kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау

    О?уды? тиімді ба?алау ж?не білім беру ?шін тиімді ба?алауды т?сіну білім беру мен о?ытуда?ы

барлы? жа?а т?сілдермен ты?ыз байланысты. Балалар ?здеріні? т?сініктерін ??ра алатын белсенді

о?ушылар болатын болса, онда м??алімдер ?шін де, о?ушылар ?шін де осы т?сінікті? м?нін білу аса ма?ызды, ?йткені ол о?ыту барысында ілгерілеу ?адамдарын ай?ындау мен о?ан ?олдау к?рсету ?шін ?ажет. Со??ы зерттеу ж?мыстары бізді? ??ымымызда формативті ба?алау ?дерісіні? ед?уір дамуы мен оны білім беру мен білім алуда ?олдану м?мкіндігіне серпін берді. Атал?ан Ба?дарлама осы е?бектерде айтыл?ан идеяларды, сондай-а? осы идея негізінде ??рыл?ан білім беру мен о?ыту стратегияларын ?арастырады.

      М??алімдер мен балалар ?шін ?здеріні? ?андай ма?сат?а жетуді к?здейтінін, ма?сат?а жету

?лшемдерін т?сіну не ?шін керек екенін білу ма?ызды. Осы?ан байланысты ба?дарлама критерийлі

ба?алау т?сілдерін де ?арастырады.

Сыныпта?ы ба?алау тек ?ана техникалы? т?сіл емес. М??алімдер жазбаша немесе ауызша т?рде ба?а ?ою жолымен ба?алайды. Олар ?олданатын кез-келген нысанны? артында тек ?ана объективті немесе жеткілікті д?режеде объективті емес нормалар мен стандарттар ?ана емес, сондай-а? баланы? дамуы, о?уы ж?не у?жі туралы т?сінік, сонымен ?атар ?зін-?зі ба?алау, ?абілеттілік ж?не к?ш-жігер сия?ты ??ымдар?а ?атысты ??ндылы?тар жатады.Александер, 2001

   Ба?алау – одан ар?ы білім алу туралы шешімді ?абылдау ма?сатымен о?ытуды? н?тижелерін ж?йелі т?рде жиынты?тау?а ба?ыттал?ан ?ызметті белгілеу ?шін ?олданылатын термин.

   Формативтік ж?не жиынты? (жиынты?тайтын) ма?сат арасында?ы айырмашылы? 1960 жылдардан бастап белгіленген, біра?, берілген екі терминні? м?ні на?ты аны?талма?ан. Іс ж?зінде бір м?нге ие болатын б?дан аны?ыра? айырмашылы? жіктеу ж?не есеп беру ?шін ?ткізілетін о?ытуды ба?алау ж?не на?ты ма?саты о?ушыларды? о?уына ы?пал етуге арнал?ан о?ытуды? б?лігі ретінде ба?алауды ?олдану болып табылатын о?ыту ?шін ба?алау арасында ж?ргізіледі.Білім беруді, ?дістерді ж?не осы м?мкіндіктерді іске асыру т?рлерін жа?сарту м?мкіндіктерін аны?тау?а ба?ыттал?ан ба?алау формативті немесе  о?ыту  ?шін  ба?алау (О?Б) болып табылады. «О?ыту ?шін ба?алау» дербес т?жырымдама ретінде 1999 жыл?ы зерттеу н?тижелері туралы м??алімдерді ж?не ?дістеме жасаушыларды а?параттандыру ма?сатымен 1989 жылдан бастап ж?мыс ж?ргізген ?лыбритания академиктерінен ??рал?ан Ба?алау Реформасыны? Тобы (Assessment Reform Group) автор бол?ан осы аттас (О?Б)кітапша жариялан?аннан кейін белгілі болды.Егер ба?алау ма?саты ба?а ?ою, сертификаттау немесе о?ытуды? ал?а жылжуын тіркеу ?шін о?ыту ?орытындысын шы?ару болса, онда ?зіні? функциясы бойынша ба?алау жиынты? болып табылады ж?не кейде оны о?ытуды ба?алау деп атайды. Жиынты? ба?алау о?ушыны?, м??алімні? немесе мектепті? м?ртебесіне немесе болаша?ына ы?пал етуі (я?ни, аны?тайтын м?нге ие) м?мкін болатын шешімді ?абылдау ?шін ?олданыл?ан жа?дайда ?лшемдерді? сенімділігін ?амтамасыз ету керек, б?л а?паратты? мазм?ны мен оны ?алыптастыру шартын ба?ылауды белгілейтін арнайы тестілерді ?олдану кезінде м?мкін болады.

Ба?алауды? ма?саты неде?

?детте ба?алау ма?саты ?р м??алімні? ба?алауды (тестілеуді) ?андай ма?сатта ж?не кім ?шін (сыныпта тестілеу ж?ргізу сия?ты), ?алай ?ткізуі керек екендігі туралы т?сінігіне негізделеді. Ба?алауды? басты ма?саттары т?менде ?ыс?аша айтыл?ан.

1. О?ытуды? ?иынды?тарын аны?тау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылы? ж?не математика саласында?ы проблемаларды аны?тау ?шін тестілер ?ткізілуі м?мкін; одан кейін ?зіндік т?зету ж?не тестілеу ж?мыстарын ?айталап ?ткізуге болады.

2. Жетістікке жеткендігін к?рсететін кері байланыс (о?ушылар, м??алімдер ж?не ата-аналар ?шін). М?ндай кері байланыс «?серді?» бейресми ба?алануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін т?рленуі м?мкін, біра? негізгі ма?сат о?ушылар мен м??алімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, т?сіну ж?не да?ды туралы хабарлама беру болып табылады.

3. У?ж. Кері байланыс к?бінесе у?ж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестіні? немесе емтиханны? ?ткізілуі ?детте кейбір о?ушылар мен м??алімдерді? ойларын жина?тап, ?рекет етуге итермелейді. М?ндай сырт?ы ынталандыру о?ыту ?шін мада?тау?а негіз болуы м?мкін, біра? м??ият ба?ылау ж?ргізілмесе, м?жб?рлеу ??ралына айналуы да ы?тимал.

4. Болжау ж?не с?рыптау. О?ушыны? білімі ж?не да?дыларын ба?алау ар?ылы м??алімдер оларды? болаша?та?ы мінез-??л?ы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтиханды? ж?йені? н?тижелері, к?бінесе с?рыптау ма?сатында, атап айт?анда б?дан ар?ы (жо?ары) білім беру немесе ж?мыс?а орналасу?а м?мкіндік ?шін ?олданылады. Мектеп ше?берінде ?детте о?ушылар топтар мен сыныптар?а б?лінгенге дейінгі ба?алауды? белгілі нысаны болады.

5. Стандарттарды ба?ылау ж?не орындау. Ба?алау н?тижесінде біліктілік д?режесін, ал мемлекет-тік емтихан н?тижелері бойынша – жо?ары білім алу м?мкін болады, мысалы, «біліктілігі» бар т?л-?аларда оларды? тиісті стандарттар?а с?йкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы ?ажет. PISA (О?ушыларды? білім алу жетістіктерін ба?алау бойынша халы?аралы? ба?дарлама) сия?ты халы?аралы? тест бойынша алын?ан м?ліметтер талдауы халы?аралы? стандарттар?а с?йкестікке ба?ыттал?ан, одан бас?а стандартты? микро ж?не макро де?гейдегі стандарттарына с?йкестікке ба?ылау ?шін ?лтты? ж?не жергілікті тестілер ?олданылады.

6. О?ыту ба?дарламасыны? мазм?нын ж?не білім беру стилін ба?ылау. К?птеген м??алімдер ?шін б?л ба?ылау ба?алауды? негізгі ма?сатына тікелей ?атысы жо? екінші кезекті болып табылады. Алайда, техникалы? т?сілдер мен ба?алау ж?не емтиханны? жиілігі білім беру ба?дарламасыны? мазм?ны мен оны? ?алай о?ытылатынды?ына ед?уір ы?пал ететіні еш к?м?н ту?ызбайды.

О?ыту ?шін ба?алауды? ма?ыздылы?ы

Кез келген м??алім О?ыту ?шін Ба?алау (О?Б) неліктен о?ытуды ж?не білім беруді жетілдіру пробле-маларын шешуді? ма?ызды м?селесіне айналып отыр деген с?ра? ?оюы м?мкін, онысы орынды да. ?здеріні? б?рын?ы т?жірибесі бойынша к?птеген м??алімдер, о?ушылар ж?не оларды? ата-аналары ба?алауды о?ыту ж?не білім беруден кейін болатын н?рсе ретінде ?арастырады. Ба?алау о?ыту мен білім беруді? ажырамас б?лігі болуы м?мкін деген ой  бізді? т?сінігіміздегі ед?уір ?згерісті талап етеді ж?не О?ыту ?шін Ба?алау ??ымы дегеніміз де осы болып табылады.

Ба?алау м?ні

«Ба?алау» термині «жа?ын отыру» дегенді білдіретін латын с?зінен шы??анды?ы кездейсо? емес, себебі ба?алауды? негізгі сипаты бір адам бас?а адамны? не айтып, не істегенін немесе ?зін?зі ба?ылау жа?дайында ?зіні? дербес ойлауын, т?сінігін немесе т?ртібін м??ият ба?ылауы болып табылады. Б?л жорамал ресми тестілерден ж?не емтихандардан бастап м??алімдер сыныптарда к?ніне ж?з реет ?ткізе-тін бейресми ба?алау?а дейінгі б?кіл ба?алау спектріне ?атысты. Б??ан ?арамастан, ба?алау т?рлі нысанда болуы м?мкін: бір тестілер ?олда?ы ?арындаш пен ?а?азды? к?мегімен ж?ргізілсе, бас?алары сыныпта?ы ?деттегі с?йлесу кезінде с?ра? ?ою?а негізделеді: ба?алауды? барлы? т?рлеріне жалпы сипаттамалар т?н. Ба?алауды? барлы? т?рлері т?мендегілерді ?амтиды:

1) ба?ылау;

2) алын?ан м?ліметтерді? интерпретациясы;

3) б?дан ар?ы іс-?рекетті аны?тау ?шін ?олданылуы м?мкін шешімдерді ?орытындылау.

Ба?ылау

Ба?алауды ?ткізу ?шін, о?ушыларды? нені білетіндігін ж?не не істей алатынды?ын, сонымен ?атар олар ?андай ?иынды?тармен кездесуі м?мкін екендігін аны?тау ?ажет. Сыныпта?ы ?деттегі іс-?рекетті, я?ни, балаларды? ?зара ??гімесін ты?дап, тапсырманы орындап отыр?ан о?ушыларды ба?ылау немесе оларды? орында?ан сынып ж?не ?й ж?мыстарын тексеру бірталай а?парат беруі м?мкін, біра? кей жа?дайларда ?ажетті а?паратты алуды? ерекше ойластырыл?ан т?сілін ?олдану керек болуы м?мкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жо?арыда айтыл?ан ма?саттарды іске асыра алады, біра? кей жа?дай-ларда д?рыс та?дал?ан ауызша с?ра?ты? ?зі де тиімді болып шы?уы м?мкін. О?ушыны? с?ра?тар?а берген жауаптары ба?ылануы керек. Бас?а с?збен айт?анда, ба?алайтын т?л?а алын?ан м?ліметтерді? м?нін аны?тауы ?ажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау »

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқудың тиімді бағалау және білім беру үшін тиімді бағалауды түсіну білім беру мен оқытудағы

барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді

оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, өйткені ол оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен оны білім беру мен білім алуда қолдану мүмкіндігіне серпін берді. Аталған Бағдарлама осы еңбектерде айтылған идеяларды, сондай-ақ осы идея негізінде құрылған білім беру мен оқыту стратегияларын қарастырады.

Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету

өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі

бағалау тәсілдерін де қарастырады.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.Александер, 2001

Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Формативтік және жиынтық (жиынтықтайтын) мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бір мәнге ие болатын бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқытуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы (Assessment Reform Group) автор болған осы аттас (ОүБ)кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды.Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады.

Бағалаудың мақсаты неде?

Әдетте бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды (тестілеуді) қандай мақсатта және кім үшін (сыныпта тестілеу жүргізу сияқты), қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары төменде қысқаша айтылған.

1. Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.

2. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.

3. Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.

4. Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) білім беру немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік үшін қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте оқушылар топтар мен сыныптарға бөлінгенге дейінгі бағалаудың белгілі нысаны болады.

5. Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемлекет-тік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысалы, «біліктілігі» бар тұл-ғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы қажет. PISA (Оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама) сияқты халықаралық тест бойынша алынған мәліметтер талдауы халықаралық стандарттарға сәйкестікке бағытталған, одан басқа стандарттың микро және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестікке бақылау үшін ұлттық және жергілікті тестілер қолданылады.

6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.

Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) неліктен оқытуды және білім беруді жетілдіру пробле-маларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және білім беруден кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.

Бағалау мәні

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзінөзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап мұғалімдер сыныптарда күніне жүз реет өткізе-тін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән. Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

1) бақылау;

2) алынған мәліметтердің интерпретациясы;

3) бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

Бақылау

Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдай-ларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет.

Интерпретация

Интерпретация қызығушылық тудыратын, яғни, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе әртүрлі білім берудің түрлі жолдарына қатысты жүргізіледі. Мұндай параметрлерді көбінесе өлшем деп атайды және оларды білім беру мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі бақылау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болады немесе интерпретацияны логикалық тұрғыдан мінез-құлықтан шығаруға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.

Қорытынды

Мәліметтерді интерпретациялау негізінде бағалауды қамтитын қорытынды жасалады. Бұл кезеңде бағалау үдерісі ол қызмет ететін түрлі мақсаттарға және ақпарат қолданылатын тағайындауларға сәйкес түрліше ұсынылған.

Оқыту үшін бағалау

ОүБ кезінде бақылау, интерпретация және өлшемдер оқытуды бағалау кезінде қолданылатын өлшем-дерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды және шешім басқа сипатта болады. Негі-зінен, ОүБ балалар оқытудың үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аударта-ды. Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.Бағалау Реформасының Тобы (2002а) оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді:

Оқыту үшін бағалаубұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді.

Оқытуды бағалау

Оқытуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқытуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобы-ның қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қоры-тындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Бұл олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы.

Мұндай қысқа, кейде түсініксіз түрде ұсынылатын ұғым ата-аналар, кей жағдайда мұғалімді ауыстыруға келген жаңа мұғалім, жергілікті және ұлттық деңгейде мектептің білім беру қызметін бақылауға қызығушылық танытқан басшылар сияқты адамдарға есеп беруге қолайлы болады. Осылайша, есеп беру, іріктеу және мониторинг жүргізу ақпаратты бағалаудың негізгі сипаты болып табылады.

Жиынтық мәліметтерді формативті пайдалануға бола ма?

Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «мәліметтер» деп аталады. Жинақталған жиынтық мәліметтер жұмыс үлгісін сәйкестендіруді және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға мұғалімдерден ерекше назар аударуды қамтамасыз етеді. Білім алушылардың білім алудағы жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама (PISA) ОЭСР сияқты Халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті білім мен икемділік қаншалықты дәрежеде екендігі туралы «мәліметтерді» жинақтауға бағытталған. Дегенмен, мұндай «мәліметтердің» қалай жиналатындығын анықтап, келтірілген қорытындыларға қайтадан талдау жүргізу қажет. Мектеп-тер бұдан әрі «мәліметтердің» алыну себептерін білу мен бұдан кейінгі іс-әрекеттерін жоспарлау үшін «мәліметтерді» жинайды. Осылайша, жеке оқушы деңгейінде жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі кезеңдерде оқушыларды қолдауды қамтамасыз ету басты міндет болатын болса, онда балл мен деңгейлерді анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер міндетті түрде аса мұқият зерделенуге тиіс. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл мәнмәтінде жиынтық бағалау (сандық түрде) басты болып табылмайдыжәне мұғалім олар негізделген мәліметтерге (бақылау және интерпретация) қайтіп оралады. Одан кейін мұғалім бұл мәліметтер оқушының оқу деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету керек және мұны қалай жасау керек екендігі туралы формативті бағалау (ауызша түрде) құрады.Бағалау сипатын өзгерту арқылы оқытуды бағалау оқыту үшін бағалауға ауыстырылуы мүмкін. Бірақ бұл тікелей оқытуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, ол оқыту үшін бағалауды ескере отырып жоспарланған бағалаумен салыстырғанда, бұл мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Сыртқы тестілер мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға қарағанда анағұрлым проблемалы болып табылады, себебі мұғалімдерде балалар мен деңгейлеуге негіз болған мәліметтерді алуға үнемі мүмкіндік бола бермейді, онымен қоса мұғалім үлгілік қателер талдауын қолдана алады.

Қорытынды

Түпнұсқалық зерттеуде сыныптың «қара жәшік» сияқты техникалық метафорасы қолданылған және сол арқылы оқыту үшін бағалауды қолдану қара жәшік ішіндегі жұмыс ретінде белгілі болды

(13-сурет).

Жоғарыда айтылған зерттеу бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым бо-

лып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын көрсетті:

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін

мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға

болатындығын түсіну қажеттілігі.



Пайдаланылған әдебиеттер

Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy. [Культура и педагогика.] Wiley-Blackwell Assessment

Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным.]

University of Cambridge Faculty of Education.

Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning. [Тестілеу, қызықтыру және

білім беру.] University of Cambridge Faculty of Education.Faculty of Education




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау

Автор: Абумаликов Ерлан Канатбаевич

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 175820


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства