Парақтың бір беті кішіме, жартысы кішіме? Жарты үлкенбе, әлде төрт бөліктің бір бөлігі ме?
Ең кішкентай қай бөлік? Неге? Т.б.
Қорытындылау
Сұрақ- жауап арқылы білімдерін пысықтау. Белсенділерді мадақтау.
Нені білу керек: Балалар геометриялық фигураларды ажырата білу керек.
Нені игереді: Фигураларды тең бөліктергі бөлуді үйрету.
Нені білді: Қарапайым математика саласында жарты ширек түсігін үйрету.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім саласы: Денсаулық Тура бағытта төрттағандап еңбектеуге үйрету. Бір-бірден сап-тізбекте тұру: тоқтап және тапсырманы орындай жүру.Музыкаға сәйкес қимыл жасауға жаттықтыру. Бөлімдері : Дене шынықтыру Тақырыбы : Музыкаға сәйкес жүру, жүгіру Әдістер : Көрсету, сұрақ-жауап. Көрнекіліктер: Жалауша, әуендер, кедергілер, доп Шеңберге тұру. Аяқтың ұшымен жүру, қолды жоғары көтеріп айналу, екі қолды кезек алға қарай сермеу, алға - артқа жүру, шеңбер бойымен жүру, иілу, аяқ ұшымен жүру, секіру. Балалар тәрбиеші нұсқауымен жаттығу жасайды. Ұйымдастырушылық-ізденістік Дамыту жаттығулары Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жалаушаларды жоғары көтеру,оларды айқастырып,бір-біріне соғып тықылдату,төмен түсіру. Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды иыққа қойып ұстап тұру.Отыру,жалаушаларды алға созу,тұру,бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ:тізерлеп отыру,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жалаушаларды жоғары көтеру,оларды оңға және солға бұлғау,бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,жалаушаларды төмен түсіріп тұру.Жүрумен алмастыра отырып,бір орында қос аяқпен секіру(2рет) Негізгі қимыл жаттығулары 1. Тура бағытта төрттағандап еңбектеу. 2. Бір-бірден сап-тізбекте тұру:тоқтап және тапсырманы орындай жүру Қимылды ойын «Кім шапшаң» Балалар екі топқа бөлініп ойналады. 1. Тақтай үстімен төрттағандап өтіп межеге барып жүгіріп қайту. 2. Кедергілер арасымен жүгіріп өту. 3. Допты себетке салу. 4. Музыка ырғағына сәйкес қимыл жасау. Жарайсыңдар балалар! «Ауамен тыныстайық» тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Дамыту жаттығуларын жалаушалармен орындайды. Жалаушаны жоғары көтереді Иыққа ұстап тұрады Тізерлеп отырады Негізгі қимыл жаттығуын орындайды Ойынға қатысады. Тыныс алу жаттығуын орындайды Рефлексивтік-жинақтаушы Балалардан бүгінгі жасалған жаттығуларға шолу жасау арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау. Балаларды марапаттау. Сұрақтарға жауап беріп, жаттығуларды орындайды. Күтілетін нәтиже Білу керек Тура бағытта төрттағандап еңбектеуді біледі. Түсінеді Еңбектеу кезінде қол аяқ үйлесімі болу керектігін түсінеді. Қолдана біледі Жаттығу жасауда жалаушаларды орынды қолдана біледі.