуды білдірсе керек. Қара ту - қайғы, жоқтау, қарсылық білдірудің белгісі деп саналады. Түстердің діни мағынасы да бар екені белгілі.

Мәселен, мұсылмандар - жасыл түсті, христиандар - ақ түсті, будда дініндегілер - сарғыш қызыл түсті қасиетті деп есептейді.

Көк түс -адам баласы сүйсініп қабылдап жүрген бояулардың бірі. Бұл түске ертеден-ақ ерекше мән берілген. Өйткені, танып-білу тұрғысынан алғанда қызыл - оттың, жылу мен қанның; жасыл-иіөптің, өсімдіктің белгісі; қара - жердің, суыктың, қараңғылықтың; ақ - судың белгісі болып саналады. Ал көк түс - аспанның, ауа мен құрлықтың белгісіне теңестіріледі.

Алғашқы Түрік қағанаты құрылған ҮІ ғасырда-ақ көк түс ерекше мәнге ие болған. Түркі халқы көк шатыр тікті, ал басшылары көк түсті киім киген. Бұл ерекшелік бүгінгі қолданылып жүрген тілімізден де байқалады.

Тілімізде “көгеру”, “көктеу”, “көк шықты”, “көсегесі көгерер” деген сездер мен сөз тіркестері бар. Олар өмір сүру, жаңарып-жасару, өсу, гүлдену, мақсатқа, мұратқа жету дегенді білдіреді.

180 сөз, Е.Шаймерденов.


105 Суретші

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың орта шенінде бейнелеу өнері саласында еңбек еткен қазақ халқының шын мәніндегі тұңғыш суретшісі.

Күні кешeгe дейін өнер зерттеушілеріміз: “Қазақстан бейнелеу өнері төңкеріске дейін қолөнері бағытында ғaнa дамыды. Ол кезде қалыптасқан бейнелеу өнері болмады. Бұған көшпелі тұрмыс жағдайы мен “жан иесін салу-күнә” деген діни уағыздар кедергі жасап келді”, - деген тұжырымға барып жүрді. Халқымыздың ықылым заманнан бастау алған мәдениеті мен өнерінің шығу тегі, ұлттық сипаты мен дәстүрлік бағыты жөнінде мәселе көтерілген жоқ.

Шоқан мұралары ғасырдан астам мерзімнен соң өмірге қайта келді. Бұл жаңа бір дәуірдің бастамасы тәрізді танылды.

Ұлттық бейнелеу өнеріміздің мызғымас алтын діңгегі 1856 жылы 14 шілдеде теңіз деңгейінен 3268 метрлік биіктікте жатқан Саты асуының Күнгейінен ЬІстықкөлдің Түпке иек артқан қолтығы мен Теріскей Алатаудың сағымданған ақшулан шыңдарына қаран түрып, “Күнгей Алатаудан Теріскей Алатауға қарағандағы көрініс” атты өнер туындысымен қағылды. Қазақ бейнелеу өнері Шоқанның есімімен тікелей бекемделіп тұрғаны күмәнсіз.

Керуенді шай қайнатым уақытқа аялдатып қойып, қарлы шыңның салқын демі нәзік саусақтарын қарығандығына қарамастан, Саты асуынан Ыстықкөл асып, Теріскей бағытына қарағандағы қайталанбас, өткішні көріністі бейнелеген мезетте Шоқан не ойлады екен?

173 сөз, С.Мұқтарұлы.


106 Мамания мектебі

Ұлттық білім беру жүйесінде алатын орны айырықша, тарихи маңызы өте зор - Талдықорған өңірі, Ақсу жеріндегі “Мамания” медресесі 1899 жылы Қарағаш деген елді мекенде бой көтерді. Медресенің іргетасын қалаушылар -Жетісу елінің аса беделді зиялыларының бірі Қалқабайұлы Маман қажы болды. Маман қажының ұлдары Тұрысбек, Сейітбаттал. Есенғұлдардың болашаққа қағып кеткен асыл мұра, алтын діңгегі - “Мамания” медресесі - қазақ даласында білім нәрін сепкен оқу ордасы болды. Маман әулеті өз қаржыларына салдырып, “Мамания” медресесі деп атаған оқу орны 1909 жылы 8 сыныптық үлгіге жетті. Мектепте балалар тегін тамақпен, киіммен, оқу-құралдарымен, жатақханамен қамтамасыз етілді. Білім ордасына қазақ елінің әр түкпірінен, Ресейден білімді ұстаздар шақырылды. Мектепте есеп, жағрафия, физика, тарих, ана тілі, орыс тілі, еңбек пәндері және құран оқытылды. “Мамания” медресесінде дәріс алған шәкірттер қатарында қоғам қайраткері Біләл Сүлеев, дүлдүл ақын, поэзия құлагсрі атанған Ілияс Жансүгіровтердің есімі бар. “Мамания” мектебінің қанатын кең жаюына белгілі қоғам қайраткерлері Барлыбек Сырттанов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұхамеджан Сералин, Жақып Ақбаевтар өздерінің ақыл-кеңесімен ықпал етті.

Тұрысбск салған аға жолын інілері Сейітбаттал мен Есенғұл одан әрі жалғастыра берді.

1918-1919 жылдардағы дүрбелеңдерде мектеп үйі өртенеді. 1924 жылдан бастап мектеп қайтадан жұмыс істей бастайды.

1998 жылы мектепке өзінің тарихи аты “Мамания” қайтарылып берілді.

“Мамания” мектебінің 100 жылдық мерейтойы 1999 жылдың қоңыр күзінде тойланды.

209 сөз, Журналдан.


107 Тоныкөк дана

Елдің тыныштығын, азаматының амандығын ойлаған Білге қаған қытай императорымен тіл табысады. 722 жылы Білге Қағанды, Тоныкөкті, Күлтегінді Тайшан тауындағы тәңірге құрбан салатын асқа шақырады. Үш ұлы тұлға бара қалса, олардың аман қалмайтыны белгілі еді. Тоныкөк Білге қағанды пұтқа табынудан сақтандырып, «Түркі халқы қалың қытайдың құжынаған жұртының жүзден бір бөлігіне жетпейді. Қытайдың ықпалынан судың тұнығын, жердің шүйгінін іздеп, көшіп-қонып жүрген еркіндігің ғана құтқарады», -деді.

Тоныкөк дананың қай жылы көз жұмғаны белгісіз. Күлтегін 731 жылы жарық дүниемен қоштасты. Ал Білге қағанның түбіне күліп отырып, жыландай шағатын жымысқы император жетті. Ол Түркіден шыққан сатқын бекзаданы азғырып, 734 жылы Білге қағанға у беріп өлтірткізді. Өзегі өртеніп жатқан Білге қаған мұрагер ұлы Иоллыг тегінге: Сүттей ұйыған елімнің берекесін, мәйегін улаған сойқының тұқымын қалдырмай құрт. Өштік, аярлық тек қуалайды. Тағы да тоз-тозыңды шығарады. Алауыздықты, сатқындықты кешпе, ұлым! Қош! -деп барып көз жұмды.

Аярлығының ізін жабу үшін қытай императоры Білге қағанның қазасына көңіл айтуға елші жібереді. Иоллығ тегіннің аты тарихта қағандығымен емес, абыздығымен қалды. Ағасы Күлтегінге, әкесі Білге қағанға жоқтау жазып, тасқа бәдіздетті. Ол 739 жылы өз ажалынан өлді. Інісі Құтлығ-Білге таққа отырды.

180 сөз, Білге Тұрсын тегі.


108 Ширақ батыр

Сақтардың патшасы Тұмардың қолынан Кир патша қаза тапқаннан кейін, оның орнына Дарий отырады. Көп ұзамай, Кирдің кегін алу үшін ол да сақтарға қарай жорыққа аттанады.

Сонымен, Дарий қара құрттай қаптаған әскерімен Сырдария өзенінің бергі бетіне өтіп, шабуылға шықты. Сақ әскері сан жағынан аз еді. Ойсырай жеңіле бастағаннан кейін халқының тағдырын ойлаған Ширақ деген батыр ел- жұртына ’’Бүкіл ел қырылғанша, біріміз құрбан болайық”, -дейді.

Сөйтеді де, өзінің құлақ-мұрнын кесіп, Дарий патшаның алдынан шығады. “Өз елім мені қорлады. Енді сізге қызмет етемін”, -дейді. Бұған сеніп қалған Дарий Ширақты жолбасшы етіп, көшіп кеткен сақтардың “ізіне” түседі. Бірақ жеті күн, жеті түн жүрсе де, алдынан ешкім көрінбейді. Елсіз-күнсіз Қызыл құмның ішіне қамалады. Әскері қырыла бастайды. Бір бәленің болғанын сезген Дарийдың қолбасшысы Ширақты алқымға алады. Сонда Ширақ: ”Мен дегеніме жеттім, елді аман алып қалдым. Енді қолыңнан келгенінді істей бер!” - дейді.

Ол сонда ғана алданғанын түсініп, ызадан не қыларын білмей, Ширақтың басын қылышпен шауып түсіреді. Адамдары да, аты да қырылады. Сасқаны сондай, тәңірге жалбарынып: ’’Осыдан аман қалсам, енді сақтарға қарай аяқ баспаспын!» - деп ант береді. Сол кезде жаңбыр жауып, аз ғана әскерімен еліне қайтады. Сөйтіп, Ширақтың арқасында сақ даласы жауынан құтылады.

188 сөз, Т.Жұртбаев «Дулыға»


109 Қожа Ахмет Иассауи сағанасы

Ақсақ Темір жеңіске жетіп, көкірегіне жел толып отырған кезде мақтанатын: “Шыңғыс хан да мен тәрізді жаһангср, үлкен қолбасшы. Ол бұзушы, бүлдіруші, жүрген жерін талқандап кеткен адам. Ал мен болсам сол сияқты жаһангермін, жеңімпазбын. Алдымен берілмесе бұзамын, жеңіп алған соң қайтадан жасаймын. Жығылғанды тұрғызамын, құлағысы келмегенді жатқызамын. Мен қазір Шыңғыс хан талқандаған қалаларды қайта жасап, қайта тұрғызып жатырмын”. Оның мұнысында аздаған шындық та жоқ емес еді. Сәулетті сарайлар, бекіністер жасалды. Қожа Ахмет Иассауи сағанасы жедел салынды. Күйдірілген әдемі де кішкене қызыл кірпіш Сауран қаласында тұратын еңбеккерлер қолымен жасалды. Аңыз бойынша Иассыдан отыз-қырық шақырым жерден жеткізілген. Есептеп көріңіз, қырық шақырым жерге қанша мың адам қоюға болады? Ал осы сағанаға керекті қорғасынды, мысты, жезді Қаратау жерінен қазып, Қарнақта қорытып, қырық құлақты, қырық ту биенің еті сыятын қазаннан бастап, сағанаға керек темір заттардың бәрін жасады. Сағана құрылысына керекті ағаш Сыр бойынан Үшқайық деп аталатын жерден әзірленген. Ал мәрмәр тастар Самарқаннан түйеге теңдеп жеткізілген. Міне, осылайша шеберлер бірігіп жасаған зәулім сағана-ғимарат, көк күмбезді, алтындаған сары ала күмбезді ескерткіш Иассыда бой көтерді. Халық сәулетті сағанаға бас иіп, табына бастады.

172 сөз, С. Бақбергенов.


110 Нобель сыйлығы 1-бөлім

1896 жылдың 10 желтоқсанында әлемге әйгілі Альфред Нобель қайтыс болды.

Альфред Нобель сол кездегі талантты химик, полиглот, өте білімді адам ретінде танылған еді. Ол Лондондағы корольдік қоғамның және Щвеция Ғылым академиясының мүшесі болды.

Атақты ғалым дүние салардың алдында өсиет жазды. ”Мен төменде қол қойып отырған Альфред Бернхард Нобель, көп ойланып, мынадай шешімге келдім. Жыл сайын адамзат өміріне зор пайда келтіргендерге менің артымда қалған дүние-мүлкімнен өсім есебінде сыйлық беруді ұсынамын. Оны мүлтіксіз орындау өсиет қалдырған адамға тапсырылады.

Жиналған қор мына төмендегідей беске бөлінсін. Атап айтқанда, қордың бір бөлігі физика, екіншісі химия, үшіншісі медицина мен физиология саласыңда үздік жаңалық ашқандарға, төртінші сыйлық әдебиет саласында үздік шығарма жазғандарға, ал енді бір сыйлық бейбітшілік жолында еңбек сіңіргендерге берілсін. Менің ерекше өтінішім, сыйлықты тағайыңдағанда кандидаттарды ұлтына, нәсілдік жағына бөлмей, олардың еңбегін әділ тұрғыда бағаласа екен. Сыйлықты еңбегі сіңген көпшіліктің, халықтың құрметіне ие болғандарға ғана беру керек,- деген.

Альфред Нобель өз қолымен жазып қалдырған өсиетін орындауға жолдасы инженер Рангар Сульманды тағайындап кетті. Ол болса, өлген адамның аманатын орындау басты міндетім деп біліп, оны мүлтіксіз орындауға бар күш- жігерін салды. 170 сөз, «Жыл он екі ай»


111 Нобель сыйлығы қалай тағайындалды?

2-бөлім

Ұзаққа созылған айтыс-тартыс 1897 жылдың жазына дейін созылды. Өсиетті орындауға кепілдік алған Сульман нақты мәселелерді егжей-тегжейлі зерттей келіп, істің дұрыс шешілуін талап етті.

1900 жылдың 29 маусымында Швеция королі "Нобель қорының,, жарғысына қол қойды. Онда заң қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссия ғылыми мекемелердің өкілдерімен келісе отырып, Нобель қорының жұмыс тәртібін жасады.

Нобель қайтыс болғаннан кейін дүние-мүлкі түгелдей ақшаға айналдырылды. Оның жалпы сомасы 33 миллион крониан асып түсті. Комиссия марқұмның жеке басына, тағы да кейбір мақсаттарға 2 миллион крон жұмсаған, ал қалған ақшасы Нобель қорына кірді. 3 миллионға жуығы Нобель атындағы институттарды ұйымдастыруға, оның құрылысын салуға жұмсалып, ал қалған 28 миллион крон негізгі қорға айналды. Жыл сайын одан түскен өнімнің оннан бірі негізгі қорға қосымша табыс болып түсетіні белгіленді. Оның төрттен бірі сыйлықты тағайындауға байланысты шыққан шығынға жұмсалып, ал қалған бөлігі тендей беске бөлінді. Сыйлықтың көлемі түскен түсімге байланысты белгіленетін болып келісілді. Мысалы, 1967 жылы әр сыйлық 320 ООО крон болды.

Нобель сыйлығын тағайындайтын комитеттің құрамында 3-5 адам тұрақты жұмыс істейді.

Сыйлық бес жылда бір рет тағайындалады.

Нобель қорының алғашқы сыйлығы 1901 жылдың 10 желтоқсанында салтанатты жағдайда табыс етілді. Бұл кезде ұлы ғалымның қайтыс болғанына 5 жыл толған еді.

186 сөз, «Жыл он екі ай»


112 Халықаралық Нобель сыйлығын беру

Халықаралық Нобель сыйлығы - швед инженері, химик, өнертапқыш, өнеркәсіп қожасы Альфред Бернхард Нобельдің құрметіне тағайындалып, берілетін сыйлық.

Нобельдің өсиеті бойынша, өзі өлгеннен кейін оның капиталы Нобель қорын құрады.

Алғашқыда 33 миллионнан астам швед кроны болды. Осы қаржы акцияға, облигацияға, заемға айналдырылып, одан алынған түсім жыл сайын тепе-тең бес бөлікке бөлінеді. 1968 жылы Швецияның мемлекеттік банкі өзінің 300 жылдығына байланысты Нобельді есте қалдыру үшін экономикалық білімдер саласындағы жұмыстарға жыл сайын сыйлық беріп отыруды ұйғарды. Халықаралық Нобель сыйлығы Нобельдің бейнесі бар, аты жазылған алтын медаль мен диплом және Нобель қорына түсетін түсімге байланысты мөлшерде көрсетілген чектен тұрады. Әдетте 30 мыңнан 70 мың долларға дейін болады.

Нобельдің өсиеті бойынша Халықаралық Нобель сыйлығын Стокгольмдегі корольдің Королин медицина- хирургия институты және Стокгольмдегі ІІІвед академиясы береді.

Стокгольмдегі Корольдің Ғылым академиясы физика, химия, экономика саласы бойынша Халықаралық Нобель сыйлығын береді.

Стокгольмдегі Корольдің Королин медицина-хирургия институты медицина, физиология саласы бойынша Халықаралық Нобель сыйлығын береді.

Стокгольмдегі Швед академиясы әдебиет саласы бойынша Халықаралық Нобель сыйлығын береді.

Норвегиядағы Норвег парламентінің Нобельдік комитеті бейбітшілікті нығайту жөніндегі еңбегі үшін Халықаралық Нобель сыйлығын береді.

Халықаралық Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты 10 желтоқсанда Стокгольм мен Ослода өткізіледі. Сыйлықты 300-ден астам адам алды. Сыйлық өлген адамға берілмейді.

188 сөз, « Жыл он екі ай».


113 Ұлықбек Мұхаммед Тарағай

Ұлықбек 1394 жылы 22 наурызда туған. Ұлықбек жасынан-ақ зерек болды, кітап оқумен әуестенеді. Оны соғыс өнері қызықтырмады. 1409 жылы 15 жасар Ұлықбекті Самарқандтың әмірі деп жариялады. Бала патша әкімдікке көзінің қырымен қарады да, кітаптарын оқи берді. Ол мешітке намазға да бармайтын болды. Олар Ұлықбек Темірдің саясатын әрі жүргізеді, шапқыншылықты жалғастырады деп дәмеленді.

Ұлықбек өз төңірегіне көбінесе ақындар мен ғалымдарды жинады. Бұхар, Гиждуван, Самарқанд қалаларында медреселер ашты. Өзінің атақты обсерваториясын салдырды. Обсерваторияда аспанды бақылау жане соған байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Шапқыншылыққа үйренгендер Ұлықбектің бейбітшілік саясатын жақтырмады. Оны діннен безген деп айыптады. Өз әулетінен шыққан таққа таласушылар да соларға қосылды. Ақыры ұлы ғалым өмірмен өкінішті түрде қоштасты.

Самарқандта діншілердің жасырын сот мәжілісі болып, онда "Ұлықбекті өлтіру туралы үкім шығарды" (шежіреден). Үкімді орындау Аббас дегенге тапсырылды. Бұл зұлымдыққа Ұлықбектің ұлы Абдуллатиф та қатысты. 1449 жылы 27 қазанда Самарқанд пен Термез аралығындағы қара жоддың бойында ұлы ғалымды қылышпен шауып өлтірді. Абдуллатифті өз туыстары 1450 жылы көктемде өлтірді. Осыдан кейін Ұлыкбектің сүйегі Ақсақ Темірдің мавзолейіне қайта жерленді. Бұл мавзолей Орта Азиядағы аса көркем, құнды тарихи ескерткіш болып табылады.

173 сөз, Ысқақов.


114 Ұлықбек және оның обсерваториясы

Ол кезде, яғни ХҮ ғасырда Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбектің Самарқанд шаһарында билік құрып тұрған кезі болатын. Ол ғылымды дамытуға барынша мүмкіндік жасады. Айналасына ғалымдарды топтастырды. Аспан денелерін зерттеу үшін көлемі мен құрылым ерекшелігі көрген адамды таң қалдыратын обсерватория салғызды. Диаметрі 50 метрдей дөңгелене салынған ғимараттың биіктігі тоғыз қабат үймен пара-пар болған. Бірте-бірте жоғары айнала көтерілетін баспалдақ қабырғамен ұласып жатқан. Қабырғаның ішкі бетінде Ай мен Күннің, аспан денелерінің және Жердің бейнесі салынған суреттер мен кестелер орын алған. Бұл өз тұсында тендесі жоқ обсерватория болды. Сонымен бірге ғимарат ішінде аса бай кітапхана да болған.

Ұлыкбек обсерваториясында ұлы ғалыммен біргс он шақты астроном қызмет істеген. Олардың Ұлықбектен кейінгі дарындысы Әли Құсшы болған. Құсшы - саятшы, құсбегі, қыран ұстаушы деген сөз. Ұлықбек сейілге шыққанда лашынды осы Әли ұстаған. Сондықтан құсшы атанып кеткен Ұлықбек өлген соң "қажыға барам" деп Самарқандтан кетіп, Стамбулға орналасқан. Құсшы кестелердің бір данасын ала кеткен. Ол сонда тұрып, әуелде тәжік тілінде жазылған кітапты араб тіліне аударып, Ұлықбектің есімін ғылым тарихында мәңгі қалдырды. Құсшы 1474 жылы Түркияда қайтыс болған деседі. Кітаптың араб тіліндегі данасы Стамбулдағы белгілі Ая- София мешітінің кітапханасында сақталған. Ағылшындар содан алып аударған.

180 сөз,Ысқақов


115 Бірінші президент

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Арқаның бұрыңғы Семей губерниясы Ақкелін болысында 1899 жылы 30 наурызда (12 сәуір) дүниеге келген.

Қаныштың әкесі Имантай ақылды, терең ойлайтын кісі болыпты. Қаныш 1909 -1911 жылдары туған ауылында орыс-қазақ мектебінде оқиды. 1921 жылы Қаныш Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға түседі. Өз өмірін Қазақстан геологиясын зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат негізін жасауға, Қазақстанда индустрия алыптарын салуға арнады.

Ұлы Отан соғысы кезінде Қаныш Имантайұлы Сәтбаев одақтык өнеркәсіп орындарын шикізатпен қамтамасыз етуге көп еңбек етті.

Қ.И.Сәтпаев 1941 жылы Геология институтының директоры болып тағайындалды. 1942 жылы ’’Жезқазған кен байлығы,, еңбегі үшін Сталіндік сыйлық берілді, сол жылы ғылым докторы болды. 1946 жылы 1 маусымда Қазақ ССР Ғылым академиясының ашылуы республика өміріндегі аса көрнекті оқиға болды. Ғылым академиясының бірінші президенті болып аса көрнекті ғалым, СССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды.

Оның есімі өзі ұзақ жылдар жетекшілік еткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар институтына, Жезқазған қаласындағы Жезқазған кен- металлургия комбинатына, Кіші планетаға берілген. Қанекеңнің құрметіне Жетісу Алатауы жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ванадий кен орны рудаларында табылған ” Сатпаевит,, минералы, пАкадемик Сатпаев„ гладиолус гүлі аталды. Жезқазғанға жақын Сәтбаев атында қала бар.

193 сөз, Ж. Аханов.


116 Әбу Наср әл-Фараби

Әбу Наср әл-Фараби (870-950)-Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Оның мұсылманша толық аты-жөні Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Туған жері - Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар “Фараб” деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты-жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд Қашқари “Диуани лұғат ат-түрк” атты еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты - “Қарашоқы” деп көрсеткен. «Фap» деген сөздің мағынасы арабша “мол”, “көп” дегенге келсе. “аб” - су деген сөз. Сонда Фараб-көп әрі суы мол деген ұғымды білдіреді. Қаланың бұлай атануы тегін емес. Қала ол кезде судың нақ ортасында тұрған. Оңтүстік- батысынан өтетін Сырдария ол кезде бұдан он есе суы мол дария екен. Оған ондаған, жүздеген үлкенді-кіші езендер құйылған. Ең үлкен саласы - Арыс.

Әл-Фараби Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және баска тілдерді үйренеді.

Әл-Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай, “Қос Фараби” деп те атайды. Сондай-ақ, еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар-Бируни, Бозжани. Омар һайямдар да өздерін әл-Фарабидің шәкіттеріміз деп есептеген.

203 сөз, Ысқақов.


117 Қашқар сапарымыз туралы

Наурыздың 11-і күні бізді, қош айтысу үшін жиналған көп халық ақсақал үйінен аттандырып салды. Біз Қашқардан шығып, елге қарай сапар шектік. Керуенімізді Үстіңгі Артыш қыстағы мен Қытайдың Ислык бекетінің аралығында тұрған жерінде қуып жеттік. Сол жерде керуенімізді шекарадан шығарып салу үшін Хакімбектің бұйрығымен келген Артыштың жүзбегіне тап болдык. Әдетте, қарапайым керуеңдерге мұндай құрмет көрсетілмейді, ал біздің жөніміз бір басқа.

Керуеніміз бекеттен сегіз шақырымдай жерде, тауда түнеді. Келесі күні суы сарқылып, құрғап қалған бір өзеннің кең арнасымен батысқа қарай беттей отырып, Тойын өзенінің алабына шықтық. Сегіз күн дегенде жан- жағын биік тау қоршаған Шадыркөл атты қалың қар жамылған тау көлінің кең аңғарына шықтық. Мұнда өте суық екен.

Керуеніміз қалың қарға омбылап, зорға жылжып отырды да, көлден мұздың үстімен өтіп, бұл аңғарды солтүстік жағынан қоршап тұрған Тасрабат тауларына түнеді. Шадыркөлдің ені он шақырымдай да, ұзыны жиырма шақырымдай. Өзі недәуір биіктікте. Келесі күні Тасрабат тауларынан өтіп, Атбасы өзенінің кең әрі теп-тегіс алабына шығып, қос тіктік. Түйе керуені өту үшін Тасрабат асуының өте бір қауіпті жері бар: түсе берісіндегі жалғыз аяқ жол биік таудың дәл ернеуімен өтеді. Бірақ асудың өзі онша биік емес, біз бұл қауіпті жерге соқпай, суы қатып қалған өзен арқылы, тура мұздың үстімен жүрдік.

191 сөз, Ш.Уәлиханов.


118 Айша-бибі

Айша-бибі (ХІ-ХІІгғ) - Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалындығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы, скифтер заманынан бастап-ақ қазақтың қолөнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі.

Аңыз бойынша Айша Түркістанда жас батыр Караханмен кездеседі. Бірін-бірі ұнатқан екі жас, өмірлік серік болуға сөз байласады. Жаугершілік заманда тұс-тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айшаға баруға мүмкіндік болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша қыз Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба- әжені ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді.

Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтайды. Сүйіктісінің аулының төбесін көріп, көңілі жайланған Айша енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп-кеуіп, екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: “Айша, сен енді бибі болдың!” - деп үш рет айқалапты.

Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. 194 сөз, Журналдан.


119 Сарыарқа күзі

Сарыарқаның сары ала жапырақты күзі. Бұл кезенде жер бауырлап жатып алатын қорғасын бұлты да, көк иық етіп ұзақ жауатын жауыны да, бой жаздырмас ызғарлы суығы да, әзірше білінбей тұр. Оның орнына күзгі таңның хабаршысыңдай болып басталатын майда леп күн арқан бойы көтерілгенше толқи есіп, күй сазындай көңіл сергіте тербеумен болады. Күн көтеріле қоңыр күздің лебі елеусіз ғана тынады. Осы сәтте әбден бояуы қанған табиғат қыс түспей соңғы рет дәурен күйін шертіп қалғысы келгендей, малына құлпырады.

Осынау бір маужыр шақта табиғат шіркіннің бел баласындай болып, Қопалы күзегінде жалғыз қараша үй отыр еді. Күз реңімен ол да үндестік тауып, өзгеше бір сырлы, тылсым жұмбақтықпен мүлгиді. Сол жұмбақ қалпында іргеден басталған қалың қыртыс сары адырларға сұлу бетіндегі меңше жараса қалыпты. Сырт көзге сайын дала реңіндегі мұң сырдың жиынтығындай көрініп, еріксіз мойын бұрғызады.

Атасу өзенінің ұзына бойын сіресе жайлаған қойшылар қоңыр күздің демі біліне қыстауларына қарай шашырай көшіп еді. Үш ай жаз бойы сүлікше қадалған малдың нөпірі бұл өлкенің сонысып шайып, отын әбден сұйылтқан-ды. Сонсоң да бие баудың тебіні тозып, ат арқаны қалмаған малшылар аз күнде-ақ “әуп” десіп көшіп үлгерген. Осындай қалың дүрмек кезінде келіп шаңырақ көтерген Рақыман шалдың үйі болатын.

196 сөз, А.Сейдімбек.


120 Қызыл кітап

Жер бетіндегі хайуанаттар мен өсімдіктер миллиондаған жылдар бойы қалыптасады және баяу өзгереді. Ал жойылған биологиялық түрлерді қайта қалпына әкелу мүмкін емес. XIX ғасырда жер бетінен жануарлардың 10 түрі жойылып кеткен болса, XX ғасырдың 1-жартысында-ақ 40 түрі құрып кетті. Ал X ғасырдың басында Еуропа жерінде қаптап жүрген жабайы түр сиырының Польша жерінде ең соңғысы 1 627 жылы өліп біткен. Су сиырының тұқымы 1768 жылы құрып бітті. Су сиырының қаңқасы Харьков университетінің табиғат мұражайында сақтаулы тұр. ХҮШ ғасырға дейін дала зонасындағы жабайы жылқы тарпаңның соңғысы 1879 жылы құрып бітті. Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Осыған байланысты жануарларды қорғау мақсатында 1962 ж. Халықаралық табиғат ресурстарын қорғау одағы құрылды- Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, айырықша қорғау шараларын қолдануды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлері тіркелген арнайы кітапты ”Қызыл кітап,, деп атайды.

Алғашқы рет халықаралық Қызыл кітап 1966 жылы басылып шықты. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен есімдіктер түрлері екі топқа бөлінеді. А тобына жойылып кету қаупі бар түрлер, Б тобына сирек кездесетін түрлер тіркеледі.

1978 жылы Қазақстан Республикасының бірінші Қызыл кітабы, ал екінші Қызыл кітап 1981 жылы шықты.

174 сөз, Жыл он екі ай.


121 Олимпиада ойындары

Олимпиада тарихы әріде жатыр. Олимпиадалық ойындардың жүйеге түсуі 1894 жыл.

1894 жылы тұңғыш рет Парижде өткен халықаралық конгресте 34 мемлекеттің мақұлдауымен Халықаралық олимпиада комитеті құрылды. Осы комитеттің шешімімен 4 жылда бір peт олимпиадалық ойындар өтеді.

Бірінші олимпиадалық ойын 1896 жылы Греция астанасы Афинада өткен. Онда 8 спорттық ойын түрінен жарыс өтті. Бұл ойынға Еуропа мен Америка құрлығынан 13 мемлекет, 285 спортшы және он мындай көрермен қатысты. Содан бері жазғы олимпиада ойындары 27 рет өтті. Ал 1996 жылы 19 шілдеде Атлантада XXVI олимпиада ойындары өткізілді. Онда спорт қозғалысының 100 жылдығы аталып өтті.

Олимпиадалық ойын қалай өтеді? Олимпиада өткізуші мемлекеттің экономикасы күшті болуы керек, 10 000 спортшы, 5000 журналист және бір миллион көрермен қабылдап, қызмет көрсетуі қажет. Олимпиадалық ойынға өткізуші мемлекет халықаралық олимпиада комитетіне өтініш береді. ХОК және оның мүшелері дауыс беру жолымен олимпиада өтетін мемлекетті 7 жыл бұрын бекітеді. Ойынды өткізуші мемлекет 100 миллион АҚШ долларын кепілге кояды. Олимпиада дәл уақытында өткізілсе, кепіл ақша 7 миллиард АҚШ доллары болып өсімімен қайтарылады. Ал уақытында өткізілмесе, кепіл ақша қайтарылмайды, айып ретінде алынып қойылады. Комитеттің бекітуімен 2004 жылы шілдеде Греция астанасы Афинада XXVIII олимпиада өтті. Ал XXIX олимпиада Пекин қаласында өткізіледі.

187 сөз, журналдан.


122 Судың сұрауы бар

Біздің планетамызда су көп, әйтсе де сол судың қадірін білеміз бе? Жер шарының 60 %-да тұратын xaлық тұщы судың болмауынан немесе жетіспеуінен зардап шегеді. Грецияның Афины және Пиреяға жақын орналасқан аудандарында ауыз су жоқ. Оны алыстағы таулардан тасып ішкендіктен, су бұл жерде шараптан да қымбат. Хорватияның көптеген облыстарында судың әрбір тамшысы есептелінеді. Югославияның кейбір теңіз жағалауындағы аудандары мен аралдары кемемен жеткізілген тұщы суды пайдаланады. Кейбір жерлерде су автомашинамен, тіпті ұшақпен тасылады. Гонконг пен Сингапур тұщы суды көршілес Қытай мен Малайзиядан алады. Алжир елі бүтіндей дерлік ауыз суды тасып ішеді. Жаноп елінде де ауыз су өте көп еңбекпен келеді.

Соңғы онжылдықтарда ауыз су қиыншылығын көріп отырған аудандар қатарына әлемнің көптеген ірі қалалары да қосылып отыр. Мәселен, Нью-Иорк халқы да ауыз судың зардабын жақсы біледі. Қазір АҚШ-тың азық-түлік дүкендерінде шөлмекпен су сатылады. Судың сапасына қарай бағалары да әрқалай. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Су проблемасы аса маңызды проблеманың біріне айналатын күн де таяу. Жыл өткен сайын бұл ақиқатқа айналып келеді.

Суды еш нәрсемен алмастыруға болмайды, өйткені тірі организм сусыз тіршілік ете алмайды. Сонымен, ” Судың да сұрауы бар„ дейді халқымыз. Су қадірін біліп қой!

184 сөз, Газеттен.


123 Мұзтау

Мұзтау республикамыздың Алтай тауының төріне орналасқан. Қос шоқының шығыс жақтағы бір бөлігінің биіктігі 4506 метр де, батыстағы екіншісінікі 4435 метр.

Мұзтау!

Оның ашық болатын күндері сирек. Көбінесе ол бұлтпен тұмшаланып тұрады. Өлі тыныштықты бойына бұқтырып жатқан жұмбақ нүкте.

Мұзтау!

Өзінің болмысына жұмбақтықты, тылсымдықты, құпиялықты ұстап тұрған осы бір нүктеге әлемнің талай саяхатшылары таңданыс білдірген. Мәселен, XX ғасырдың басында атақты суретші Николай Рерих осы тау туралы: “Орталық Азияның кең - байтақ кеңістігіндегі Ұлы дала мен асқарлы Алтайдың шырқау щыңы - Мұзтау. Ғарыштан құдіретті қуат алатын жер бұл. Мынау ғаламдағы барлық әулиелердің аруақтары бас қосатын, киелі Шамбалдың қасиетті де ардақты елі ол,” - депті. Кейін мұнда ат басын бұрған ағылшын альпинисі Самюэль Тернер былай дейді: “Қарсы алдымнан сұлулығын суреттеуге тіл жетпейтін табиғаттың тамаша көрінісі ашылды. Мұндай мүмкіндікті көру адам өмірінде бір-ақ рет кездеседі. Санамдағы ойдың жылт етуі мұң екен, бастан өткерген қиындықтардың бәрі ұмытылды”.

Иә, бұл қасиетті, киелі орын. Ғылыми пайымдауларға қарағанда, ғарыш сәулелері мұнда сынбай, шашырамай, еш өзгеріссіз таза күйінде келіп жатады. Көктен келген қуат осы тау шыңына өзінің толыққанды күйінде келіп жетеді де, жер бетіне таралады.

175 сөз, О.Бөкеев.


124 Қозғалыс

Маусымның 28 күні мен Қапал қаласынан 30 шақырымдай келетін Қарамола деген жерде керуенге барып қосылдым. Бұл Семейде тұрушы азиялықтар жабдықтап, жолға салған жеті адамның меншікті керуені болатын. Оның жорық құрамында бір керуен басы, жеті приказчик, отыз төрт қызмет басшысы бар еді. Керуен басымен маслихаттасып алғаннан кейін мен Әлімбай атанып, әкем марғұландық, өзім Қоқан хандығының қол астына қарайтын кісімін деп таныстым. Керуен басының туысқаны есебінде мен өз алдыма бір бөлек керуен болып, дербес киіз үй алдым. Керуеншілер арасында алауыздық болмас үшін менің атым мен шыққан тегім оларға жария етілді.

Шілденің бірі күні керуеніміз жорыққа шықты да, жайымен жүре отырып, арада он қоналқа өткеннен кейін Іле өзенінің жағалауына жетті. Алтын Емел бекетіне дейін біз бекет жолымен жүрдік, бірақ бекеттің дәл өзіне жетпей, солға қарай бұрылып, Жақсы Алтын Емел асуы арқылы албан руының қырғыздары ұстап отырған Іле өткеліне келдік. Өткелден өткізу тәсілі шығыстың барлык жерінде бірдей. Қайықты суға түсірілген аттардың құйрығына байлап өткіздік. Тауарымызды өткізуге үш күн кетті. Керуеніміз шілденің 14 күні орнынан қозғалмай, құрбан айтты сол жерде мейрамдап өткіздік те, ертеңіне қозғалып кеттік.

Іле өзенінің жағалауынан әрі шыққан соң біз жеті күн дегенде барып, Қарқара мен Кеген өзендерінің жағасында отырған ұлы жүз қырғыздарының ішіндегі албан руының ауылдарына жеттік.

195 сөз, Ш.Уәлиханов.


125 Жылқышы

Еламан қарына ілген құрықты қолына алды. Үзеңгіге аяғын шіреп жіберіп, қар астындағы шөпті тұяғымен теуіп жеп, жайылып жатқан жылқыларға көз тастады. Шет жағында жүрген саяқ аттар шашырай түскенмен, орта тұсы тобын жазатын емес. Құнан, тайларын араларына алып, шоғырлана түсіпті. Тек мама биелер мен сары тіс сақа айғырлар күн райы бұзылғанын басқа жылқылардан бұрын сезді. Қара от-жусан мен изен борасын қар арасынан көрінбей кетті. Бораған қардың қиыршық қатты ұшқындары кірпігін сабалап, танауына, көзіне кіре бастады. Сонда ғана жел бетте жайылып жүрген мама биелер мен айғырлар жерден басын көтеріп, аузындағы үзіп алған шөбін шайнамай, құлағын тігіп, селтиіп тұрады.

Күн батар алдында жаяу борасын үдеп, жер-дүние қарауытып, түнере бастады. Еламан жылқылардың ық жағына шықты. Құла атты тырп еткізбей ұстады да, айқайлап жіберді. Осы жылқылардың жон арқасын шымырлатып қоя беретін ащы дауыс! Жылқылар дір етті. Алғашқыда қалай қарай қозғаларын білмей, отқа тойған бүйірлерін қағысып, опыр-топыр болды. Іле-шала қалың қарды күтір-күтір бұзған тұяқтар дүрсілдетіп шаба жөнелді. Күн батып, көз байланған-ды. Кенет ілгері қара түнек ішінен қос-қос шоқтар андыздап қоя берді. Алда келе жатқан шұбар айғыр осқырып, соңында шұбырған жылқыларға қарай шегіншектеп тоқтай қалды. Қалған жылқылар да енді бір басса, ұмар-жұмар құлайтындай опыр-топыр тоқтады. Шұбар айғыр жан даусы шыға азынап жібергенде бүкіл жылқы жалт беріп, кейін қарай шаба жөнелді.

Еламан атқа отырды.

207 сөз, Ә. Нұрпейісов.


126 Ғұмыр

Тас-түнек. Дала тым-тырс.

Қостың бұрыш-бұрышы қараңғы. Суық қостың бұрышында Ақан отыр. Майы таусылған сығырайманың жылан тіліндей болмашы қимылдаған қара түтін отына қарап мүлгиді. Анда-санда шытыр-шытыр еткен шам сөніп барады. Акан ара-тұра орнынан тұрып, басы күйе-күйе боп өше бастаған шуда жіптің бауырына қаздың жұқа тоң майын жылжытады. Жалғыз шырақ шытырлап барып, қайта маздайды.

Ақанның құлағы сыртта. Бағана ұялы қараща қаздар бір-бірімен сөйлескендей ұзақ қаңқылдасты. Содан соң жым болды.

Ақан бір кезде басын көтеріп алды. Қос көрпенің астында жатқан ЬІбан әлсіз қыңсыды. Не жылаған емес, не жалбарынып жалынған емес, адам түсінбес бір дыбыспен қиналған мылқау бала аязда табаны тоңып қыңсылаған жетім күшіктей ұзақ ыңырсып жатты. Әлден уақытта біреумен таласқандай өршелене былдырап, мағынасыз бірдемелерді айтып кетті. Ыбан көрпесін серпіп тастап, шошып оянды. Ақан ұлының қос иінінен басып, жатқызам десе де, ауру бала тырмысып көнбейді. Екі қолымен ауаны қарманып, көзі алақтап, сандырақтай береді.

-Құлыным, жатшы, жатшы, қазір дегеннен басқа Ақанда дәрмен жоқ. Денесі оттай күйген мылқау бала сөз ұқсын ба. Ыммен түсіндіретіндей жер емес. Қараңғы қос ішінде үстіндегі киімін жұлмалап, жан таласқан Ыбанда оны байқар ес те, ақыл да жоқ. Ақан не істерін білмей, сасқанынан сырқат баланы біресе кеудесіне басып, біресе көрпемен қымтап, «қазір» дей берді.

192 сөз, С.Жүнісов.


127 Ән құдіреті

Азынабай жеке тігілген ақ ордасында қымыз алдырып, тыныстап жатқан. Манадан ән шыққанда, елеңдеп отырған жандайшаптары азайып қалғанын енді байқады. Сол-ақ екен, кеудесіне қызғаныш еніп, шала бүлінді. Етті келген қара бұжыр бетте толқын жүгіріп, бітік көздерде ашуға мінгенде оралатын ызғарлы сес ойнап шыға келді.

Қазақ бәсекесіз жүре ме? Қарсыласының қара күшігі қаттырақ үрсе де, қағанағы қарс айырылатынннннн ашулы болыс жамбасының астынан шақшасын суырды. Тығынын бұрап ашып, қос шөкім насыбайды аузына тастап жіберді.

-Мына заржақтық қылғаны-ай! Әлден-ақ айналамды тақырлап жатыр. Ертең жандарал келгенде, шошайып қарақан қу басым қалсам, атақ-беделден жұрдай екен деп кетпей ме? Әй, кәпір, Жанбота-ай! Ырды-дырдумен алдап, атағынды өткізбексің ғой. Көрерміз. Сенің шаңырағыңнан өрген ән менің ордамда қалай құбылмас екен. Сенің артыңнан бұралқы иттей өріп келген заржақ неменді менің жылмаңдаған тазыдай қарғыбаулап жетектеп алғанымды да көрерсің,-дел ызалана түсті. Дауыстап поштабайды шақырды. Ашулы жүздің әр түгінен оқ атылғанын көргенде, көңіліне күдік аралас қорқыныш енген поштабай, ұстарамен сыпырған тықыр төбесін төмен тұқыртып, дағдылы әдетімен қаһарлы иесінен бұйрық күтіп, қыбырсыз қол қусырды.

-Әй, анау заржағың кім? Кімді басынады?

-Ол Біржан сал ғой. Атақты Біржан ғой, -деп, поштабай бір сәт басын көтеріп еді, болыстың зәрлі қарасынан тайсақтап, қайта тұқырды.

-Біржан болмақ түгіл құдай болса да, ұлуын тоқтатсын!-деді де, Азынабай қисайып кетті.

199 сөз, С.Сматаев.


128 Жетім мұңы

Әйет өзені бойының шұрайлы өрісінде тарыдай шашылып жайылған қой, ешкі, қозы, лақ мымырлап өріп жүр. Төбе үстінде бадырайған көзін тігіп, көкорай шалғында тас кенедей жабысып алған малды жіті бақылап жас бала отыр. Өңі сынық, жүзі жүдеу. Бұндайда айналаны әсем әуенге бөлеп тұрған табиғаттын, алуан түрлі үніне құлақ тосады. Бытпылдықтың быт-быттаған үні құлақ түбінен естіледі. Көгілдір аспанға дірілдетіп іліп қойған бозторғайдың қанат қағып, құбылтып шырқаған әні, жан- жағынан құлағына келетін шегірткенің шырылдауы бойын баурайды. Сағым ойнаған кең даланы, маужыраған тылсым дүниені caн құбылған сазбен тербеп тұрғандай сезіледі.

Елте, беріле тыңдап қалған баланың құлағына енді басқа әуендер талмаурап жететін сияқты. Әжесі Бойдастың күрсініп, толғана өлеңдетіп отыратын бейнесі көз алдына келе қалды. Әжесінің сан рет өзін әнге бөлеп, балауса көңілін жұбатқанын, бесік жырымен әлдилегенін есіне алды. Өлеңді нәрімен, нақыш-әнімен айтатын Көмек ақын көз алдына келеді.

Бақташы бала сезім жетегімен әжесінің әуеніне, ақынның, өлең ырғағына қосылып, ыңғылдан кеткендей еді, қой шетінің дүр еткені елең еткізіп, ойын су секендей етті. Бірақ, сол құлағына сіңген әуен ырғағы, мұң-шерлі әже сөзі, ақын болмысы текке кеткен жоқ, өмір бойы жадында жатталып қалды, жүрек түпкірінде сақталды, талабын жаныды.

Ол бала-Бейімбет Майлин еді.

Сол жетім бала ел қамын ойлап, жұртына сыйлы болды.

190 сөз, Т.Бейісқұлов. «Бейімбетті кім атты?»


129 Ақылбай Абайұлы Құнанбаев.

Ақылбай Ділдадан туған Абайдың тұңғыш баласы. Ақылбай дарынды домбырашы болған, өлең айтуды, шығаруды машық етеді. Оның жастық, махаббат тақырыбына жазған көптеген өлеңдері болған. 1895 жылы Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі, кейін 1904 жылы інісі Мағауияның қайтыс болуына шығарған жоқтауы да сақталған. Бірақ, негізінде, Ақылбайды дарынды ақын етіп танытқан оның белгілі поэмалары «Дағыстан», «Зулус», «Жанақ батыр». Бұл шығармалардың ішінен бізге толық жеткені тек «Дағыстан», ғана, «Зулус» поэмасының басы сақталса, «Жанақ батыр» түгелдей жоғалып кеткен.

Ақылбайға Абайдың тікелей әсері болғандықтан, жас ақын жаңа үлгіде романтикалық поэмалар жазуға ұмтылып, біраз еңбек еткен. Қасындағы жас талаптарға ұлы Абай үнемі қамқорлық жасап, ақыл айтып отырған, кейде оларға тақырыптар да ұсынған.

Ақылбай 1904 жылы Семей қаласында қайтыс болады. Оның бейіті Семей облысы, Абай ауданы, өз қыстауы - Тышқан бұлағының басында.

127 сөз, газеттен


130 Сара Тастанбекқызы

Сара 1878 жылы қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу өзенінің бойында дүниеге келген. Әкесі Тастанбек ағаштан шебер болған. Сара әкесінен жастай жетім қалады. Сара, бауыры Сакаримен бірге анасының тәрбиесін көреді. Әкесінің інісі Жайсанбек палуан оларға көмектеседі.

Сараның есімін қазаққа мәшһур еткен оның Біржан салмен айтысы. Бұл шығарма айтыс өнерінің алтын қорына қосылған қымбат қазына. Айтыс алғаш рет 1898 жылы Қазан қаласы жеке кітап болып шықты. Кейіннен де сан рет жарық көріп халықтың сүйікті шығармасына айналды.

Сараның бұдан басқа да айтыстары, төл шығармалары болған. Бірақ сақталып қалғаны аз.

«Жетісудың бұлбұлы» атанған қыз бұл шығармаларында әлеуметтік теңсіздік мәселелерін көтеріп, ел әкімдерінің озбырлығын суреттеген. Ақын Сара 1916 жылы 38 жасында дүние салды. Біз қазақ әдебиетінде ақын Сараның өлеңдерін өттік. Маған бұл өлеңдер өте ұнайды. Ақын Сараның дарынды ізбасары Әсия Беркенова Қостанайда тұрады.

126 сөз, газеттен


131 Қ.Сәтбаев.

Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері туралы біраз кітаптар бар.

Ғұмырнамасы әуелі орыс тілінде Мәскеуде шықты. Кейін сәл толықтырылып қазақша Алматыда шыққан. Бес томдық тандамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді.

«Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде «Сәтбаев» ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарын зерттеуге арналған.

Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. Түрлі қиыншылықтарға мұңаюды білмейтін. Үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең, дарынды. Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен. Қ.И.Сәтбаев құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың аталған. «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі, кіші планеталардың бірі. Жезқазған облысында қала аталған. Ұлы ғалым 1964, жылы 31 қаңтарда Мәскеу қаласында дүниеден қайтты.

Академик Қ.И.Сәтбаев Алматыда жерленген.

130 сөз, газеттен


132 Қаныш Сәтбаев.

Қуаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақ халқының ұлы ағартушысы -халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханұлы туралы біраз ізгі сезіммен жазған.

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев, ағартушы - педагог Ыбырай Алтынсариндер туралы да көптеген еңбектер жазған. Қазақ халқының ерте дәуірдегі және қазіргі кезеңдердегі тарихи даму жолы Қ.И.Сәтбаев «Абай Жолы» қазақ халқының он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы өмірі мен тұрмысының алуан қырларының шын мәніндегі энциклопедиясы деп атаған.

Қаныштың бір ерекшелігі — ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де және тарихшымен де, филологпен де өздерінің тілінде, ғылыми тілінде сөйлесе білген. Замандастары осынау ұлағатты тұлғаның өз өмірінде соншалықты көп істер тындырғандығына таң қалады.

106 сөз, журналдан


133 Халық ауыз әдебиеті.

Қазақтың халық ауыз әдебиетіне: ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, дастандар мен айтыстар жатады. Әр халықтың ауыз әдебиеті өте бай. Біз қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында мақал жаттаймыз, әңгімелейміз, жұмбақтарды шешеміз.

Сабақтарымызда ертегілерден үзінді оқып, оны аударамыз. Маған батырлар туралы аңыздар, ертегілер ұнайды. Мен Қобланды батыр сияқты болғым келеді. Ол нағыз батыр болған! Менің інім Қаңбақ шал, Алдаркөсе туралы ертегілерді оқып шықты. Ол Қаңбақ шалдың суретін ұқсатып салады. Біздің жанұямыз халық ауыз әдебиетін жақсы біледі. Кеше біз сабақ үстінде көптеген жұмбақтарды шештік. Өзіміз де жұмбақ құрастырдық. Мен көптеген жұмбақтарды жатқа білемін.

Досым Мәдина жұмбақ жинағын құрастырып жүр. Мәдина екеуміз айтыс өнерін де ұнатамыз. Ақындар айтыс кезінде көптеген мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды Біздің жерлесіміз, халық ақыны Әсия Беркенова айтыстарда мақал-мәтелдерді шеберлікпен қолданады.

115 сөз, газеттен


134 Гете сөздігі

Әлемдік әдебиетінің алыбы Иоган Волфганг Гете кейінгі ұрпағына ұланғайыр мұра қалдырған. Ол мұра - 143 томдық шығармасы 1887-1919 жылдары Веймарда толық басылып, жарық көрген еді. Осымен байланысты біртіндеп ғалымдар, тарихшылар, әдебиетшілер Гете тілінің бір тұтас сөздігін құрастырып шығаруды мақсат еткенді. Бұл жолда олар көптеген қиындықтарға кездесіп, орындалуы кешеулдей (созыла) берді.

Гете сөздігін жасау 1946 жылдан соң ғана түпкілікті қолға алынды. Әдебиетшілер, тіл білімінің мамандары Берлинде арнайы топ ұйымдастырып, табанды жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде Гете тілі сөздігінің бірінші томы баспадан шығып, бүкіл дүние жүзіне тарады. Қалған 79 томы 2000-ншы жылға дейін жарық көрмек.

Біздің елімізде де Гете сөздігін тіл мамандары, студенттер кеңінен пайдаланып жүр.

102 сөз, газеттен


135 Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы Орынбордағы мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітірді. Бірақ жасынан-ақ зерек Алтынсарин бұл мектептің оқу жүйесіне қанағаттанбайды, дүние жүзі әдебиеті классиктерінің- В.Шекспир, И.В.Гетенің, Байронның, Гогольдің, Ә.Фирдаусидің, І.Низамидің, Ә.Науаидің тағы басқалардың шығармаларын оқыды.

Ы.Алтынсарин өз халқын өте жоғары бағалаған, оны жан- тәнімен сүйген, халқының нағыз патриоты болған.

1860 Алтынсаринге қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуы тапсырылады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралдары болмайды.

Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ, Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап, халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін, біраз балаларды өз үйінде оқытады.

Алтынсарин өзінің ардақты борышы - балаларды оқыту деп түсінді.

Ы.Алтынсарин - әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы, әрі аудармашы және публицист. Әдебиет саласында негізгі еңбегі балаларға арналған.

Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.

128 сөз, газеттен


136 Балтатұмсық

Біздің Алатауда балтатұмсық дейтін кішкентай құс бар. Оны жұрттың бәрі біле бермейді. Өйткені балтатұмсықтың жазбен жұлдызы қарсы.

Жаз бар жерге ол жоламайды. Бар өмірін таудың қарлы, боранды жерінде өткізеді. Тек қыста ғана сырғып етекке түседі де, көктем лебі білінісімен, қайтадан биікке жөнеледі.

Балтатұмсықтың кеудесі мен басы қара қоңыр, бауыр жағы сарғыш көк болады. Балтатұмсықтың өмірін бақылай жүріп, мен бір нәрсеге қайран қалдым. Олар итмұрын бұтасына қонып алады да, ертеден кешке дейін тынымсыз, жемісін жеумен болады. Жай отырған бір қалпын көрмейсің.

...Мен дүрбімді бергі шеткі ең жақын балтатұмсыққа бағыттап, бақылаумен болдым. Ол бұтақтан үп-үлкен итмұрынды үзіп алды. Өткір тұмсығымен қақ бөліп жарды да, қардың үстіне қойды. Жарылған жемістің ішінен бидай дәнінің үлкендігіндей дәнді шоқып алды.

Күні бойы дамылсыз еңбектенгенде балтатұмсықтың қорық ететіні, міне, осы кішкентай дән екен ғой. Оның өзін де соншалық азаппен, қажырлы еңбекпен алып жейді.

138 сөз, Әлімқұл Буркітбаев


137 Ақын тұлғасын жасау

Роман жазам деген ойда жоқ шәкірт кезімде, атам Әуездің әңгімелерін ұзақ тыңдайтын едім. Ол Абайдан біраз жас үлкен еді. Құнанбай туралы да жақсы білетін. Абайдың алғашқы әйелі Ділдані де сол жылдары көрдім. Абайдан соң он жылдан кейн барып дүние салған, оның айнымас, азбас жары Әйгерім небір жағдайларды әңгімелеп берді.

Материал жинай жүріп, Абайдың достарымен, жаулармен де әңгімелесіп көрдім. Ізденудің арқасында болашақ қаһарманым туралы аса көп материал жинадым.

Бірте-бірте өз халқының көкірек көзі болған Абаймен бірге мен де сол халықтың жан-жүрегін ұғуға сол бір абзал қалпында ашып беруге, жайып салуға тырыстым. Жас Абайдың жалын атқан сезімі, жігіт ағасы болған. Абайдың толғаулы ойлары мен әрекеті, кәрілік, мендегең шақтағы халық қамқоры, халық ұстазы болған Абайдың тартысы мен қасіреті - міне, осының бәрі сол дәуірдегі халықтың да жаны мен жүрегін ұғуға бастайтын, жол еді.

Абай бейнесіне мен осындай ойлармен ден қойып едім.

136 сөз,журналдан


138 Манас

«Манас» - қырғыз халқының ауыр бір дәуірінің бейнелейтін батырлық дастан. Манасшылар -өте талантты, ауруақты жыршылар.

Манас - қырғыз халқының ең ержүрек, сүйікті батыры. Оның жорықтары мен бастан кешірген оқиғалары - эпостың негізгі тақырыбы. Эпоста Манастың өзгермейтін ұлылығы айырылмас, айнымас адал достары суреттелген. Сонымен қатар Манас батырдың опасыз, қанағатсыз дұшпандары да шебер бейнеленген. Манастың сүйікті жары Қаныкей -ақыл- парасаты келіскен жан.

Жырда көшпелі халықтың думан- сауықшыл, жарқын, жайдары мінездері әсерлі суреттелген.

«Манас» - бүкіл халықтың мұқалмас қуаты, ерлігі күшінің әсерленіп берген жиынтығы. Бұл дастан қырғыз фольклорының тамаша туындысы. «Манас» пен «Шахнама» кейіпкерлерінің тағдыры мен сипатында көптеген ұқсастық бар. Дастан көптеген халықтардың тіліне аударылған.

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында Манас батырдың ескерткіші бар.

107 сөз, журналдан


139 Ана тілі.

Әр халықтың өз ана тілі болады. Қазақ халқының ана тілі - қазақ тілі. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әқе-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан, кинотеатр мен театрлардан үйренеді.

Қазақ тілі - бай тіл. Ол - қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі болған «Алпамыс», «Ертарғын» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған. Халқымыз ертегілерге, мақал - мәтелдерге өте бай. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің де оқисың.

Қазақ тілі түркі тілдерінің тобына жатады. Түркі тілдерінің тобынан тараған халықтар бір-бірін еркін түсіне алады. Сол себепті бұл тілдер өзара туыстас тілдер болып есептеледі. Ал қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт тілдері бір-біріне өте жақын, өйткені бұлар жалпы түркі тілдерінің бір тармағы - қыпшақгноғай тобына жатады.

135 сөз,газеттен


140Ана тілі туралы

Ана тілің анаңның ақ сүтімен нәресте кезіңнен бойына сіңеді.

Тіл - халықтың байлығы. Мысалы, біздің қазақ халқы жер бетінде өмір сүріп келе жатқаннан бері басына кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз, ертегілері, шығарған жырлары табиғат пен қоғам құбыластарының атаулары, көрген-білгені, жалпы дүние жайындағы ұғым-түсініктері, ойы, сезімі - бәрі де ана тілімізде шығарылып, ана тілімізде дамып, атадан балаға мұра болып келеді. Демек, ана тіліміз - бүкіл қазақ халқының игілігі, байлығы. Ол халқымызбен бірге жасап, бірге дамып, ру тілі, тайпа тілі, ұлт тілі деген кезеңдерді басынан өткізіп, мемлекет тілі дәрежесіне көтеріліп отыр.

Тілімізді сақтап, дамыту - бәріміздің қасиетті міндетіміз. Ең алдымен қазақ қазақша, ана тілінде сөйлеуі, жаза білуі керек. Ана тіліміздің шұрайлы асылдарын, қуатты күшін жетік білу қажет.

114 сөз,журналдан


141 Жаңа Астана

Ақмола - Есіл өзенінің жағасында аққайрақ тастан әдемілеп жасаған мола (ескерткіш). Бесінші, алтыншы ғасыр бойы бұл маңда ерекше көзге түсіп тұрған. Содан бері сол әдемі-ақ мола сол өлкенің атына айналып, салынған қала да Ақмола деп аталып кеткен. Қала 1832-ші жылдан бері Ақмола деп аталып келеді. 1961-ші жылы Н.С.Хрущевтің ұсынысымен ол «Целиноград» аталды, 1996-шы жылдан бері «Ақмола» атын қайтарып алып, Республикамыздың жаңа астанасы болды.

Бұл қала да - ірі өндіріс және ауыл - шаруашылығы, мәдениет орталығы. Сонымен қатар ол - ірі астықты өлке.

1999 жылдан бастап, Ақмола Астана қаласына айналды. Қазір Астанада көптеген құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Болашақта Астана жер бетіндегі ең ірі астаналардың қатарына қосылады.

103 сөз, газеттен


142 Жұлдызшы

Қазақтар өз өмірінде, тұрмысында көк жүзіндегі жұлдыздарды көп пайдаланған. Соған байланысты олардың әрқайсысына ат қойған. Мысалы: Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Таразы, Шолпан т.б, санай берсе жүзден асады.

Міне осы жұлдыздарға ат қойып, сырын ашқан адамдарды халық жұлдызшылар дейді. Мұндай жұлдызшылар ежелгі түркі тайпалары мен қазақ арасынан көп шыққан. Олар жыл мезгілдерін, мал төлдеу, бие байлау, күзем алу, көктеуге, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу мерзімдерін көпшілікке айтып отырған.

Жұлдызшылар көшпенділер өмірінде елеулі роль атқарған. Кейбіреулері бал ашып, адамның болашағын болжаған. Жетіқарақшы сырт көзге шөміш сияқты болып көрінеді. Темірқазық - ең жарық жұлдыз. Қазақтар Шолпанды таң жұлдызы деп атайды. Жақсы көрген адамын «мандайымдағы Шолпаным», «Жарық жұлдызым» дейді.

Қазақ халқы ежелден - ақ Үркерге қарап уақыт белгілеген. Халқымыз Үркерден басқа жұлдыздар арқылы да мезгіл мен ауа райын ажырата алған.

124 сөз, газеттен


143 Тобыл

Тобыл - Қазақстанда Қостанай облысында және Ресейдің Қорған, Төмен облыстары жеріндегі өзен. Осымен аттас Төмен облысында қала, Қостанай облысында поселке және темір жол стансасы да бар.

«Тобыл» сөзінің алғашқы мағынасы, зерттеу жұмысы бұған дейін болған жоқ.

В.В.Радловтың айтуынша, телеуіт тілінде «Тобыл» сөзі-биік, айбынды мағыналарында көрінсе, қазақ тілінде «тазарту, жарып - өту бұзып өту» ұғымында қолданған.

Бұл өзенге құятын салалар да біршама баршылық. Тасыған кезде суы мол, сондықтан да жолындағы кедергіні бұзып өте берерліктей күші бар. Міне, осындай қасиеті үшін, «Тобыл» атауы берілген болса керек.

Тобыл өзенінің жағасында қазақтың біртуар ұлдары Ыбырай Алтынсарин , Бейімбет Майлин және тағы басқа ұды адамдар туған.

100 сөз, газеттен


144 Табиғатты қорғаңдар!

Табиғат- халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдадана отырып, қорғай да білуіміз қажет. Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты - саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдікті қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп айтады. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылады. 1974 жылы ашылған «Қызыл кітапта» сүт коректі жануарлардың 62 түрі тіркелді. Соның ішінде Қазақстанда тіршілік ететін 7 сүт корекгі жануар және 23 құстың түрі бар. Біз сабақта экология, табиғат қорғау туралы әңгімеледік. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ — табиғаттың оны айтар тілі жоқ, деп ақын жырлағандай, адам да табиғаттың баласы.

119 сөз, газеттен


145 Массаж туралы

Массаж - француз сөзінен шыққан. Ысқылау деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің түпкі тамырын араб тілінен алынған (арабша масс - жақындау, сипалау).

Осыдан 4000 жыл бұрын Египетте емдеу басталған, оның ішінде массаж да кірген. Оған айғақ 1841 жылы Египет қолбасышының табытының ішінен папирус жапырағына массаждың тәсілдері табылған.

Массаждың ең көне тұрі Берлинде үлкен мұражайда сақталған. Көз тарталық дүниенің ішінде, екі адамның бірін- бірі сипалап отырған көрінісі ерекше көзге түседі.

Ежелгі гректер массаж арқылы денеге әр түрлі майларды уқалап жағуды египеттіктерден үйренген екен. Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің атақты дәрігері Геродиокс. Оның оқушысы Гиппократ ауруларға массаждың илеу - жұмсарту - мыжу тәсілін кеңінен қолданады.

Массаж ертедегі Грециядан Ежелгі Римге өтеді. Дәрігер Акслепид массажды құрғақ және майлы, күшті және әлсіз деп әр түрге бөлген. Әбу Әли-ибн Сина (Авиценна) массаждың дамуына көп ықпал жасады.

Ол массаждың әр түрін талдап берді. Мысалы: күшті массаж денені қатайтады, әлсіз - босатады, ұзақ - адамды арықтатады, орташа - құлпыртады, даярлық - дене тәрбиесіне икемдейді.

143 сөз, газеттен


146 Бурабай

Бурабай - Көкшетаудағы әдемі көл. Суы тұщы және мөлдір. Көлдің ең терең жерінде жәндіктер мен балықтар айқын көрінеді. Көлдің айналасы - сыңсыған қарағайлы, қайынды орман. Көкшенің әйгілі шоқылары «Жұмбақтас», «Оқжетпес» көлді ерекше көрікті етіп тұрады. Сол себепті де жұрт оны «Қазақстан Швейцариясы» деп те атайды.

Көлде әр түрлі балықтар бар. Бурабай көлінің айналасында көптеген демалыс орындары орналасқан. Ол -таза ауасымен, қымызбен емдейтін ірі курорт. Бурабай табиғатының көркемдігі жөнінен әлем курорттарының ішінде ерекше орын алады.

Бурабай көлі туралы көптеген аңыздар бар. Көкшетаудың, Бурабайдың табиғаты туралы көптеген өлеңдер, эсселер, әңгімелер бар. Біз жанұямызбен жылда осы көлдің жағасында демаламыз.

95 сөз, газеттен


147 Қасиетті түркі елі

Баяғыда, балғын балалық шақта, ғажайып бір түс көрдім. Баймырза сайынан келген аппақ бұғы менің бетімді ып-ыстық ернімен аймалап, өзімен ілестіріп ала жөнелді. Табиғаттың сылқым еркесімен екеуміз Алтайдың бір шыңына көтерілдік.

Бұғы сонда: «Қарашы, сен қандай бақытқа, байлыққа иесің»,- дегендей болды.

Содан, мен қашан өсіп жетілгенше таудан тау кезіп өз бақытымды іздеумен болдым. Жабайы да таза қалпын сақтап қалған табиғатқа, шындарға көз тастай отырып, мен бұл оңірдің небір құпия сырды ішіне бүгіп жатқанын сезгендей едім.

Жылдар өте келе мен туған жерімнің әр қилы тарихы туралы хабардар болдым. Ал, бұғу менің бабаларымның рәмізі, тотемі екенін білгенімде таңырқап, танданбасқа шарам қалған жоқ. Менің бабаларым олардың бейнесін Алтай Шыңдарында таңбалап кеткен. Міне, мәселе қайда десеңізші! Сол бір аппақ бұғы менің меруерт, лағыл тасындай қымбат туған жерімнің бейнесі емес деп кім айта алады?

134 сөз, газеттен


148 Тоқылдақ

Жетісу - орман-тоғайға бай өлке. Ол ормандарда көптеген құстар мекендейді. Солардың бірі - тоқылдақ. Тоқылдақтың ұзындығы жиырма үш - жиырма бес сантиметр, салмағы жүз грамдай. Ол - ақ, қара, қызыл түсті әдемі құс.Қауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді. Мықты мүйзделген тұмсығы қашау ролін атқарады. Тоқылдақтың дене құрылысы ағашқа өрмелеп тіршілік етуге жақсы бейімделген. Ол орманның зиянкестерін құртып отырады. Тоқылдақтардың ұясының тереңдігі жиырма сегіз - отыз бес, аузының аумағы бес- алты сантиметр болады. Ұясын жиырма метрдей биік ағаштарға салады.

Тоқылдақ - орманның емшісі, көркі. Біздің тоғайларымызда да тоқылдақтар көп. Талай рет ағашта отырғанын, ұшып жүргенін көріп тамашаладық.

Тоқылдақ көптеген ертегілердің, өлеңдердің, кейіпкері.

97 сөз, газеттен


149 Сәлемдесе білеміз бе?

Есікті ашқан кісіге ең алдымен не деу керек? Әрине, сәлемдесу керек. Дұрыс. Жер шарын мекендейтін халықтардың бәрінде де сәлемдесу рәсімі бар. Тіпті кейбірі бірін-бірі көргенде белін бүгіп, төмен иіледі. Екіншісі маңдайын жерге тигізеді. Үшінші біреулер мұрынға мұрнын тигізеді. Тілін көрсетіп сәлемдесетін халықтар да бар. Ал сәлемдеспеу, сәлем алмау -қайсы халықта болмасын әдепсіздік деп есептелген.

Өйткені, сәлемдесу рәсімінде «Мен сізді көргеніме қуаныштымын. Өзіңізді сыйлаймын. Сізге барлық жақсылықты тілеймін. Денсаулығыңыз зор болсын» деген мағына жатыр. Демек амандасу жай нәрсе емес. Ол өз көңілінді, тілектестігінді- білдіру. Бірақ кімге қалай сәлемдесу керек, мәселе сонда. Әрқашан сәлемің түзу дұрыс болсын. Абай айтқандай: «Адам бір-біріне бұл өмірде - қонақ».

105 сөз, газеттен


150 Қыс хабаршысы

Қараша - қыстың хабаршысы. Бұл айда қара суық күшейеді. Су бетіне қабыршық мұз тұра бастайды. Күн қысқарады. Қою қараңғы түн ұзара бастайды. Тау басын қар басады. Қыстың ызғары күшеюге айналады. Қою бұлт қанатын жаяды. Ағаштардың жапырақтары солып, сарғайып жерге түседі. Тек қарағай ғана жап-жасыл. Гүдер мен шөптер солып жатыр. Оқушылар алғашқы тоқсан қортындысына әзірленеді. Олар сабақты жақсы үлгіріммен аяқтауға тырысады. Қылышын сүйретіп келе жаткан қыс сезіліп тұрады.

Қараша - алтын күздің соңғы айы. Адамдар енді қысқа дайындала бастады. Азық-түлік даярлап, жылы киімдерін киеді. Біз қысты да, күзді де жақсы көреміз.

Табиғаттың әр мезгілі өзінше көркем және қызық.

98 сөз,газеттен


151 Мұстафа Өзтүрік

Мен Мұстафа туралы алғаш Германиядан Келн қаласынан келген қазақ жігіті Ғаниден естідім. Ол Мұстафаның Түркияда өз мектебі бар екені туралы айтты. Бұл екі қалада таэквондо мектептерін Мұстафа өзі ашқан.

Бір күні: «Алматыға Мұстафа келіпті», деген хабар да жетті.

Міне таэквондо, каратэ өнерінің пайғамбары мюнхендік Мұстафа Өзтүрік алдымызда.

- Менің атым - Мұстафа. Түркия қазақтары бір-біріне лақап ат қояды. Өзтүрік деген солар берген есім. Руым - найман. Түркиядан Қытайға, Жапонияға, Кореяға, Тайванға оқу іздеп қаңғырдық... Таяквондоны сол Тайванда үйрендім. Қазір Мюнхенде тұрамын.

Мұстафа қазақ тілін өте жетік біледі. Ана тілін әке- шешесінен үйренген. Туған жерді сағынғанда ән де жазады. Көптеген фильмдерге түскен. Алты фильмнің басты ролінде ойнаған.

Мұстафа еліне алғашқы рет келгенде Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевқа ата дәстүр бойынша сәлем берді.

119 сөз, газеттен


152 Ақсұлу Орысбайқызы

Ақсұлу 1873 жылы Жітіқара ауданында туған. Ол ақ құба, бидай өңді, қынай белді, қиғаш қас, сүмбіл шаш - нағыз арудың бейнесі. Әкесі Орысбайдың шағын дәулеті болған. Ол жас күнінен сал-сері атанған. Ақсұлудың ұстазы Ақмолла - көзі ашық кісі болған. Қазақ, башқұрт, татар халықтарына ортақ атанған Ақмолла, қарағайдан қиып Желқуарға үш бөлмелі мектеп салғызған. Ұстаз Ақсұлудай зерек шәкірттеріне құран жаттатумен бірге орыс, араб, парсы тілдерін үйреткен, сонымен бірге өлең жазу теориясын да оқытқан.

Ел еркесі болып, ешкім бетін қақпай өскен ақылды қыздың өмірі ерлік пен өрілікке, өкініш пен өксікке толы.

Ақсұлудың баласы Құлматай Адаев өз анасы секілді ел қорғаны болған.

Қазақтан шыққан тұңғыш заңгерлердің бірі. Ақсұлу сөзі елдің құлағында, бейнесі халық жүрегінде.

110 сөз,газеттен


153 Қостанай атауы қайдан шыққан?

Қостанай ежелден қалыптасқан жер атауы. Ғасырлар бойы қалыптасқан ана тіліміздегі мән-мағынасы сақталған төл атау. Белгілі жазушы А.Сейдімбеков өзінің «Күмбір-күмбір- күмбездер» атты кітабында Асан-қайғы есімін осы өңірмен байланыстыра қарайды. Торғайдың шығыс бөлігінде орналасқан Ұлытаудың басында Асан-атаның бәйбішесі Тана-әже жерленген. Оның басындағы ескеркішті халық Ақмешіт деп атайды. Автор Қостанай қаласының аталуын да осы Тана- әженің құрметіне қойылған және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есімінен іздейді. Ал Асанның осы Тана-әжеден туған батыр ұлы Абат туралы аңызда айтылатын. Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.

Қостанай қаласының бұрынғы орнын, Тобыл жағасын Қыпшақ рулары қоныс қылған. Олай болса қала аты да қыпшақтың егіз қызының атымен аталған.

116 сөз,газеттен


154 Табиғатты қорғайық!

Табиғат қорғау ісіне өздерінің тіршілік әрекетімен көмектесетін жәндіктер де бар. Солардың бірі - кәдімгі еңбекқор құмырсқалар. Бүгінде олардың шаруашылыққа тигізетін пайдасы дәлелденіп отыр. Бау-бақша, орман-тоғайлардың жауы зиянкес жәндіктермен күресте бұл құмырсқалар орасан көмек көрсетуде. Мысалы, қарағай жібек құртының бір өзі тәулігіне алпыс қылқан жапырақ жеп бітіреді, ал олардың қалақ тобы мыңдаған гектар жасыл желекті құртып жібере алады.

Ал бір ғана құмырсқаның өзі жыл сайын жиырма миллиондай, ал жұптарымен жүз жиырма миллиондай жәндікті, жүз елу миллиондай жұлдыз-құртын құрта алады екен. Құмырсқа илеуінің «еңбекқорлары» бір күнде әр гектар орманның төрттен бір бөлігін зиянкестерден тазартып отырады.

Құмырсқаның емдік қасиеті де бар. Оның уы кейбір жұқпалы ауруды құрта алатыны тәжірибеде анықталады. Сондықтан бұл кішкентай жәндікті қорғау, көбейту мәселесі қолға алынып отыр.

122 сөз, газеттен


155 Наурыз

Наурыз - қазақша жыл басы. Наурыз күні - қазақ халқы наурыз қоже, наурыздама беретін күн.

Бірақ жыл басын наурыздан бастап санау жалғыз қазақтарда ғана, өзбектерде ғана емес, жер - жүзілік халықтың бәрінде де бар десек бекер болмас.

Наурызда күн мен түн теңеледі де, жылынады. Күздігуні суықтың ызғарынан өліп қалған табиғат аспаннан құйылған жылудың әсерімен қайтадан тіріледі. Қар ериді, көл бұзылады, өзен, сай тасиды, көк шығады.

Қазақ халқы-мал баққан шаруа халық. Қазақтың мал бағу шаруасы табиғаттың түрлі өзгеріс қалпына байланысты.

Наурыз айында қазақтың малы төлдейді. Бір малы шаруаның екеу болып, кіріс кіретін ай. Сол үшін қазақта наурыздың қадірі тағы да артығырақ.

«Наурыз» сөзі - парсы сөзі: - «нау» - жаңа, «руз» - жыл деген сөзден алынған.

110 сөз, газеттен


156 Күз

Тамыз айының аяқ кезінде күн салқындайды. Оны, әсіресе, таңертең ерте сезуге болады. Қырқүйекте кейде жеңіл аяздар да болып қалады. Ертеңгісін шөптер мен үй шатырына қырау түседі.

Дала барған сайын жалаңаштана береді. Гүлдер қурап, шөптер сола бастады. Ағаштардың жапырақтары түрлі түсті. Тек қарағай, шыршалар ғана жап -жасыл.

Күздік бидай даланы көркейтіп барқыттай жайқалып тұр. Уақытында бәрі де солады. Бірақ күздік егін үсілмейді. Ақша қардың астында кауіпсіз көктемге шейін жатады.

Жыл құстары жылы жаққа ұшып кетті. Адамдар құстармен қимай қоштасты. Көктемге дейін оларды сағынышпен күтеді.

Күз - жыл мезгілдерінің ең бір тамаша уақыты. Күзгі табиғат адамның көңіл күйіне де көп әсер етеді.

100 сөз,К.Д.Ушинскийден


157 Ана

Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр тіркесте бар. Ол - көркем, сүйкімді да ұлы сөз. Бесікте жатқан бала соны айтып былдырлайды. Оны жасөспірім мен шал да, боранмен алысып жүрген эвенк пен үндіс те қайталап айтады. Байлығы шалқыған үйден де, кедейдің лашығынан да осы құдіретті сөз естіледі. Даңққа бөленген артист әр уақытта анасын жадында сақтайды, әндерінде жырлайды, суретші оның бейнесін мәңгі қалдырады, сәулетші оны тастан қашайды.

Ана - барлық адамның және бүкіл дүниенің символы...

Ана баласын ол әйгілі немесе елеусіз болсын, король немесе қайыршы болсын - бәрібір сүйеді, ана үшін оның ешқандай мәні жоқ, ана үшін - бұл менің ұлым деген қарапайым да жоғары қастерлі бір - ақ ұғым бар. Ана одан басқа ештеңені білмейді.

111 сөз, Эквадор жазушысы Ф.Кампас


158 Жыл басы

Қай уақытта, қай халықта болса да жаңа жыл сол халықтың шаруа жағдайына қарай белгіленген. Европа жұрттарының бір жерінде жаңа жыл - бірінші қаңтарда, бір жерінде бірінші

қыркүйекте. Азияда жаңа жыл жазғытұрым, қазақ елінде - 22 наурызда. Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін әдеттері жасалмайды. Бар болғаны - ел бір- бірімен көрісіп: «Жасың құтты болсын!» - дейді. Жаңа жыл күні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма деп те болжау жасайды. Жаңа жыл күні қазақ әдетінше әр үйде қазан-қазан көже пісіреді. Бұл көже ішу-келе жатқан жазбен ұшырасып, қарсы алып, ас ішу ретінен аққа көшу.

Міне, қазақтың жаңа жылының барлық маңызы - шаруашылық маңыз. Қазақтың жаңа жылы - жазғытұры күн мен түннің теңелген күні (22 наурыз) болады. Жаңа жылдың ертеңіне жарық, жылы күні қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Бұл реттен қазақ жаңа жылы ғылым қойнына да барып кіріп қалады.

149 сөз,М.Жұмабаев


159 Бейімбет Майлин

Ұлттық әдебиетіміздің баршаға белгілі із ашарларының бірі Бейімбет Майлин. Заңғар жазушының шығармашылығын зерттеп, зерделеу кезінде мынадай үш нәрсеге көз жеткіздік: Бейімбет - тұңғиық екен! Бейімбет - жұмбақ екен! Бейімбетті әлі де дұрыс тани алмай жүр екенбіз. Бейімбет - өзі жырлаған заманның құрбаны, отыз жетінің ойранына ұшыраған асыл тұлғаның бірі.

Оның шығармалары отызыншы жылдары орынсыз шырғалаңға түсті. Бейімбеттің шығармашылық ғұмыры - халқының тарихымен тығыз байланысты. Бірақ, жүрегінің жалынын, жанының нұрын, қаламының қайратын жұмсаған қаншама шығармасы көз таса қалып келеді.

Бейімбет қаламынан туған шығармалардың бәрі бірдей бүгінгі күнге жеткен жоқ. Қазақ қаламгерлері үшін кезінде «әрі Пушкин, әрі Гоголь», атанған Бейімбет Майлиннің шығармашылық мұрасы туған елі үшін қасқалдақтың қанындай қымбат, үкілеп ұстайтын киелі дүние.

106 сөз, журналдан


160 Алатау

Алатау бүкіл Орта Азия мен Сібірді тұтас алып жатқан таулардан құралған. Оның шеті Тянь-Шань, екіншісі Алтай тауларына барып ұласады.

Тауды Күнкей және Теріскей Алатау деп атайды.

Таудың етегі жеміс ағаштары, төңірегі орман, жоталарына өрмелеп қарағай, шырша сияқты қылқанды ағаштар өседі. Алатаудың ең биік өркештерінде қысы жазы қар жатады. Осы қардан сарқыраған өзендер пайда болады. Таудың қойны арқар, таутеке, қарақұйрық, елік сияқты тағы аңдарға толы; барыс сияқты жыртқыш аңдар да кездеседі.

Бір сөзбен айтқанда: Алатаудың табиғаты аса көркем ерекше. Бір ғана Медеу мұз айдыны қандай сұлу. Бүкіл жерлердің спортшылары, мен артистері көріп, тамашалады. Алатаудың етегінде демалыс үйлер бар.

101 сөз, газеттен


161 «Адай» күйі

Қазақтың әрбір күйінің өзіндік тарихы бар. Дина Нурпейісова мен Охаб Қабиғожиннің айтуларынша, бұл күйдің тарихы мындай оқиғамен байланысты: Құрманғазы ел аралап жүріп Адай руының бір үйіне түседі. Үйде шал мен кемпірден бөтен ешкім жоқ екен. Күйшінің көзіне кереге басында ілулі тұрған домбыраға түседі. Ол домбыраны алып бұрауын өзгертіп қояды. Біраз уақыттан соң он алты, он жеті жасар шамасындағы қыз бала келіп, отырғандарға қарамай төрдегі домбырасына жармасады. Бұрауының өзгеріп қалғанын бірден сезген қыз: «Бүлдірген екенсің ғой»,— дегендей, Құрманғазыға қарайды да домбырасын ұсына қояды. Құрманғазы бір-екі күй тартқаннан кейін үйдегілер бұл өңірде Ақмаңдайдан өткен күйші жоқ еді, бұл кім болды екең, дегендей тандана қарайды.

Сұрастыра келе домбырашының қызылқұрт Құрманғазы екенін біліп, сый-құрмет жасайды. Сол Ақмаңдай қызбен күй тартысу үстінде осы «Адай» күйі шығыпты.

122 сөз, 3. Қоспақов


162 Пайдалы жануар

Жер бетінде пайдалы жануарлар көп. Жарқанат, үкі, бақа, кірпі де пайдалы жануар қатарына жатады. Мысалы, жарқанат бір түнде жүздеген қоңыздар мен инеліктерді жеп үлгіреді. Ал олар ағаштың жапырағын, өсімдіктердің тамырын бүлдіреді.

Үкі бір түнде он - он бес тышқан ұстап жейді. Тышқандар - егіннің бірінші жауы.

Бақа адамға зиянды маса, шіркей, қоңыз сияқты жәндіктерді жейді. Ал кірпі тышқанмен, улы жыланмен коректенеді.

Жарқанатты, үкіні, құрбақаны, көлбақаны және кірпіні қорғаңдар! Олар қашанда адамға көп пайда келтіреді. Табиғатты қорғайды. Олар бәрі де біздің досымыз. Пайдалы жануарларға қамқор болайық.

82 сөз, журналдан


163 Саяхат

Бір күні біз тауға достарымызбен бірге шықтық. Тау етегі жасыл желекке бөлінген. Қызыл, сары гүлдері көзді қызықтырады. Менің көз алдыма әжемнің үйіндегі гүлдер елестегендей болды. Менің әжем гүлдерді жақсы өсіреді, ұнатады. Мен де әжем сияқты барлық гүлдерді ұнатамын. Дала гүлдерді құшағымды толтыра жиып алдым. Маған әлі аз көрінеді. Достарым да гүл терді. Бір кезде бәріміз де шаршадық. Күн ысыды, жел жоқ. Су ішкіміз келді. Кешке қарай қарағай түбіне жиылдық. Қарағайдың бұтақтары жуан. Қайындарға сүйсіне қараймыз.

Ал қызыл гүлдерді алып ауылға қайттық. Саяхат өте көңілді өтті. Тау табиғатының көптеген тамаша, көркем өсімдіктерін көрдік.

Келесі демалыста тоғайға барамыз. Демалысымыз көңілді өтетініне сенеміз.

100 сөз, журналдан


164 Бата мен тілек

Бата мен тілек егіз қозыдай ұғым. Тілек дегеніміз - бата, бата - тілек. «Үйің құтты болсын», «Сапарың оң болсын». «Жақсы жатып жайлы тұрыңыз», деген тіркестерде бата да, тілек те бар.

Бата мен тілек - негізінен адам баласына жақсылық ойлау. Ол жас ұрпақты бірлікке, әділеттікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Бата ризашылық тілек-ниетінің көрінісі ретінде айтылады. Сапарға шығарда жанашыр үлкен адамнан бата алады: «Сапарың оң болсын, сәтті жол болсын, басыңа бақ қонсын, т.б.». Іштей тілеу әрбір адамның сеніміне де байланысты. Ол «құпияны» әркім біле бермейді, «Біреуге жамандық тілегенше, өзіңе амандық тіле» дейді қазақ мақалы. Бата беруді үйрену өмірге өте қажет. Мен бата бере аламын.

101 сөз, журналдан


165 Қазақстан

Қазақстан - егеменді ел. Халқының саны 16 миллионға жуық. Археологтардың айтуы бойынша, Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанның 14 облысында 126 ұлт өкілдері тұрады. Еуразия даласының кіндігінде орналасқан Қазақстан жерінің жалпы көлемі 2 миллион 700 мың шаршы шақырым. Ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша жер көлемі жағынан екінші, ал дүние жүзі бойынша алтыншы орынды алады. Қазақ даласы орман, дала, шөлейт, шөл, таулы аймақ болып бірнеше алқаптардан құралған.

Қазақстан Республикасының оңтүстік пен Солтүстігі, Батысы мен Шығысындағы табиғаты бір-біріне ұқсамайды. Республиканың оңтүстік аудандарында әр түрлі өсімдіктер өседі. Іле, Шу, Сырдарья өзендерінің мол суы - бұл аймақтың байлығы. Солтүстікте күн ыстық емес, жаңбыр жиі жауып тұрады. Қазақстанның солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі.

Қазақстан бұрын көшпенді ел болып, мал шаруашылығымен айналысқан. Бүгінгі Қазақстан ауыр индустриясы мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған, жоғары мәдениетті ел.

131 сөз,журналдан


166 Қыс

Желтоқсан - қыстың басы. Қыста күн қысқарып, түн ұзарады. Күн көзінің қызуы азаяды. Жер ақ мамыққа оранады. Өзен мен көлде қатады. Терең үйшіктерде жатқан жан- жануарларға аяз әсер ете алмайды. Олардың орны - жылы. Қардан суық өтпейді. Тіпті қар астындағы өсімдіктерге де суықтың зияны тимейді.

Кейде ұйтқып боран соғады. Ондайда сыртқа шығу қиын. Ашық күндері қар үстінде ойнау қандай жақсы! Аққала соғып, қар лақтырысасындар! Шанамен таудан сырғанап, шаңғы тебесіңдер. Биіктен төмен сырғанағанда, өзіңе қанат біткендей сезінесің! Көк мұздың үстінде коньки тебу қызық-ақ!

Қыс бірден түсе қоймайды. Өзен қатқан мезгілден бастап қыс түсті деп айтуға болады. Ал қыста күн суық болады. Сондықтан жоғары көтерілген бу бірден майда мұз түйірлеріне айналады. Онда мұз түйірі нәзік және үшкір болады. Олар бір- біріне жабысып, пішіні жұлдыз тәрізденеді. Сөйтіп қар болып жерге түседі.

Жылы күні жауған қар жабысқақ келеді. Ондай қарды домалатып ойнайды. Ал аязды күні түскен қар құрғақ болып жауады. Сондықтан бір - біріне жабыспай, қиыршықтанып тұрады.

154 сөз, журналдан


167 Ахмет Яссауи

Ахмет Яссауи - түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті ақыны, қазақ әдебиеті мен тіл тарихында ерекше орын алатын, есімі ислам әлеміне белгілі болған ойшыл қайраткері. Сол кезде кең тараған суфизм оқуының атақты ұстазы, насихаттаушысы болған. Ол жазбаларын өзінің ана тілі - түрікше жазған. Оның «Диуани хикмах» атты еңбегі түркі тілді халықтарға ортақ әдеби мұра.

Түркістандағы Ахмет Яссауиге салынған сағана - Ақсақ Темір заманынан қалған көне ескерткіш. Бұл - ең көлемді, теңдесі жоқ сәулет кешені. Ол Темірдің бұйрығымен, сол кезде Йасы деп аталған, қазіргі Түркістан қаласында 1396-1398 жылдары салына бастап XV ғасырдың бас кезінде аяқталған.

Ахмет Яссауи ескерткішінің ені 46,5 метр. Ұзындығы 62,5 метр. Кешенде отыз бес түрлі бөлме бар. Нақ ортасындағы басты бөлме «Қазандық» деп аталады. Ол бөлмеде алпыс шелек су сиятын салмағы екі тонна, диаметрі 2,4 метр үлкен қазан орнатылған. Аңыздардың айтуынша қазан жеті металдың қоспасынан құйылған.

136 сөз, журналдан


168 Әл-Фараби

Әбу Насыр Мұхамед ибн Тархан әл-Фараби - ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, лингвист, логик, музыка зерттеушісі. Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараб қаласында туған. Жиырма жасына дейін сонда оқып тәрбиеленіп, кейін Самарканд, Бухара, Хива мұсылман шығысының көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы Араб халифатының саясы, мәдени орталығы - Бағдатта тұрған. Арабтың мәдениеті мен ғылымы дәуірлеген шақта сонда оқып, білім алып, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Өмірінің соңғы жылдарын Каирда, Алеппода, Дамаскіде өткізген.

Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихында берік орын алады. Оны Шығыстың Аристотелі деп атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол: жүз алпысқа жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын қамтиді.

Әл-Фараби шығармаларының біздің заманымызға жеткені қырық шақты. Бұл туындылар әлемдегі әр түрлі елдің үлкен кітапханаларында сақталған және талай тілдерге аударылған. Осы бір асқан ғұлама данышпан бабамыз туралы аңыз да көп.

135 сөз, журналдан


169 «Тоғызқұмалақ»

Тоғызқұмалақ - қазақтың ұлттық ойны. Оны қырғыз, қарақалпақтар да ойнайды. Тоғызқұмалақты қейде қойшының алгебрасы дейді. Оның мәні бар. Өйткені бұл ойынды тұңғыш тапқан - қойшы.

Тоғызқұмалақ бұрын қойдың құмалағымен ойналған. Жерден тоғыз - тоғыздан шұңқыр, бір-бірден қазан қазып алып, әрқайсысы сексен бірден құмалақ алған. Оны қойшылар журелеп не малдас құрып отырып ойнайды екен. Бара-бара ойын қазақ арасына кең тарап, ұлттық ойынға айналған. Әншіл, сауықшыл қазақ халқы адамның ой-өрісін кеңітетін, ойша есептеуге төселдіретін, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулитын бұл тамаша ойынға бос уақытын көп бөліп, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізген. Тоғыз құмалақ ойыны қазір арнаулы тақтада бұршақпен ойналатын болды.

Бұл ойын - нағыз есеп ойыны. Мұнда есепке жүйрік адам ғана жеңеді. Тоғызқұмалақ та, шахмат сияқты, тапқырлықты, қиялдауды керек етеді. Өткен позицияны, не бір-екі жүрістен кейін қандай позиция болатынын есте сақтау, бағдарлау тек шебер, тәжірибелі, ауыз есепке жүйрік адамның ғана қолынан келеді.

140 сөз, журналдан


170 Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы - адамзат тарихындағы ең көне мерекелердің бірі.

Наурыз - дін мейрамы емес, тұрмыс, шаруашылық мейрамы. Наурыз - жыл басы. Наурыз айының 22-сінде күн мен түн теңеседі. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды. Қыдыр ата - адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көрінетін қиял-ғажайып персонаж.

Наурыз адамзатты еңбекке баулиды, тәлім-тәрбиелі болуға шақырады. Наурызды қарсы алу - бұл рухыңның көтерілуі , жан дүниеңнің тазаруы.

Наурыз - парсы тілінен аударғанда «жаңа күн не жаңа жыл» дегенді білдіреді. Бұл күнді ата-бабаларымыз жыл басы деп есептеп, мерекелік ас-наурыз көже әзірленген.

Бұл мерекені шығыстың көптеген халықтары тойлайды. Наурыз мейрамында шығыс халықтары соғысты тоқтатып, мемлекеттер уақытша татуласқан. Наурыз мейрамында адамдар ән айтып, көңіл көтереді, ренжіскендер татуласады.

1991 жылы наурыз айының 15-сінде Қазақстан Респубдикасы Президентінің жарлығымен наурыздың 22-сі бүкілхалықтық мереке, демалыс күні болып жарияланады.

132 сөз, журналдан


171 Шұбат

Шұбат түйе сүтінен ашытылады. Бұл - әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті де мол. Қыр елінде қымыз бен шұбаттан жазылмайтын ауру кемде-кем дейді. Шұбат - өкпе, асқазан, түрлі ішек ауруларына бірден-бір шипалы сусын.

Қымыз ашыту технологиясына қарағанда шұбатты ашыту оңай. Өйткені оны бір қорландырып алса, одан әрі аши береді. Оны қымыз секілді мезгіл-мезгіл пістіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берерде ғана шайқап-шайқап жіберсе, жетіп жатыр. Сонда шұбаттың көпіршігі жақсы араласады.

Шұбатты торсықта немесе ағаш күбіде ашытады. Осы ыдыстарда бір тәулік ішінде шұбат бабына келе бастайды. Торсықты көбінесе түйенің терісінен жасайды. Сабада баптаған қымыз секілді, торсықта ашытқан шұбаттың иісі аңқып, ерекше дәмді келеді.

Шұбаттың түсі қардай аппақ. Дәмі тіл үйріп, ішкен кісінің тынысын кеңейтіп, жанын рақатқа бөлейді.

Шұбат - ертеден келе жатқан сусын.

138 сөз, журналдан


172 Ақан сері

Ақанның шын аты - Ақжігіт. Ол Көкшетау қаласынан 70 шақырым жердегі Қоскөл деген жерде туған. Ақанның әкесі Қорамса бай, саудагер адам болған. Ақан 13 жасқа келгенше Бұқарадан оқып келген молдадан сабақ алып жүреді. Бірақ зерек Ақанға молданың оқуы ұнамайды. Ақан молдасымен бір шариғатқа таласады. «Маған қарсы келдің» деп оны молдасы ұрады. Ақан осыдан кейін оқумен қоштасып кете барады. Енді Ақанның серілік өмірі басталады.

Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт Ақанда бодады. Ауылдағы ойын - тойдың көркі - Ақан. Ол ауылдан 15-20 жігітті өзі тәрбиелеп, нүкер қылып алады. Ол жүргенде сол жігіттердің алдында қолбасыдай оқшау отырады. Ол біресе боз атқа мініп, ақ киген. Біресе қара атқа мініп, қара киген. Басында - бұлғақтаған үкі. Қолында - домбыра. Аузында -ән. Жігіттердің бәрі балуан, бәрі әнші. Бірақ Ақанның әні өзгеше.

Ақан Құлагер деген атты жүз сомға сатып алады. Енді елге Ақан мен Құлагердің аты бірге шығады.

145 сөз, журналдан


173 Мамандық

Мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен таңдап алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады. Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, журналист болу үшін оқу керек. Бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы болу үшін ондірісте істеу керек.

Бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады.

151 сөз, журналдан


174 Өсімдіктер әлемі

Біздің еліміз өсімдіктер дүниесіне өте бай. Қазақстанда өсетін өсімдіктердің көпшілігі халық шаруашылығында ертеден қолданылып келеді. Көбінесе оларды тамақ, киім-кешек, дәрі, бояу, әтір құрылыс материалдар тағы басқа шаруашылықтарға жиі пайдаланады. Қала мен ауылды жерлерде, жол бойына, су қоймаларының жиегіне отырғызылған неше түрлі гүлді бұталар мен жасыл желекті орман алқаптары елді мекендерге көрік береді. Олар ауаны түрлі газ, шаң-тозаңнан тазартып, адамзатқа күтіп-баптаумен шұғылданып келеді. Адам ақылы мен, еңбегінің барысында жабайы өсімдіктерден көптеген мәдени өсімдіктер шығады. Егіс даламыздағы бидай, жүгері, бұршақ, күнбағар, қант қызылшасы, бау-бақшамыздағы қауын, қарбыз, сәбіз, ал бақтарымыздағы алма, алмұрт, өрік, алхоры, шие мәдени өсімдіктерге жатады. Жер шарында бес жүз мыңға тарта өсімдіктердің ішінде ағаштың 66 түрі, бұталардың 600 түрі өседі. Жыл өткен сайын адамдар өсімдіктің жана түрлерін шығарып, оны тұрмыста кең қолдануда.

136 сөз, журналдан


175 Қараша күз белгісі

Қараша күз келді. Солтүстіктен ызғырық жел соғып тұр. Айдын беті қиқулаған құс. Көпті көрген сары тіс аңшы айдындағы құстар тобына аңыра қарап, дүниенің басқа бір қызығын тамашалап кетіп еді. Өзі құс ату саятына көп шықпаса да, қаз - үйрекке қаршыға, ителгі салғанды, бөдене мен шүрегейге қырғи мен күкентай салғанды талай-талай тамашалаған. Ол ғана емес, құстар дүниесі, олардың өмірі, әсіресе, ұзақ-ұзақ сапарлары, жолдары Қамбарбек жанының құпиялы ғашығы, ынтызары еді. Міне, бүгін де күн шықпай шығыстан сәуле көтерілген сайын құстардан тыныштық кете бастады. Олар тагы да ұзақ сапарға тартпақ. Ең алдымен көл бетіндегі аққулар тобы, сапарға шыққан ұшақтардың моторын қыздырғаны сияқты, қанаттарымен көл толқындарын сабалап, бірін-бірі қуып, қанат - топшысын қыздыра бастады. Аққулардың ұшуға әзірлігін сезгендей, қаздар мен үйректер де киқу сап, ұрандасып өз тобын жинап жатты. Әсіресе , күздің ең суығын ала келетін қараша қаздар да сапарға әзірленіп, қым- қиғаш киқу мен қанқылға басты.

142 сөз,С.Бақбергенов


176 Сақина

Сақина - саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болады. Бетіне көбінесе тас қондырылмайды.

Ертеде халқымыз ас адал болу үшін әйелдің қолына міндетті түрде сақина я жүзік болуы керек деп санаған. Тіліміздегі: «Сақинаны сәнге салмайды, ол тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас» дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді. Нәрестені қырқынан шығарғанда, оны шомылдыратын суға алтын не күміс сақина немесе білезік салу дәстүрі оларды оған қатысып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестіру үшін ғана емес, осындай асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан сияқты. Тілімізде сақинаға қатысты бірсыпыра атаулар бар: Ақық сақина - кішкентай ақық қондырған сақина; Алтын сақина - таза алтыннан соғылған сақина; Балдақ сақина - сақинаның саусақ үстіне қарайтын жағы төртбұрыш болып келетін түрі; Бұрма сақина - алтын, күмісті есіп жасайтын сақина; Жез сақина - саусаққа салу үшін ғана емес, қамшы, найза, пышақ, қылыш сабын бекіту үшін жасалған мыс шығыршық; Күміс сақина - таза күмістен соққан сақина; Құсмұрын сақина - үсті доңестеу келген сақинаның түрі; Моншақ сақина - моншақ қондырған сақина; Неке сақина - жас жұбайлардың үйлену тойында бір-біріне сыйлаған сақинасы.

186 сөз, журналдан


177 Орман

Табиғат сәні - орман - тоғайлар. Адам өмірінде орманның маңызы зор. Олардың маңызы тек құрылыс материалдарымен шектеліп қалмайды.

Орман өзен мен көлдердегі судың мөлшерін реттеп отырушы. Ондағы өсімдіктер топырақтарын ретсіз бұзылуынан және бүлініп кетуінен сақтайды. Орманның тазалық және тәрбиелік мәні де зор. Сонымен бірге аң мен құстардың таңдаулы мекені. Қалада және ауылды жерлерде, жол бойында, су қоймаларының жиегінде отырғызылған жасыл желекті орман алқаптары елді мекенге көрік беріп қана қоймай, олар ауаны түрлі газ, шаң -тозаңнан сақтайд. Жасыл желек көп болса, денсаулыққа да жақсы, өсімдікке де ықпалы зор.

Табиғи орман, тоғайлар, қолдан отырғызылған орман алқаптары, жол бойындағы көшелердегі жасыл ағаштар мен алуан түрлі гүлді өсімдіктер осылардың бәрі де біздің жасыл достарымыз, жасыл сақшылар. Сондықтан әрбір оқушының ағаштарды мұқият сактап, оны ретсіз сындырушыларға жол бермей, табиғатты қорғауға белсене қатыса білуі шарт.

129 сөз, журналдан


178 Табиғатқа жақын бол

Адамға тән бір қасиет - өзін қоршаған табиғатты өзгертіп, бағындырып алғысы келуі. Өкінішке орай, сөйтіп арпалысып жүргенде табиғаттан қол үзіп қалғанын бір-ақ біледі. Өзіне жат жасанды ортаға түсіп, өмірін қысқартатын, жан-жақты тарылтатын жайға кездеседі.

Техниканың дамуы, өндіріс пен шаруашылықтың механикаландырылуы адам еңбегін жеңілдеткені рас. Әйтсе де соның нәтижесінде табиғаттан қол үзіп кеткені анық. Сондықтан қалай да уақыт тауып сол табиғатты тамашалау бір ғанибет. Ол күні бойы ез болып шаршаған нерв жүйесін қалпына келтіреді, адамды тынықтырып, бойға күш қосады.

Таза ауада бала кезде ойнаған ойындардың бір-екі түрін қайталаса, жастық шақ қайта оралғандай болады. Тіпті жай ғана серуендеп жүрудің өзі өте тиімді екені көптен көп насихатталуда. Әсіресе, дәрілік шөптерді, гүлдерді, дала жеміс - жидектерін теру үлкен ғанибет.

116 сөз, журналдан


179 Александр Блок

Александр Блок - ұлы орыс әдебиетіндегі ең күрделі тұлға. Тұлға ғана емес, ең күрделі құбылыс.

Ақын творчествосын түбегейлі зерттеген орыстың үлкен әдебиетші ғалымы Владимир Орлов. Ол Александр Блокты гамаюнға теңеп, осы аттас кітап жазды. Гамаюн - көне орыс әдебиетінде көп жырлаған ғажайып ертегі құс. Виктор Васнецовтың қыл қаламынан шыққан көркем суретте гамаюнның басы - адамның басы да, денесі құстың денесі. Аңыздың айтуынша, гамаюн - болашақты болжағыш пайғамбар - құс, адам - құс. Міне, осы суретке қарап отырып Александр Блок 1899 жылы жиырма үшінші ақпанда, он тоғыз жасында «Пайғамбар құс гамаюн» атты өлең шығарыпты. Иә, В.Орлов айтқандай, гамаюн десең гамаюн. А.Блокта ұлы Россияның ертеңі мен болашағын алдын ала болжай білген, кемеңгер ақын.

Ақын, алдымен, өз елінің, өз заманының ақыны. Белгілі бір халықтың, белгілі бір дәуірдің рухани айнасы. Әрине, нағыз Блокты білу үшін оны тек қана түп - нұсқадан оқыған дұрыс. Ақындығын ұғу үшін - оның заманын ұғу керек.

Александр Блок шығармалары қазақ тіліне аударылып жүр. Бұл салада белгілі қазақ ақындары, тежірибелі аудармашы азаматтар келелі жұмыс істеп жүр.

159 сөз,Қадыр Мырзалиев


180 Жапония

Жапония Азияның Тынық мұхитқа тірелетін жағалауының шығыс жағындағы аралдарында, күн елінде орналасқан. Олай аталатын себебі күн шығатын жақта жатқанынан болуы керек. Бұл елдің жалауында Күн бейнеленген. Елтаңбасындағы алтын хризантема - күннің символы.

Жапония - негізінен жылы әрі күншуақты ел, алайда оның климаты әжептәуір ылғалды болады.

Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтыдан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы - Фудзияма. Ол сөнген жанартау. Фудзияманы жапондар киелі тау деп есептейді.

Жапонияның астанасы - Токио, ол дүниежүзіндегі ең үлкен қаланың бірі. Онда 11,7 млн. адам тұрады.

Жапондардың тұрмыс - тіршілігінде Еуропаға ұқсамайтын өзіндік салт мол сақталған.

Жапон өнері, әсіресе, бейнелеу өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар - сәнді гүлшоғын өте шебер жасайтын халық.

112 сөз, газеттен


181 Қайын

Қайың туралы ән мен жыр да, сурет те көп.

Қайың - сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік болады.

Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара да өседі, дегенмен көп ретте орман болып тұрады. Жазғы жап - жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы ғажап сурет.

Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері сырға тәріздес болып келеді. Қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде Қыркүйек айы туады.

Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірлейді. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан саңырауқұлақ пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды. Қайыңнан фанер дайындап, үй жиһазын жасайды.

104 сөз, журналдан


182 Аққу

Аққу - өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген.

Аққу әнші құстардың қатарына жатпайды.

Сәуір айының көгілдір аспанында үлкен ақшаңқан құстардың сұлу мойынын соза тастап, қанатын баяу сермеп бара жатуы - естен кетпес ғажап сурет. Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру - одан да сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай жеңіл жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді. Аққудың әрбір қимылы: артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды өбін, қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көтерілуі - бұл бір қайталанбас әсем көрініс. Аққулар - табиғаттың аса ғажап және сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.

120 сөз, журналдан


183 Қонақ күту

Қонақ күту -қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйшілерді шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Бар тәттісін, жақсысын қонағына арнап, сыбаға сақтап отырған. Сыйлы қонаққа ет асқан. Қазақтың дастарқаны кімді де таңғалдыратыны анық.Қонақты жақсы қарсы алған үй туралы «мырза үй», ал қонақты дұрыс қарсы алмаған үйді «сараң» дейді.

Осы дәстүр қазір де бар. Шетелден келген қонақтар «Қазақ халқы - қонақжай халық» деп бекер айтпаған.

86 сөз, журналдан


184 Қостанай-астықты өлке

Қостанай -астығы мол өлке. Республикамыздағы астықтың жартысынан көбі осында өндіріледі. Бұл жерде темір, асбест,боксит кен орындары бар. Қазақстанның солтүстік облыстары ішінде Қостанай облысы - аумағы мен халық саны жағынан ең үлкені. Ол Ресей Федерациясының үш облысымен шектеседі. Облыс аумағы жүз тоқсан алты мың шаршы шақырым жерді алып жатыр.Облыс құрамында он төрт аудан бар. Облыстың әкімшілік орталығы -Қостанай қаласы, оның негізі бір мың сегіз жүз жетпіс тоғызыншы жылы қаланған. Қазақстанның солтүстік - батысында, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан. Бүгінгі күні Қостанай - Қазақстанның ең гүлденген, өзіндік ерекшелігі бар, төлтума облыс орталықтарының бірі. Қала, негізінен, жеңіл және тамақ өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Мұнда көлік, ауылшаруашылық техникаларын жөндеу зауыттары, сапалы астықтың мол қорын өңдеу және сақтау орындары бар.

112 сөз, журналдан



185 Қостанай қаласы

Қостанай қаласы- Қостанай облысының орталығы. Қазақстанның солтүстік-батысында, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан.

Қостанайдың іргесі 1879 жылы қаланған. Осы жылы Орынбордан мыңнан астам адамдар көшіп келді. Елді мекен басында Ново-Николаевск, кейін Қостанай деп аталды. Ол 1936 жылдан бастап облыс орталығы болды. Қала, негізінен, жеңіл және тамақ өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Мұнда көлік, ауылшаруашылық техникаларын жөндеу зауыттары, жиһаз фабрикасы, баспахана , құрылыс орындары бар. Қалада ғылыми-жобалау мекемелері, жоғары оқу орындары, мектептер, кітапханалар, балабақшалар, театрлар, мұражайлар салынған.

Қостанайда ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин мүсіні ерекше әсер береді.

89 сөз, газеттен


186 Арал

Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан Әмудария, Сырдария өзендері 60-жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап жылына орта есеппен 4 текше шақырым су беріп келеді. Ал теңізге қажетті ылғалды беру үшін кемінде жылына 40-45 текше шақырым су керек. Аралдың бұрыңғы 66 000 шаршы шақырым су айдынынан қазір шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр. Теңіз суы жағадан кейін қарай ондаған шақырымға шегініп, теңіз табанының көптеген жері сусыз қалған. Жергілікті халықтың арасында қатерлі ісік, сүзек сияқты түрлі жұқпалы аурулар таралуда.

Арал теңізінің қасіреті бүкіл елдің, бүкіл әлемнің түйткілі болып отыр. Теңіз табанынан ұшқан аса қауіпті тұзды шаңдарды жел Атлант мұхитына, Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін жеткізгені байқалған. Құрып бара жатқан Аралға қамқорлық әрбір азаматтың, еліміздің, тіпті бүкіл әлемнің борышы.































Мазмұны

№1. Аса білімді адам.

№2. Атыраудың алтын адамы.

№3. Аналар мерекесі.

№4. Атақаз.

№5. Еркелік.

№6. Ерланның кірпісі.

№7. Тассу бұлағы.

№8. Қашқындар.

№9. Абайдың сүйікті ұлы.

№10. Жануарлардың қысқы ұйқысы.

№11. Ана.

№12. Оранжерея.

№13. Террариум.

№14. Қына.

№15. Қорық.

№16. Су қадірін білеміз бе?

№17. Алғыс.

№18. Алоэ.

№19. Самарқанның көк тасы.

№20. Тимирязев.

№21. Атасы мен немересі.

№22. Аю және бөрене.

№23. Торғайға орнатылған ескерткіш.

№24. Бәйшешек.

№25. Өсімдіктер қыста тіршілік ете ме?

№26. Күзгі түн.

№27. Бақыт.

№28. Алмату қаласы.

№29. Әнші құм.

№30. Найман хандығы.

№31. Ұлы күйші.

№32. Сарыарқа.

№33. Көкейкесті.

№34. Домбыра.

№35. Шәкәрім Құдайбердіұлы.

№36. Бетховен Людвиг

№37. Пифагор.

№38. Табиғат жанын аялайық.

№39. Орманда.

№40. Кесіртке.

№41. Қарақұрт.

№42. Араша.

№43. Қу қарға.

№44. Белгі.

№45. Қоян өзің қалай қорғайды.

№46. Өжет құмырсқа.

№47. Темекі.

№48. Шай.

№49. Аязда.

№50. Олимпиада ойындары.

№51. Сөз қадірін білген халық

№52. Ән.

№53. Еділ патша.

№54. Абылай.

№55. Сұлтан аз-Захир Бейбарыс.

№56. Шұға.

№57. Қасқыр қуу.

№58. Аңшылық-тіршілік көзі.

№59. Жылқы неге дірілдейді?

№60. Алатау шалғынында.

№61. Күн гүлі.

№62. Құндыз бөрік.

№63. Ақша.

№64. Латын жазуының тарихы.

№65. Тундрада.

№66. Шөл далада.

№67. Арпалыс.

№68. Орман «бағбаны».

№69. Дәрмене.

№70. Қыс суреті.

№71. Мың жасаған құзғын.

№72. Аспандағы қазына.

№73. Қыс.

№74. Шай –ежелгі сусын.

№75. Алтын адам.

№76. Ханшайымның оралуы.

№77. Тарихи ғажайыптар.

№78. Қарғалы кеніші.

№79. Берел қорымының кереметтері.

№80. Есік жазуы.

№81. Киіз үй.

№82. Қаракерей Қабанбай.

№83. Омбыдағы ұлағатты кезең.

№84. Сырымның жауабы.

№85. Шеңберді бұза көрме.

№86. Мемлекеттік өнер мұражайы.

№87. Кока –Кола (Соса-СоІа) белгісі.

№88. Сонарда.

№89. Көктем.

№90. Қыс.

№91. Қыс суреті.

№92. Емші құмырсқалар.

№93. Олимпиада ойындарын қалай өткізеді?

№94. Балқаштың соңғы жолбарысы.

№95. Жарың тозып, қатарың сөгілмесін.

№96. Қорғалжын мемлекеттік қорығы.

№97.Топырақ.

№98. Жоңғар Алатауы.

№99. Жұлдызшы.

№100. Әке салты.

№101. Қайырымды түлкі.

№102. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы ғаламшар.

№103. Ұлықбек Мұхаммед Тарағай.

№104. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы.

№105. Суретші.

№106. Мамания мектебі.

№107. Тоныкөк дана.

№108. Ширақ батыр.

№109. Қожа Ахмет Иассауи сағанасы.

№110. Нобель сыйлығы 1- бөлім.

№111. Нобель сыйлығы қалай тағайындалды? 2-бөлім.

№112. Халықаралық Нобель сыйлығын беру.

№113. Ұлықбек Мұхаммед Тарағай.

№114. Ұлықбек және оның обсерваториясы.

№115. Бірінші президент.

№116. Әбу Наср әл-Фараби.

№117. Қашқар сапарымыз туралы.

№118. Айша –бибі.

№119. Сарыарқа күзі.

№120. Қызыл кітап.

№121. Олимпиада ойындары.

№122. Судың сұрауы бар.

№123. Мұзтау.

№124. Қозғалыс.

№125. Жылқышы.

№126. Ғұмыр.

№127. Ән құдіреті.

№128. Жетім мұңы.

№129. Ақылбай Абайұлы Құнанбаев

№130. Сара Тастанбекқызы

№131. Қ.Сәтбаев

№132. Қаныш Сәтбаев

№133. Халық ауыз әдебиеті

№134. Гете сөздігі

№135. Ыбырай Алтынсарин

№136. Балтатұмсық

№137. Ақын тұлғасын жасау

№138. Манас

№139. Ана тілі

№140. Ана тілі туралы

№141. Жаңа Астана

№142. Жұлдызшы

№143. Тобыл

№144. Табиғатты қорғандар!

№145. Массаж туралы

№146. Бурабай

№147. Қасиетті түркі елі

№148. Тоқылдақ

№149. Сәлемдесе білеміз бе?

№150. Қыс хабаршысы

№151. Мұстафа Өзтүрік

№152. Ақсұлу Орысбайқызы

№153. Қостанай атауы қайдан шыққан?

№154. Табиғатты қорғайық!

№155. Наурыз

№156. Күз

№157. Ана

№158. Жыл басы

№159. Бейімбет Майлин

№160. Алатау

№161. «Адай» күйі

№162. Пайдалы жануар

№163. Саяхат

№164. Бата мен тілек

№165. Қазақстан

№166. Қыс

№167. Ахмет Яссауи

№168. Әл-Фараби

№169. «Тоғызқұмалақ»

№170. Наурыз мейрамы

№171. Шұбат

№172. Ақан сері

№173. Мамандық

№174. Өсімдіктер әлемі

№175. Қараша күз белгісі

№176. Сақина.

№177. Орман

№178. Табиғатқа жақын бол

№179. Александр Блок

№180. Жапония

№181. Қайың

№182. Аққу

№183 Қонақ күту

№184 Қостанай-астықты өлке

№185 Қостанай қаласы

№186 Арал







Пайдаланған әдебиеттер:


1.«Алтын дала».-Қостанай: Казинпресс , 2006

2. «Атырау».- Алматы: «Атамекен», 2008

3.К.Ісләмжанұлы «Рухани уыз».-.Алматы: Ана тілі, 1995

4.М.Есламғалиұлы «Сан қилы сауал».-.Алматы: Ана тілі, 1995

5.М.Балақаев, Т.Сайрамбаев «Қазіргі қазақ тілі».- Алматы: Санат, 1997

6.Ш.Бектұров «Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы».- Астана:Фолиант. 2003

7. «Сен білесің бе?-2» .- Алматы: Аруна ltd, 2002

8. К. Сариева «Қазақ тілі және елтану».- Алматы: Балауса,1997

9.К.Жүнүсбеков «Қазақ тілі».- Алматы:Рауан, 1995


67



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сборник диктантов по казахскому языку для 9-11 классов

Автор: Жиеналина Гаухар Сагиевна

Дата: 11.02.2016

Номер свидетельства: 291627

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(187) "Конспект урока русского языка в10 классе казахской школы на тему  изложение  "Заповедник Кургальджино" "
    ["seo_title"] => string(111) "konspiekt-uroka-russkogho-iazyka-v10-klassie-kazakhskoi-shkoly-na-tiemu-izlozhieniie-zapoviednik-kurghal-dzhino"
    ["file_id"] => string(6) "123503"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414509803"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Портфолио 2 класс "
    ["seo_title"] => string(17) "portfolio-2-klass"
    ["file_id"] => string(6) "196603"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1428075861"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Сборник диктантов по казахскому языку для русских школ"
    ["seo_title"] => string(59) "sbornik_diktantov_po_kazakhskomu_iazyku_dlia_russkikh_shkol"
    ["file_id"] => string(6) "374934"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483376606"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ел сенимин актаймыз, жол ережесин сактаймыз."
    ["seo_title"] => string(49) "iel_sienimin_aktaimyz_zhol_ieriezhiesin_saktaimyz"
    ["file_id"] => string(6) "348791"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1476334271"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Изложение «Заповедник Кургальджино» "
    ["seo_title"] => string(39) "izlozhieniie-zapoviednik-kurghal-dzhino"
    ["file_id"] => string(6) "123922"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414599935"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства