kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балапан бейнесін ??растыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  Балапан  бейнесін  ??растыру.

Ма?саты:  ??старды? т?рлерімен таныстыру. Балапанны? бейнесін ??растыру?а       ?йрету. Балаларды?  пішіндерді д?рыс атау?а,  зейінін, ойлау ?абілетін арттыру.  Сауса? маторикасын  жетілдіру. ??ыптылы? пен  шыдамдылы??а т?рбиелеу. Саба? ?стінде техника ?ауіпсіздігін са?тау?а  да?дыландыру. 

Коррекциялы?  дамытушылы?:  С?здік ?орын молайту,  тілін дамыту.

К?рнекілік: ??старды? суреті, желім, ермексаз, т?рлі – т?сті суреттер, ж?мырт?аны? босатыл?ан ?ауаша?ы.

?діс – т?сілі: Т?сіндіру, с?ра? – жауап, слайдпен ж?мыс, ??растыру, отрибуттармен ж?мыс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балапан бейнесін ??растыру»

Тақырыбы: Балапан бейнесін құрастыру.

Мақсаты: Құстардың түрлерімен таныстыру. Балапанның бейнесін құрастыруға үйрету. Балалардың пішіндерді дұрыс атауға, зейінін, ойлау қабілетін арттыру. Саусақ маторикасын жетілдіру. Ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу. Сабақ үстінде техника қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру.

Коррекциялық дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

Көрнекілік: Құстардың суреті, желім, ермексаз, түрлі – түсті суреттер, жұмыртқаның босатылған қауашағы.

Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, слайдпен жұмыс, құрастыру, отрибуттармен жұмыс.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Біз бақытты балалар, Қуанышқа тоймаған. Білімді біз боламыз, Ата – ананы қуантқан.

Әрине, балалар біз білімді ұрпақпыз. Біз орнымызға отырмас бұрын, бізге қандай хаттар келіп түсті соған назар салып көрейік. Қоржынымызға қандай хаттар түсті екен? Қане ашайық. Бұл жерге бір емес бірнеше хат келіп түскен екен, қараңдаршы? Салтанат сен оқып көрші хат қайдан келді екен? Хатты бізге «Балдырған» журналынан жолдапты. Балалар, сендер мына жұмбақтың жауабын тауып, маған қайта жолдасаңдар депті. Ал, ендеше тыңдайық.

Өз атын өзі шақырады, Сөйтіп күнді батырады.

(Көкек)



Аяғы түйеге ұқсайды,

Құс болсада ұшпайды.

(Түйеқұс)



Аружан сен жауабын жазып поштаға қайта салып жібер.

Тағы бір тапсырма берілген , оны бізге Талас ашып оқысын. «Мына пішіндерді атап беріңдер» Бұл жерде бізге пішіндерді атап беру тапсырылыпты, қане бізге енді бұл тапсырманы орындауға Рахат көмектессін. Пішіндердің түрлері: сопақша, тік төрт бұрыш, үш бұрыш, доғал бұрыш және таяқшалар. Өте тамаша.

Ал енді бұның жауабын бізге Динара жазып жолдайды. Хатты қайта өз орнына салып қояйық.

Ал, енді үшінші тапсырма, бұл хатты бізге Айдос ашып оқып берсін. Қане оқып назар салып тыңдайық. «Құрметті оқушылар, орманнан аңдар мен құстар адасып кетті, келіп көмектесулеріңізді сұранамыз» Бізден көмек сұрап орманнан хат келіпті.

Ал, енді мына тақтаға назар аударып қарайық. Аңдар мен құстар адасып теңіздің мына шетіне келіпті , біз аңдар мен құстарға көмек көрсетейік. Құстар орманның қай шетінде орналасуы тиіс, ал аңдар қай жерде, соны айтып беріңдерші. (балалар адасқан құстар мен аңдарды өз орындарына топтасып орналастырады) Әрине, құстар талдың бұтағына отырса, аңдар шөптің немесе талдың арасында жүреді. Ал, олай болса аңдарды өз орындарына жайғастырып отырғызайық. Керемет, міне қараңдаршы, аңдарымыз дән риза , ормандағы жағымды дауыс құлақ құрышын қандырады. Құстар шиқылдап шуласса, аңдар өз дауысымен дыбыстауда. Қандай керемет орман дауысы.

Ал, енді балалар орнымызға отырып ойымызды толықтырып өтейік.

- Біз ең бірінші қандай тапсырманы орындадық? -

- Әрине, жұмбақтың жауабын таптық. Жұмбақ не туралы? Бұл құстар қандай құстарға жатады? Дұрыс, көкек - орман құсы, ал түйеқұс - үй құсы.

  • Ал, екінші тапсырма « пішіндерді ата» Үш бұрыш. төрт бұрыш, доғал бұрыштарын атадық.

  • Ал, үшінші тапсырма «ормандағы адасқан аңдар» Өте тамаша. Біз адасқан аңдар мен құстарды орманға апарып орналастырдық. Әрине аңдар ұшпайтындықтан жерге, ал құстарды ұшатындықтан ормандағы талдың үстіне орналастырдық.

( Есік сыртынан ренжулі тауық келеді)

  • Бізге қандай қонақ келді?

  • Тауық келді. (балалар бірге ) Өзі бір нәрсеге ренжулі сияқты, сұрап көрейік.

Саған не болды тауық, неге ренжіп келдің, бізден қандай көмек керек?

  • Сендер маған көмек бере аласыңдар ма?

  • Әрине, тауық саған көмек береміз. Айта бер.

  • Менің балапандарым жоқ, маған олар өте қажет.

  • Сен абыржыма, біздің балалар саған әдемі балапан жасап береді, солай емес пе балалар. - Ия Қане олай болса қолымызға саусақ жаттығуларын жасап жіберейік.

  • Алақанды ашайық, саусақтарды қосайық. Оңға бір, солға бір, қоңырауды соғайық.

Ал, енді орнымызға орналасайық. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер жауабын тауып беріңдер.

Жұмбақ.

Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап.

(Балапан)


Ал, енді балалар жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін есте түсірейік. Желімді ауызға салмаймыз, қайшыны адамға қаратып ұсынбаймыз, ермексазды парта үстіне жақпаймыз. Қолымызды сулыққа сүртіп отырамыз.

Бірінші, жұмыртқаны қолымызға алып оған ең бірінші басын, қанатын, аяғын, құйрығын, айдарын орналастыратын жерлерді белгілеп аламыз. Ермексаздан айдарын, тұмсығын, аяғын жасап аламыз. Қанатын қағаздан қырқып екі жағынан бірдей желімдеп жапсырамыз. Ал, тұмсығын ермексаздан үш бұрыштап илеп орналастырамыз. Бағана біз пішіндерді атап айтқанда осы үш бұрыш, таяқша, сопақша - дедік міне сол пішіндер бізге көмекке келді. Ал, айдарын төбесіне ермексаздан илеп жапсырамыз. Екі аяғын жұмыртқаның астыңғы жағына жапсырып отырғызамыз. Міне, біздің кішкене балапандарымыз дайын болды.

Ал, тауықжан сен келіп көрші біздің балалар неткен шеберлер. Балалардың жасаған балапандарын көріп сенің балапандарыңа ұқсай ма, соған қарашы.

– Тамаша, неткен шебер балалар, менің балапандарым тура осы сияқты өте сүйкімді болатын. Рахмет сендерге. Тауықжан мына балалар өздерінің жасаған мына балапандарын саған сыйға бермекші. Балалар айтыңдаршы, сыйға береміз бе? Сонда тауық: - Олай болса меніңде сендерге тосын сыйым бар, ол міне сендерге менің балапандарымның суреті, ала қойыңдар. (әр балаға суретті таратып береді)

Балалар, сендер музыка терапиясын ұнатасыңдар ғой соны қайталап денемізді сергітіп алайық.

Музыка терапиясы: Музыка ырғағымен ашулы аюды, секірген көңілді қоянды, қу түлкінің қулығын, балапанның жүрісін салу.

Ал, тауықжан біз саған балапандарды мына жерге орналастырып , саған сыйға тартсақ дейміз. Мынау балапан үшін өте ыңғайлы орын. (дайын макетке балапандарды орналастыру)

Сонда тауық балаларға. Мен сендерге дән ризамын. Балалар, сендер менімен балапан биін билеуге қалай қарайсыңдар? Менің ең сүйікті биім. Бастадық, «чип – чип чужаларым» биі. (музыка ырғағымен билеу)

Бағалауды тауық көрсетіп мақтап – мадақтап өз ойымен айтады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Балапан бейнесін ??растыру

Автор: Баешова Райхан Шегатаевна

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 303689

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(169) "Мектепке даярлы? тобында геометриялы? пішіндерді ?йретуге арнал?ан дидактикалы? материалдар"
    ["seo_title"] => string(106) "miektiepkie-daiarlyk-tobynda-ghieomietriialyk-pishindierdi-uirietughie-arnalg-an-didaktikalyk-matierialdar"
    ["file_id"] => string(6) "276633"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452771686"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Саба?ты? та?ырыбы: ?ызы?ты математика "
    ["seo_title"] => string(41) "sabak-tyn-tak-yryby-k-yzyk-ty-matiematika"
    ["file_id"] => string(6) "171426"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423670928"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Поролоннан аппликация жасау"
    ["seo_title"] => string(28) "porolonnanapplikatsiiazhasau"
    ["file_id"] => string(6) "291456"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455120261"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Мейірімділік - асыл ?асиет . Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(36) "mieiirimdilikasylkasiiettrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "297531"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456212919"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашық сабақ "Алтын жұмыртқа""
    ["seo_title"] => string(31) "ashyk_sabak_altyn_zhu_myrtk_a_1"
    ["file_id"] => string(6) "388411"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486373428"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства