kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім ала?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

о?ушыларды? с?здік ?орларын молайту, д?ниетанымдарын ке?ейту, тіл байлы?ын, шы?армашылы? ?иялын, логи?алы? ойлау ?абілетін дамыту;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім ала?ы»














Бастауыш сынып мұғалімі

Искакова Гульнар Смагуловна

Байқоңыр қаласы

274орта мектеп


Сабақтың тақырыбы: «Білім алаңы» тапқырлық сайысы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың барлық пәндер бойынша алған білімдерін тексеру;

2.Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логиқалық ойлау қабілетін дамыту;

3.Тәрбиелік: болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Туған тілімізді сүюге, басқа тілдерді қадір тұтуға, туған елін, жерін құрметтеуге, жан-жақты білімділікке баулу.

Сабақтың түрі: интеллектуалды жарыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, шығармашылық

Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты сөздер, сабаққа сай слайдтар.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика,қазақ тілі, дүниетану, орыс тілі

Қажетті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық сәт.

Артыков Батырбектің орындауында « Қазақ елі» әнін тамашалайық.

3. Кіріспе бөлім.

Мұғалім сөзі: Қайырлы күн , қымбатты ұстаздар және оқушылар. Баршаңызға мәлім осы апта бойы мектебімізде «Тарихы құнды,болашағы нұрлы Қазақстан» атты апталық өтіп жатыр.Осы апталық аясында бүгін сіздерге арнап өткізгелі отырған «Білім алаңы» тапқырлық сайысына қош келдіңіздер.

«Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан»- деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқайтын боламыз.
Олай болса, «Білім жарысына» қатысушыларды қол соғып, қошемет көрсетейік.

Олар: 4 «а» сыныбынан Агытаева Жаннур, 4 «ә » сыныбынан Серикова Жасмин,4«б» сыныбынан Төлеш Айберген, 4«в» сыныбынан Уалиева Аида мен 4 «г» сыныбынанАсылбекова Ерболды қол соғып қарсы алайық.

Осынау аламан бәйгеде бағын сынайтын – 4 сынып оқушылары.
Енді ойыншыларымыздың білімін, ой-өрісін бағалайтын, сараптау жасайтын сарапшылар тобымен таныстырып өтейін:

1.Оқу ісінің меңгерушісі Дуйсенова Сайлаукул апай

2.Бастауыш сынып әдіс бірлестігінің жетекшісіЖайылханова Райхан апай

3. Ғылыми бірлестік жетекшісі Сарсенбаева Жаңыл апай

Ендеше бүгінгі білім сайысының шарттарымен таныс болайық. Барлығы 8 турдан тұрады.

1-кезең: «Кім көп біледі?»

2-кезең: «Полиглот» 

3-кезең: «Біліміңді нықта »

4-кезең: «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»

5-кезең: «Кім жылдам ? »

6-кезең: «Кім қырағы»

7-кезең:«Тапқыр болсаң, тауып көр »

8-кезең: «Жорға»

Олай болса сайысымызды бастаймыз.

1- кезең: «Кім көп біледі?» Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші болып жауап беруге тырысасыздар.жалаушаны кім бірінші көтерсе сол сайыскер жауап береді. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді.Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Барлығы 20 сұрақ оқылады. Сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)

2. Жаңа әнұран қай кезде шырқалды? (2006ж 1 қаңтар)

3. Қазақстан Республикасының ақшасы (теңге) қашан енгізілді? (1993ж 15 қараша)

4. «Кел балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

5. Басты байлық? (Денсаулық)

6. . Фонетика ненізерттейді. (Фонетика – тіл  дыбыстарынзерттейтін сала)

7. Заттың атын білдіретін сөз табы? (Зат есім)

8. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991ж 16желтоқсан)

9. «Көксерек» кімнің әңгімесі? (М.Әуезов)

10. а+37 бұл қандай өрнек? ( Әріпті өрнек)

11. Жеміс неден пайда болады? ( Тұқымнан )

12. Құстар қалай көбейеді? (Жұмыртқа салу арқылы)

13.Отан туралы 3 мақал-мәтел айт

14. Қазақ хрестоматиясын кім жазды? (Ы.Алтынсарин)

15. Көре-көре көсем боласың,

Сөйлей-сөйлей ... боласың/шешен/

16. «Алып бала» кім туралы? (Қажымұқан)

17. Ұя салмайтын құс? (Көкек)

18. Жұмадан кейін қай күн? (Сенбі)

19. Орман дәрігері? (Тоқылдақ)

20. Қазақша жылдың басы? (Тышқан)

2- кезең. «Полиглот» 
Бұл айналымда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп Қадір Мырзалиев ағамыз айтқандай, өз ана тілімізбен қоса орыс тіліндегі білімдерің сараланады. 
Жұмбақтар. 
1. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ 
Қыста жер бетін басады, 
Жазда сайға қашады. (Қар-снег) 
2. Сөзі дана, үні жоқ, 
Сөйлемейді тілі жоқ. 
Қолыңа алсаң шешен, 
Ақылы асқан көсем. (Кітап-книга) 
3. Сырты жасыл, қап-қатты, 
Іші қызыл тәп-тәтті. (Қарбыз-арбуз) 
4. Жазу жазып жалықпаған, 
Жазу жазып арықтаған. (Бор-мел) 
5. Қалқиып екі құлағы 
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян-заяц) 
6. Тарыдай болып кіресің 
Таудай болып шығасың. (Мектеп-школа) 
7. Алты қырлы 
Алты сырлы. (Қарындаш-карандаш) 
8. Бұдан кір қорқады, 
Судан ол қорқады. (Сабын-мыло) 
9. Қызықтырып әркімді ақ, 
Суда жүрер жалтылдап. 
«Б» әріпінен басталған, 
Ол жәндіктің атын тап. (Балық-рыба) 
10. Жетектесең ереді, 
Түздің алып кемесі. 
Шың көтеріп келеді. (Түйе-Верблюд) 

Біздің ойынымызда айқын жеңімпаздар байқалып келеді, дегенмен басқалары келесі сайыста қуып жетулеріне болады. Сонымен ойынымыздың 3 кезеңіне көшеміз.

Енді, әділқазы алқасы сайыскерлеріміздің баллдық жүйесін есептеп болғанша, Асель қызымыздың биін тамашалайық.

3- кезең: «Біліміңді нықта» деп аталады. Бұл білім жарысында сендерге өткен пәндер бойынша деңгейлік сұрақтар беріледі. Мына тұрған пәндерден бір-бір сұрақтан таңдайсыңдар.Сұраққа ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. Егер қатысушы жауап бере алмаса, келесі оқушы жауап беруге құқығы бар.

Математика пәні бойынша

10.Жетінші разрядтың атауы.(миллион)

20.Шаршының қабырғасы 7см,ауданы қанша?(49см.)

30.Әкесі 50 жаста, баласы оның жартысынан 5 жас кіші.Баласы неше жаста?/20/

40.3 тәулік 12 сағатта неше сағат бар?/84/

50. 6 разряд атауы(100000)

Әдебиеттік оқу

10. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері (ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,жұмбақтар, аңыз-әңгімелер,бесік жыры)

20.Алдар алдап кеткен Бізбикештің әкесінің аты. ( Шықбермес Шығайбай)

30.Абылай ханның шөбересі /Шоқан/

40. Дән-Қауынның жүрегі,Осы өлмесе,ол мәңгі жасайды деген жолдары бар мәтіннің тақырыбы? (Қауын мен Қарбыз)

50.  Монолог дегеніміз не?  ( Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзі сөйлескен сөз)

Дүниетану
10.    Ұлттық теңгеміз қашан айналымға шықты.( 1993 жыл 15 қараша.)
20 .   Қай ағаш  бір жазда 2000 литр суды буландырады? (терек)

30. Берік әрі жеңіл түсті металдың атын ата,қасиетіне тоқтал./алюминий/ күміс сияқты,ақ түсті,оңай иіледі,тоттанбайды,электр тогын жақсы өткізеді/

40. Түсті метал кендеріне не жатады?/мыс,алюминий,қорғасын,мырыш/

50 Жыра неден пайда болады?/ағын судан/

Қазақ тілі

10.Етістік дегеніміз не?

20 .Сөйлем құрылымына қарай нешеге бөлінеді?/жай және құрмалас/

30.    «Амал қанша, абырой бергенде, бағымызға қарай»сөздері қыстырма сөздердің қай түріне жатады?(Қуанышты, ренішті, аяушылықты білдіретін)

40. Қиқулайды сөз құрамына талда

50. Қаратпа сөзі бар сөйлем құра

Ана тілін сүйгендер,

Тақпақ айтып тақылдап,

Саналы білім үйренер.

Айтады шәкірт саралап

4- кезең: «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» Қазақстан туралы ақын –жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

5- кезең: «Кім жылдам?»Математика пәнінен тапсырмаларды орындау барысында білімі тексеріледі.

1.Амалдарды орында:

(71349+618*2):5=

76432:(80016:4-19996)=

2.Теңдеуді шеш:

а:5=84048*2

3.Өрнекте:

35 мин35c=* с

587мм= *см*мм

65376кг=* т * кг

6- кезең:«Кім қырағы?»(30сек) Төмендегі сөздерді көрген соң есте қалғанын жазу.

Шеңбер, апта, математика , ана , су , тас , Қазақстан,теңдеу , компьютер, периметр, мектеп.

7- кезең : «Тапқыр болсаң, тауып көр »

Шарты: Тұрақты сөз тіркестердің мағынасын табу,сөйлем құрау

Ит өлген жер – алыс

Қас пен көздің арасында – тез

Төбесі көкке жетті – қуанды

Беті бүлк етпеді – ұялмау

Ит терісін басына қаптады – ұрысты

Қол ұшын берді – көмектесті

Ұшан-теңіз – көп

Жүрек жұтқан – батыр

 Жүрегі аузына тығылды – қорықты

 Көзді ашып-жұмғанша – тез, жылдам

8 -кезең «Жорға» Бұл кезеңде берілген 10 сұрақтың нешеуіне жауап бергеніне қарай ұпай жинайды.

1-оқушы

1.Әр адамның шағын Отаны /отбасы/

2.Жаңылтпаш айтуға балалардың көбінің тілі келмей,арты қыран -топан күлкіге айналды деген жолдары бар әңгіменің тақырыбы /Ақкөл жағасында/

3.Жылдан құр қалған жануар. /түйе/

4.Адам денесінің тірегі не? /қаңқа/

5.Көкжиектің неше тұсы бар? /4/

6.Бес дұшпанды атаңыз. /өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ/

7. Астана күні /6-шілде/

8.Күйді орындаушы адам. /күйші/

9.Қобыландының тұлпарының аты. /Тайбурыл/

10.Қазақстан Республикасының туының авторы /Шәкен. Ниязбеков/


2-оқушы

1. Төрт түліктің пірлерін ата. (түйе атасы – Ойсылқара, жылқы атасы – Қамбар ата, сиыр атасы – Зеңгі баба, қой атасы – Шопан ата, ешкі атасы – Сексек ата)

2. Іс тігу үшін нелер қажет? (ине, жіп, қайшы, оймақ)
3. Торсық неден жасалады? (теріден)
4. Қағаз неден жасалады? (ағаштан)
5. етістіктің түрлерін ата. (дара, күрделі, болымды, болымсыз, негізгі, туынды)
6.«Жаңылмасам, сіз осы мектептің директоры боларсыз?»

Қыстырма сөзді тап/жаңылмасам/

7. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы? / Сын есім/

8. Екі не бірнеше адамның сөйлесуі? / Диалог/

9. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім? /Р. Қошқарбаев/

10. Ақ алтын /мақта/

3 –оқушы:

1Ақ сүт берген аналардың анасы кім? /әже/

2.Президентіміздің туған күні / 6-шілде/

3.Отбасының пірі, қара шаңырақ қожасы кім? /әке/

4.Қуанышты жаңалықты хабарлау /сүйінші/

5.3сағ45мин-? мин /225мин/

6.Тауықтың түсіне кіретін дән. /тары/

7. Жеті күн. /апта/

8.Абайдың анасы /Ұлжан/

9.Ұя салмайтын құс. /көкек/

10.Заттың санын білдіретін сөз табы. /Сан есім /

4-оқушы

1. Қара алтын. /мұнай/

2.«Тәуелсіздік» сөзін тағы қалай атауға болады?/Егемендік/

3.Жігіттің үш жұрты. /Өз, нағашы, қайын жұрты/

4. Күй атасы. /Құрманғазы/

5.Заттың сынын білдіретін сөз табы. /Сын есім/

6. Әдеби ертегі деген не?/Шығарушы авторы белгілі болады/

7.3 тоннада қанша центнер бар? /30/

8. Жылдамдықты қалай табамыз? /V=S:t/

9. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата./Тас көмір,мұнай,керосин,газ/

10.Желтоқсан құрбандары /Ләззат,Ербол,Қайрат/

5-оқушы

1. Үш биді ата./Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би/
2. Бір сыйлықты орауға 70 см жылтыр қағаз керек. Осындай 9 сыйлықты орауға неше см қағаз керек? /630/

3. Мәтін түрлерін ата /Әңгімелеу,сипаттау,пайымдау/
4. Әсірелеу деген не?/бір нәрсені,оқиғаны күшейтіп,үлкейтіп айту/
5. Абылайдың денесі қай жерге жерленді? /Түркістан,Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне/

6. "Ғылым таппай мақтанба " өлеңінің авторы кім?/Абай Құнанбаев/
7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?/3/
8. Әнұранның авторларын ата/әні:Ш.Қалдаяқов, сөзі:Н.Назарбаев,Жұмекен Нәжімеденов/
9. Ертегілердің қандай түрлері бар?/қиял-ғажайып,шыншыл/
10. Ахмет Байтұрсынов кім?/Ағартушы педагог,жазушы/


Артыков Батырбектің орындауында «Жаса Қазақстан» әні
Қорытынды:

Мұғалім: Біздің елге таң қалған М. А. Шолоховтың мына бір тамаша сөзімен бөліссем деймін: «Мен сіздердің өңірді шын сүйіп кеттім. Қазақтардың мәдениетіне, тіліне және әдет-ғұрпына қатты қызығамын. Қазақстан – менің екінші Отаным болып алды» деген екен. Көрдіңіз бе, біздің елге таңғалуда, олай болса, туымыз биік, еңсеміз жоғары болсын. Ол елді көтеретің, мақтан ететін «Білімділер» жасасын! Енді, ортаға сайысты қорытындылап, сайысқа қатысушыларды марапаттау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі. (Әділқазылар сөйлейді)

Тіліміз аман, еліміз тыныш болсын. Бүгінгі сайыс көңілдеріңізден шықты деп сенемін. Келген қонақтарға мың да бір алғысымызды білдіремін. Көріскенше.



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Білім ала?ы

Автор: Искакова Гульнар Смагуловна

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322924

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "Сыныптастармен ?зара ба?алау ж?не ?зін ?зі ба?алау таныстырылымы. Презентация"
    ["seo_title"] => string(85) "synyptastarmien-ozara-bag-alau-zh-nie-ozin-ozi-bag-alau-tanystyrylymy-priezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "248867"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1446799829"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(187) "Бастауыш сынып  о?ушыларыны? о?у?а деген ынтасын  арттыруда  о?ыту ?шін ба?алау мен о?уды ба?алауды? ма?ызы"
    ["seo_title"] => string(119) "bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-ok-ug-a-dieghien-yntasyn-arttyruda-ok-ytu-ushin-bag-alau-mien-ok-udy-bag-alaudyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "248108"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446660416"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "О?ЫТУ ?ШІН БА?АЛАУ Ж?НЕ О?УДЫ БА?АЛАУ  ?з саба?ымда"
    ["seo_title"] => string(58) "ok-ytu-ushin-bag-alau-zh-nie-ok-udy-bag-alau-oz-sabag-ymda"
    ["file_id"] => string(6) "251473"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447248138"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "«О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау»"
    ["seo_title"] => string(46) "ok-ytu-ushin-bag-alau-zh-nie-ok-udy-bag-alau-1"
    ["file_id"] => string(6) "289398"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454791834"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Коучинг та?ырыбы: "О?у ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау" "
    ["seo_title"] => string(62) "kouchingh-tak-yryby-ok-u-ushin-bag-alau-zh-nie-ok-udy-bag-alau"
    ["file_id"] => string(6) "169349"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423399944"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства