kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ауа. ауа қасиеті. ауа маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

1. Ауа туралы ұғым беру. Ауа қасиетін меңгерту. Ауа адам өміріндегі маңызын  түсіндіру.

2. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

3. Тәжірбиелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп,қызығушылығын ояту.

Сарамандық жұмыс жасаудың алғы шартын үйрету.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сарамандық –лабораториялық әдіс,тест,сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың типі:  Жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Деңгейлік тапсырма, тест,гербарий,тірек схемасы

Сабақтың құрал-жабдығы: Тәжірбие жасау құралдары су, шар, доп,шыны ыдыстар,шырпы шырақтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Өткенді қайталау.

Адам шөлдегенде не қажет?

а ) тамақ     ә ) су    б ) жарық

Дүниетану пәнін оқыту.

а ) сандар туралы  ә ) сөздер туралы   б ) табиғат туралы

Солтүстік пен шығыстың аралығындағы тұсты тап.

а ) солтүстік пен шығыс  ә ) батыс  б ) оңтүстік –батыс

Өзеннің шартты белгісін көрсет

Оқушылардың қолдарында 1,2,3 сандары жазылған номерлер берілген. Қай жауап дұрыс,соған қарай нөмерін жоғары көтерді.

2. Деңгейлік тапсырма.

Ж/д. Әңгіме бойынша баланың жүрген жолының сұлбасын сыз.Бала оқитын мектеп жолдың арғы бетінде. Бала үйінен шығып,жолмен жүріп отырды.Темір жолдан аспалы көпір арқылы өтті.Одан соң тас жолмен жүріп келіп мектепке кірді.

О/д. Үстел үстіндегі заттардың сұлбасын сыз.

Т/д. Шартты белгісін сал.  Көл. Өзен. Тас көмір.

Жаңа материал. Сарамандық жұмыс.

Ауызды жауып, танауыңды қысып, ішіңнен сана. Тұншығасың. Сонда адамға демалу үшін не қажет? – Ауа.

Ыстықтап терледің Салқындау үшін желпіндің.Сен ауаны сезесің. Екі қолыңды екі жаққа соз, суда жүргендей жүз, ауа мұхитында жүзіп жүрсің, ол бізді қоршап тұр. Сонда ол адам,өсімдік, жануарлар үшін қажет. Ауаны көреміз бе ? – Жоқ. Неге? –Себебі ол-түссіз.

Шар үрлейміз. Оның ішіне не толды?- Ауа, яғни ол орын алады. Ол шарға қайдан келді?-Ішімізден, яғни адамда да ауа болады. Ол қалай келеді? Дем алу арқылы.3 қатарға 3 түрлі шар: қызыл, көк, сары. Бұл жерде ауа қандай түсте? Қызыл, сары, көк түсте сияқты. Ол шар түсіне байланысты. Ауа түссіз - себебі шардан шыққан ауа түссіз.

Допты сығайық. Ауа сығылып, қайта серпіледі.

Оқушының өзіне жасату арқылы ауаның бір қасиетін тапқызу. Оқушыны ғылыми жаңалық ашуға. Оқушыға су құйылған 1 стақан, 1 түйір қант беріледі.

Сергіту сәті.

Денешынықтыру сабағымен байланыс. Дем алу жаттығуын жасату. Ауызбен дем шығарып, мұрынмен дем аламыз

6.Үш шырақты жағайық. Оларды стақанмен, банкамен, төбесі ашық банкамен

жабамыз. Қайсысы алдымен сөнеді?  Неге?

Стақанмен жабылған сөнеді.

Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді,себебі ауа көптеу.

Төбесі ашық шырақ жана береді,оны ауа толық қоршап тұр. Олай болса, ауа жанғыш.

Екі стақанға ыстық су құйылған, беті жабылған. Бірінші үстелге,бірі шырпының бос қуыс қорабына қойылады.Қайсысы жылуын біраз сақтайды?-Қорап үстіндегі.Неге?-Қуыстан өткен ауа жылуды нашар өткізеді.

Мысалы:терезенің 2 рамасының ортасында бос орын неге қалдырылған?

-Ауа қалады. Ол жылуды сақтау үшін.

Дәптермен жұмыс.

 (түссіз, жеңіл, орын алады, сығылады, серпіледі, жылуды нашар өткізеді)

8. Жоғары қиындықта оқыту принципі бойынша оқушыға ситуациялық жағдай қойылады:

1.Қандай шар суға батпайды?

2. Жанып тұрған майшам төбесін жауып қойсаң не болады?

3. Жұқа киіммен адам неге тоңады?

4.Ғарышта ғарышкерлер қалқып жүреді.Себебі-

Оқушы миына шабуыл жасалады.

9. Ал ауа маңызы туралы не айтуға болады? Оқушымен  бірге санамаланады.

– Дем алу үшін

-От жағу үшін

-Суға жүзу үшін

– Машина дөңгелегі үшін

– Жылуды сақтау үшін

10. Ауаны қорғау туралы 1952 жылы Англияда Лондон  қаласында зауыт, фабрика ауаны ластаған болатын. «Қазақстан -2030» стратегиясында «қоршаған ортаны ластанудан қорғау» туралы айтылған. Сендер ол үшін ағаш,гүл бөлме өсімдігін өсіріңдер.

Жаңа тақырыпты бекіту.

–          Адам немен дем алады?

–          Қызыл шарда қандай ауа бар?

–          Пепетканың ішінде не бар?

–          Стақанмен жабылған жарық не істейді?

–          Бөлмеде өрт бола қалса не істейміз?

–          Табиғатты құрайтын 3 нәрсені айт

Сурет салу. Шырақ суреті.

Сабақты,аяқтау.                             .

Ребус. «Ауа» Шеңбердің бір-ақ жерінен сызып –Ауа сөзін жазу.Бұл жер шарына ұқсайды.Сонда жерді ауа қабаты қоршап тұрады. Ауасыз жерде тіршілік жоқ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ауа. ауа қасиеті. ауа маңызы

Автор: Бекенова Данара Байболатқызы

Дата: 12.01.2018

Номер свидетельства: 449527

Похожие файлы

object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Саба?ты? та?ырыбы: Су. Суды? ?асиеті"
    ["seo_title"] => string(38) "sabak-tyn-tak-yryby-su-sudyn-k-asiieti"
    ["file_id"] => string(6) "288533"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454649813"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Ашық сабақ "Ауаның маңызы. Ауаны ластанудан сақтау.""
    ["seo_title"] => string(51) "ashyk_sabak_auanyn_man_yzy_auany_lastanudan_sak_tau"
    ["file_id"] => string(6) "357724"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478856068"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""Суды? ?асиеті" 2-сынып"
    ["seo_title"] => string(19) "sudynkasiieti2synyp"
    ["file_id"] => string(6) "291826"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455190277"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Та?ырыбы: Ауа ж?не оны? ?асиеті "
    ["seo_title"] => string(35) "tak-yryby-aua-zh-nie-onyn-k-asiieti"
    ["file_id"] => string(6) "184979"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426135449"
  }
}
object(ArrayObject)#849 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ауаны? жер бетіне таралуы. "
    ["seo_title"] => string(31) "auanyn-zhier-bietinie-taraluy-1"
    ["file_id"] => string(6) "203811"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429546709"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства