конспект урока по математике для детей 3-класса специальной школы для детей с нарушением слуха
Просмотр содержимого документа
«Бұрыштар»
Математика
Сабақтың тақырыбы: Бұрыштар
Сабақтың мақсаты: оқушыларға бұрыштар туралы түсінік беру; оқушылардың ойлау,есептеу дағдыларын жетілдіру, математикалық сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ұсақ қол моторикаларын дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру
Көрнекіліктер: карточкалар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Тұрыңдар! Амандасыңдар. Отырыңдар.
- Қабылдағышты киіңдер.
- Сен қалай естисің?
- Мен жақсы (нашар) естимін.
Тіл жаттығулары.
Қазір қай сабақ болады?
Сабақта біз не істейміз?
Бүгін айдың нешесі?
Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін кім кезекші?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге кесінді сызу тапсырмасы берілді.
Сен тапсырманы орындадың ба? Көрсет. Айт.
Үй тапысрмасын өте жақсы орындадыңдар. Жарайсыңдар!
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбымен таныстыру. Бұрыштар. Тақырыпты жеке, хормен оқу.
Тік бұрыш
Сүйір бұрыш Бұрыштар
Доғал бұрыш
Дәптермен жұмыс. Сызбаны көшіріп жазу.
Ойын. «Таяқ». Екі таяқ ал. Оны суреттегідей етіп орналастыр. Қандай бұрыш екенін айт.
Ойын. «Аттарын қой» Берілген бұрыштарды аттарымен сәйкестендіру.
Дәптермен жұмыс. Есептер шығару.
5+4= 15-5=
10-5= 20-10=
Сабақты бекіту.
Ойын. Бір парақ қағаз ал. Оны екіге бүкте. Тағы да екіге бүкте. Қандай бұрыш болды?
Ойын. Бұрыштардың нөмірлерін жаз.
ІІІ. Қорытынды.
Біз сабақта не істедік?
Біз сабақта тыңдадық, сөйледік, есеп шығардық, ойландық, сұраққа жауап бердік.
Үйге тапсырма: Бұрыш түрлерін білу. Сызу.
Оқушы білімін бағалау.