kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?оз?алыс?а берілген ?рт?рлі есептер шы?ару

Нажмите, чтобы узнать подробности

  Сыныбы: 4 « Г »         

К?ні: 02.12.14                                                                   Бекітемін: ---------

Математика

Саба?ты? та?ырыбы: ?оз?алыс?а берілген ?рт?рлі есептер шы?ару

 Саба?ты? ма?саты: ?оз?алыс?а берілген ??рама есептерді шы?ару; есептеу да?дыларын жетілдіру; о?ушыларды ?зіндік тексеру ж?мысына дайындау.

О?ушыларды? а?ыл-ойын дамыту.Тап?ырлы??а, ізденімпазды??а, ал?ырлы??а, ??ыптылы??а баулу. П?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.

Саба?ты? барысы:

?йымдастыру кезе?і.

?ткен материалмен ж?мы.

1. Математикалы? диктант. Есептер мен ?рнектер шы?ару

  • 120  саны ж?не 30 бен 5 сандарыны? к?бейтіндісіні? ?оысындысын 42-ге кеміт.
  • 360 санын 100 есе арттыр.
  • Е? кіші бес та?балы санды жаз.
  • 7200 санын ?шінші б?лігін тап.
  • 300 минутты са?атпен к?рсет.
  • Шаршыны? периметрі 12 см-ге те?. Ауданы нешеге те??
  • Поезд 1/3 са?атта 18 км жерді ж?ріп ?теді. 1 са?атта ол неше километр ж?реді?
  • 36 кг-ды 4 есе арттыр.
  • 7699 бен 1 сандарыны? к?бейтіндісін тап.
  • 750 санын 10 есе арттыр.
  • 4500 санын 15 есе кеміт.

2. №1, №2 жатты?улары ауызша орындау?а ?сынылады.

3. №4 жатты?у. ?здік ж?мыс

4. №5 жатты?у. О?ушылар талдау жолын т?сіндіреді.

5. №6 жатты?у. Есепті? сызбасын толы?тырып, оны шы?арту. Берілген есепке кері есептер ??растыру.

6. №8 жатты?у. Логикалы? жатты?у.

7 кг;  2 кг+5 кг;  4 кг+3 кг;  6 кг+1 кг.

?йге тапсырма: №1, №4 (?) жатты?улар, 105 бет

   Саба?ты? та?ырыбы: А?ыз арнасы. Бекболат ?детов

   Саба?ты? ма?саты:

  1. Домала? ана ?мірінен т?сінік беріп, ?з аналарына деген сыйласты?,

??рмет, аялау ?асиеттерін дарыта отырып а?ызды? мазм?нын ашу?а ?йрету.

  1. О?ушыларды? с?здік ?орын молайтып, ойлау ?абілеттерін, к?ркем

?деби тілде с?йлеу ?абілеттерін дамыта т?су.

   Саба?ты? к?рнекілігі: Пай?амбарды? ана туралы с?зі, ?нтаспа, т?рлі т?сті ?арындаштар.

   Саба?ты? барысы:

   ?йымдастыру кезе?і.

   I. ?ызы?ушылы?ты ояту.

   - Сендерге е? жа?ын адам кім?

   - Ана с?зіне ?андай тіркестер айта алар еді?? «Топтастыру ар?ылы». Мысалы, асыл ана, жан ана, Домала? ана, т.е.с.

   Та?ырыппен таныстыру.

   С?ра?: Домала? ана туралы ?андай ма?л?маттары? бар?

   INSERT стратегиясы бойынша кестені толтыру ар?ылы орындау.

   «V» - мен білемін

   «-» - к?ршімнен толы?тырдым

   «+» - мен ?шін жа?а

   «?» - білгім келеді

   О?ушылар ?р?айсысы жеке д?птерлеріне орындайды.

   Топ ??рамында пікір алысып, ?ркім ?зіне толы?тыру енгізеді.

   (Кестені? 1-2 тарауларын жазады.)

   II. Ма?ынаны тану.

   «Болжау» ар?ылы о?у. М?тінді о?и?а желісіне байланысты ?ш б?лікке б?лу.

   С?здік ж?мысын ?ткізу.

   Мазм?нымен ж?мыс.

   ?р б?лімді жалпылама ?орытындылау.

   Жоспар к?ру. Д?птерге жазып алу.

   Сергіту с?тіні? орнына: Г?л салу ?ркім ?зіні? сал?ан г?лін анасына те?есін, ана?ды ?андай т?ске бояр еді?? Неліктен б?л т?сті та?дады??

   (Т?стерге байланысты психологиялы? сараптама ж?ргізсе болады.)

   «Кубизм» стратегиясы бойынша топтарда ж?мыс.

   1-топ. ?ыр?ыз батырына сипаттама беру.

   2-топ. Домала? ана?а сипаттама беру.

   3-топ. Сары ай?ырды алып ?алу себебі неде?

   4-топ. ??гімеде ?ай заман о?и?асы суреттелген?

   Тапсырмалар ?деби к?ркем с?здермен ?серлендіріліп орындалуы тиіс.

   Барлы? топтарды? орында?ан тапсырмаларын ты?дау.

   III. Ойтол?ау.

   «Екі жа?ты к?нделік» стратегиясын пайдалану.

Ма?ызды фраза

Не ?шін ма?ызды

   Саба?ты ?орыту ретінде ана туралы ма?ал-м?тел айтып, мазм?нын ашу. А?ызды? т?рбиелік м?ні неде?

   ?йге тапсырма.

   Саба?ты? та?ырыбы: Хайуанаттар д?ниесі. Бейсебай Кірісбаев

   Саба?ты? ма?саты:

  1. Сынып о?ушыларыны? т?рт т?лік мал, мал шаруашылы?ы ж?не

малшыны? т?рмыс-тіршілігі туралы ал?ан білімдерін тияна?тау, толы?тыра т?суге жа?дай ту?ызу

  1. Тіл байлы?тарын, с?здік ?орларын молайту ар?ылы с?йлеу тілдерін

дамыта т?су.

  1. Т?рт т?лік малды ??рметтеуге, малшы е?бегі мен ауылшаруашылы?

е?бекті? ??ндылы?ын сезіндіру ар?ылы ?лтты? т?рбиеге бейімдеу.

   Саба?ты? к?рнекілігі: т?рт т?лік малды? суреттері, т?рт т?лік мал?а арнал?ан ырым-тыйымдар жазыл?ан плакаттар.

   Саба?ты? барысы:

   ?йымдастыру кезе?і.

   I. ?ызы?ушылы?ты ояту.

   1-топ. Т?рт т?лік малды суреттеу

   2-топ. Т?рт т?лік малды зерттеу.

   3-топ. ?й жануарлары мен дала жануарларын салыстыру

   4-топ. Еліміздегі мал шаруашылы?ына к?з?арастары?.

   5-топ. Мал шаруашылыгыны? пайдасы.

   О?ушыларды топтау ж?мысы.

   Топтарды? пікірін ты?дау.

   Т?рт т?лік малды атау ар?ылы жа?а топ ??ру

   «Т?йе, жыл?ы, сиыр, ?ой, ешкі» деп тізбектей атап, ?айта топтасады.

   Осы с?здерді? ма?ынасын ашып береді.

   Сергіту с?ті:

   Ж?нім мені? сабала?,

   Бара? итпен бірдеймін.

   Біра? та мен абалап,

   К?рінгенге ?рмеймін.

   Б?рідейін тиемін

   Б?рілерге азулы.

   Ал ы?ылас-ниетім

   К?кейімде жазулы.

   Т?рт т?лік мал?а итті? ?атысы жайлы.

   II. Ма?ынаны тану.

   Т?рт т?лік малды? суреті бейнеленген плакат «Атамны? ?орасында».

   - Мына сурет сендерге ?андай ой салады?

   - Б?гін біз т?рт т?лік мал туралы ал?ан білімімізді толы?тыра т?семіз.

   - Т?рт т?лік мал туралы не білеміз? ?р топ ?з тобыны? атауына байланысты ?з білгендерін ?а?аз бетіне т?сіруі керек. (Топтар?а а? ?а?аз, маркер ?лестіріп беру.)

   INSERT стратегиясын пайдаланамыз.

 

«v» білемін

«-»

ойым б?лек

«+»

жа?а а?парат

«?»

білгім келеді

   А? ?а?аз?а маркермен тізіп отырады. ?ле?ді ?р топ ?здеріне б?лінген шума?тарын м?нерлеп о?иды.

   Енді жаз?ан ойы к?ршісімен с?йкес келе ме? (?з ойларын айтады.) Не білгісі келетінін топта айтып, кестеге т?сіреді.

   Т?рт т?лік малды ба?ушы малшы е?бегі туралы (т?рмыс-тіршілігі, мекені, е?бегі, т.с.с).

   III. Ойтол?ау.

   «Кубизм» стратегиясы бойынша тапсырмаларын аны?тау.

   Жеке ж?мыс.

   Топта ж?мыс.

  1. А?ындар. «Т?рт т?лік» та?ырыбына «5 жол ?ле?».
  2. Суретштер. «Венн диаграммасы». ?ала ?мірі мен ауыл ?мірін

салыстыру.

  1. Мал ?сіруші ферманы? директоры. «РАФТ» стратегиясы:

Р - директор

   А – малшы

   Ф - ??гіме

   Т - т?рт т?лік малды? ?орасы.

   4. Зоотехник. «Малда кездесетін т?рлі ж??палы аурулардан ?ор?ануды? ал?ышарттары». «Т кестесін» ??ру

   5. Жазушы. «Т?рт т?лігім - асыл ?азынам». Эссе.    О?ушыларды? шы?армашылы? ж?мыстарын ты?дау.    Саба?ты ?орытындылау.

   ?йге тапсырма.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?оз?алыс?а берілген ?рт?рлі есептер шы?ару »

Сыныбы: 4 « Г »

Күні: 02.12.14 Бекітемін: ---------

Математика

Сабақтың тақырыбы: Қозғалысқа берілген әртүрлі есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Қозғалысқа берілген құрама есептерді шығару; есептеу дағдыларын жетілдіру; оқушыларды өзіндік тексеру жұмысына дайындау.

Оқушылардың ақыл-ойын дамыту.Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа баулу. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен материалмен жұмы.

1. Математикалық диктант. Есептер мен өрнектер шығару

  • 120 саны және 30 бен 5 сандарының көбейтіндісінің қоысындысын 42-ге кеміт.

  • 360 санын 100 есе арттыр.

  • Ең кіші бес таңбалы санды жаз.

  • 7200 санын үшінші бөлігін тап.

  • 300 минутты сағатпен көрсет.

  • Шаршының периметрі 12 см-ге тең. Ауданы нешеге тең?

  • Поезд 1/3 сағатта 18 км жерді жүріп өтеді. 1 сағатта ол неше километр жүреді?

  • 36 кг-ды 4 есе арттыр.

  • 7699 бен 1 сандарының көбейтіндісін тап.

  • 750 санын 10 есе арттыр.

  • 4500 санын 15 есе кеміт.

2. №1, №2 жаттығулары ауызша орындауға ұсынылады.

3. №4 жаттығу. Өздік жұмыс

4. №5 жаттығу. Оқушылар талдау жолын түсіндіреді.

5. №6 жаттығу. Есептің сызбасын толықтырып, оны шығарту. Берілген есепке кері есептер құрастыру.

6. №8 жаттығу. Логикалық жаттығу.

7 кг; 2 кг+5 кг; 4 кг+3 кг; 6 кг+1 кг.

Үйге тапсырма: №1, №4 (Ә) жаттығулар, 105 бет



Сабақтың тақырыбы: Аңыз арнасы. Бекболат Әдетов


Сабақтың мақсаты:

  1. Домалақ ана өмірінен түсінік беріп, өз аналарына деген сыйластық,

құрмет, аялау қасиеттерін дарыта отырып аңыздың мазмұнын ашуға үйрету.

  1. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойлау қабілеттерін, көркем

әдеби тілде сөйлеу қабілеттерін дамыта түсу.

Сабақтың көрнекілігі: Пайғамбардың ана туралы сөзі, үнтаспа, түрлі түсті қарындаштар.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

I. Қызығушылықты ояту.

- Сендерге ең жақын адам кім?

- Ана сөзіне қандай тіркестер айта алар едің? «Топтастыру арқылы». Мысалы, асыл ана, жан ана, Домалақ ана, т.е.с.

Тақырыппен таныстыру.

Сұрақ: Домалақ ана туралы қандай мағлұматтарың бар?

INSERT стратегиясы бойынша кестені толтыру арқылы орындау.

«V» - мен білемін

«-» - көршімнен толықтырдым

«+» - мен үшін жаңа

«?» - білгім келеді

Оқушылар әрқайсысы жеке дәптерлеріне орындайды.

Топ құрамында пікір алысып, әркім өзіне толықтыру енгізеді.

(Кестенің 1-2 тарауларын жазады.)

II. Мағынаны тану.

«Болжау» арқылы оқу. Мәтінді оқиға желісіне байланысты үш бөлікке бөлу.

Сөздік жұмысын өткізу.

Мазмұнымен жұмыс.

Әр бөлімді жалпылама қорытындылау.

Жоспар кұру. Дәптерге жазып алу.

Сергіту сәтінің орнына: Гүл салу Әркім өзінің салған гүлін анасына теңесін, анаңды қандай түске бояр едің? Неліктен бұл түсті таңдадың?

(Түстерге байланысты психологиялық сараптама жүргізсе болады.)

«Кубизм» стратегиясы бойынша топтарда жұмыс.

1-топ. Қырғыз батырына сипаттама беру.

2-топ. Домалақ анаға сипаттама беру.

3-топ. Сары айғырды алып қалу себебі неде?

4-топ. Әңгімеде қай заман оқиғасы суреттелген?

Тапсырмалар әдеби көркем сөздермен әсерлендіріліп орындалуы тиіс.

Барлық топтардың орындаған тапсырмаларын тыңдау.

III. Ойтолғау.

«Екі жақты күнделік» стратегиясын пайдалану.



Маңызды фраза

Не үшін маңызды




Сабақты қорыту ретінде ана туралы мақал-мәтел айтып, мазмұнын ашу. Аңыздың тәрбиелік мәні неде?

Үйге тапсырма.

Сабақтың тақырыбы: Хайуанаттар дүниесі. Бейсебай Кірісбаев

Сабақтың мақсаты:

  1. Сынып оқушыларының төрт түлік мал, мал шаруашылығы және

малшының тұрмыс-тіршілігі туралы алған білімдерін тиянақтау, толықтыра түсуге жағдай туғызу

  1. Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту арқылы сөйлеу тілдерін

дамыта түсу.

  1. Төрт түлік малды құрметтеуге, малшы еңбегі мен ауылшаруашылық

еңбектің құндылығын сезіндіру арқылы ұлттық тәрбиеге бейімдеу.

Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік малдың суреттері, төрт түлік малға арналған ырым-тыйымдар жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

I. Қызығушылықты ояту.

1-топ. Төрт түлік малды суреттеу

2-топ. Төрт түлік малды зерттеу.

3-топ. Үй жануарлары мен дала жануарларын салыстыру

4-топ. Еліміздегі мал шаруашылығына көзқарастарың.

5-топ. Мал шаруашылыгының пайдасы.

Оқушыларды топтау жұмысы.

Топтардың пікірін тыңдау.

Төрт түлік малды атау арқылы жаңа топ құру

«Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі» деп тізбектей атап, қайта топтасады.

Осы сөздердің мағынасын ашып береді.

Сергіту сәті:

Жүнім менің сабалақ,

Барақ итпен бірдеймін.

Бірақ та мен абалап,

Көрінгенге үрмеймін.


Бөрідейін тиемін

Бөрілерге азулы.

Ал ықылас-ниетім

Көкейімде жазулы.

Төрт түлік малға иттің қатысы жайлы.

II. Мағынаны тану.

Төрт түлік малдың суреті бейнеленген плакат «Атамның қорасында».

- Мына сурет сендерге қандай ой салады?

- Бүгін біз төрт түлік мал туралы алған білімімізді толықтыра түсеміз.

- Төрт түлік мал туралы не білеміз? Әр топ өз тобының атауына байланысты өз білгендерін қағаз бетіне түсіруі керек. (Топтарға ақ қағаз, маркер үлестіріп беру.)

INSERT стратегиясын пайдаланамыз.


«v» білемін

«-»

ойым бөлек

«+»

жаңа ақпарат

«?»

білгім келеді











Ақ қағазға маркермен тізіп отырады. Өлеңді әр топ өздеріне бөлінген шумақтарын мәнерлеп оқиды.

Енді жазған ойы көршісімен сәйкес келе ме? (Өз ойларын айтады.) Не білгісі келетінін топта айтып, кестеге түсіреді.

Төрт түлік малды бағушы малшы еңбегі туралы (тұрмыс-тіршілігі, мекені, еңбегі, т.с.с).

III. Ойтолғау.

«Кубизм» стратегиясы бойынша тапсырмаларын анықтау.

Жеке жұмыс.

Топта жұмыс.

  1. Ақындар. «Төрт түлік» тақырыбына «5 жол өлең».

  2. Суретштер. «Венн диаграммасы». Қала өмірі мен ауыл өмірін

салыстыру.

  1. Мал өсіруші ферманың директоры. «РАФТ» стратегиясы:

Р - директор

А – малшы

Ф - әңгіме

Т - төрт түлік малдың қорасы.

4. Зоотехник. «Малда кездесетін түрлі жүқпалы аурулардан қорғанудың
алғышарттары». «Т кестесін» құру

5. Жазушы. «Төрт түлігім - асыл қазынам». Эссе.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау.
Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.

8.12.14. Бекітемін___________

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Балықшы мен бақалшы (ертегі)

Сабақтың мақсаты:

  1. Ертегі мазмұны мен идеясын халқымыздың аталы сөздерімен

байланыстыру арқылы талдауға негіз жасау.

  1. Оқушының шығармашылық дағдыларын дамыту.

  2. Туған жер табиғатын аялау, табиғат пен адам қарым-қатынасындағы

заңдылықтарды түсінуге талпындыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, плакат, маркер, «Венн диаграммасы».

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

- Балалар, сендер бесік жырын білесіңдер ме? Оны кім айтады?

Тақтада немесе плакатқа жазылған жырды іштей оқу:

1

2

Әлди, әлди, әуайым,

Атқа тоқым жабайын.

Айдын кезген анаңды

Шақырайын, табайын.


Ойнақташы құлындай

Еркелеші ұлымдай.

Менің балам бола ғой,

Жылағанды қоя ғой...

Әлди, әлди, жаманым,

Оңай менің тамағым.

Іске асса амалым,

Лезде байып аламын!..




- Сендерге осы екі жырдың қайсысы ұнады? Жырды кім айтып отыр деп ойлайсыңдар? Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

II. Мағынаны тану.

Тақырыпты жазу (Оқушылар топтарға бөлініп отырады).

Ертегінің бір жартысы (Мысалы, «Бақан ата тұңғиыққа батып кетеді» деген жерге дейін үш бөлімге бөлініп, жеке парақтармен оқушылардың ал­дына үлестіріліп беріледі.

Тапсырма: 1. Мәтін бөліктерін оқи отырып, мазмұнына қарай ретімен орналастыру. Орналастыру себептерін дәлелдейді.

Ертегі мазмұнын айтуға дайын болу.

1-mon. 1-бөліктің мазмұнын әңгімелейді.

2-топ. 2-бөлігін әңгімелейді.

3-топ. 3-бөлігін әңгімелейді.

4-топ. Сабақ басында оқушылар айтқан бесік жыры туралы болжамды талдай келіп, Балықшыны сипаттайды. (Балықшының сипаты «Венн диаграммасына» толтырылады. Кейін тағы да жалғастырылады.)



  • Балық өзінің балаларын неліктен бақалшыға тапсырмай, балықшыға

тапсырды?

Оқыған үш бөлікке ат қою, яғни жоспар жазу. Бұл тапсырмамен жұмыс барысында оқушы мәтінді тағы бір рет зерттей оқуға мүмкіндік алады.

Мысалы:

  1. Балықшы Бақан.

  2. Бақалшы саудагер.

3. Қамқорлық.

- Ертегідегі кейіпкерлер қандай жақсы қылығымен көрінді?

- Балық пен балықшының бір-біріне жасаған жақсылығын қандай мақалмен түсіндірер едіңдер?

Оқушылардың көңіл күйіне мәтін мазмұны әсер ететінін байқамау мүмкін болмайды, сондықтан:

  • Балалар, Балықшыны сендер өкіне қимай отырғандықтарыңды

байқаймын. Ертегіні ары қарай өздерің ойша жалғастырып, атайды құтқарып алу жолын ойластырып көрсек қайтеді.

Оқушылардың ұсыныстары тыңдалады.

  • Балалар, сендердің ойларың қандай тамаша. Дегенмен, ертегінің қалай

аяқталғаны да қызықтыратын болар. Ол қалай аяқталса да, білуіміз керек.

Ары қарай ертегіні іштей оқу тапсырылады. (Әдебиет сабағында, мәтінді талдау кезеңінде, оқушылар үзінділерді мәнерлеп, дауыстап, жартылай дауыстап оқу арқылы оқу мәнерін көрсете алады).

Ертегі мазмұнын қалай ұққандарын білу мақсатында сұрақтар қойылады:

- Бақалшы өзінің Бақан атынан қалай айырылып қалды?

- Бақалшы қандай адам? (Балықшымен салыстыра отырып, бақалшының сипатын «Венн диаграммасы» арқылы ары қарай толықтыру.)

- Бақалшының жағымсыз адам болуына не себеп болды деп ойлайсыңдар?

Жаман қылықтардың зияны адамның өзіне қайтып келетіні ертегінің басты идеясы екенін сезіну үшін, «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген мәтел мағынасымен түсіндіру.

III. Ойтолғау.

Жоспарды ары карай жалғастырып жазу.

  • Ертегі саған ұнады ма?

  • Ертегінің аянышты сәттерінен үзінді оқы.

- Өзің үшін ертегінің өкінішті сәтін тауып көр.

- Ертегіге жазған жоспарыңды оқулықтың тапсырмалар бөлігінде жазылған жоспармен салыстыр.

Ертегінің жанрлық ерекшелігін ашу арқылы ауыз әдебиетінің түрлері туралы 3-сыныпта оқығандарын естеріне түсіру. Мысалдармен салыстыру, т.б.


Сабақтың тақырыбы: Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды. Өтебай Тұрманжанов

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең мазмұны мен идеясын аша отырып, өмірмен байланыстыруға

мүмкіндік беру.

  1. Өлең тіліне мән бере отырып, талдау, зерттеу жұмыстары арқылы

шығармашылық дағдыларын дамыту.

  1. Халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдени ерекшелігін

балалардың санасына сіңіру, ойландыру. Адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар, плакат, бор, маркер, «Инсерт» кестесі, т.б.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын пысықтау.

I. Қызығушылықты ояту.

Оқушылармен ерекше, мән бере амандасу.

  • Балалар, амандасудың да түр-түрі болады екен. Соның жөн-жосығын

білген жөн болады. Сендерге мен Қожанасырдың қылығы туралы бір әңгіме оқып берейін.

Қожанасырды татар халқы Насреддин деп атайтынын түсіндіру.


Сәлемнің де сәті бар


Бірде Насреддин жолаушылап келе жатса, біреулер қайтыс болған кісіні жерлеуге апара жатыр екен.

  • Уа, жолдарың бол сын, барған жерлеріңде бақытты болыңдар! - деп

Насреддин оларға ақжолтай айтады.

Әлгілер мұның сөзіне ашуланып, алып келіп сабайды да, қандай тілеу айту керек екенін үйретеді. Алақаныңды аспанға жайып, «Уа, Жаратқан ием, марқұмның жанын жәннатқа жіберіп, жатқан топырағын жайлы ете гөр!» деу керек дейді.

Насреддин оны жаттап алып, жөніне жүре береді. Жолшыбай ән салып, би билеген көңілді топқа кезігеді. Үйлену тойы екен. Бұл олардың ортасына тізе бүгіп, алақанын аспанға жаяды да, әлгінде жаттап алған тілеуін сарнап қоя береді. Тойға жиналғандар оны сол жерде сілейтіп сабайды да, той-думан сәтінде дұға оқымай, ән салып, би билеуі керектігін түсіндіреді.

Қожа оны ішіне түйіп, алға оза береді. Жолшыбай оған аңшы кездеседі. Ол бұтаның түбіне бұғып, қоянды аңдып жатыр екен. Насреддин бақыра ән айтып, тапырақтап билей жөнелгенде, қоян үркіп кетеді. Аңшы ашула­нып, оны төмпештеп сабап алады да, аң аулағанда біресе еңбектеп, біресе бұқпақтап, сыбдыр шығармай ақырын жүру керектігін түсіндіреді.

Насреддин мұны да есіне сақтап қалды. Одан әрі жүріп келе жатқанда қой бағып жүрген шопанға жолығады. Насреддин оған біресе еңбектеген, біресе бұқпақтаған қалпы мысықтабандап жақындай түседі. Одан қойлар үркіп, жан-жаққа бытырай қашады. Ал шопан болса, Қожаны мал ұрлайтын ұрыға жорып, аямай таяққа жықты.

Татаршадан аударған М. Ізімұлы


  • Балалар, осы Қожанасыр туралы әңгімені естігеннен кейін қандай

қорытынды ой жасауға болады?

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

  • Қожанасыр қылықтарын тыңдағанда, қандай сезімде болдыңдар?

(Ұялу, өкініш, күлкі келтіретін,..)

Сонымен, сәлемдесу тәртібі мен рәсімдері болатынын, ол түрлі жағдайға байланысты әртүрлі екенін ажырату керек.

- Сендер қалай амандық сұрастырасыңдар?

Оқушылардың сөздері. Топтау сызбасы.



Сәлеметсіз бе!




Амансыз ба!







Сәлемдесу түрлері



Қайырлы таң!

Қайырлы түн!






Қайырлы күн!







- Үндемей амандасуға бола ма?

- Өздерің мұғалімге қай уақытта үнсіз амандасасыңдар? (Мұғалім сыныпқа кіргенде).

Оқушыларға тәуліктің үш мезгілінде үш түрлі амандық сұрау рәсімі де бар екенін айту.

II. Мағынаны тану.

- Қазақ халқының әдет-ғұрпында тағы басқа да сәлем сұрау рәсімдері бар. Ол туралы білгілерің келе ме? Олай болса, Ө.Тұрманжановтың «Жолаушыдан жолаушы жолың болсын сұрайды» деген өлеңімен танысып көрейік.

Өлеңді іштей оқу. Оқу кезеңінде оқушының өздігінен жұмыс жасау дағдысын дамыту үшін «Инсерт» стратегиясын қолдану қолайлы.

Белгілер үшін 4 таңба ұсынылады:

«V» - бұрыннан білемін,

«+» - мен үшін жаңалық,

«-» - мен басқаша ойлап ем.

«?» - түсінбедім, сұрағым бар.

Оқу кезінде оқушылар өлең жолдарының тұсына осы белгілерді қарындашпен (әлсіз) қойып отырады. Оқу аяқталған кезде таңбалары бар кесте толтырылады.

Кесте үлгісі:


«V»

«+ »

«-»

«? »

Бала-шағаңыз аман ба?! Ауыл-аймақ аман ба?

Армысыз!

Күйлі-қуатты

бармысыз!

«Сұрайды» дегенді айтады деп ойладым



Ескерту. Оқушы өзі жазған кестесінен оқыған кезде тақтадағы кестені мұғалім толтыруы тиіс. 3, 4 бөліктері бойынша білмеген, түсінбеген, басқаша ойлаған сөздер мен тіркестер бойынша жұмыс жүргізу керек.

Нәтижесінде:

Оқушылар мәтінді зерттей оқуға дағдыланады. «Инсерт» стратегиясын үлкенірек мәтінге де сәтті пайдаланып, оқушының өздік жұмысын ұйымдастырып, олардың қызығушылығын, белсенділігін арттыруға жағдай туғызылады. Балалар қызыға талдайды. Бір-бірін тыңдап отырады. Берілген мәтін немесе өлеңді бірнеше рет оқуға тура келеді.

Тақтадағы толтырылган кесте бойынша мұғалім оқушылардың жұмысына қорытынды жасайды. Олардың көре білгендерін, ойлана білгендерін, өмірмен байланыстыра алғандарын, естеріне түсіру арқылы қорытынды жасағандарын, сауатты жазып, түсіндіріп айта алғандарын талдап айту керек.

III. Ойтолғау.

Сонымен бірге «Сәлем түрлеріне» байланысты жазылған топтауды да толықтыру артық емес.

- Балалар, өлеңдегі амандасу түрлерін көбінесе қандай адамдар, қандай жағдайда қолданады? (Үлкен адамдар, ауылда, пьесадағы кейіпкерлер, кинода, т.б.). Тек қана Қожанасыр сияқты аңғал болмайық. Сондай-ақ амандық сұраумен бірге отырған жерден кетер кезде қоштасуды да ұмытпау керек.

Балаларға тән амандасу рәсімдері туралы әңгіме, пікір құру.

Сәлемдесу туралы қазақтың мақал-мәтелдері жетерлік. Сынып оқушыларының мүмкіндігіне байланысты сабақты күрделендіру немесе тапсырмаларды таңдап-талғап алу мұғалімнің өз еркінде.

Үйге тапсырма. Халқымыз «Сәлем - сөздің анасы» дейді. Кейбір халықтар амандасу рәсімдерін әртүрлі білдіреді. Сол туралы деректерді үйде іздеп тауып, оқып келіңдер. Немесе өлеңді жаттап алуға да болады.































8.12.14. Бекітемін____________

Математика

Cабақтың тақырыбы: Бөлшектер мен үлестер. Олардың жазылуы

Сабақтың мақсаты: оқушыларды бөлшек ұғымымен (алымы, бөлімі), үлестердің жазылуымен таныстыру; есептердің өтілген түрлерін шығару дағдыларын бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың барысы

Тірек білім, білік, дагдыларын белсендіру.

№5 тапсырманы ауызша есептеуге беріп, жарыс түрінде ұйымдастыруға болады.

Математикалық диктант.

  • 1000 санының жартысы нешеге тең?

  • 100000 санының жартысы нешеге тең?

  • 100 санының төрттен бір бөлігі нешеге тең?

  • 1000 санының төрттен бір бөлігі нешеге тең?

  • Тәуліктің үштен бір бөлігі неше сағатты құрайды?

  • Егер жарты шелек су 4 л болса, толы шелекте неше литр су бар?

  • Қаптың төрттен бір бөлігі 20 кг болса, қапта неше кило­грамм бар?

  • Бақша ауданының үштен бір бөлігіне қияр отырғызылды, бұл 25 м² жерді құрайды. Бақшаның барлық ауданы неше­ге тең?

Жаңа материалмен танысу.

Мұғалім тақтаға бөлшектің жазылуын көрсетеді. Барлығы бірге дұрыс оқып жаттығады. Алымы және бөлімімен таныстырып, олардың мән-мағынасын ашу.

Ары қарай оқулықтағы №1 (ә) суретке қарайды. Сурет бойын­ша жұмыс жүргізіледі. Тәрелкеге тең 4 бөлікке бөлінген алманың екі бөлігі салынады.

Демек, тәрелкеге бөлігі салынды.

, , - мұндай жазу бөлшек деп аталады.

Сызықтың астында жазылған сан - бөлімі деп аталады, неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді.

Сызықтың үстіне жазылған сан - алымы деп аталады, неше бөлігі алынғанын көрсетеді.

№1 (а) тапсырмаға қайта оралып, боялған бөлігін белгілейтін бөлшектерді жаздыру.

Алғашқы бекіту.

№1 (б) боялған бөлігін белгілейтін бөлшектерді жазады.

Ары қарай балаларға тақтаға жазылған бөлшектердің жазы­луын оқытып, түсіндіру. Осы бөлшектерге сәйкес суретті көрсетеді (мүмкін жерлерде).

2 6 4 1 3

5 8 9 12 7

Өтілген материалмен жұмыс.

Мұғалімнің қалауы бойынша құрылады. №2 тапсырмадағы «абайла»

в) бөлімінде берілген.

в) Жаяу адамның жылдамдығы 6 км/сағ. Ол 1 минутта неше метр жүреді?

Жылдамдық км/сағатпен берілген, бірақ 1 минутта қанша метр жүретіні сұралады. Км/сағатты м/минутқа айналдыру ке­рек. 1 сағатта 60 минут бар, ал 6 километрде 6 000 метр бар. Демек, 6 000 : 60 = 100 м/мин.

№3 - 7 тапсырмаларды сыныпта және үйде өздік жұмыс ретінде қолдануға болады. №3 тапсырмада бос орынға теңдік тура болатындай сандар қойылады. Бұл тапсырма алғаш рет кездесіп отыр. Бөлгішті табу тәсілін қарастыру керек. Бөлінгіштен қалдықты азайтып, бөліндінің мәніне бөлу керек.

816 : □ = 9 (6 қалд.) 634 : □ = 7 (4 қалд.)

725 : □ = 8 (5 қалд.) 543 : □ = 6 (3 қалд.)

Екі дененің қозғалысына берілген есептерді шешу кезінде (№4) қысқаша жазылуын емес сызба қолданыңыз. Есептің жазылуының әртүрлі тәсілдерін (амалдар бойынша түсіндіруімен, сұрақ бойынша) ұмытпаңыз. №7 тапсырманы балалар дәптерге орындап, әртүрлі нұсқаларын көрсетеді. АОВ үшбұрышының үшінші қабырғасы кіші болған сайын периметрі де кіші болады.



Бұл жағдайдағы арақашықтық 500 - 200 = 300 (м)


61-сабақ. Жүмыс, өнімділік, уақыт


Сабақтың барысы: «жұмыс», «өнімділік», «уақыт» түсініктерін енгізу, өнімділікке берілген есептердің жаңа түрімен таныстыру; бөлшек туралы түсініктерін бекіту.

Сабақтың барысы

Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

  1. Бөлшектер жазып, жазудағы сандардың нені білдіретінін түсіндіру.

Мұғалім алдыңғы сабақтағы №1 тапсырмадағы суретке ұқсас суретті көрсетеді.

  1. Тексеру және бақылау жұмысына арналған дәптерден тест тапсырмаларын

немесе математикалық диктантты орындату не­месе №4 тапсырманы орындау.

  1. Бірдей уақыт ішіндегі жылдамдықты табуға берілген жай есептерді

шығару. Жылдамдықтарды салыстыру. Кім жылдам жүрді? Кім баяу жүрді? Кім көп жол жүрді?



v жылдамдық

t уақыт

s қашықтық

Бірінші велосипедші

15 км/сағ

4 сағ

?

Екінші велосипедші

7 км/сағ

4 сағ

?


Жаңа материалмен танысу.

Осы мақсатпен өнімділікке дайындық жұмысында берілген есептің сандық мәліметтерінде есептер алуға болады.

Шебер мен оның оқушысы бөлшектер дайындады. Шебер бір сағатта 15 бөлшек жасайды. Ал шәкірті сағатына 7 бөлшек жасайды.

Шебер 4 сағатта неше бөлшек жасайды?

Шәкірті 4 сағатта неше бөлшек жасайды?

Олардың қайсысы жылдамырақ жұмыс істейді?

Шебердің жұмыс өнімділігі 15 бөлш./сағ.

Шәкіртінің жұмыс өнімділігі 15 бөлш/сағ.

Ары қарай оқулықтағы суретті қарастырады. Балаларды жаңа түсініктерді белгілейтін әріптермен таныстырыңыз. Бұл есептерді жылдамдық, уақыт, кашықтыққа берілген есептермен салыс­тыру.

Алғашқы бекіту.

№2 тапсырма түсіндіріле отырып орындалады. Дәптерге тек өрнек пен жауапты жазуға болады.

Өтілген материалмен жұмыс.

№3-7 тапсырмалар өтілген материалды қайталауға арналады және сыныпта немесе үйде шығаруға болады.

8 логикалық тапсырмаға нұсқау.

Әр бәліш теңдей 4 бөлікке бөлінді (жартысы және әр жартысы екіге бөлінді). Барлық бөлінген бәлішті 1 тілімнен салу үшін 12 тәрелке қажет болды. Демек, 12:4 = 3 (бүтін бәліш болған).









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?оз?алыс?а берілген ?рт?рлі есептер шы?ару

Автор: Саметова Амина Ахмедияновна

Дата: 17.02.2015

Номер свидетельства: 174804


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства